Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 17:06, курсовая работа
Бұл бөлімде бюджеттік ұйымға жататын, оның ішінде жалға берілген, барлық активтердің қолдағы саны және жылжуы есептелінеді.
Активтердің бухгалтерлік есебі есептік тіркемелерде активтер түсімінің, олардың бюджеттік ұйым ішінде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсімделуін және уақытында көрсетілуін, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
1-бөлім. Активтер есебінің теориясы
1.1.Активтер ұғымы және оның құрамы
Бұл бөлімде бюджеттік ұйымға жататын, оның ішінде жалға берілген, барлық активтердің қолдағы саны және жылжуы есептелінеді.
Активтердің бухгалтерлік есебі есептік тіркемелерде активтер түсімінің, олардың бюджеттік ұйым ішінде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсімделуін және уақытында көрсетілуін, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Активтерге мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер бөліктері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтірілмеуі мүмкін емес, басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнім беретін мал, арнаулы құрал-саймандар, өзге активтер.
Активтерге сондай-ақ жерді жақсартуға арналған күрделі салымдар (суландыру, құрғату, ирригациялау және басқа жұмыстар) және жалға алынған ғимараттар, құрылыстар және активтерге жататын басқа да активтер жатқызылады.
Көпжылдық ағаштарға, жерді жақсартуға арналған күрделі салымдар жыл сайын, бүкіл жұмыстар кешенінің аяқталуына қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты шығындардың сомасы да активтердің құрамына енгізіледі.
Жалға алынған активтерге жұмсалған күрделі шығындар, егер жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, іс жүзіндегі шығыстардың сомасында жалға алушылардың меншікті активтеріне қосылады.
Мыналар активтерге жатпайды және арзан құнды және тез тозатын заттардың құрамында бюджеттік ұйымда есептеледі:
а) құнының қаншалығына қарамастан, бір жылдан кем ұсталған құралдар;
б) олардың пайдалану мерзiмiне қарамастан, сатып алу бағасы бойынша бiр бiрлiк үшiн құны 40 есе есептiк көрсеткiшке дейiнгi заттар.
Пайдалану мақсатына және орындалу функцияларына байланысты пайдалану мерзiмi табиғи-заттық құрамы бойынша олардың құнына қарамастан активтерге жататын заттар (еңбек құралдары) ерекшелiгi құрайды, оларға өндiрiстiк-шаруашылық тағайындалған кiтапханалық қорлар, мұражай құндылықтары (белгiленген тәртiппен ескерілген экспонаттардан басқа), жануарлар әлемiнiң экспонаттары, сахналық-қойылым құралдары, үлгілiк жоспарлау жөнiндегi құжаттама және басқалар жатады.
в) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім;
г) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, бюджеттің есебінен ұсталатын денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлері және басқаларға арналған формалық киім және аяқ киім;
д) орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына жатқызылатын, уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар;
е) құны "б" тармақшасында белгіленген сатып алу және жасау құны бойынша лимиттің шегіндегі, қоймалардағы материалдық құндылықтарды сақтауға немесе технологиялық процестерге арналған ыдыстар;
ж) малдың төлдері және бордақыдағы малдар, құстар, үй қояндары, терісі бағалы аңдар, ара әулеттері, сондай-ақ есептегі малдар;
з) егуге арналып питомниктерде өсірілген көпжылдық көшеттер.
Активтерді есептеу үшін 01 "Активтер" шоты арналады, ол мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
010 "Ғимарат";
011 "Құрылыс";
012 "Ауыспалы құрылыс";
013 "Машиналар мен жабдықтар";
014 "Материалдық емес активтер";
015 "Көлік құралдары";
016 "Аспаптар, өндірістік (иелігін қоса) және шаруашылық
құрал-саймандары";
017 "Жұмыстық және өнімдік мал";
018 "Кітапхана қоры";
019 "Өзге активтер".
010 "Ғимарат" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлініп есептеледі:
1) басқару органдары, әлеуметтік-мәдени және басқа ұйымдар пайдаланатын өндірістік-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар (оқу орындарының, ауруханалардың, емханалардың және амбулаториялардың, қариялар мен мүгедектерге арналған үйлердің, балалар мекемелерінің, кітапханалардың, клубтардың, мұражайлардың, ғылыми-зерттеу институттарының, шеберханалардың және с.с. ғимараттары);
2) толық немесе көбіне тұрғын үйге арналған ғимараттар (барлық пайдалы тұрғын және тұрғын емес алаңдардың 50%-нен кем болмайтын тұрғын бөлмелердің жалпы пайдалы алаңы).
011 "Құрылыс" қосалқы шотында: су айдағыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, парктердің, саябақтардың және қоғамдық бақтардың қоршаулары, тағы басқалар есептеледі.
012 "Ауыспалы қондырғылар" қосалқы шотында электр тарату желілері, тұтынушыларға дейін сұйық және газ тәрізді заттарды құбырлар арқылы ауыстыруға арналған қуаттарды трансформациялау (баға түрге айналдыру) және беру үшін қажетті, барлық аралық құрылғылары бар трансмиссиялар мен құбырлар есептеледі.
Ескерту. Электр станцияларының, газды қысатын, сұйық айдайтын станциялардың ғимараттары 010 қосалқы шотында, ал оларда тұрған жабдықтар 013 қосалқы шотында есептеледі.
013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шотында қуат машиналары мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтар, өлшеу аспаптары, реттеу аспаптары мен қондырғылары, лаборатория жабдықтары, компьютерлік жабдықтар, дәрігерлік жабдықтар, офис жабдықтары, арттехқару-жарақ (сауытты техника, атыс қаруы, оптикалық аспаптар, жеке сауытты қорғаныш құралдары, әскери химиялық мүлік, радиациялық және химиялық барлау құралдары, инженерлік қару-жарақ құралдары) мынадай жеке топтарға бөлінген өзге машиналар мен жабдықтар есептеледі:
1) жылу және электр қуатын өндіретін қуат машиналары мен жабдықтар, әртүрлі қуаттарды (су, жел, жылу, электр және с.с. қуатын) механикалық қуаттарға, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина-қозғағыштар;
2) өнім жасау және өндірістік мақсатта қызметтер көрсету процесінде және механикалық қозғағыштардың, адам және жануар күшінің көмегімен өндіріс процесінде еңбек затын ауыстыру барысында еңбек затына механикалық, жүк және жолаушы лифтiлерiн қоса алғанда термикалық және химиялық әсер етуге арналған жұмыс машиналары мен жабдықтары,
3) өлшеу аспаптары - дозаторлар, амперметрлер, барометрлер, ваттметрлер, су өлшегіштер, вакуумметрлер, вапориметрлер, вольтметрлер, биіктік өлшегіштер, гальванометрлер, геодезиялық аспаптар, гигроскоптар, индикаторлар, компастар, манометрлер, хронометрлер, арнаулы таразылар, өлшегіштер, касса аппараттары ж.б.;
4) реттегіш аспаптар мен құрылғылар - оттегі-тыныс алу аспаптары, электрлі, пневматикалы және гидравликалы реттегіш қондырғылар, автоматты басқа тетіктері, орталықтандыру және топтау аппаратурасы, диспетчерлік бақылаудың желілік құрылғылары және басқалар;
5) лаборатория жабдықтары - пирометрлер, реттегіштер, калориметрлер, ылғалдылықты анықтайтын аспаптар, айдау текшелері, газ өткізгіштікті сынайтын аспаптар, жыртылуға төзімділікті сынайтын аспап, микроскоптар, термостаттар, тұрақтандырғыштар, кергіш шкафтар, тағы с.с.;
6) компьютерлік жабдықтар - дербес компьютерлер, калькуляторлар, лазерлі, матрицалы, түрлі-түсті принтерлер, сканерлер және басқалар;
7) медициналық жабдықтар - медициналық жабдықтар (тіс-дәрігер креслосы, операциялық столдар, арнаулы жабдығы бар төсектер және бас.), арнаулы дезинфекциялық дезинсекциялық жабдықтар, сүтханалар мен сүт станцияларының, қан құю станцияларының жабдықтары және басқалар;
8) офистік жабдықтар – көшіргіш машиналар, факс-машиналар, құжаттарды жоюға арналған машиналар және басқалар;
9) өзге машиналар мен жабдықтар - жоғарыдағы топтарда аталмаған машиналар, аппараттар мен басқа да жабдықтар, өзге машиналар мен жабдықтарға мыналар жатады: стадиондардың, спорт алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның ішінде спорт снарядтары), оқу орындарындағы кабинеттер мен лабораториялардың жабдықтары, киноаппаратуралар, жарық беретін аппаратура, сахна жабдықтары, саз аспаптары, теледидарлар, таспалар, бейне камералар, ұялы байланыс аппараттары, пейджерлер радиоаппаратура, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми жұмыспен айналысатын басқа да ұйымдардың арнаулы жабдықтары, АТС жабдықтары, автомобильмен қозғалатын өрт машиналары, өрт автоцистерналары, механикалық өрт сатылары, кір жуатын және тігін машиналар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, кондиционерлер, микротолқынды пештер және басқалар.
