Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:04, курсовая работа
«Бухгалтер» деген сөз немістің «бас кітап ұстаушы» деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі
КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын ``Жол-Өткен``ЖШС №1бөлім цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен
аударымдар есебінің жүргізілуі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын
ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар
есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың
аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың
синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын ``Жол-Өткен``ЖШС №1бөлім
цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан
ұсталымдар мен
аударымдар есебінің жүргізілуі
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп – дүние жүзіндегі кез келген қызметтің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.Қоғамның даму барысында бухгалтер үш түрлі міндет атқарады: 1) есепті барынша ақпаратты әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өмірдегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу;
«Бухгалтер» деген сөз немістің «бас кітап ұстаушы» деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі.Есеп қатаң түрде әрі жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде жүргізіледі.Бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын арттырады.Субьектілердің меншігі шаруашылық құралдардың және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің обьектілері деп аталады.Бухгалтерлік есептің обьектілеріне мына процесстер жатады:
1) қамтамасыз ету (снабжение);
2) өндірістік (производство);
3) өткізу (реализация);
Өткізу – мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері өткізу жөніндегі шығындар, орындалатын жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Бухгалтерлік есептің мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
Ішкі пайдаланушылар осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір тәсілдер мен әдістер бойынша есептейтін, өлшейтің және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе.Ол кәсіпорындардың жұмысын толығымен бақылап, басқару үшін бағытты бағдар беріп, алдағы жұмысты жоспарлап және сонымен қатар сол ұйымның болашақта атқаратын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті болып табылады.Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты, негізгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды; қаржылық есеп беру мен оның пайдаланатындығы және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай – ақ ұйымның құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуді міндеттейді.Көп жағдайда бухгалтерлер мен есепшілердің арасындағы айырмашылықтарды білмеу салдарынан бұл екеуін шатастырып алу мүмкіндігі бар.Бұлар іс тәжірибесінде өз қызметтері барысында бірін – бірі ауыстырып отыратындығы рас.Бірақ, есепшінің негізгі міндеті – шаруашылық операцияларды тіркеу, бухгалтерлік – ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап, оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу – бухгалтердің міндеті.
Кәсіпорындар
мен ұйымдардағы болатын барлық
үдерістерді алдымен бақылап, орындалатын
жұмыстар мен атқаратын қызметтердің
нәтижесінде өндірілетін
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай – ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін асыру арқылы меншік заңдылығ мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сәйкес іске асырылады.
Бухгалтерлік
есептің ақпараттық мәліметтері
мен көрсеткіштеріне сүйене отырып,
экономикалық талдау кестелері жасалады.Сонымен
қатар бухгалтер есеп жұмыстарының
қорытынды құжаттары мен
Бухгалтерлік
есептің негізгі мақсаты –
ұйымның өз экономикалық және саяси
жағдайларына тән шаруашылық қызметтерін
тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық
мәліметтермен қамтамасыз ету.
I. КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II. ЕҢБЕКАҚЫ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
Шаруашылық
үдерістері ( процесстері ) жабдықтау,
өндіру және сату деп алдыңғы тарауларда
айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін
қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары,
сондай – ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.
Тауарлық – материалдық қорлардың есебін
қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі
құралдардың есебін қарастырғанда еңбек
құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне
тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез – келген
кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды
орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың
еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген
еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай
кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің
бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің
бірі б.т. қызметкерлер мен еңбекақы бойынша
есеп айырылысу тақырыбы өз алдына бөлек
тарау болып қарастырылатындығы осыдан.
Еңбек
пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері.
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
-
Еңбектің өнімділігі мен
-
Еңбек пен өндірісті
-
Еңбекақы төлеудің сыйлық беру
жүйесімен басқа да түрлерін
жұмыстағы жетістіктермен
-
Еңбек және еңбекақы есептеуде
осы күнгі талаптарға сай
Жұмысшылар
мен қызметкерлердің
құрамы мен жұмыс
уақытын пайдалану
есебі.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөлінеді.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер деп екіге бөлінеді.Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтар болып бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар,мамандар және тағы басқа топтарға бөлінеді.
Басшылар
қатарына - президент,ректор,директор,
Мамандар қатарына – инженер,техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.
Басқа
да қызметкерлер қатарына –
құжаттарды дайындайтын,есеп және бақылау
жұмысын жүргізетін,шаруашылық қызметтерін
атқаратын бухгалтерлер,менеджер,агроном,
Бухгалтерлік есепте жұмысшы қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Шаруашылық субъектісіндегі қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны»- деп аталады.
Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі