Дайын өнім есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................1

II. Негізгі бөлім

Шығындардың жіктелуі және тәртібі.........................................................3
«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі...............9
«Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі................11

2. Дайын өнімнің есебі...........................................................................................13
2.1 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі....................................................................14
2.2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......................................................................................................16
Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі.....................................................................................................................21
Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат................................................................................................................25
Шығынды бюджеттеу,бақылау..................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Файлы: 1 файл

дайын өнім есебі.docx

— 74.55 Кб (Скачать)
  1. өткендегі орташа орындау – статистикалық деректермен есептеледі және ақау, жұмыссыз бос тұру, бүліну, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктер есепке алынады;
  2. қалыпты орындау – алдағы кезеңдегі норма кернеуінің болжалдық орташа деңгейінде қарастырылады;
  • өнім шығару көлеміне қарай:
    1. теориялық – кәсіпорынның теориялық қуаттылығы алдын ала анықталып қойылған. Оларға қол жеткізу мүмкін емес  немесе бір жолға тәртіппен қол жеткізуге болады;
    2. практикалық – кәсіпорын жақсы орындаумен қол жеткізеді, нақты қол жеткен шығарылым деңгейіне негізделеді және болмай қоймайтын шығындарды жібереді;
    3. қалыпты – кезең ішінде өндірістің жоғары және төменгі көлемінің орташа шамасында өнім шығарылымының қол жеткізген деңгейінде есептеледі;
    4. болжалды - өнім шығарылымының болжалды көлеміндегі өндірістің нақты шарты негізінде есептеледі;

Бұл сипаттамалар мынаны көрсетеді: америкалық фирмаларда шығын баптары бойынша стандарттарды  белгілеудің әр түрлі тәсілдемелері  бар. Алайда қабылданған стандарттың  жаңа тәсілдемесінде өндіріс процесі  басталғанға дейінгі стандартты өзіндік құн картасында бухгалтерияда  қорытылады. Картаны бұйым, тапсырыс бойынша, бұл бұйым, тапсырыстарды дайындауға қатысатын өндіріс бөлімшелері бойынша жасалады.

«Стандарт-кост»  жүйесі – тікелей шығындарды басқару  құралы. Бұл жүйенің бірнеше нұсқаларын пайдаланады:

1-нұсқа. Шығындар 8110 «негізгі өндіріс» шотының дебетіне жиналады және стандартты құн бойынша бағаланады, ал аяқталмаған өндіріс – стандартты құн бойынша бағаланады.

2-ші нұсқа. 8110 «негізгі өндіріс» шот дебетінде қорытындыланған шығындар нақты құн бойынша бағаланады, ал 8110 «негізгі өндіріс» шот кредиті есептен шығарылады. Дайын өнім стандартты құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндіріс нақты шығынның ана немесе мына жаққа ауытқуы қоса ескерілетін стандарттық құн бойынша бағаланады.

Америкалық  фирмалар әдетте стандарттықтан болатын  нақты шығын ауытқуының өзіндік  құнына жатқызбайды. «Өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шотына есептен  шығарады. Бұл жүйеде басқару мақсатында нақты, жоспарлы немесе нормативті шығындарды салыстыру арқылы өндіріс шығынын  талдауда ауытқуларды анықтаудың маңыздылығын қандай мәселелерді шешуде пайдаланғанын, олардың не көрсететінін ескеру үшін әрдайым бірнеше елеулі ауытқуларды  қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Дайын өнімнің есебі

 

Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің  өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға  сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары  – міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім» деп  аталатын активті инвентарлық шот  пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты  өзіндік құны бойынша көрініс  табады.

Дайын өнімнің  нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты  түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша  шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік  бағасы үшін) дайын өнімнің өткен  айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген  бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік  кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен  шығарылып, оның есептік бағасын  нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша  немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша  өндірістен қоймаға кірістеледі.

Қабылдау-тапсыру  құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.

Қабылдау-тапсыру  құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа  да өнеркәсіп салаларында өндіріс  есебінің тапсырыстарын есептеу  үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік  тапсырмалардың орындалу барысын жедел  байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел  есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.

Осы жиынтық  бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар тіркеледі.

Қоймаларда  дайын өнім есебін, материалдар есебі  сияқты қойма есебінің карточкаларында  жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы  шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі  дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен  шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға  түседі.

Дайын өнімнің  кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп  түсулеріне қарай дайын өнімнің  жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін дайын  өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда  жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында  есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік  құны және нақты өзіндік құны мен  жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен  кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша  есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын  өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «дайын өнім» шотының  дебетінде жинақталып, 8110 «негізгі өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс» және 8210 «меншікті өндірістің жартылай фабрикаттар» деген шоттарының кредитінде көрініс табады.

