Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:43, реферат

Краткое описание

Еңбекке ақы төлеудің әлеуметтік – экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері.
Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері.
Еңбекті, оған ақы төлеудің және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастырудың негізі, маңызы және міндеттері.
Еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны есептеуді құжаттық рәсімдеу.
Берілген еңбек демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлемдерді құжаттық рәсімдеу және еесептеу тәртібі.
Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.

Файлы: 1 файл

ЕҢБЕКТІҢ ЖӘНЕ ОҒАН ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ.docx

— 50.68 Кб (Скачать)
  • қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін сыйақылар;
  • бір жолғы мадақтау;
  • жыл соңында жұмыс нәтижелері үшін сыйақы;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша төлем;
  • мамандықтарды қосарластырған үшін қосымша төлем;
  • кәсіби шеберлік үшін үстеме;
  • жұмы істемеген уақыт үшін еңбек заңдарымен қарастырылған барлық төлемдер;
  • жұмыстан босатылғанда берілетін жәрдемақы;
  • емізетін аналардың жұмысындағы үзілістерді төлеу;
  • әскерге кетердегі берілетін жәрдемақы;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға кеткен жұмыс уақытын төлеу және т.б.

Негізгі және қосымша еңбекақылар оларды төлеуді қаржыландыру көздеріне, сметаның баптары мен ақша құжаттарының түрлеріне қарамастан еңбекті төлеу қорларына енгізіледі.

     Еңбекті төлеу  қорына келесі төлемдер енгізілмейді  де, жеке есепке алынады:

  • уақытша еңбекке жарамсыздық;
  • екі қабат болу және туу;
  • бала туғанға және жерлеуге беретін жәрдемақы;
  • оқу орындарын бітіргеннен кейін жас мамандарға берілетін жәрдемақы;
  • іссапар шығындарын төлеу;
  • жұмыстан босатылғанда берілетін жәрдемақы;
  • емізетін аналардың жұмысындағы үзілістерді төлеу;
  • әскерге кетердегі берілетін жәрдем;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға кеткен жұмыс уақытын төлеу;
  • еңбеккердің басқа жерге ауыстырғанда және жібергенде төленетін тәуліктік және көтерме ақша беру;
  • мүгедектік бойынша жәрдемақы және тб;

     Қазіргі кезде  іс жүзінде еңбекке оның саны  мен сапасы бойынша ақы төлеуді  ұйымдастырудың екі негізгі нысаны  пайдаланылады:

  • Мерзімді
  • Кесімді

     Еңбекке мерзімді ақы төлеу – бұл еңбеккерге белгіленген тарифтік ставка бойынша немесе оның мамандандырылғанын есепке алып нақты жұмыс істеген уақыты үшін есептелген еңбекке ақы төлеу нысаны. Бұл нысан еңбекке жай мерзімді және мерзімді – сыйлық ақы төлеу жүйелері болып бөлінеді..

     Жай мерзімді жүйе кезінде еңбеккерге еңбекақы оған берілген тарифтік ставка немесе нақты істеген уақыты үшін кесімді жалақы бойынша есептеледі. Еңбекке қаы төлеудің жай мерзімді жүйесі жұмыстың немесе шарттың белгіленген нақты сандық және сапалық көрсеткіштерді орындағаны үшін сыйлық берумен толықтырылғанда еңбекке мерзімді – сыйлықақы төлеу жүйесі деп аталады. Бұл жүйе бойынша мекеменің жетекшілері, басқару аппараты мен қызмет көрсететін басқа қызметкерлердің еңбегі төленеді, егер олардың еңбегін санмен өлшеу өте қиын немесе тіпті мүмкін болмасы.

     Еңбекке кесімді ақы төлеу – бұл нақты орындалған жұмытың көлемі мен оның әрбір бөлігіне белгіленген кесімді бағалау негізінде еңбекке ақы төлеу. Еңбекке ақы төлеудің бұл нысаны еңбеккерлердің өндірілетін өнімнің (тауар оралымының) көлемін көбейтуге үлкен ынталылығын тудырады, өйткені оның көлемінен еңбекақының мөлшері тікелеі байланысты.

