Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 21:59, реферат

Краткое описание

Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1.1ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.........................................................................................5
1.1 Қант диабетіне жалпы сипаттама....................................................................5
1.2Инсулиннің химиялық табиғаты жіне әсер ету мехенизмі.....................
1.3 Қант диабетінің пайда болу себептеріне сипаттама......................................7
1.4Қант диабетінің пайда болу белгілері .............................................................8
1.5Қант диабетінің түрлері...................................................................................10
1.6Ұлпа сұйықтығы және оның маңызы...........................................................
1.7 Қанның тіршілік үшін маңызы.....................................................................
Қанның биохимиялық құрамы............................................................................
1.8 Қанның плазмасы...........................................................................................14
1.9 Лимфаға жалпы сипаттама. Лимфа және лимфа айналу..............................
1.10 Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер....................................................20
2. Зерттеу материалдар мен әдістері................................................................
3. Зерттеу нәтижелері мен мен талдау..............................................................
3.1 Аллоксан диабетінің үлгісі және лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасын алу ...................................
3.2. Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің ерекшіліктері.......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..........................................................23

Файлы: 1 файл

Айдана2а.doc

— 482.00 Кб (Скачать)

      Бұл ауруда ең алдымен көмірсулар алмасуы  бұзылады. Организм жасушалары көмірсуларды пайдаланбай, бауыр еттерде гликогеннің  жасалу мөлшері төмендеп кетеді. Оның ыдырауы күшейеді. Соның нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері көбейеді. Гипергликемия пайда болады. Оның мөлшері қалыптағы 3,5-5,5 м/моль-ден 8-12 ммоль/л, ал кейде одан да көп болуы мүмкін. Гипергликемияда қант несеппен сыртқа шығады, глюкозурия байқалады. Несепте қанттың көбеюі бүйрек түтікшелерінде қанттың қанға кері сіңіп үлгермеуінен, осмостық қысымның артуына байланысты тәуліктік несептің мөлшері көбейеді (8-10 литрге дейін), полиурия пайда болады. Организмнен судың көп шығуы шөлдеу сезімін яғни полидипсияны тудырады. Диабет ауруында майдың алмасу да бұзылады. Бауырдағы гликогеннің азаюы деподағы май мен липиоидтерді шығарып, олардың бауырға баруына әсерін тигізеді. Деподағы май бауырға қанмен тасылады, сондықтан гиперлипемия пайда болады(1% орнына 5-10 кейде 20%-ға дейін).Бұл бауырдың майға айналуына әкеліп соғады. Осыған байланысты майдың кетонды ацетонды заттарға дейін күшті тотығу (ацетон, β-оксамай қышқылы, ацетосірке қышқылы) күшейеді.Қандағы кетондардың мөлшері артады. Кетонемия дамып, кейін ол кетонурияға айналады.Кетонемияда қандағы сілті-қышқылы қоры азаяды, ацидоз байқалады.Алғашында ол қалпына келуі мүмкін,бірақ кейінен қанның рН-ы өзгереді.Сөйтіп, улану белгісі-диабеттік кома дамиды.

      Диабетте  белоктың алмасу да бұзылады.Тіндегі көмірсудың азаюына байланысты белоктың көмірсу қоры ретінде пайдалану байқалады яғни глюконеогенез пайда болады.Мұндайда белоктың ыдырауы күшійгендіктен денеге оның қалдық өнімдері жиналады.Сондықтан азотемия – белок ыдырауы өнімдері көбейеді. Барлық қоректік заттардың ыдырауы күшейгендіктен адамның араны ашылып тамақты өте көп ішеді (булемия).

      Көпке дейін диабет ауруы аралшық тіндерінің қызметіне байланысты екені белгісіз болған.Оны алғаш рет 1877 ж.Лангерганс тапқан. Ол ауруды патологиялық анатомиялық тексеру кезінде аралшық тіндерінің жойылып кеткенін тапқан. 1889ж. Меринг пен Миньковский диабет ауруы ұйқы безін сылып тастағанда пайда болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеген.Олар алғаш рет итте тәжірибелік диабет ауруын тудырған.Ұйқы безін кесіп алып тастағаннан кейін біраздан соң 300мг% (яғни 15ммоль/л) дейін гипергликемия дамыған. 4-5-і күндері ит өлерде гипергликемия кезінде қанттың мөлшері 10 есе көбейеді.Итте полиурия дамып несептегі қант мөлшері 3-5% болған.1901 ж. Патофизиологтары Мәскеу университетінің қызметкері А.В.Соболев Диабет ауруы Лангерган аралшықтарын алып тастағанда пайда болатынын дәлелдеген. Панкреас безінің өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді де экскрециялық тіндер бұзылады, аралшықтар ұлғайып өседі. Мұндайда диабет пайда болмайды.Ал аралшық жасушаларды алып тастаса диабет ауруы байқалады.  А.В.Соболев алғаш рет аралшық тіндері тұмбасын алып, оның диабетті емдеу қабілетін ашқан. Аралшық тіндерінің таза тұнбасын без өзегін байлап, экскрециялық тіндерді жоймай алу мүмкін емес, себебі без тіндерді белокты негізде болғандықтан асқорыту ферменттерімен араласып, олардың әсерінен ыдырауға түседі.

      Оның  үстіне А.В.Соболев эмбрионның аралшық  тіндері сөліністік жасушалардан бұрын  дамитындығын ашқын. Буаз жануарлардың ұйқы безін жүктіліктің екінші жартысында кесіп алып тастағанда диабет ауруы дамымайды. Себебі ұрықтың гормоны  анасының организмін де өамтамасыз етеді.Бірақ бала туғанан кейін анасында диабет болады.

      20 жылда кейін 1921 ж. канадалық  дәрігерлер Бантинг пен Бест А.В.Соболев тәрізді тәжірибелер жасап бұзаулардың ұйқы безінің өзегін байлап тастау арқылы оның аралшық тіндерінің таза тұнбасын алған.Сосын оны диабет ауруымен ауырған адамдарды емдеуге өолданған. Тұнбаның белсенді негізі – ұйқы безінің гормоны инсулин деп атаған. Ол жасушаларда өңдіріледі. 

      1.2 Инсулиннің химиялық  табиғаты және  әсер ету  молекулалық  АПВАмеханизмі 

      Лангерганс  аралышығының β-клеткаларында инсулин  жасалып шығады,алғаш ол проинсулин түрінде бір полипептидтік тізбек болып  құрылады; ондай тізбек жануарлар түріне байланысты 78-86  амин қышқылы қалдықтарынан тұрады. Бұдан кейін протеиназа ферменті проинсулин  молекуласынан пептидті ажыратып бөледі де, оны активтендіреді. Мысалы, бұқаның проинсулинінің С- соңынан  30 амин қышқылын бөліп алған кезде 51 амин қышқылы қалдығынан құралған  инсулин түзіледі. Осы инсулин  молекуласы тең емес екі полипептидтік тізбектен құралған. Ол S−S−  байланыс арқылы жалғасқан.

      Адамның және басқа барлық жануарлар инсулиннің құрылысы дәл осылай, 51 амин қышқылы қалдықтарынан құралған. Адам инсулині молекуласының схемасы төменде көрсетілген.

      Инсулин  молекуласының белгілі бөлігінде  орналасқан  үш амин қышқылының түр  айырмашылығы болады. Мысалы, инсулиннің А-тізбегіндегі 8,9 және 10 жағдайында орналасқан амин қышқылдарының айырмасы 

      Бұқада: Ала−Сер−Вал

      Қойда: Ала−Гли−Вал

      Жылқыда: Тре−Гли−Иле

      Шошқада: Тре−Сер−Иле

      Китте: Тре−Сер−Иле

      Адамда: Тре−Сер−Иле 
 

      Сол сияқты, адам инсулинінің басқа сүтқоректі жануарлардан айырмасы- Б-тізбегіндегі  С-соңы  амин қышқылы. 30 жағдайында  адам инсулинінде треонин бар, ал басқа жануарлар инсулині аланинмен аяқталады.

      Тамақ ішкеннен кейін қанда глюкоза  мөлшері кейде 5,5мМ артады. Бірақ  глюкоза өзі мембрана арқылы клетка ішіне кіре алмайды. Қаннан глюкоза  тікелей гипоталамусқа барады. Гипоталамус химиялық сигналды жүйке сигналына ауыстырыды. Осыдан кейін гипоталамус жүйке жолымен реттеуші сигналды ұйқы безіне жібереді. Ұйқы безінде инсулин синтезі  күшейеді де, инсулин қанға енеді. Қаннан инсулин нысана- клеткаларына (бауыр, бұлшық ет) жеткізіледі, өзінің рецепторымен байланысады.

      Рецептор  клетка мембранасының тұла бойынан  өтіп кетіп орналасқан. Бір бөлігі мембрана сыртында, сол бөлікпен инсулин  әрекеттеседі.Ал рецептордың екінші бөлігі клтка ішінде, ол бөлікте  ферменттік қасиет бар, триозинкиназа  деп аталады. Клетка ішінде, цитозольды, инсулиннің  әсерін іске асыратын  нысана-белок орналасқан, ол активсіз, молекуласында тирозин амин қышқылы бар, сондықтан триозинкиназа деп айтылған.

      Триозинкиназа АТФ-тің қосылуымен нысана белокті фосфорландырып  активтейді. 

            1.3 Қант диабетінің  пайда болу себептеріне  сипаттама 

     Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың  
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді.Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн. 
Қант диабетімен дүние жүзі тұрғындарының бес пайызға жуығы, яғни 250 миллион адам ауыратыны белгілі және 15 жыл сайын бұл көрсеткіш еселеніп отыратын көрінеді. Ал Қазақстанда осы дертке 162 012 адам шалдыққан деген мәлімет бар. Бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 15 500 сырқaт арнайы тіркеуде тұрса, олардың қатары тұрақты өсу үстінде екен. Ал тіркелмей жүргендері қаншама? Сондықтан есте ұстайтын маңызды мәселе-қант диабетімен ойнауға болмайтындығы. «Қайтер дейсің, жазылып кетеді ғой» дегендей ұзын арқан, кең тұсауға салмай, дер кезінде дәрігерге қаралу кімге болсын пайдалы. Медицинада «қант диабеті» деген атқа ие дерттің қазақша атауы-сусамыр. Бұл дерт көпке мәлім. Ауру біздің эрамызға дейінгі үшінші ғасырда белгілі болған көрінеді. Аурудың қант диабеті деген атының өзі гректің (diabaino- өту, өтіп кету), mellitus-тәтті қант деген сөздерінен шығыпты. Көне заманда дәрігерлер қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарды зәрінің дәмі тәтті екегі анықталған.  Қант диабетінің айда болуы асқазан асты безінің қабынуы салдарынан, қан тамыры зақымданып, ішкі секрецияның басқа да бездердің ауруымен байланысты. Көбінесе ол психологиялық қозу мен қобалжулардың, инфекциялық аурулардың салдарынан болатындығы анықталып отыр.

      Жүрекке қан таситын тамырлардың аурулары диабетпен ауыратын 45 жастан жоғары адамдардың 20 пайызында  байқалады. Бұл аурудың даму қаупі басқаларына қарағанда 2-4 есеге артық. Диабеттің бұл түрі дамыған елдердегі науқастардың мүгедектігі мен өлімінің негізгі себебі болып отыр.  Диабетпен ауыратын адамдарда инсульттің даму қаупі 2-4 есеге жоғары және 2- типті диабеті бар адамдардың 15 пайызы  осыдан  қайтыс болады. Сусамырдың ағзаға  тағы бір зияны — микроқантамырлары аурулары арқылы пайда болатын нефропатия ауруына шалдықтыруында. Бұл бүйректің жұмыс істеуін нашарлатады.  Соның салдарынан  асқынулар жиі болып, соңы қайғылы  жағдаймен аяқталып жатады.

      Диабеттік ретинопатия — дамыған елдерде  соқырлық пен көздің көру қабілетінің  нашарлауының негізгі проблемаларының  бірі. Зерттеулер диабетпен ауырған  адамдардың 2 пайызы 15 жылдан кейін  зағип болып қалатынын, ал науқастардың 10 пайызында  көздің көруінің елеулі нашарлауы пайда болатынын дәлелдеп отыр. Нейропатия, басқа да микроқантамырлы асқынулар диабетпен ауыратын науқастардың  шамамен  70 пайызында кездеседі. Ол көбіне  ампутацияға алып келуі мүмкін. Яғни аяқтың, табанның және қолдың шеткері сенсорлық нейропатиясына кезіксе, онда сол жерді кесуге тура келеді. 

      1.4 Қант диабетінің  пайда болу белгілері 

      Диабетке  шалдыққандарда мынадай белгілер байқалуы мүмкін. Ауырған адам үнемі қатты  шөлдейді және құрамында қанты мол  зәр көп келіп, кіші дәретке жиі  барады (тәулігіне 6 литр және одан да көп). Балаларда тым ерте білінетін белгісі - кіші дәреті тоқтамайды. Кіші дәреттегі қанттың мол болуынан балалардың іш киімдері (емшектегі нәрестелердің жөргегі) крахмалданғандай қаудырлап тұрады. Көп жағдайларда диабетпен ауырғандар шөлдеп, тамаққа деген тәбеттің күрт артуымен байқалады. Аурудың ерте белгілеріне терінің, әсіресе екі шаптың арасының қышуы ондағы су бөртпе ауруына бейімділігінен байқау қиын емес. Ауруды дер кезінде емдемесе, оның асқынуы күшейіп, әлсіздік пайда болады. Организм тез қалжырап, қол-аяғы қақсайды, жүйке жұқаруы байқалады. Көру қабілеті төмендеп, бүйрек қызметі бұзылуы да мүмкін. Науқастың ауызынан атцетон иісі тәріздес иіс шығады. Кей жағдайда науқастың құлап қалуыда кездеседі. Ал қант диабетінің ІІ түріне шалдығудың ең басты себебі - семіздік. Артық салмақ, аз қозғалу, өз-өзін күтіп ұстамау салдарынан қандағы инсулин құрамы артады. Адамда астың дұрыс қорытылмауының салдарынан қандағы.  
Сондықтан кез келген адам тұрақты түрде қозғалыста болған жөн. Сонда ғана денедегі қан айналымы дұрысталып, қандағы қант реттеледі. Семіздіктен құтылу үшін, ең алдымен ішімдікке, темекіге әуес болмау керек. Дер кезінде дұрыс тамақтануды қалыптастырып, оны әдетке айналдырған абзал. Тағы бір айтатын нәрсе - басының сақинасы, өтінде тас бар адамдар да қант диабеті ауруына бейім келеді. Сондай-ақ бұл аурудың тұқым қуалайтын ерекшелігі де бар.Кез келген адамдағы қанның қант мөлшері 3,5-тен 5,5-ке дейін болуы қажет, ал бұл көрсеткіш 5,7 немесе 6,0-ге көтерілген жағдайда дәрігерге тексерілген дұрыс. Егер де қант диабетімен ауырған жағдайда адам өз-өзін сабырлылықпен ұстамдылыққа тәрбиелеген болса, өз пайдасы болары анық. Дәрігердің ақыл-кеңесімен қалыпты жағдайда аурумен күресуге, ұзақ ғұмыр сүруге болатындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Көп жағдайда қант диабетімен ауырғанда диета сақтап, ауруға себепші болатын тамақтардан аулақболудапайдалы.Еңбастысы,науқастың күйзелмегені жөн.Қант диабетінен қорықпаукерек-олүшіннауқастың өмірге деген сенімі, болашаққа деген батылдығы өмір жасын ұзартуға жол ашады.  
Қант диабетімен ауыратын адам мына қағиданы әр уақытта есте ұстасын: 
Дұрыс қолданылатын емдік тамақ пен режим сақтау - қант диабетінің барлық түрін емдеудің негізі. Осыны ұмытпаңыз! Қазір елімізде қант диабеті ауруына мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлініп келеді. Қандағы қантты азайтатын инсулин егетін піскек (шприц) пен басқа да дәрі-дәрмектер тегін таратылады. Сонымен қатар Қазақстанда сусамыр дертіне қарсы 1991 жылдан бастап, жыл сайын қараша айының 14-інде - Дүниежүзілік диабет күні атап өтіледі. Осы тақырыпқа орай, біз Қазақстан Диабеттер қауымдастығының төрайымы Наталья Тукалевскаядан қант диабеті туралы сұраған едік: «Қазақстанда қант диабеті, жалпақ тілмен айтқанда «сусамыр» дертінің жыл өткен сайын көбейіп, оның балаларға ауыз сала бастағанын, халықтың бұл ауру жөнінде сауатының төмендігін, емдеу мекемелерінде ауруды дер кезінде анықтайтын мамандардың жетіспейтіндігін, ауруға шалдыққандардың тегін дәрі-дәрмекке қолы жете бермейтіндігін айтып тағы да дабыл қағуы да бекер емес. Қауымдастықтың 2009 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметі бойынша, Қазақстанда қант диабеті деген нақты диагноз қойылған 162012 адам есепке алынса, оның 1 595-і балалар мен жасөспірімдер. Ал осы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп бойынша, есепке алынғандар саны - 170796-ға жетсе, оның 22 пайызы балалар мен жасөспірімдер екен. Ал республикамыздың бас эндокренологы, профессор, Қант диабеті қауымдастығының дәрігерлік қызмет жөніндегі кеңесшісі, професссор Михаил Зельцер диабет жайлы былай деді: «Ата-аналар еркелеткеннің жайы осылай екен деп, балаларын «Кока-Кола», «Чипсы», «Кериешки» сияқты құрамында газ бен тұзы көп, майға қуырылған құрғақ тағамдарды көбірек пайдалануға мүмкіндік бере отырып, жасөспірімдерді ауруға интермелеп отырғандарын өздері де түсінбейді. Баланы мұндай тағамдарға итермелегеннен гөрі, салауатты өмір салтына бастайтын спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, ауа райының әр мезгіліне сәйкес киініп жүруге бағыт-бағдар бергені әлдеқайда тиімді болар еді. Және сонымен қатар, айта кету керек қант диабеті түрлі күйзелістер мен қобалжудан болады», - деп атап өтті. Қант диабетіне қатысты мамандарды көп ойландыратын мәселе - осы дертке шалдыққандардың әлі де толық және қолжетімді дәрігерлік көмекке қол жеткізе алмауы. Атап айтқанда, қант мөлшерін қалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектер мен екпелер көп жағдайда жетіспеуінде. Негізінде бұл ауруға шалдыққандар дәрі-дәрмекпен, медициналық препараттармен тегін қамтамасыз етілуі тиіс болса, өкінішке қарай, бұл мәселе көбінесе сөз жүзінде қалып қояды. Алайда, әлем дәрігерлері сусамыр дертінің нақты емін таба алмай отырғандықтан, әзірше оның ең басты емі - дұрыс тамақтану, дене қимылын көп қажет ететін спортпен айналысу екендігін түсіндіреді. Америкалықтар қант диабетін салауатты өмір салтын ұстанудың бір жүйесі санайтын көрінеді. Себебі бұл ауруға шалдыққан адам өмір бойы өзін-өзі күтімде ұстап, дәрігердің белгілі бір кеңесінің аясында болса, өзі де денсаулығы үшін күресу керектігін ескертеді.
 
 

      1.5 Қант диабетінің  түрлері 

      Қант  диабеті ауруы 2 түрге бөлінеді.

      Диабеттің 1-типтік түрі инсулин өндіретін  асқазан безінің  реакциялары бұзылған жағдайда пайда болады. Ауруды тудыратын бірнеше себеп бар: вирустар, жеткілікті түрде ана сүтін ембеу және баланы сиыр сүтімен ерте тамақтандыру, құрамында азотты заттардың, тамақ пен суда токсиндердің болуы. Мәселен, дамыған елдерде суды шектен тыс тазартқанда пайда болған кейбір антигендерге организмнің жеткілікті түрде қарсы тұра алмауы да диабет ауруына шалдығуға әкеп соғады екен. Дегенмен, 1-типті диабеттің туындауының түпкілікті себептері табылған жоқ. І түрімен жас адамдар ауырады, бұлардың ұйқы безінің Ι клеткалары жұқпалы ауру микробтарымен ауыр зақымданғанынан инсулин бөлу қабілеті мүлдем төмендеген. Аурудың бүл түрін инсулинмен емдейді.

      Ал  мамандар  2-типтегі диабеттің  таралуын тоқтатуға болады деп есептейді. Бұған дене салмағын азайту, физикалық жүктемені ұлғайту, дұрыс тамақтану ықпал етеді. Басқаша айтқанда, батыстық өмір салтын түбегейлі өзгерту керек. Диабеттің алдын алу үшін дене салмағын бақылау балалардың 25%-ы  семіздіктен қасірет шегетін Египет, Мальта және АҚШ сияқты елдерде қолданылады. Семіздік пен 2-типті диабеттің арасындағы тікелей байланыс әлі күнге дейін анықталмаса да, адам толық болған сайын оның инсулинге қажеттілігі арта түсетіндігі дәлелденген. ІІ түрі жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі, оларда инсулиннің бөлінуі шамалы ғана төмендеген, кейде оның қандағы мөлшері өзгермеуі мүмкін. Оларда инсулинмен байланысты инсулиндік рецепторлардың сезімталдығы бәсеңдейді, соның салдарынан инсулин зат алмасу процесіне кірісіп кете алмағандықтан қант диабеті пайда болады. Науқастың бұл түрі диета және қанттың мөлшерін төмендететін дәрілерді ішумен емделеді. Бірақ қант диабетінің ІІ түрімен ауыратын адамдарға да инсулинді қолдануға тура келеді, егер қандағы қанттың мөлшері дәрілерді пайдаланған кезде қалыпты мөлшерге дейін төмендемесе, қосалқы аурулар қосылғанда: өкпенің қабынуы, жұқпалы аурулар, ота жасайтын жағдайда, ағзаларда (бүйрек, бауыр, көз, аяқтардағы созылмалы жара) асқынулар болғанда, қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерге, бала емгізгенде. Көбіне аурулар инсулин қабылдасақ инсулинге тәуелді болып қаламыз деп бас тартады. Неғұрлым инсулинді ерте алсақ қосалқы аурулардан тез айығып, ағзаларда, асқынулар болған жағдайда ары қарай өршімеудің алдын алудың жолы екенін түсіндіруіміз керек.

      Егер  айқын қант диабетіне уақытында, науқастың жағдайына сай ем қолданылмаса сырқатта өлім қаупін тудыратын асқыну – адамның есінен танып қалуы (кома) мүмкін. Қант диабеті асқынған кезде жиі кездесетін команың бірі – кетоқышқылды кома деп аталады. Бүл кома болардың алдында қант диабетінің белгілері ерекше күшейеді. Жиі зәр шығарумен байланысты денедегі судың мөлшері азаюынан, электролиттік баланстың өзгеруінен науқас адам тез әлсірейді. Орталық нерв жүйесі алдымен қозуы немесе тежелуі мүмкін. Содан кейін адам есінен танады.

Информация о работе Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері