Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 17:06, курсовая работа
Бұл бөлімде бюджеттік ұйымға жататын, оның ішінде жалға берілген, барлық активтердің қолдағы саны және жылжуы есептелінеді.
Активтердің бухгалтерлік есебі есептік тіркемелерде активтер түсімінің, олардың бюджеттік ұйым ішінде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсімделуін және уақытында көрсетілуін, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Активтерді есептеу мүліктік объектілерге бөлініп, олардың сақталу орындары мен жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі.
Бөлек мүліктік объект деп барлық қосалқы және жанама жарақтарымен қоса, аяқталған жобалық құрылым немесе белгілі бір жеке міндетті орындауға арналған өзгеше жобалы зат немесе біріккен тұтастықты білдіретін және белгілі бір жұмысты бірге орындайтын, жобалы мүшелік заттардың кешені есептеледі.
"Ғимарат" қосалқы шоты бойынша мүліктік объект деп әрбір жеке тұрған ғимарат саналады. Ғимараттың құрамына оны пайдалану үшін қажетті ғимараттың ішіндегі: жылытуға арналған қазандық қондырғыны қоса, ғимарат ішіндегі жылыту жүйесі (егер ғимараттың өзінде болса), барлық құрылғыларымен қоса су-газ құбырларының және канализацияның ішкі торабы, барлық жарық беретін арматураларымен бірге қуат және жарық өткізгіштерінің ішкі торабы, ішкі телефондық және хабарлау тораптары, ортақ санитарлық мақсаттағы желдеткіш құрылғылар, көтергіштер (лифттер) тәрізді барлық коммуникациялар кіреді.
Егер ғимарат бірі біріне тиісіп тұрса және ортақ қабырғасы болса, бірақ әрқайсысы жеке жобалық тұтастықты құраса, олар бөлек мүліктік объектілер деп саналады.
Ауладағы құрылыстар, қоршаулар мен ғимаратқа қызмет көрсететін басқа да жайлар (қора, шарбақ, құдық ж.б.) онымен қоса бір мүліктік объектіні құрайды. Егер бұл құрылыстар мен жайлар екі және одан көп ғимаратқа қызмет көрсететін болса, олар дербес мүліктік объектілер деп есептеледі.
Ғимараттың сыртынан салынған, дербес шаруашылық маңызы бар құрылыстар, жеке тұрған қазандық ғимараты сондай-ақ ауладағы жобалы құрылыстар (қоймалар, гараждар және с.с.) дербес мүліктік объектілер болып саналады.
Есепті ұйымдастыру және активтердің сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір объектіге (затқа) кітапханалық қорлардан басқа, он белгіден тұратын мүліктік нөмір беріледі. Бірінші үш белгі-қосалқы шотты, төртінші-топты және соңғы алтауы-топтағы заттың рет санын білдіреді. Топтарға бөлінбеген қосалқы шоттар бойынша төртінші белгі нөлмен көрсетіледі. Мәселен, былай: 0101000001 мүліктік нґмірі 010 "Ғимарат" ќосалќы шоты, 1 топ - ґндірістік сипаттаєы ғимарат, объектінің рет нөмірі - 000001 дегенді білдіреді; 0163000005 мүліктік нөмірі 016 "Құрал-жабдықтар, өндірістік (жабдықтарды қоса ал,анда) және шаруашылық құралдар" қосалқы шоты, 3-топ - шаруашылық мүлік, заттың мүліктік нөмірі 000005 дегенді білдіреді.
Ондағы мүліктік нөмір осы бюджеттік ұйымда болған бүкіл кезеңінде сақталады. Шығып қалған немесе жойылған объектілердің мүліктік нөмірі басқа объектілерге берілуге тиісті емес.
Арендаға алынған активтер 01 "Арендаға алынған активтер" баланстық шотында оған арендаға алушы берген мүліктік нөмірмен есептеледі.
Сатып алынған активтердің құны - 01 шоттың тиісті қосалқы шотының дебетіне және "Ақшалай қаржылар" бөлімінің немесе "Есеп айырысу" бөлімінің тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады.
Пайдаланудан шыққан активтердің сомасына 01 шоттың тиісті қосалқы шоттарының кредиттері және 250, 020 қосалқы шоттардың дебеті бойынша жазу жүргізіледі.
Активтердің шығарылуы және ауыстырылуы жөніндегі операциялардың есебі н. 438 жинақтаушы ведомостында (9 мемориалдық ордер) жүргізіледі. Жинақтаушы ведомостқа жазулар енгізіледі. Бұл орайда "Жиынтығы" бағанында шығарылған және ауыстырылған материалдық құндылықтардың сомасы жазылады, ол қосалқы шоттардың дебеттері бойынша жазбалардың сомасына тең болуға тиіс. Ай аяқталєан соң қосалқы шоттар бойынша қорытындылар "Бас журнал" кітабына жазылады.
1.4. Активтердің қозғалысының құжатталуы
Активтерді талдамалық есептеу нн. ОС-6, ОС-8 НОС-6 мүліктік карточкаларында жүргізіледі. Карточкалар әрбір мүліктік объект (зат) бойынша жүргізіледі. Біртекті заттар ОС-9 н. карточкаларында есептеледі.
Нн. ОС-6, ОС-8, ОС-9 НОС-6 мүліктік карточкалары активтердің н. ОС-10 есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімінде тіркеледі. Тізілім бір данада жасалады. Ондағы жазулар карточкалардың ашылған жылы көрсетіліп, активтердің топтары бойынша жүгізіледі. әрбір топ үшін беттердің белгілі бір саны бөлінеді. Нөмірлеу 1-ші нөмірден бастап әрбір топ бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда тізім қызмет көрсетілетін әрбір ұйым бойынша дәл осындай тәртіппен жасалады. Активтер шығарылған және ауыстырылған кезде тізімнің "Ескерту" бағанында мемориалдық ордердің уақыты (күні, айы, жылы) мен нөмірі көрсетіледі.
Мүліктік карточкалар бухгалтерлік қызметтің картотекаларында сақталады, ішінде олар - материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда - қызмет көрсетілетін ұйымдар бойынша бөлініп, тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша орналастырылады.
Н. ОС-6 карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, ауыспалы құрылғыларды, машиналар мен жабдықтарды, аспаптарды, өндірістік (тиесілі заттарды қоса) және шаруашылық бұйымдарды, көлік құралдарын ж.б. Онда жазулар бастапқы құжаттардың: пайдалануға беру туралы қабылдау актілері, дайындаушы зауыттың техникалық паспорттары ж.б. құжаттардың негізінде жүргізіледі. Карточкаларда объектілердің (заттардың) өзгеше белгілері: сызбасы, үлгісі, нұсқасы, маркасы, зауыттық нөмірі, шығарылған (жасалған) уақыты, активтердің пайдалануға берілген уақыты мен нөмірі көрсетіледі.
Одан басқа объектінің (заттың) қысқаша жеке сипаттамасы жазылады. Жабдықтардың, аспаптардың, есептеу техникасының және с.с. құрамында қымбат бағалы металдар болған жағдайларда, "Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы" бөлімінде құрамында қымбат бағалы металл бар тетіктердің тізбесі, тетіктің атауы мен металдың паспортында жазылған массасы көрсетіледі.
Активтерді бюджеттік ұйымның ішінде ауыстырған кезде осы карточканың арғы бетінде жазу жүргізіледі.
Н. ОС-8 карточкасы жұмыстық, өнімдік және асыл тұқымды малды, сондай-ақ көпжылдық өскіндерді және жерді жақсарту (құрылыссыз) жөніндегі күрделі шығындарды есептеу үшін қолданылады.
Карточкада малдың жасы, түрі, таңбасы, аты т.с.с. көрсетіліп, жеке сипаттамасы келтіріледі.
Көпжылдық өскіндер тұқымы, отырғызылған бірлік саны мен алаңы кґрсетіліп, мїліктік объектілер бойынша есептеледі. Объектініѕ ќўнына, жұмыстың бүкіл кешені біткеніне қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты барлық шығындардың сомасы енгізіледі.
Жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығыстардың есебі әрбір шара бойынша қамтылатын алаң мен орындалған жұмыстың құны көрсетіліп, шараларға: жер бөліктерін жоспарлауға, алқаптарды егістік үшін отауға, жабайы шөптерді, көлшіктерді тазартуға бөлініп жүргізіледі.
Н. ОС-9 карточкасы кітапханалық қорларды және сахналық-қойылым құралдарын топтап есептеуге арналған.
Карточкалардағы жазу сандық және сомалық тұрғыда жүргізіледі.
Кітапханалық топтар үшін жеке карточка ашылады. Ондағы есеп ақшалай түрде жалпы сомамен ғана жүргізіледі.
Сахналық-қойылым құралдары бойынша топтық есепке арналған карточкалар материалдық жауапты тұлғалар бойынша номенклатуралық нөмірі көрсетіліп, бір атаудың, көлемі, сапасы жөнінен жақын материалдың заттары мен бағаларына ашылады.
Мемлекеттік мекемелермен ұсынылатын жылдық, тоқсандық есептіліктің нысандары құрамында активтердің қозғалысы туралы есеп беру №5 нысанда көрсетіледі.
Жылдық, тоқсандық есептіліктің №1 нысандағы балансының 010«Активтер» жолында, баланста бөлек жол болып көрсетілетін 014»Материалдық емес активтер» қосалқы шотынан басқа, 010-нан 019-ға дейінгі қосалқы шоттарда мемлекеттік мекемелердің барлық активтерінің құны көрсетіледі.
Жалға алынған активтер бұл жолда көрсетілмейді және 01 «Жалға алынған активтер» баланстан тыс шотында көрсетіледі.
011 «Материалдық емес активтер» (014) жолында жерді,суды, пайдалы қазбаларды және басқа табиғи ресурстарды, үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды пайдалану құқығының құны; лицензиялар, тауарлық белгілер мен сауда маркілеріне құқықтар, сонымен қатар өзге де мүліктік құқықтар, брокерлік орындар, Гудвилл, программалық қамтамасыздандыру, ұйымдастырушылық шығындар, маркетинг және басқа активтер көрсетіледі. Есепте материалдық емес активтер оларды сатып алу және дайындық жағдайына құруға кеткен нақты жұмсалымдар сомасы ретінде көрсетіледі.
Жылдық,тоқсандық есеп беруде 530-шы «Активтегі қорлар» (250) жолында мемлекеттік мекемелердің тікелей құзырындағы активтегі қорларға салым сомасы (тозу есебімен) көрсетіледі.
540-шы «Активтердің тозуы» (020) жолында мемлекеттік мекемелердің балансында есептеулі активтердің тозуының жалпы сомасы көрсетіледі.
541-ші «Материалдық емес активтердің тозуы» (021) жолында мемлекеттік мекемелерге тиесілі материалдық емес активтердің тозуының жалпы сомасы көрсетіледі.
1.5."Активтердің тозуы" 02 есебі
Бұл шотта бюджеттік ұйымдардың балансында саналатын активтер тозуының қозғалысы көрсетіледі. Тозу ғимараттар мен құрылыстар, ауыспалы құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, жұмыстық мал, көліктік құрал, өндірістік (тиесілігін қоса) және шаруашылық мүліктер, пайдалану жасына жеткен көпжылдық өскіндер бойынша анықталады және есептеледі.
Тозу мынадай активтер бойынша анықталмайды: сәулет пен өнердің бірегей ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен құрылыстар; жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін жабдықтар, экспонаттар, нұсқалар, үлгілер, кабинеттер мен лабораторияларда тұрған және оқулық және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын макеттер және басқа да көрнекі құралдар; өнімдік мал, буйволдар, өгіздер, бұғылар, жануарлар әлемі экспонаттары (хайуанаттар парктерінде және басқа осындай мекемелерде); пайдалану жасына жетпеген көпжылдық өскіндер; кітапханалық қорлар, фильм қорлары, сахналық-қойылым жарақтары, мұражайлық және көркем құндылықтар, арттехқару-жарақ. Тозу сондай-ақ шекарадан тыс орналасқан бюджеттік ұйымдардың активтері бойынша да анықталмайды.
Активтердің тозуы, олардың есепті айдың қай айында сатып алынғанына және салынғанына қарамастан, белгіленген нормаларға сәйкес, толық күнтізбелік жыл үшін аныќталады.
Активтердің есептеудің нн. ОС-6, ОС-8 мүліктік карточкаларында тозудың жылдық сомасы - теңгемен, жылдық тозу нормасының шифры және тозу соңғы рет есептелген жыл жазылады.
Нормативтік активтер бойынша тозудың есебі 021 қосалқы шотында жүргізіледі. Пайдалы тұтыну мерзімін анықтау мүмкін емес материалдық емес активтер бойынша тозудың нормасы он жылға, бірақ ұйым қызметі мерзімінен көп емес уақытқа белгіленеді.
Тозудың есептелуі активтер құнының 100 %-інен артық жүргізілуі мүмкін емес. Жыл сайын тозудың сомасы карточкалардан ведомостқа жазылады. Желтоқсанның соңғы күні тозудың жалпы сомасына дебет бойынша - 250 қосалқы шотын және кредит бойынша - 020, 021 қосалқы шоттарын көрсете отырып, мемориалдық ордер жасалады. Мемориалдық ордер бойынша тозудың сомасы тек "Бас журнал" кітабына жазылады.
Әрі қарай пайдалануға жарамды объектілерге (заттарға) құнының 100 %-і мөлшерінде есептелген тозу оларды толық тозу себебі бойынша есептен шығаруға негіз бола алмайды. Объектілердің жойылуына немесе тиісті карточка бойынша қайтарусыз тапсырып берілуіне байланысты оларды (заттарды) шығарған кезде зат (объект) пайдалануда болған уақыттағы тозудың жалпы сомасы анықталады және тозу 020 қосалқы шоты бойынша осы сомаға кемітіледі.
Объектiнi пайдаланудың бүкiл кезеңi үшiн тозу сомасы беру жылын есептемегенде, объектiнiң баланстық құны, оның мемлекеттiк мекемеде болған уақыты (күнтiзбелiк жыл саны бойынша) туралы түгендеу карточкаларда бар деректердiң негiзiнде есептеледi.
1.6. Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша активтер шотының қосалқы шоттарының хабарламасы
№ р/с | Операциялардың мазмұны | Қосалқы шоттардың нөмірі | |
Дт бойынша | Кт бойынша |
1 бөлiм. Активтер
1 Қайтадан тұрғызылған ғимараттарды, 010-012 250
құрылыстарды және ауыспалы
қондырғыларды немесе ғимараттар мен
үй-жайларды қайта құру жөнiндегi жұмыстарды
пайдалануға қабылдау
2 Машиналар мен жабдықтарды, көлiк құралдарын, 013-019 090, 100
аспаптарды, өндiрiстiк (керек-жарақтарды
қоса алғанда), шаруашылық құрал-саймандарды, 178, 179
жұмыстық және өнiм беретiн малдарды,
кiтапхана қорына қосылатын кiтаптарды және
басқа да активтердi сатып алу
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200, 211, 250,213
3 Машиналар мен жабдықтарды, көлік 013, 015, 151
құралдарын, құрал-саймандарды және басқа 016, 019
активтерді сатып алу
Бір уақытта екінші жазба жүргізіледі 204 250
4 Активтердi қайтарусыз алу 010-019 020,021,250
5 Шаруашылық тәсiлмен дайындалған активтердi 016, 019 084
(жиһаздар және т.б.) кiрiске алу
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200, 211 250
6 Мүлiктердi түгендеу кезiнде анықталған 010-019 250
активтердiң артығын кiрiске алу
7 Активтердi қайтарусыз беру 020, 021, 010-019 250
8 Пайдаланылмайтын жабдықтардың, көлiк 020, 250 013-016,
құралдарының және т.б. артығын сату 019,
Бюджеттің кiрiсiне түскен және есепке
алуға жататын сомаларға бiр уақытта 090, 100, 173
екiншi жазба жүргiзiледi. 120, 178
9 Пайдаға жарамсыз деп танылған активтердi 020, 250 010-019
есептен шығару
10 Активтерді және арзан құнды және тез
тозатын заттарды тарату туралы алынған:
сатуға және бюджеттің кірісіне 063, 064, 173
есептеуге жататын
мемлекеттік мекеменің шаруашылық 063, 064 140, 230
мұқтаждықтар үшін қалдырылған
материалдардың құнын кіріске алу
11 Түгендеу кезінде анықталған және 020, 250 013-019
мемлекеттік мекеменің есебiнен
қабылданған кем активтердi есептен
шығару
12 Кiнәлi тұлғалардың есебiне жатқызылған 020, 250 013-019
мүлiктердi түгендеу кезiнде анықталған
жетiспеушiлiктердiң салдарынан
активтердi есептен шығару
Бюджет кiрiсiне кiнәлi тұлғалардан
төлеттiрiп алынатын сомаларға бiр 170 173
уақытта екiншi жазба жүргiзiледi
13 Заттарды активтердiң құрамынан арзан 020, 250 013-019
құнды және тез тозатын заттардың
құрамына ауыстыру
Бiр уақытта арзан құнды және тез
тозатын заттарды кiрiске алуға екінші 070, 071 260
жазба жүргiзiледi
14 Тозу сомасынан желтоқсанның соңғы 250 020, 021
жұмыс күнiн есептеу
15 Сыртқы заемдардың есебінен алынған
активтердің тозуын есептеу 250 020