Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 21:59, реферат
Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1.1ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.........................................................................................5
1.1 Қант диабетіне жалпы сипаттама....................................................................5
1.2Инсулиннің химиялық табиғаты жіне әсер ету мехенизмі.....................
1.3 Қант диабетінің пайда болу себептеріне сипаттама......................................7
1.4Қант диабетінің пайда болу белгілері .............................................................8
1.5Қант диабетінің түрлері...................................................................................10
1.6Ұлпа сұйықтығы және оның маңызы...........................................................
1.7 Қанның тіршілік үшін маңызы.....................................................................
Қанның биохимиялық құрамы............................................................................
1.8 Қанның плазмасы...........................................................................................14
1.9 Лимфаға жалпы сипаттама. Лимфа және лимфа айналу..............................
1.10 Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер....................................................20
2. Зерттеу материалдар мен әдістері................................................................
3. Зерттеу нәтижелері мен мен талдау..............................................................
3.1 Аллоксан диабетінің үлгісі және лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасын алу ...................................
3.2. Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің ерекшіліктері.......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..........................................................23
Егеуқұйрықтардың
қан плазмасындағы жалпы
Жоғарыда көрсетіліп өткендей, егеуқұйрықтардың аллоксан диабеті кезінде қан плазмасындағы АЛТ пен АСТ-тың деңгейі бақылаудан 2-2,5 есе жоғары болған (сурет 3).
Осыған ұқсас жағдайды аллоксан диабетімен ауыратын егеуқұйрықтардың бауыр қызметінің бұзылуын басқа авторлар сипаттаған. Авторлар егеуқұйрықтардың аллоксанды диабеті босрадикалды патологияның бір мысалы деп есептейді. Билирубиннің құрамы айтарлықтай және нақты өспеді (12%), ал тимолды сынама 42% өсті (кесте 3).
Кесте 3. Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіштер | Бақылау тобы | Тәжірибе тобы |
Жалпы белок г/л | ||
Қан плазмасы | 68,3±2,3 | 54,2±3,28* |
Мочевина, ммоль/л | 8,3±0,3 | 5,7±0,4** |
Креатинин, ммоль/л | 64,4±5 | 57,8±3* |
Жалпы билирубин, мкмоль/л | 10,4±0,7 | 11,7±0,9 |
Тимолды сынама, бір. | 0,7±0,02 | 1,0±0,6* |
АЛТ, ммоль/л | 0,51+0,1 | 1,02+0,2** |
АСТ, ммоль/л | 0,65+0,1 | 1,63+0,2** |
Е с к е р т у: алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігінің өзара айырмашылықтары *р<0,05, *-р<0,01. |
Ордината
осі бойынша:биохимиялық көрсеткіштер,
ммоль/л.
Сурет
5 –Қалыпты жағдайдағы (I-топ) және аллоксан
диабеті енгізілген (II-топ) егеуқұйрықтардың
қан плазмасындағы АЛТ және АСТ
ферменттерінің активтілігі
Осыған ұқсас жағдайды аллоксан диабетімен ауыратын егеуқұйрықтардың бауыр қызметінің бұзылуын басқа авторлар сипаттаған [260, с. 80]. Авторлар егеуқұйрықтардың аллоксанды диабеті босрадикалды патологияның бір мысалы деп есептейді. Билирубиннің құрамы айтарлықтай және нақты өспеді (12%), ал тимолды сынама 42% өсті (кесте 3). Бұл көрсеткіштер аллоксан диабеті кезіндегі бауыр қызметінің төмендеуіне дәлел болады. АЛТ пен АСТ-ғы цитологиялық ферменттер мен құрамында азоты бар зат алмасу өнімдерінің қозғалысы мен құрамы бауыр қызметінің бұзылғандығын айқындап тұр. Сонымен қоса авторлар сары аурудың еш белгісі жоқ бауырдың қызметінің бұзылуы АЛТ пен АСТ-тың жоғарлауының ерте болатындығынан деп атап көрсеткен [145, с. 20].
Осылайша, біз егеуқұйрықтардың аллоксан диабетінің үлгісін алдық. Оны келесі көрсеткіштер дәлелдейді: гликемия, глюкозурия, лимфадағы глюкозаның деңгейінің артуы және қандағы инсулиннің құрамының тез арада төмендеуі. Егеуқұйрықтарға аллоксанды енгізгеннен соң 30 күннен кейінгі қан плазмасы мен лимфаның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі лимфаның қалыптасу процесстерінің төмендегенін көрсетеді, ол лимфоағыстың төмендеуіне себепші болды.
Лимфа
жүйелерінің тасымалдау қызметтері
мен лимфа қалыптасу
3.2 Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің ерекшіліктері
Қант диабетінің өтуін дәрі-дәрмектік және антиоксидантты препараттармен түзету жолымен жеңілдетуге болатыны әдебиет көздерінен белгілі. Метоболитті әсері бар препараттарды қолдану кезінде (ЭСПА-липон, милдронат, В-каротин және супероксиддисмутазаны 4 апта аралығында) қандағы қанттың төмендеуі, дене салмағының артуы, аллоксан диабеті бар егеуқұйрықтардың бас миының ұлпаларындағы липидтердің тотығу үрдістерінің төмендеуі байқалды [1].
Салсоколин
Бірқатар жұмыстарда жануарлардың аллоксан диабеті кезіндегі қанындағы қанттың қалыптануына өсімдік сығындыларын қолданғандығы туралы айтылған. Viscum album (Loranthaceae) жапырақтарының сулы сығындысы егеуқұйрықтардың қанындағы қантты 30,06% төмендетті, қояндарда 4 сағаттан кейін қанттың құрамы 650±7,2 ден 87±8,2мг% төмендеді [3].
Аллоксан диабетінің жеңіл формасында теңгежапырақтардың полифенолдары қандағы глюкоза құрамына тұрақтандырушы әсер етті [4].
Ajuqa Turkestanica өсімдігінен бөлініп алынған фитоэкдистероидтер аллоксан диабеті бар егеуқұйрықтарға енгізгенде де қолайлы әсер берді. Тәжірибеге алынған жануарларда қанттың құрамы бұл сығындыны алмаған жануарларға қарағанда айтарлықтай төмендеді [5].
in
vitro тәжірибиелерінде сонымен
Диабетті емдеу сызбанұсқасына 2 типті микроэлементтерді: селен (50мкг), хром (30мкг), цинк (10мкг) 60 күн бойы енгізу кезінде гиперинсулинемияны төмендетті. Әсіресе емдеу сызбанұсқасына селенді енгізу кезінде иммунорезистенттіліктің көрсеткіші төмендеді [7].
Ғалымдардың зерттеулерінің қорытындысы бойынша адамдардың жас ұлғайған сайын эндокринді бездердің қорғаныс қызметінің әлсірейтіндігін анықталған. Олардың ағзасына Е дәруменін енгізсе гистогематикалық тосқауылдардың енуінің қорғаныштық қызметі артады. Қант диабетімен ауыратындар соя диетасын қолданған кезде сыбағалы салмақтың төмендегені байқалған.
2-ші типті қант диабетімен ауыратын науқастар құрамында сарымсақ, румекс пен топинамбур болатын препараттарды қолдану кезінде көмірсу мен липид алмасуының көрсеткіштеріне қалыптандыратын әсер берді [8-9].
Осылайша, қазіргі таңда аллоксан диабеті кезіндегі ағзаны қорғау жолдары ізделінуде. Біздің алға қойған зерттеу жұмысымызда аллоксан диабетімен ауыратын егеуқұйрықтардың қан плазмасынының биохимиялық құрамын зерттеу мәліметтері мен осы ауытқуларды соя сүті мен α-токоферолды қабылдау жолымен түзетулердің нәтижелері келтірілген.
3-ші
топтағы егеуқұйрықтардың дене
салмағы 2-ші топпен
3-ші топтағы егеуқұйрықтардың қан қысымы қалыпты мәннің шегінде болды (90-105 мм.рт.ст.).
Аллоксан диабеті бар 2-ші топтың егеуқұйрықтарының қан плазмасына жасалған биохимиялық зерттеулер қатты өзгерістерді көрсетті. Глюкозаның қандағы құрамы 3-3,5 есе өсті (қалыпты жағдайда қанда 5,8±1,3 ммоль/л). Протекторлы заттарды қолданғаннан кейін 3-ші топтағы егеуқұйрықтардың қанындағы глюкозаның құрамы 2-ші топпен салыстырғанда 43-46% төмендеді (1 кесте, 1 сурет).
Кесте 1– Аллоксан диабетімен ауыратын және антиоксиданттарды қолданғаннан кейінгі егеуқұйрықтардың қаны мен зәріндегі глюказа мөлшері
Глюкозаның көрсеткіші | Қалыпты жағдайда | Аллоксан диабетінде | Қалпына келтіруден кейін |
Қанда ммоль/л | 5,8±1,3 | 18,1±2,4** | 8,92±0,7 |
Зәрде ммоль/л | 0 | 7,8±1,3 | 1,3±1,2 |
Е
с к е р т у: алынған нәтижелердің
статистикалық сенімділігінің өзара
айырмашылықтары *-р<0,05,**-р<0,01*-р<0,05,**- |
1
кесте мен 1 суретте көрініп
тұрғандай 3-ші топтағы
Аллоксан диабеті бар егеуқұйрықтардың 2-ші тобында қандағы инсулин деңгейі бақылаудағы топпен салыстырғанда 3,5 және 2,2 есе төмендеген
Ординат
осі бойынша: глюкозаның мөлшері
ммоль/л. Абсцисс осі бойынша: 1 –
бақылау тобы, 2 –аллоксан диабеті,
3 – түзетуден кейінгі
Сурет 1. Аллоксан диабеті мен түзетулерден кейінгі қан плазмасы мен зәрдегі глюкозаның мөлшері
000
(қалыпты жағдайда қан 20,5±1,8 мкМЕ/мл). Соя сүті мен α-токоферолды қолданып түзетулер жасағаннан кейін қан плазмасындағы инсулиннің деңгейі жоғарлады, бірақ бақылау деңгейінен төмен болды. 2-суретте 2-ші топтағылардың қан плазмасындағы инсулиннің құрамы 6,9, ал 3-ші топта 3 – 17 мкМЕ/мл екені көрініп тұр. 3-ші топтағы егеуқұйрықтардың қан плазмасындағы инсулиннің деңгейі көтерілгендігі байқалған, бірақ ол бақылау мәніне жетпеді (сурет 2).
Протекторлы заттарды қолданғаннан кейінгі қанның қоюлану уақыты 3,0±0,2 мин. дейін созылды (аллоксан диабеті кезінде 2,5±0,2 мин). Егеуқұйрықтардың тамағына соя сүтін қосу және α-токоферолды енгізу плазма көлемінің үлесі мен қан эритроциттерін қалыптастыруына мүмкіндік жасағанын айта кеткен жөн. 3-ші топ егеуқұйрықтарының гематокритті көрсеткіш бойынша қан плазмасының көлемі 2-ші топпен салыстырғанда жоғарлады және бақылаудағы топтың деңгейіне жетті.
Ординат
осі бойынша: инсулиннің мөлшері
мкМЕ/мл. Абсцисс осі бойынша: 1 – бақылау
тобы, 2 –аллоксан диабеті, 3 – түзетуден
кейінгі
Сурет
2. Аллоксан диабеті мен түзетулерден
кейінгі қан плазмасындағы
Сәйкесінше қанның эритроцитарлы бөлімінің көлемі жоғарылады (сурет 3). 3-ші топ егеуқұйрықтарының қанының қоюлануы аллоксан диабеті бар 2-ші топпен салыстырғанда 10% төмен болды.
Ординат
осі бойынша: гематокрит көрсеткіші.
. Абсцисс осі бойынша: 1 – бақылау
тобы, 2 –аллоксан диабеті, 3 – түзетуден
кейінгі
Сурет 3. Аллоксан диабеті мен түзетулерден кейінгі гематокрит көрсетішінің өзгерістері
2-ші
топ егеуқұйрықтарының қан
2-ші
топтағы егеуқұйрықтардың