 

    1.  Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі

 

Өндіріске кететін шығын есебіне 8110 «негізгі өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс», 8410 «үстеме  шығындар» шоттары пайдаланылады.

№ р/с

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

Негізгі өндірістің шығын есебі

1

Негізгі өндіріске материал босатылды

8110 «материалдар»

1310 «материалдар»

52400

2

Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді

8112 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы»

3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен  есеп айырысу»

200000

3

Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы қорынан аударым жүзеге асырылады

8213 «Еңбекақыдан аударымдар»

3150 «әлеуметтік салық»

37800

4

Негізгі өндіріс шығынына үстеме шығындар қосылды

8114 «үстеме шығындар»

8410 «үстеме шығындар»

32700

Үстеме шығындар есебі

5

Материалдар бойынша

8411 «материалдар»

1310 «материалдар»

263800

6

Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді

8412 «қызметкерлердің еңбекақысы»

3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен  есеп айырысу»

150000

7

Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы қорынан  аударым жүзеге асырылды

8413 «еңбекақыдан аударымдар»

3150 «әлеуметтік салық»

28350

8

Негізгі құралдың есебінен жөндеу шығыны

8414 «негізгі құралдарды жөндеу»

1310 «материалдар», 3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу», 3150 «әлеуметтік салық»

76000

9

Материалдық емес активтердің амортизациясы  мен негізгі құралдардың тозуы  есептеледі

8415 «негізгі құралдардың тозуы және  материалдық емес активтердің  амортизациясы»

2740 «материалдық емес активтердің  амортизациясы», 2420 «негізгі құралдардың  амортизациясы»,

12300

10

Коммуналық қызмет көрсету сомасына

8416 «Коммуналдық қызметтер»

«төленуге тиісті шоттар»

9360

11

Жалдың (аренда) төлемақысы есептелді

8417 «жалдың төлемақысы»

3360 «жалдау бойынша қысқа мерзімді  берешек»

32400

12

Басқадай үстеме шығындар жүзеге асырылды

8418 «басқадай үстеме шығындар»

әр түрлі

27600

13

Үстеме шығындардың өзіндік құны есептелді

8410 «үстеме шығындар»

8114-8313 «үстеме шығындар»

599810

Қосалқы өндірістің шығын есебі

14

Материалдар босатылды

8211 «материалдар»

1310 «материалдар»

300000

15

Негізгі өндірістің жұмысшыларына еңбекақы есептелді

8212 «өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы»

3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен  есеп айырысу»

100000

16

Өндіріс жұмысшыларының еңбекақы қорынан  аударым жүзеге асырылды

8213 «еңбекақыдан бөлінетін аударымдар»

3150 «әлеуметтік салық»

18900

17

Үстеме шығындардың сомасына

8214 «үстеме шығындар»

8410 «үстеме шығындар»

272810

18

Қосалқы өндіріспен орындалған жұмыстың өзіндік құны есептелді

8310 «қосалқы өндіріс»

8311-8313 «қосалқы өндіріс»

691710

19

Негізгі өндіріс шығындарына қосалқы  өндірістің қызметі (қызмет көрсетуі) қосылды

8110 «негізгі өндіріс»

8310 «қосалқы өндіріс»

545855

20

Тараптарға қосалқы өндіріс орындаған  қызмет көрсету босатылды

7010 «сатылған өнімдердің (тауарлар, жұмыс,  қызмет) өзіндік құны»

8310 «қосалқы өндіріс»

145855


 

 

 

2.2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

 

Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланылады.

Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде  қорытындыланады.

Калькуляцияның  мына түрлері болуы мүмкін:

  • жоспарлы – еңбек шығының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
  • есеп берушілік (нақты) калькуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;
  • нормативті калькуляциялар – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
  • жобалық калькуляция – келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;
  • алдын ала жүргізілетін калькуляция – нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.

Калькуляция барысында шығын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет.

Шығын есебінің объектісі – кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.

Калькуляциялау объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі – ірі қара мал, ал калькуляциялану объектісі – сүт, төл, көң).

Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық  процесте шикізаттың бір түрінен  әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп  таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен  анықталады.

Шығынды шығарып тастау әдісі – мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, ал қалғаны ілеспе ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойынша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады.

Құрамдастырылған әдіс – негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндіретін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын  шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэфиценттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.

Кезеңдер:

  • кешенді шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;
  • шығынның қалған сомасынан нақты өнімге тікелей көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;
  • шығынның қалдығы белгіленген коэффиценттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;
  • тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы шамасы анықталады.

Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық  калькуляцияның процестік әдісі  бөліп көрсетіледі.

Тапсырыстық әдіс – технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтап алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады.  Бұл әдіс, әдеттегіше, бір типті өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету сласында қолданылады.

Информация о работе Дайын өнім есебі