     Еңбекке кесімді  ақы төлеу нысаны келесі жүйелер  түрінде қолданылады: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді-үдемелі, жанама кесімді, аккордтық.

    Тікелей кесімді жүйесі еңбекақы төлеуді өнімнің әрбір бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгілейді.

     Кесімді-сыйлық жүйесі негізгі баға қою арқылы есептелген еңбекке ақы төлеуден басқа қосымша сыйлықақы алдын ала белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштер мен шарттарды орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлық төлеуді қарастырады.

    Кесімді-үдемелі еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбеккерлерге негізгі мөлшерлер шегінде өндірген ақы өнім үшін дағдылы бағалау бойынша еңбекке ақы төлеу, ал негізгі мөлшерден артық өндіргені үшін көтеріңкі баға қою бойынша еңбек ақы төлеуді қарастырады. Бұл жүйе шектелген мерзімге және өндірістің негізгі учаскесінде қолдануға болады.

     Жанама кесімді еңбекке ақы төлеу негізінде қызмет көрсететін және қосылқа жұмыстармен жұмыстармен шұғылданатын еңбеккерлер үшін пайдаланылады. Олардың еңбекақыларының мөлшері олар қызмет көрсеткен еңбеккерлердің жұмысының нәтижесіне байланысты қойылады.

     Аккордтық кесімді еңбекке ақы төлеу жүйесі өнеркәсіптегі апаттық, тиеу және түсіру жұмыстарының жиынтығы үшін іріленген мөлшерлер мен бағалау бойынша еңбекақы төлеуді қарастырады. Бұл еңбекақы төлеу жүйесі құрылыстың негізгі жұмыстарына кеңінен қолданысқа ие болды. Мұнда бригада немесе жеке жұмысшылар топтары алдын-ала тиісті белгіленген көлемде жұмыспен, материалдармен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі де, олар өз кезегінде берілген жұмысты белгіленген уақытқа орындауға міндеттенеді. Оларға бұл жиынтық жұмыс үшін төленетін сомасы алдын-ала хабарланады да, ол жұмысшылардың арасында шеберлік дәрежесі мен нақты жұмыс істеген уақытқа сәйкес бөлінеді. Жұмыстарды мерзімінен бұрын және сапалы орындағаны үшін аккордтық еңбекақыдан тыс сыйақы төлену тәртібі қарастыртырылады. Бұл жүйе еңбек тәртібін күшейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыстарды мерзімінен бұрын және сапалы орындауға жұмышылардың да, әкімшіліктің де материалдық ынталылығын және жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

     Еңбекке ақы  төлеудің жоғарыда қарастырылған жүйелері өз кезегінде еңбекті ұйымдастыру нысандарына байланысты жеке және ұжымдық болып бөлінеді.

     Мекемелердің  қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыруда еңбеккерлердің материалдық ынталылығын күшейту үшін сыйлық, жыл соңында жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы төлеу жүйелелері және басқа да материалдық марапаттау нысандары енгізуі мүмкін, олар мекемелердің жеке еңбек, ұжымдық келісім шарттарымен және нормативтік кесімдермен анықталады.

     Сыйлық беру  еңбеккерге жұмысы бойынша жеткен  жетістіктерін марапаттау және  оның одан әрі өсу қарқынын  ынталандыру мақсатында ақшалай  сомаларды төлеу деп танылады.

     Еңбеккерлерге  сыйлық берудің жалпы түсінігі  екі тар түсінікке бөлінеді: еңбекке  ақы төлеу жүйесімен қарастырылған  марапаттау ретінде ағымдары  сыйлық беру; еңбекке ақы төлеу  жүйесінен тыс ерекшеленген еңбеккерлерді  марапаттау ретінде бір жолғы  сыйлық беру.

     Еңбекке ақы  төлеудің сыйлық беру жүйесі  сыйлық берудің белгіленген нақты  көрсеткіштері мен шарттары негізінде  еңбеккерлерге сыйлық төлеуді болжайды. Марапатталатын еңбеккерлер, сыйлық берудің көрсеткіштері мен шарттары, сыйлықтың мөлшерлері мекеменің жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарда және басқа нормативтік кесімдерде қарастырылады. Сыйлық берудің негізгі көрсеткіштері ретінде мекемелердің жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруға және қаржылық-шаруашылық қызметтерінің түпкілікті нәтижелерін жақсартуға көмектесетін еңбеккерлердің негізгі қызметтеріне қойылатын талаптарды алуға болады. Бірақ сыйлық беру үшін негізгі көрсеткіштердің саны 2-3 көрсеткіштен аспауы керек. Осындай көрсеткіштер өнім көлемі және оның өсуі, өнім сапасы, еңбек өнімділігі, шығындарды үнемдеу, табысты көбейту, өндірістің түпкілікті нәтижелерін жақсарту және т.б. бола алады. Мынаны ескеру керек, сыйлық берудің көрсеткіштері мен шарттырының көптігі еңбектің ең жақсы нәтижелеріне жетуге деген еңбеккерлердің ынталылығын төмендетеді.

     Мекеме жұмысының  жылдық жалпы нәтижелерін жақсартуда  еңбеккерлердің материалдық ынталылығын  арттыру, ұжымның түпкілікті нәтижелерін  жақсартуда еңбеккерлердің жеке  еңбек үлесін ең толық қамтамасыз  ету, еңбек тәртібін нығайту  және кадрлар тұрақсыздығын түсіру  мақсатында ағымдағы сыйлық беруден  басқа жыл соңындағы жиынтық  бойынша жұмыстың жалпы нітижелері  үшін сыйақылық төлем жүргізіледі.  Бұл үшін сыйақы төлеудің тәртібі  мен шарттары туралы ереже  әзірленеді де, ол күнтізбелік  жылдың басталуына дейін бір  айдан кешіктірмей мекеме жетекшісі  кәсіподақ комитетімен бірлесіп, еңбек ұжымының пікір ескере  отырып бекітеді.

    Мекемелер еңбекке ақы төлеудің қай нысандары мен жүйелерін пайдаланатыныны дербес ұжымдық келісім-шарттармен және жұмыс берушінің басқа да нормативтік кесімдермен анықтайды. Әрбір нақты жағдайда еңбеккерлердің еңбегінің өнімділігін арттыруға, мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға ең үлкен дәрежеде мүмкіндік туғызатын еңбекке ақы төлеудің нысаны мен жүйесін қолданулары керек.

 

    1. Еңбекті, оған ақы төлеудің және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастырудың негізі, маңызы мен міндеттері

     Мекемеде еңбекті,  еңбекақыны және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алу есеп жұмысының маңызды, жауапты және қиын учаскесі болып саналады. Мұнда еңбек және еңбекақы бойынша еңбеккерлердің саны, еңбек өнімділігі және еңбекке ақы төлеу қоры сияқты маңызды көрсеткіштерге ерекше бақылау қажет. Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебінде мынандай қатал көрсеткіштер көрсетіледі: еңбеккерлердің саны, олардың құрамындағы кәсіптері, мамандықтары және т.б. бойынша өзгерістер; еңбек уақытының шығындары – еңбек жасалған жұмыс күндерінің саны; еңбек тәртібін сақтау; орындалған жұмыстармен көрсетілген қызметтер көлемі; төлемдер түрлері және еңбеккерлердің санаты бойынша еңбекақы төлеу қоры; еңбекке ақы төлеу қорынан тыс төленген сыйлықтар мен басқа төлемдер; мекемеде қолданылатын еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелеріне сәйкес уақытында есептеу және әрбір еңбеккерлер мен есеп айырысу; еңбекақыдан ұстап қалулардың заңдылығын және т.б. Бухгалтерлік есептің деретерінің негізінде экономикалық қорыту және талдау жүргізіледі, жұмыс күшін тиімді пайдалану және еңбекке ақы төлеу қорын ұтымды пайдалану жөнінде қорытынды жасалады. Бұл еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштерді жақсартуға бақылау жасауда бухгалтерлік есептің негізі ақпараттық көз ретінде маңыздылығын көрсетеді.

     Еңбекке ақы  төлеу бойынша еңбеккерлер есеп  айырысудың бухгалтерлік есебінің  негізгі міндеттерініңі бірі  белгіленген штат кестесін және еңбеккерлер санын, лауазымды кесімді жалақылар мен ставкаларды, еңбекке ақы төлеу мен сыйлық беру жөнініде бекітілген ережелерді, еңбекке ақы төлеу қорын дұрыс және ұтымды пайдалануға, белгіленген жұмыс ережесі мен еңбек тәртібін сақтауға есептің бақылау қызметін жүргізу болып танылады. Бұл бағытта бухгалтерлік есептің көрсетілген бақылау қызметін жүргізу мекеменің бас бухгалтерінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, ол басқа бөлімшерлермен (кадр бөлімі,жоспарлау бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімімен) бірлесіп орындалады. Штат кестесін, лауазымды, кесімді жалақылар мен ставкалар үлгілерін бұзғаны үшін мекеменің жетекшісі мен бас бухгалтері жеке жауапкершілікпен жауап береді.

     Еңбекке ақы  төлеу қорын дұрыс және ұтымды  пайдалану көп жағдайда жеке  құрамды, жұмыс істеген уақытты,  орындалған жұмысты есепке алу  бойынша жасалған бастапқы құжаттаманың  сапасына байланысты. Сондықтан бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі еңбеккерлерге жұмыс істеген уақыты немесе орындаған жұмысы үшін еңбекақы есептеуге негіз болған құжаттаманы дұрыс жасап және бухгалтерияға уақытында түсуіне қатал бақылауды қамтамасыз ету болып есептеледі. Бұдан бухгалтерлік есептің келесі негізгі міндеті шығады – еңбекке ақы төлеудің әртүрлі нысандарымен жүйелерінде жұмсаған жұмыстың саны мен сапасына сәйкес әрбір еңбеккерге тиісті еңбекақыны, қосымша сыйлықтарды тиянақты есептеу және олардан қолданыстағы  заңдарға сәйкес салықтар және басқа да сомаларды дұрыс ұстап қалу. Бұнда бухгалтерлік есепте тізімдік құрам бойынша, сондай-ақ мекеменің штатында тұрмайтын тұлғалар бойынша негізгі және қосымша еңбекақыны жеке көрсетудің қамтамасыз ету қажет. Бұл есептік жұмыстың ең жауапты учаскесі, өйткені еңбекақы мен сыйлық қосымшаларды есептеу барысында еңбеккерлер өзінің еңбегінің нәтижесіне материалдық ынталану қағидатының тәжірибелік көрінісін табады. Сондықтан мұнда еңбекке ақы төлеу жөніндегі барлық қолданыстағы заң мен ережелер қатал сақталуы, ал еңбекақы бойынша бухъгалтердің жұмысы ерекше ашық болуы керек.

     Жоғарыда қарастырылған  бухгалтерлік есептің міндеттерімен  тікелей байланысты келесі маңызды  міндет еңбек заңдарын қатал  сақталғанда әрбір еңбеккермен  еңбекақы бойынша есеп айырысуды  дұрыс және уақытында жүргізу  болып табылады. Мекеменің бухгалтериясы  бұл міндеттерін орындаумен қатар, әділ және уақытында мынандай есеп айырысуларды қамтамасыз етуге міндетті: бюджетпен еңбеккерлердің еңбекақысынан ұсталатын тиісті салықтар сомалары (әлеуметтік, ЖТС және басқалары); сауда мекемелерімен – олардың еңбеккерлерінің несиеге сатып алған тауарлары үшін кезекті төлемдері бойынша; басқа мекемелермен жеке тұлғалармен – сот мекемелерінің атқарушы құжаттары бойынша және т.б. Бұл сомалар пайдасына ұсталған тиісті мекемелер мен тұлғаларға уақытында аударылуға тиіс.

     Мекемелердің  жетекшілерімен қатар бас бухгалтер  штат кестесіне лауазымды кесімді жалақыларының дұрыс белгілеуіне және штаттары және тізімдік құрамда жоқ еңбеккерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын ұтымды пайдалануға дербес жауапкершілікті алып жүреді.

     Жұмысшылармен  және қызметкерлермен әділ және  уақытында есеп айырысу еңбеккерлердің  жеке құрамын, жұмыс уақытын  және өнім өндіру немесе орындалған  жұмыстарды ескеріп қамтамасыз  етіледі.

Информация о работе Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі