Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:04, курсовая работа
«Бухгалтер» деген сөз немістің «бас кітап ұстаушы» деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі
КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын ``Жол-Өткен``ЖШС №1бөлім цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен
аударымдар есебінің жүргізілуі
Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне,жұмыстың күрделілігі мен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы ( сағаттық, күндік, айлық ) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдерісін (процесін) жүргізу кезінде анықталады.
Ұйымдағы
наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы
төлемін төлеу құжаттарын толтырады.Бұл
құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін
толтырылатын нарядтар мен алғашқы құжаттардың
нөмірі жазылады.Егер әдетте техникалық
ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін
болса онда бұндай жұмыстарға ерекше белгісі
бар (қиғаш сызық түскен) нарядтар толтырылады.Қосымшга
төлеу құжатында жоспарлаудан тыс өңдеу
операциясына төленуге тиісті еңбекақымен
қатар, қосымша төлем төлеудің себептері
де көрсетілуі тиіс.
Еңбекақы
есебі.
Жұмысшылар
мен қызметкерлердің өндірген өнімдері
мен істеген жұмыстарына толтырылған
алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының
тпбельдері оларға еңбекақы есептеу және
оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен,бригадаларынан
кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген
мерзімде бухгалтерияға келіп түседі.Еңбекақы
есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы
құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы,лауазымды
тұлғалардың қолдарының қойылуы қатаң
тексеріледі.Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек
бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар
мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және
сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі
және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі.Тексеріліп
болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша
кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне
еңбекақы есептеледі.
4.2
Еңбекақының түрлері
мен нысандары ( формалары
)
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі атағандар жатады:
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
Өндіріс
пен құрылыста халық
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік – техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысалы: автоматтандырылған машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне,санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай беру б.т.
Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылардың түнгі уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына төленетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығына немесе зияндығына төленетін қосымша төлемдер жатады.
Халық шаруашылық саласындағы мекемелердегі қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойындағы қызмет атқарған уақытқа есептелінеді. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне календарлық ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе мекеменің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер жұмысқа бірнеше күн келмей қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмысшының жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетіген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімнің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасын қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Кәсіпорындарда
жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді
сыйақылар өндірісте өнім өндіруді
санымен сапалық жағынан
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудін
үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да – күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары ушін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақанаң аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудін тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша енбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылар мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың және тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі
Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы арқылы ұстауға болатын ұсталымдарға мыналар жатады:
Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі