Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:43, реферат

Краткое описание

Еңбекке ақы төлеудің әлеуметтік – экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері.
Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері.
Еңбекті, оған ақы төлеудің және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастырудың негізі, маңызы және міндеттері.
Еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны есептеуді құжаттық рәсімдеу.
Берілген еңбек демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлемдерді құжаттық рәсімдеу және еесептеу тәртібі.
Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.

Файлы: 1 файл

ЕҢБЕКТІҢ ЖӘНЕ ОҒАН ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ.docx

— 50.68 Кб (Скачать)

 

    1.  Еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны есептеуді құжаттық рәсімдеу

 

     Еңбеккерлердің  саны және құрамы жөнінде мәліметтерді  жүйелі алу мақсатында мекеменің  кадр бөлімі немесе бухгалтериясы  жеке құрамының есебін жүргізеді.  Жеке құрамды, есептелген және  төленген еңбекақысын есепке  алу үшін бастапқы есеп құжаттамасының  бір ізгі түскен нысаны пайдаланылады.

     Еңбеккерлердің  санын есепке алу бойынша бастапқы  құжаттары болып танылады:

«Жұмысқа  қабылдау туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-1 нысаны);

«Басқа  жұмысқа ауысуы туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-5 нысаны);

«Демалыс  беру туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-6 нысаны);

«Еңбек  келісім-шартын  тоқтату туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-8 нысаны);

Олар жеке карточкаларына, еңбек кітапшаларына, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табельдеріне және қолданылып жүрген еңбек заңдарына сәйкес басқа құжаттарға жазулар жүргізу үшін негіз болады.

     Еңбеккерді  материалдық жауапкершілікпен байланысты  жұмысқа қабылдағанда бұйрықтың  жобасы міндетті түрде мекеменің  бас бухгалтерімен келісілуге  тиіс. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың жобасы, сондай-ақ тиісті қызмет бөлімдерімен келісіледі, олар ваканттық лауазымдардың бар екенін және штаттық кесте бойынша белгіленген кесімді жалақыларды және т.б. растайды.

     Жеке карточкам  еңбеккерді сұрау және жеке  күәлігі, еңбек кітапшасы, әскери  билеті, оқу орнын бітіргені туралы, жұмысқа қабылдау, босату ауыстыру  туралы бұйрықтар және басқа  құжаттар негізінде кадрлар бөлімінің  қызметкері немесе басқа уәкілетті  тұлға бір данада толтырады.  Жеке карточкаларындағы жазулар  еңбек кітапшасында жасалған  жазуға сәйкес болу керек. 

     Бұйрық негізінде  жеке карточкаға жазылатын жұмысқа қабылдау, ауыстыруға және босату туралы әр бір жазуымен әкімшәләк карточканың тиісті бағанына қол қою арқылы енбеккерді таныстыруға міндетті.

     Жеке карточкалар,  әдеттегідей, мекеменің құрылым бөлімшелердің бойынша жиынтықталады да, жұмыскерлер мен кызметкерлердің әкесінің аты бойынша алфавиттік тіртіпке жеке құрам картотекасында сақталады.

     Бухгалтерияға  түскен жұмысқа қабылдау туралы  бұйрықтардың көшірмесі және жеке карточкалар негізінде бухгалтер әрбір еңбеккерлерге жеке шот немесе барлық анықтамалық деректер енгізілгенкарточка-анықтама ашады.

     Еңбек пен  еңбекақыны есепке алуды маңызды участкесі нақты жұмыс жасалған уақытта есепке алу болып танылады. Ол еңбеккердің жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін және әрбір еңбеккердің нақты жұмыс жасалған уақытын анықтау мақсатында ұйымдастырылады.

     Жұмыс уақыты деп еңбек келісім-шартымен және ішкі тәртіп ережелерімен келісілген өздерінің міндеттерін орындауға жұмсалған уақытты айтады.