014 қосалқы шотында материалдық емес активтер есептеледі - олар материалдық-заттық негізі жоқ, бірақ ұзақ уақыт бойында табыс алуға мүмкіндік беретін объектілер. Активтердің бұл түріне мыналар жатады: төлемге сатып алынған жерді, суды, пайдалы қазбаларды және басқа табиғи ресурстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану құқығы; тауар белгілері мен сауда маркалары үшін құқықтар, сондай-ақ өзге мүліктік құқықтар (оның ішінде жаңалықтарды, "ноу-хауды" пайдалану), брокерлік орын, гудвилл, бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру шығыстары (өндірісті дайындау жөніндегі, тәжірибелік-конструкторлық ж.б.), маркетинг және басқа активтер.
Материалдық емес активтер есепте оларды сатып алу және дайындық жағдайына келтіру шығындарының іс жүзіндегі сомасында көрсетіледі.
Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебi НОС-6-н. Материалдық емес активтердi есепке алудың түгендеу карточкасында жүргiзiледi.
015 "Көлік құралдары" қосалқы шотында адамдар мен жүктерді көшіруге арналған қозғалыс құралдарының барлық түрлері есептеледі, олар мынадай жеке топтарға бөлінеді:
1) темір жол, су, автомобиль көліктерінің жылжымалы құрамы (электровоздар, тепловоздар, мотодрезиндер, вагондар, платформалар, цистерналар, теплоходтар, дизель-электроходтар, буксирлер, баржалар мен баркалар, қайықтар мен қызметтік қосымша кемелер, құтқару қайықтары, жүзбеліайлақтар, желкенді кемелер, жүк таситын және жеңіл автомобильдер, тіркемелер, автосамосвалдар, автобустар, трактор-тягачтар және басқалар);
2) әуе көлігінің жылжымалы құрамы (ұшақтар, тікұшақтар);
3) ат-көліктер (арбалар, шаналар және басқалар);
4) өндіріс көлігі (электрокарлар, мотоциклдер, мотороллерлер, велосипедтер, қоларбалар, мүгедектер арбасы және басқалар);
5) спорт көлігінің барлық түрлері.
Көлік және спорт аттары мен басқа да көліктік малдар 017 "Жұмыстық және өнімдік малдар" қосалқы шотында саналады.
016 "Аспаптар, өндірістік және шаруашылық (иелігін қоса) құрал-саймандар" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлініп есептеледі:
1) аспаптар - механикаландырылған және механикаландырылмаған жалпы сипаттағы еғбек құралдары, сондай-ақ машиналарға бекітілген, материалдарды өңдеу үшін қолданылатын заттар. Оған мыналар жатады: қол еңбегінің кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын құралдары, электр қуатының, қысылған ауаның және басқалардың көмегімен жұмыс істейтін, қолға ұстайтын механикаландырылған құралдарды қоса (электродрелдер, бояу бїріккіштер, электр тітіркеткіштер, гайка бұрағыштар және басқалар), сондай-ақ материалдарды өңдеуге, монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған алуан түрлі құралдар және с.с. (қыспақтар, патрондар, бөлгіш тығындар, қозғағыштарды орнатуға және автомобильдердегі кардан біліктерін айналдыруға арналған құралдар және басқалар);
2) өндірістік саймандар мен жарақтар - жұмыс уақытында өндірістік амалдарды жеңілдетуге қызмет ететін өндірістік мақсаттағы заттар: жұмыс столдары, верстагтар, кафедралар, парталар және с.с. еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сауда шкафтары мен сөрелер; сайман ыдыстары; жұмыс машиналарына жатқызуға болмайтын, техникалық мақсаттағы заттар, соғыс және газ пистолеттер (мысалы, сәулемен көшіретін рамалар және с.с.);
3) шаруашылық мүкәммал - офис керек-жарақтары (қабырғалық жићаз, гарнитурлар, құрамалы жићаздар, тумбалар, демалыс бұрышы), жылжытпалы баръерлер, iлгiштер, гардеробтар, әртүрлi шкафтар, дивандар, столдар, орындықтар, креслолар, кiтап сөрелерi, жанбайтын шкафтар мен жәшiктер, сейфтер, жазу машиналары, гектографтар, шапирографтар мен басқа да қолға ұстайтын көбейткiш және нөмiрлегiш аппараттар, телефон аппараттары, желдеткiштер, жылжытпалы киiз үйлер, шатырлар (оттегiлерiнен басқа), кроваттар (арнаулы жабдықтары барларынан басқа), кiлемдер, портъерлер, жалюзилер, терезеге арналған торлар және басқа да мүкәммал, сондай-ақ өртке қарсы қолданылатын заттар - гидропульттер, стендерлер, қол сатылар және с.с. 013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шоты бойынша есептелетiн, автомобильмен қозғалатын өрт су айдағыштары мен механикалық өрт сатыларын қоспағанда);
4) басқа да өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал - сейфтер, рамадағы картиналар, қола мүсiндер (бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттiк рәмiздер, көрнекiлiк агитация қабырғалары.
017 "Жұмыстық және өнімдік мал" қосалқы шотында мынадай жеке топтарға бөлініп есептеледі:
1) жұмыстық мал - аттар, өгіздер, түйелер, есектер және басқа жұмыс малдары (көліктік және спорттық аттарды, басқа да көліктік малдарды, қызметтік иттерді қоса);
2) өнімдік және асыл тұқымды мал - сиырлар, бұқалар, буйволдар мен қодастар (жұмыстағысынан басқа), айғырлар мен асыл тұқымды биелер (жұмыс істемейтін), үйірде бағуға ауыстырылған биелер буралар мен інгендер (жұмыс істемейтін), ұрғашы бұғылар мен еркек бұғылар (мүйізді), еркек шошқалар мен мегежіндер, қойлар мен қошқарлар, ешкілер мен текелер және басқалар.
018 қосалқы шотында жекелеген кітаптардың құнына қарамастан кітапханалық қорлар есептеледі. Кітапханалық қорларға мыналар енгізіледі: ғылыми, көркем және оқулық әдебиет, әдебиеттің арнаулы түрлері және басқа басылымдар.
019 қосалқы шотында жеке топтарға бөлініп, мыналар есептеледі:
1) көпжылдық өскіндер. Көпжылдық өскіндерге олардың жасына қарамастан қолдан отырғызылған мынадай көпжылдық өсімдіктер жатады: жеміс-жидектердің барлық түрлері (ағаштар мен бұталар), көшелердегі, алаңдардағы, парктердегі, бақтардағы, саябақтардағы, ұйымдардың аумағындағы, тұрғын үй аулаларындағы көгалдандыру және көріктендіру өсімдіктері, жанды қоршаулар, қар тосқындары мен егістікті қорғайтын жалдар, құмдар мен өзен жағалауларын бекітетін өскіндер, жар-қабақ өскіндері және с.с.; ботаника бақтарының және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындарының ғылыми мақсаттарға арнап қолдан өсірілген өскіндері және басқа қолдан өсірілген өскіндер.