Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:28, лекция

Краткое описание

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.
Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес.

Файлы: 1 файл

статистика.docx

— 30.36 Кб (Скачать)

1937 жылғы халық санағының  қорытынды мәліметтері өңделіп  қатаң түрде құпияландырылған. Өңдеушілер  жоғалтылған мәліметтер үшін  сотқа берілген болатын. 

1937 жылғы халық санағы  халықтың ұлттық құрамы бойынша  мардымсыз мәліметтер берген  болатын. 

 

1937 ж халық санағының  Қазақстандағы халықтың ұлттық  құрамы бойынша саны 

 

Ұлты Халық саны % бен 

Барлық халық 5 126 676 100

қазақтар 2 181 520 42,6

орыстар 1 917 673 37,4

украиндар 549 859 10,7

өзбектер 109 978 2,2

татарлар 92 096 1,8

немістер 80 568 1,6

ұйғырлар 32 982 0,7

мордвалар 21 511 0,4

дүнгендер 7 007 0,1

қырғыздар 5 024 0,1

өзге де 128 458 2,5

 

ССРО аумағындағы қазақ  халқының саны 1937 жылға, мынадай 2 862 458, оның ішінде РСФСР – 292 099, ҚазССР – 2 181 520, УзССР – 287 214, Түркімен ССР  – 60 035, Тәжік ССР – 12 396, Қырғыз ССР  – 25 541.

ҚазХШЕБ (халықшаруашылығы есебі  басқармасы) тығырыққа тірелді. Себебі Қазақстанның 20-шы жылдардың аяғындағы  жалпы халық санының күрт азаюының себебін ашаршылықты атамай көрсетуі қажет еді. Ағымдағы тіркеу бұл жылдары  өте нашар жүргізілген еді, соған  қарамастан ҚазХШЕБ орталыққа келесі халық санының өсу динамикасын  көрсеткен.

 

Қазақстан халқының динамикасы(1930-1936ж.ж.)

мың. адам

жылдар 1930 1931 1932 1933 1934 1935 1936

абсолюттік саны 5873,0 5114,0 3227,0 2493,5 2681,8 2926,0 3287,9

жыл бойына абсолюттік өсімі -759 -1887 -734 +188,3 +244,2 +361,9

 

Халық санының азаюы ҚазХШЕБ  ССРО көшіп кеткен халықтың үлкен  санымен түсіндірген (қайтып келгендерді  есептен шығарылуымен және шығарылмауымен қоса). Сонда, қайтқандардың есептен  шығарылуымен халықтың азаюы 1,3 млн. адам, ал қайтып оралғандырды есепке алғандағы  сальдо шамамен 2 млн. адам санына жеткен.

1939 жылдың 17 қаңтарында ССРО  да тағы бір халық санағы  өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті  қорытындыларды берген жоқ, оның  қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», сонымен қатар тұрғындардың санын  ұлғайтқан. 

1939 жылғы санақтың мақсаты  партия және үкіметтің бұйрығымен  берілгенді есептеу болған. Статистика  осы қойылған шартпен орындап  шығатындығына ешкімде күмән  болған жоқ. Қала жұртшылығының  күрт өсуіне дәлелдеу үшін  бірқатар елді мекендердің мәртебесі  өзгертілген: жүздеген поселкілер  қала атағын алған. Қорытындыда  керекті цифрларды алуға мүмкіндік  туды. Сөйтіп бұл кездегі тұрғындардың  саны 1926 жылмен салыстырғанда екі  есеге көбейгендігін көрсетті.

Қамаудағы адамдарды санаққа  алу бөлек мәселе болатын. Халықтың тығыздығының бір шаршы метрге бір  адамнан келетін облыстардың, бір  сәтте халқы тығыз қоныстанған  облыстар болып шығуына жол берілмеуі  керек болған. Сондықтан қамауда  отырған адамдарға арналған санақ  парақтары (1939 жылы шамамен 3 млн. дана болған) бүкіл елдің территориясы бойынша азғана мөлшерлермен біркелкі таратылған .

Дегенмен, талпыныстарға  қарамастан 1939 жылғы халық санағының  қорытындылары 1937 жылда алынған  қорытындыларды жоққа шығарған жоқ. Санақты ұйымдастырушылар өздеріне дейіңгілердің қайғылы тағдырын кешетіндіктерін сезгеннен соң, шұғыл түрде санаққа алынбаған  азаматтарды іздей бастады. Үй жайы жоқ адамдарды ұстап, санаққа  алған және де қатынауға қиын жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған.

Үкіметке санақтан алынған  қорытындылар аса көңіл қонарлықтай  болған жоқ, соған қарамастан тағы да бір халық санағын ақаулы санақ  деуге де болмады. Соңында ұйымдастырушыларды арнайы марапаттаған, ал мәліметтерді өте қысқа түрде басылымдарға шығарған. Санақтың басты мәліметтерін онымен қоса басылымға дайындалған  жеті томдық басылымды қауіптік мақсатта құпияландырған, себебі аймақтық мәліметтерді қосқанда жалған қорытындыларының анықталуы  мүмкін еді.

Санақты саясаттандырыу мен  идеологияландырудың арқасында  методологиялық және методикалық деңгейі  күрт төмендеді. Статистикалық мекемелер 1926 және 1939 жылдардағы санақ мәліметтерінің қайталап есептеуін Қазақстанның әкімшілік-территориялық  облыстары жүргізген бойынша.

 

1926 және 1939 ж.ж. Қазақстандағы  халық санағы бойынша халықтың  этникалық құрамы 

 

1926 жыл Абсол. 

% бен 1939 жыл Абсол. 

% бен 

Барлық халық 6 198 467 100 6 093 507 100

Қазақтар 3 627 612 58,5 2 313 674 38,0

Орыстар 1 275 055 20,6 2 449 128 40,2

Украиндер 860 201 13,9 656 676 10,8

Немістер 51 094 0,8 92 379 1,5

Татарлар 79 758 1,3 106 943 1,8

Өзбектер 129 399 2,1 103 240 1,7

Белорустер 25 584 0,4 31 309 0,5

Ұйғұрлар 63 432 1,0 35 354 0,6

Корейлер 42 0,0 95 903 1,6

Басқа да ұлттар 86 290 1,4 208 902 3,3

 

Бірақ, бұл мәліметтер ұзақ уақыт бойы ССРО мұрағаттарының қорларында сақталған. Олардың жаңадан өңделуі 1959 жылы басталған. Дегенмен, этностар жайлы мәліметтер мардымсыз түрде  болған. 1937-1939 жылдары репрессияға  ұшыраған кәсіби мамандардың жоқтығы  білініп тұрды. 1959 жылдың қаңтарында соғыстан кейінгі бірінші халық  санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтерінде сталинизмдік идеология көрінісін  тапты. Сонымен қатар 1939-1959 жылғы  қайталап есепке алудың мәліметтері  басылым беттеріне шығарылып, зерттеушілердің  қолдануына ыңғайлы болды. Осы кезеңде  ғылым әлеміне жаңа демографтар  буыны енді. Демография 20-жылдардан  кейін алғаш рет қайтадан қоғамдық ғылымдардың құрамына енгізілді.

1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда  тағы бір кезекті халық санағы  жүргізілді. Санақ есепке алу  кезіндегі (1959 жылдың 14-нен 15-ші  қаңтарға қараған түні) сол ғимараттағы  адамдар, сол ғимаратта тұрақты  немесе тұрақсыз түрде тұратындықтарына  қарамастан, басқа қалаларға, ауылдар  мен елді мекендерге, санаққа  алынбауы мүмкін болатын жерлерге  кеткен адамдар санаққа алынған.  Бұл санақтың мәліметтері 1960 жылдың 1 қаңтарындағы әкімшілік-территориялық  шекаралар бойынша қайталап есептелінген. Талдықорған облысы Алматы облысына  қосылған, Павлодар облысының Бесқарағай  ауданы Семей облысына берілген; Алматы қаласының қоныстарының  құрамы өзгертілді, Жамбыл (Тараз), Өскемен,  Көкшетау, Теміртау жаңа қалалық  қоныстар: Талғар, Сырдария және  т.б. құрылған.

 

Қазақстандағы 1959 жылғы халық  санағының ұлттық құрамы.

 

Ұлты Ұлттың саны %-бен 

Барлық халық 9309847 100

Қазақтар 2794966 30

Орыстар 3974229 42,7

Украиндар 762131 8,2

Немістер 659751 7,1

Татарлар 191925 2,1

Өзбектер 136570 1,5

Корейлықтар 74019 0,8

Ұйғырлар 59840 0,6

өзгеде ұлттар 656416 7

 

1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық  халық санағы жүргізілді, бұл  санақтың ұйымдастырушылық-методологиялық  және баспа жұмыстары бойынша  да алдыңғы жүргізілген санақтардан  басым болды және оның қорытындылары  1926 жылғы халық санағының деңгейне  жетті. 1970 жылғы халық санағының  мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат  жүргізу нәтижесінде алынған,  бұл мәліметтер сол уақытта  жоғары салыстырмалыққа ие болды. 

1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар аралығында 8 күн бойы  жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын  қамтамасыз ету үшін Бүкілодақтық  халық санағы 1939 және 1959 жылдардағы  халық санақтары сияқты қаңтар  айының орта шенінде жүргізілді. Халық тұратын жерінде, ең болмағанда  уақытша тұрғын жерлерінде санаққа  алынды, бірақ бұрынғыдай жұмыс  немесе қызмет атқару орындарында  есепке алынған жоқ. Санақ парақтарын  арнайы іріктеліп дайындалған  сұхбатшылар халық тұратындай  немесе тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді аралап  бақылау тәртібі бойынша толтырды. Санақ парақтарына әр бір ғимараттағы  нақты халық 14-нен 15-ші қаңтарға  қараған түні сағат 12-00 ден  бастап есепке алынған. Тұрақты  тұратын халықтың санына уақытша  кеткендер де есепке алынған  болатын. 1970 жылғы халық санағы  бағдарламасы барлық халыққа  арналған 11 сұрақтан және халықтың 25%-ы сұхбатталған тағы 7 сұрақтан  тұратын. Санақ парақтары сұхбатшылардың  халықпен сұхбат жүргізу арқылы  толтырылған. Халық санағы аяқталғаннан  кейін 1970 жылдың 24 мен 29 қаңтар  аралығында 6 күн бойы санақтың  дұрыстығын тексеру мақсатында  іріктеп бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды нұсқаушы-бақылаушылар  сұхбатшылармен біріге отырып  жүргізді. Қайталап бақылау мен  қалалық жерлердегі әрбір есептік  учаскедегі тұрғын ғимараттарының 50%-ы қамтылды, ал ауылдық жерде  есепші учаскелердің 50%-ы қамтылған.  Қайталап бақылау нәтижесінде  халақтың 0,2%-ы сұхбатшылармен есепке  алынбағандығы анықталды, ал бүкіл  халықты тексеру кезіндегі көрсеткіш  0,25%-ды құраған. Халық санағының  қорытындысын өңдеу мен дайындау  кезінде әкімшілік – территориялық  қайта жаңартулар да ескерілген, мысалы, Торғай облысындағы да, Қазақ  пен Өзбек ССР араларындағы  шекараларының ішінара жаңартулары  да ескерілген.

 

1970 жылғы санақ бойынша  Қазақстан халқының 

этникалық құрамы

 

Ұлты Ұлттың саны %-бен 

Барлық халық 13 008 726 100

Қазақтар 4 234 166 32,6

Орыстар 5 521 917 42,4

Украиндар 933 461 7,2

Немістер 858 077 6,6

Татарлар 287 712 2,2

Өзбектер 216 340 1,7

Белорусьтер 198 275 1,5

Ұйғырлар 120 881 1,0

Корейлер 81 598 0,6

Әзірбайжандар 57 699 0,4

өзге де ұлттар 498 600 3,8

 

ССРО аумағында 5 298 818 қазақ  халқы, соның ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек ССР – 476 310, Қазақ ССР  – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік  ССР – 8 306, Түркімен ССР-да – 65191 халық  тұрақтаған. 1970 жылдың халық санағының  бағдарламасындағы адамдардың ұлты мен ана тілі бойынша сұрақтары  былай тұжырымдалған: «Ұлты. Шетелдіктер  қосымша азаматтылығын көрсетіуі  керек» және «Ана тілі. Сонымен қоса ССРО елдерінің қайсысының тілдерін еркін меңгерген». Халық санағының  нұсқаулықтарының талаптары бойынша  ұлты жайындағы сұрақтарға сұхбатшылар  «сұраққа алынушының атаған ұлтын »  және ана тілі жайындағы сұраққа  «сұраққа алынушының өзі ана тілім  деп есептейтін тілді ғана» жазулары керек. Және де ана тілімен қатар  ССРО елдерінің ішіндегі тілдер де жазылған (еркін меңгеріп, сол тілде  сөйлей алған жағдайда).

Балаларының ұлтын анықтау  қиындық тудыратын отбасыларда  анасының ұлты жазылатын болған, бұл  тәсіл 1939,1959 және 1970 жылғы санақтарда да қолданылған.

1979 жылы 17 қаңтарда кезекті  Бүкілодақтық халық санағы жүргізілді. Халық 17-24 қаңтар аралығында 8 күн  бойы жұмыс немесе қызмет атқару  орындары бойынша емес, тұрғылықты  тұратын жерлері бойынша санаққа  алынған. Сұхбатшылар сұхбат жүргізуді  16-нан 17-ші қаңтарға қараған  түнінің сағ 12-00-ден бастаған. Тұрақты тұрғындар санына уақытша  болмаған адамдар да есепке  алынған. 

Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа  жауапты тұрақты халықтың - 25% нан  алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ кезінде және одан кейін  де деректердің дұрыстығы мен  толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген: қайталап бақылау бланкілері құрылған, санаққа алынғаны жөнінде анықтамалар беру және қайталап бақылаулар жүргізілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы жасы мен туған жылы және толған жасы жайындағы сұрақтардың құрылымы анықталған. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі. Іріктелген санаққа қосымша жұмысы мен шұғылданатын ісі бойынша сұрақтар енгізілген.


Информация о работе Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер