Дайын өнім есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................1

II. Негізгі бөлім

Шығындардың жіктелуі және тәртібі.........................................................3
«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі...............9
«Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі................11

2. Дайын өнімнің есебі...........................................................................................13
2.1 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі....................................................................14
2.2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......................................................................................................16
Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі.....................................................................................................................21
Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат................................................................................................................25
Шығынды бюджеттеу,бақылау..................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Файлы: 1 файл

дайын өнім есебі.docx

— 74.55 Кб (Скачать)

Жабдықтаушыдан  келіп түсетін сапасыз материалдар, дайындау кезіндегі немесе өткен  операцияда өңдеу барысындағы жасырын  кемістік, жөндеуге келмейтін жабдықтар  мен аспаптар, өндіріс технологиясының  бұзылуы, жобалық және технологиялық  құжаттамалардағы дәлсіздіктер ақаудың  негізгі себептері болуы мүмкін.

Актіде, сондай-ақ, шығын баптары бойынша  ақаудың өзіндік құнын калькуляциялауға қажетті мағлұматтар көрсетіледі.

Акт техникалық бақылау қызметкерімен, мастермен  немесе цех бастығымен екі данадан  жасалады.

Ақаудың себептері мен оған кінәлілер  анықталып, кінәліден түсініктеме  алынған соң және өндірістік бөлім  қорытынды шығарғаннан кейін  акт бухгалтерияға тапсырылады. Әрбір акт бойынша ақау деп  танылған өнімнің құрамы мен көлеміне сәйкес нормативті белгілеу бойынша  мөлшері анықталып, ақаудан болатын  ысыраптың және ішінара ақауларды  түзетуге кеткен шығындардың есебі  жасалуы керек (қосымша шығынға  жұмсалған материалдың құны, кемістікті жою, тазалауға байланысты жүргізілетін басқа да қосымша жұмыстар мен  жөндеу, монтаждау үшін есептелетін  жұмыстардың еңбекақысы және бұрын  өткізілген өнім бойынша анықталған кемістіктер кепілдеме берілген мерзім ішінде жөнделуге байланысты шығындар шоты арқылы тапсырыс берушілер  және сатып алушылармен зиянның  өтелуін қосқандағы үстеме шығындардың  бір бөлігі). Актіде, сонымен қатар, сапасыз материалдармен жабдықтағаны үшін жабдықтаушылардың есебінен ұсталатын (егер олар өз кінәсін мойындаса) шығын  сомасы, ақауды жіберушілердің зиянды өтеу сомасы, сондай-ақ пайдаланудың мүмкін бағасы бойынша ақау деп танылған бұйымды бөлшектеу мен жөндеуге кірістелген материалдардың құны көрсетіледі. Ақауды түзету мен зиянды өтеу шығын сомаларының арасындағы айырмашылық ақаудан болатын ысырапты білдіреді әрі шығын баптары мен экономикалық элементтерге сәйкес өнімнің өзіндік құнына қосылады. Актіні ақаудан болатын ысырапты кінәлінің есебінен немесе шаруашылық қызметтің нәтижесінің есебінен есептен шығару туралы шешімді қабылдайтын субъект басшысы бекітеді. Акт ақауды жою туралы бастапқы құжаттарға сәйкес келетін ресімдеудің негізі болады. Ақауды түзетуге төленетін жұмыстың ақысы ақаудың дабылдамалық жүктеліміне жазылады, ал ақауды түзету үшін пайдаланылатын материалдарды босатуға, өзгертіп жасауға – дабылдамалық талап етуге жазылады.

Түзетілетін ішкі ақаудың өзіндік құны шикізат  пен ақаудың түзетуге кететін  материал құндарынан, ақауды түзету жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың еңбекақыларынан, осы жұмысшылардың еңбекақы қорынан  аударымдардан тұрады. Ал, ақауды түзетуден  болатын ысыраптар оның өзіндік  құнынан кінәліден ұсталған соманы шегеру арқылы анықталады. Аса үлкен  емес номенклатурадағы кәсіпорындарда ақау белгіленген калькуляция баптары  бойынша бағаланады (материалдар, өндіріс  жұмысшыларының еңбекақысы, аударым, үстеме шығындар). Егер субъект үлкен бұйым  номенклатурасына ие болса, ақау жоспарлы немесе нормативті өзіндік құндарымен бағаланады.

Сыртқы  ақаудың өзіндік құны ақау деп  танылған өнімнің өзіндік құнынан  және оны сатып алушыға жөнелту  шығынынан, сондай-ақ ақау деп танылған өнімдерді ауыстыру барысындағы  көліктік шығындардан тұрады. Өнімді тұтынушылар төлеген айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемі ақаудың өзіндік  құнына қосылмайды, субъект қызметінің нәтижесіне есептен шығарылады.

Ақаудан болатын ысыраптың синтетикалық есебі 8410 «үстеме шығындар» бөлімше  шотында, «ақауды түзету шығындары» қосалқы шотында жүргізіледі. Әрбір айдың аяғында ақаудан болатын ысырап өндіріс шығындарының есебіне есептен шығарылады және дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Өнім  өндіруде қалдықтарға жіберуге болатын  материал шығындарының сметалық нормасы  пайдаланылады. Материалдың сметалық нормасы былай есептелуі мүмкін: дайын өнім бірлігіне кететін  нормативті бағасы, дайын өнім бірлігіне  кететін қалдықтардың нормативі  ысырап салмағына көбейтілген өнім бірлігіне кететін қалдықтардың нормативі  бағасын азайту.

 Әдетте  қалдықтарға өлшеуге (таразыға  тартылатын, саналатын) келетін металл  және ағаш кесінділері, тақтайлары, жаңқалары, үгіндісі, жоңқалары жатады. Қалдықтар сметалық нормаға сәйкес  болуы керек, олардың шектен  тыс көбеюі өндірістің тиімсіздігін  көрсетеді.

Ескерілген  және өткізілген қалдықтардың құны үстеме  шығындарды кемітуге қатысты болады.

Алайда, егер қалдықтар ұзақ уақыт бойы өткізілмесе, онда олардың пайдалануының мүмкін бағасы мен сатудың таза құны бойынша  тауарлы-материалдық қор құрамында  екенін ескеру керек.

Егер  қалдықтар өткізуге арналмаса, ол негізгі  және қосалқы материал ретінде қайталап қолданылса қоймаға кірістеліп, қажетті  жағдайда өндіріске жіберіледі.

Үстеме  шығындардың икемді бюджетін жасауда  оның құрамына ақаудың таза шығындары  мен оның түзетуге жұмсалатын шығын, сондай-ақ қалдықтарға босатылатын  шығын кіреді.

Мұнда бұрын  анықталмаған өндіріс ретінде ескерілген ақау бірлігі оның құрамынан шығарылып, өндірістік үстеме шығынға қатысты  болады. Ұйымның кезеңдік басшылығы  нақты ақаумен өндірілген және қалдықтардан алынған бюджеттік босатуларды  салыстырады. Мұндай салыстыру ақау деп танылған бұйымдарды бақылауға  және осыған орай ақауды кеміту, өндірістің қалдықтарын азайту жолдарын іздестіру  бойынша басқарушылық шешім қабылдауға пайдаланатын жалпылама ақпарат  береді.

 

2.4 Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат

 

Басқарушылық  шешімді қалыптастырудағы ақпарттық  қажеттіліктер әр түрлі деңгейдегі бөлімшелер шығындары өзара байланысты жүйемен басқарылғанда ғана қанағаттандырылады. Ұйымның есептік ақпараттық жүйесін  құруға әсер ететін негізгі факторларға  аса қажетті бастапқы талдамалық деректерді алу, тиісті көздерге бастапқы мәліметтерді қанағаттандыруды іске асыру  процесінің жүруі жатады.

Басқарушылық  шешімді өндіру процесі мәселені шешудің бірнеше мүмкін жолдарын (нұсқаларын) салыстыра қарауды және олардың арасынан ең қолайлысын таңдап алуды білдіреді. Аса қажетті  ақпараттарды бухгалтер береді.

Бұл процестің  мына кезеңдерін бөліп көрсетуге  болады: мәселенің пайда болуы, әрекетке жақын, яяғни мәселені шешуге септігі  тиетін мүмкін нұсқаларды анықтау, шаруашылық операцияларына баламалардың ықпалын  талдау: іске жарамды нұсқаларды іріктеу, нәтижелерді талдау. Шешімді қабылдау моделі (үлгісі) басқарушылық жүйемен  бақыланатын және бақыланбайтын  факторлардың сандық және символдық  мағыналарын, сондай-ақ операциялық  шарттар мен шектеулерді білдіреді.

Басқарушылық  шешімді қабылдауға баламалы нұсқаларды қарастырғанда болжалды шығындар мен  табыстар баламалы нұсқалар бойынша  айыратын релеванттық талдау қолданылады.  Яғни, алдағы басқарушылық шешімге  қатысты, нұсқалар бойынша ерекшеленетін  шығындар мен табыстар релеванттық  бола алады.

Басқарушылық  шешімді қабылдау процесіндегі мұндай тәсілдеме елеулі ақпараттарға ғана назар аудартады, ал, бұл өз кезегінде  әлдеқайда жақсы шешімді өндіру процесін оңайлатады әрі тездетеді.

«Шығындар – көлем – пайда» талдауы шығынның, түсімнің, өндіріс көлемінің және пайданың өзара байланысына негізделген  әрі жоспарлау мен бақылаудың басқарушылық аспабы болып табылады. Мұндай талдау барлық шығындардың орнын  толтыруға, бағалы шешімдерді қабылдауға және басқарушылық міндетті іске асыруға  аса қажетті өндіріс көлемін  анықтауға мүмкіндік береді.

Шығындарды  өзгермелі және тұрақты деп бөлу залалсыздық нүктесін, яғни ұйым зиянда шекпейтін, пайда да алмайтын аса қажетті өндіріс көлемін есептеуге мүмкіндік береді. Шығындардың мінез-құлқын бағалау залалсыздық нүктесіне жеткенге дейін өзіне тұрақты шығынды қосатын, ал жеткеннен кейін – салық салынғанға дейін пайданы қосатын маржиналдық табыстың тұжырымдамасымен тікелей байланысты.

 

2.5 Шығынды бюджеттеу және бақылау

 

Бақылаумен  қатар басқару қызметінің маңызды  бір саласында жоспарлау жатады. Ол алдағы уақытта орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау процесі болып табылады. Бюджеттік жоспарлау – құрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жеке бюджеттерді әзірлеу процесін білдіретін жоспарлаудың детальданған деңгейі. Бюджет - әдетте жоспарланған кірістер мен шығыстарды көрсетуші белгілі бір кезең уақытына дейін әзірленіп, қабылданған ақшалай түрдегі сандық жоспар. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды орындауын бағалаудың негізі болып табылады.

Жоспар  оперативті, әкімшілікті, стратегиялық деп бөлінеді. Мезгілі бойынша  қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (жылдан көп) болуы  мүмкін. Детальданған бюджеттер ең көп дегенде әлдеқайда қысқа  кезеңге белгілеумен бір жылға  жасалады.

Бюджеттік жоспарлаудың сатыларына мыналар кіреді: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау; қызметті бағалауда пайдаланатын көрсеткіштерді анықтау; жаңа ахуалға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға салу; ұсынылған түзетпелерді ескеру арқылы жоспарды түзету.

Бюджет  қызметіне мыналар жатады: көзделген  мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін операцияларды  жоспарлайды; әр түрлі қызметтерді  және жеке бөлімшелерді үйлестіреді; өз мақсаттарына ұмтылатын жауапты  орталықтардың басшыларын ынталандырады; жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болады.

Бас бюджет – барлық бөлімшелерге немесе тұтас ұйымның жұмыс жоспарының функцияларына үйлестірілген. Ол екі негізгі бюджеттен тұрады:

  • оперативті (ағымдағы) – мұнда сегментке немесе ұйымның жеке қызметтеріне (кірістер мен шығыстар туралы болжанған есеп беру) жоспарланған операциялар аударылады.
  • қаржылық – мұнда ұйғарылған қаржы көздері және оларды жоспарлы кезеңде пайдаланылатын бағыттар (күрделі шығындар бойынша шығын, ақша қаражатының жоспары, жоспар балансы және ақшаның қозғалысы туралы есеп беру) көрініс табады.

Бюджеттің орындалуын бағалау нақты қол  жеткен нәтижеден жоспарланған нәтиженің  арасындағы алшақтық, яғни жоспардан  ауытқуды талдауға негізделеді.

Бас бюджетті жасау процесінің жөнелту нүктесіне  бюджетті сатуға әзірлеу жатады, өйткені  түсім нақты нарықта өткізудің  негізгі мүмкіндіктерімен, яғни факторлармен анықталады.

Ақшалай қаражат бюджеті – бұл ақша, төлем түсімі мен алдағы кезең уақытына төлеу жоспары. Бұл жоспар жоспарлы кезең аяғында ақшалай қаражат шотындағы болжалды ақырғы сальдоны және жоспар құрылатын бір жылдағы әрбір айдың қаржылық жағдайын көрсетеді. Жоспар екі бөлімнен тұрады: болжалды ақша түсімі мен болжалды төлемдер мен төлеулер, ол жоспарлы кезеңнің соңында ақшалай қаражат шотындағы ақырғы сальдоны көрсетеді әрі жоспарлы кезең ішіндегі әрбір айдың аяғында ақшалай қаражаттың қалдығын болжайды, қаржы ресурстарының артық немесе кем болатын кезеңдерін анықтайды.

Бақылау құралы ретінде бюджет қызметі жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен  салыстыруда ашылады. Түзілу мақсатына  және қызметінің ұйымдастырылу көрсеткіштерін талдауына қарай бюджет мыналарға  бөлінеді:

  • статистикалық – ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне байланысты құрылатын, яғни өткізудің бір деңгейіне негізделген жоспар;
  • икемді – белгілі бір (нақты) іскер белсенділіктің диапазоны үшін жасалатын серпінді жоспар (өткізу көлемінің баламалы нұсқаларының негізінде) және өткізу деңгейінің өзгеруіне қарай шығындардың өзгерісін ескереді. Оны жасау үшін шығындарды өзгермелі және тұрақты деп бөлеміз.

Икемді  бюджет ұйымды және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Бұл мақсатта нақты өнім шығарылымын қоса ескеретін өзгермелі  шығынға түзету жүргізіледі. Тұрақты  шығындар өзгеріссіз қалады, өйткені  өндіріс пен өткізудің көлеміне тәуелді емес.

Жоспарлыдан нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды:

  • нақты және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру;
  • жоспарлыдан нақты пайданың ауытқу себебін анықтау;
  • баға бойынша, ресурс бойынша ауытқу есебі (баға факторы);
  • ресурстарды пайдалану көлемі бойынша ауытқу есебі (сандық фактор).

Рентабельділіктің (пайдалылықтың) ішкі нормасы – бұл кәсіпорын пайда алмай-ақ инвестициялық және ағымдық шығындарды өтейтін есеп айырысу мөлшерлемесі. Оны анықтау үшін таза ағымдық құн есебінің формуласын нөлге теңестіреді және жоспарланған табыстарда, инвестицияларда және жабдықты эксплутациялау (пайдалану) уақыты дисконттау мөлшерлемесін анықтайды.

Өтелімділік кезеңіне ұйым пайдасы уақыт факторын ескермей инвестициялық шығынның орнын толтыратын уақыт аралығы.

Рентабельділік коэффициенті жарты жылдық жоспардағы пайданың жұмсалған күрделі қаржыға қатынасын білдіреді. Коэффициент мына схемалар бойынша уақыт факторын ескеру арқылы, сондай-ақ оны елемей есептелу мүмкін; инвестиция табыс әкелетін уақытты анықтау; жоспарлы түсімдерді анықтау; уақыт шығынының есебі; жоспарлы ағымдағы шығындар есебі; осы инвестициялық жобаға қаражат жұмсау тәуекелділігін қоса ескеретін дисконттау мөлшерлемесін таңдау; таза ағымдық құнның есебі. Бұл көрсеткіштердің негізінде басқа әдістеме бойынша жобаның тиімділігін бағалауға болады.

Өндіріс пен өткізудің әр түрлі факторларына шектеулерді енгізу «шығындар –  көлем – пайда» талдау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл өнімнің бір немесе басқа түрлерін өндіретін өндірістің тартымдылығына елеулі ықпал етеді. Мұндай тапсырманы шешу үшін бағдарламалаудың желілік үлгісін пайдалануға  болады. Желілік бағдарламалаудың негізгі  әдісіне мыналар жатады: сара және қате әдісі (желілік бағдарламалау  тұрғысынан қарағанда оңтайлы, оның шешімі мүмкін шешімдер саласындағы  координатты саралау нәтижесінде  табылады) және кестелік (оның оңтайлы  шешімі мүмкін шешімдер саласындағы  бұрыштық нүктелердің бірінен табылады).

Информация о работе Дайын өнім есебі