     Жұмыс уақытын  және демалыс уақытын пайдалану  тәртібі әкімшіліктің кәсіподақ  комитетімен келісімі бойынша  бекіткен жұмыс кестелерімен  қарастырылады. Еңбек тәртібін  сақтауға, мекемеде жұмыс істейтін  барлық тұлғалардың жұмыс уақытын  пайдалану есебін, сондай-ақ белгіленген  жұмыс уақытының тәртібін сақтауға, жұмыс істелген уақыты туралы  деректерді алуға және еңбекке  ақы төлеу бойынша есеп айырысуға  бақылау жасау және барлық  санаттағы еңбеккерлердің жұмыс уақытын пайдалануының есебі «Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінде» (№ Т-13нысаны) жүргізіледі. Мұнда жұмыс істелген уақытты есепке алу жұмысқа келуге бақылаумен бірге жүргізіледі. Табельді оны жүргізуге тапсырған тұлға бір данада жасайды.

     Жұмыскерлер  мен қызметкерлерді табельге  кіргізу және одан шығару жеке  құрамды есепке алу бойынша  тиісті дәрежеде рәсімделген құжаттар негізінде ғана жүргізіледі. Табельге мекеменің тізімдік құрамда құратын барлық тұрақты және уақытша еңбеккерлер кіреді. Онда еңбеккерлер кәсіптері бойынша, ал кәсіптері шегінде табельдік нөмірлері немесе алфавит тәртібі бойынша топтау қажет.

     Жұмыс уақытын  пайдалануды есепке алу табелін  мекеменің құрамдық бөлімшелерінің  жетекшілері жүргізеді. Жеке бір  жағдайларда табельдік есеп табельшіге немесе есепшіге жүктеледі, егер тиісті лауазым мекеменің штаттық кестесінде қарастырылса, жұмысқа келу және жұмыс уақытын пайдалану табельде барлық келгендерді,кеш қалғандарды және т.б. жаппай тіркеу әдісімен немесе тек ауытқуларды (келмеу, кешігіп қалу және т.б.) тіркеу есепке алынады. Табельдерде тиісті құжаттар (уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы, іссапар куәлігі, бұйрықтар, өкімдер және т.б.) негізінде, сондай-ақ заңмен қарастырылған демалыс, үзілістердің барлық түрлері және жұмыс уақытына есепке алынатын мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау есепке алынады.

     Демалыс және  мейрам күндерін есепке алу  табельдерде мекеменің жұмыс  кестесі мен тәртібіне сәйкес  жүргізіледі.

     Табельге оны  жұргізуге жауапты тұлға қол қояды да, кадрлар бөлімінде бұрыштама қояды, мұнда мекеменің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы тексеріледі.

    Жұмыс уақытының  табельдік есебінің деректері  негізінде мекеме жетекшісі еңбек  тәртібінің жағдайына бақылау  жасайды да, қыдыру, кешігу, жұмыстан  жұмыс күні біткенше кету және басқа да бұзушылық жіберген тұлғаларға қажетті шаралар қолданылады.

    Белгіленген тәртіпте  рәсімделген табельдер мекеменің  бухгалтериясына айына екі рет  айдың бірінші жартысына төленетін  соманы есептеу еңбекақыны түпкілікті есептеу үшін өткізіледі.

     Бухгалтерлік есепті компьютеризацияланған жағдайда ішінара деректемелері толтырылған табель бланктері негізінде компьютерлік техника құралдырының көмегімен жұмыс уақытын есепке алу табельдері автоматты түрде жасалады. Мұндай деректемелерге жатқызылады: мекеменің құрылымдық бөлімшелері, цех, еңбеккерлердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, табельдік номері және т.б. Табельдің үлгісі деректерді автоматты түрде есепке қойылуын жобалау кезінде қарастырылған нысандары бойынша қалыптасады.

     Ескеру керек,  жұмыс уақытының табельдік есептің  деректері тек сол еңбеккерлерге  еңбекақы есептеуге жалғыз ғана  негіз бола алады, егер олардың  еңбегі жай мерзімді жүйе, яғни  қазіргі уақытта мекемелерде,  негізінде, мерзімді-сыйлық және  кесімді сыйлық жүйелері қолданылады.  Сондықтан еңбекақына есептеу  үшін табельдік есептің дереектерінен  басқа, орындалған жұмыстың көлемі, белгіленген жоспардың және еңбекке  ақы төлеу жөніндегі қолданыстағы  ережелер мен қарастырылған басқа  көрсеткіштердің орындалуы туралы  деректер қажет.

     Өнімдер туралы  деректер өндіріс технологиясы  мен түрлеріне (жаппай – үздіксіз, сериялық өндірісте) еңбекті ұйымдастыру  әдістеріне және басқа жағдайларға  байланысты бригаданың шығарылған  өнімдері туралы мәлімдемелерімен, өнімді есепке алу тізімдемесімен, бригаданың өнімін есепке алу  тізімдемесімен, маршруттық парақтармен,  кесімді жұмысқа жасалған нарядтар  мен рәсімделеді.

     Сонымен, жұмыс  уақытын есепке алу табельдері  мен орындалған жұмыстар мен  көрсетілген қызметтердің көлемі  туралы жоғарыда аталған тиісті  бастапқы құжатттар негізінде  еңбеккерлерге еңбекақы есептелінеді.

     Енді еңбекақы  төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған  жағдайда еңбекақыны есептеу  тәртібін «Қарағанды маргарин  заводы» АҚ нақты өндірістік  көрсеткіштері негізіндет қарастырып көрейік.

Мысал. Еңбекақыны есептеудің ең қарапайым тәсілі мерзімді еңбекақы төлей жүйесі болып табылады. Есептеу жұмыс істеген күндер мен сағаттар санын көрсетілген табельдердің негізінде жүргізіледі. Төленуге тиісті еңбекақы белгіленген айлық ставкасы немесе тарифтік мөлшерлемені жұмыс күндерінің күнтізбелік санына бөліп, алынған көрсеткішті табель бойынша жұмыс істелген күндердің санына көбейтеді немесе мерзімді жұмыскерлердің сағаттық тарифтік ставкасын жұмыс істеген санына көбейтеді.

 

Мысал. Қызметкердің еңбекақысының айлық ставкасы 22 667 тг құрайды. Тамыз айында күнтізбе бойынша 26 жұмыс күні, 5 демалыс және мейрам күндері. Қызметкер 4 күн уақытша еңбекке жарамсыз парағы бойынша жұмыста болған жоқ.

Тамыз айында тиісті еңбекақыны есептеу:

(22 667*22):26=19180тг

      Бұдан басқа қызметкерге уақытша  жұмысқа жарамсыз 4 күндері үшін  жәрдемақы төленеді.

     Мерзімді-сыйлықақы  төлеу жүйесін пайдаланған кезде  еңбеккерлер мен қызметкерлерге, еңбекақыдан басқа, сыйақылар  төлеу туралы шарттарды орындаған  жағдайда сыйақы есептелеледі.

     Еңбекақы тікелей  кесімді жүйесі бойынша есептеу  табельдер, орындалған жұмыстар, өндірілген өнімдер және атқарылған  қызметтер туралы рапорттар, тізімдемелер, нарядтар негізінде жүргізіледі.  Осы құжаттарға қойылған бағаларды жасалған жұмыстардың, шығарылған өнімдердің және көрстілген қызметтердің көлеміне көбейту арқылы еңбекақы есетеледі.

     Бұл есептеу  тәсілі жұмыстарды жеке орындаған  жұмыскерлерге еңбекақы есептеу  үшін қолданылады.

    Бұдан басқа, өндірісте ұжымдық кесімді еңбекақы төлеу жүйесі қолданылады. Мұндай жағдайда бағалау негізінде еңбекақы тұтас ұжымға есептеледі де, тиісті еңбекақының жалпы сомасы ұжымның мүшелері арасында бөлу олардың еңбекке қатысу коэффициентін қоса ескеретін тариф, кәсіби шеберлігі мен жұмсалған уақыт саны бойынша еңбекақыға үйлестіріліп жүргізіледі. Еңбекақыны осылай бөлу тәсілін мысал ретінде қарастырайық.

 

Мысал. Майонез цех ұжымына тамыз айында орындалған жұмыстары үшін нарядтар бойынша 115 722 тг еңбекақы есептеледі.

Жұмысқа қатысқандар

 

Тегі, аты, әкесінің аты

Табель номері

Жұмыскердің шеберлік дәрежесі

Тарифтік коэффициент

Нақты жұмыс істелген

1-шеберлік дәрежеге келтірілген  жұмыс істелген уақыт

Айдарханова Ж.С.

0341

1

1,00

180

180

Аубакирова Б.М.

0352

2

1,07

96

103

Төлегенова К.К.

0363

3

1,15

110

127

Қайырова Р.Т.

0384

4

1,24

180

223

Райханова М.Л.

0397

5

1,33

184

245

Базарова А.М.

0399

6

1,43

180

257

Барлығы

       

1135


 

     Осы көрсеткіштер  бойынша 1-ші шеберлік дәрежедегі  жұмыскердің 1 сағат жұмысының  құны анықталады:

115 722 тг : 1135 =102тг

     Бұдан әрбір  жұмыскерге есептелген еңбекақы сомасын құрайды:

  1. Айдарханова Ж.С.     102*180 = 18360тг
  2. Аубакирова Б.М.       102*103 = 10477тг
  3. Төлегенова К.К.         102*127 = 12903тг
  4. Қайырова Р.Т.            102*223 = 22766тг
  5. Райханова М.Л.          102*245 = 24961тг
  6. Базарова А.М.            102*257 = 26255тг

Жиынтық                                   115722тг

 

     Еңбекақы төлеудің  кесімді-сыйақы жүйесін пайдаланған  кезде жұмыскерлер мен қызметкерлерге  жоғарыда есептелген еңбекақыдан  басқа, мекеменің бекіткен сыйлақылар  төлеу туралы ережелеріне сәйкес  ай сайын жұмыс нәтижелері  бойынша сыйақы төленеді.

     Мынаны ескеру  керек, еңбекке ақы төлеудің  қолданылып жүрген жүйелерінде  жұмыскерлер мен қызметкерлердің  еңбекақыларын түпкілікті сомасы  тек қана бір ай өткенде  жүргізіледі. Айдың бірінші жартысы үшін төлем тізімдемесі бойынша жұмыс істеген уақытын ескеріп айлық кесімді еңбекақының 50% мөлшерінде аванс беріледі. Бұл авансты бір ай үшін еңбекақыны түпкілікті есептеуі нысанында есеп айырысу – төлем тізімдемесін жасағанда толық ұстап қалады.

     Жұмыскерлер  мен қызметкерлердің есептелген  еңбекақыларынан сондай-ақ ұстап  қалады:

  • Жеке еңбек салығы;
  • Жинақ зейнетақы қорларына міндетті зейнеткерлік жарналар үшін төлемдер;
  • Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулылары бойынша берілетін атқару парақтары бойынша еңбеккерлерден жеке тұлғалар мен мекемелердің пайдасына өндіріп алынатын ұсталыпдар;
  • Сақтандыру органдарына ерікті жеке және мүліктік сақтандыру келісім-шарттар бойынша сақтандыру жарналары;
  • Мекеменің еңбеккерінің кінәсінен келтірілген материалдық зиянды өтеу сомалары;
  • Мемлекеттік органдарының салған айыппұлдар;
  • Бұрын алынған, бірақ пайдаланбаған және уақытында кассаға қайтарылмаған есептесетін авансты өтеу сомалары.

Информация о работе Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі