Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 21:59, реферат
Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1.1ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.........................................................................................5
1.1 Қант диабетіне жалпы сипаттама....................................................................5
1.2Инсулиннің химиялық табиғаты жіне әсер ету мехенизмі.....................
1.3 Қант диабетінің пайда болу себептеріне сипаттама......................................7
1.4Қант диабетінің пайда болу белгілері .............................................................8
1.5Қант диабетінің түрлері...................................................................................10
1.6Ұлпа сұйықтығы және оның маңызы...........................................................
1.7 Қанның тіршілік үшін маңызы.....................................................................
Қанның биохимиялық құрамы............................................................................
1.8 Қанның плазмасы...........................................................................................14
1.9 Лимфаға жалпы сипаттама. Лимфа және лимфа айналу..............................
1.10 Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер....................................................20
2. Зерттеу материалдар мен әдістері................................................................
3. Зерттеу нәтижелері мен мен талдау..............................................................
3.1 Аллоксан диабетінің үлгісі және лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасын алу ...................................
3.2. Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің ерекшіліктері.......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..........................................................23
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Биология
факультеті
Адам
және жануарлар физиологиясы
мен биофизика
кафедрасы
Бітіру
жұмысы
«Егеуқұйрықтардың
лимфа мен қан
плазмасының биохимиялық
көреткіштеріне аллоксанның
әсері»
Орындаған
4 курс студенті: ___________________________ Сулейменова А.К.
Ғылыми жетекшілері
б.ғ.к.,доцент: ______________________________ Абылайханова Н.Т.
б.ғ.к., аға
ғылыми
қызметкер: ______________________________
Нормабақылаушы:
б.ғ.к.,доцент: ______________________________ Гумарова Л.Ж.
Кафедра меңгерушісі,
б.ғ.д.,профессор: ______________________________ Төлеуханов С.Т.
Алматы, 2011
Бітіру жұмысы 35 бетте жазылған ішінде 11 сурет, 1 кесте бар, әрі қолданылған әдебиеттер тізімі 61, оның ішінде 15 шетелдік болып табылады.
Зерттеу жұмыстары әл-Фараби атындағы биология факультетінің «Адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасының лабораториясы мен Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми зерттеу институтының лимфа жүйесін зерттеу лабораториясында жүргізілді.
Зерттеу нысаны: салмағы 220-250г. болатын 50 лабораториялық ақ егеуқұйрықтар.
Зерттеу әдістері: Егеуқұйрықтарға аллоксан диабеті моделі жасалынды. Қандағы, лимфадағы және несептегі глюкоза мөлшерін тест-жолақтары арқылы «ACCU-CHEEC Active» («Глюкотренд-2») құралын пайдалана отырып анықталды. Жалпы белок мөлшері, мочевина және креатинин, аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) мөлшерін «Bio-Lachema-Test». Қан плазмасы мен лимфада инсулин мөлшерін иммунорадиометриялық әдіс арқылы анықталды. Гематокритті жалпыға танымал әдіспен, қан мен лимфа ұю уақыты Сухарев әдісімен, олардың тұтқырлығы ВК-4 вискозиметрінде анықталды.
Сонымен
қатар математикалық
Алынған
мәліметтерді Microsoft Excel комьютерлік
бағдарламасын пайдаланып статистикалық
өңдеп және алынған өзгерістерді
-*р < 0,05 пен *р < 0,001 аралығын сәйкес деп
есептедік.
Жұмыстың
мақсаты егеуқұйрықтардың лимфа мен
қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштеріне
аллоксанның әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-
егеуқұйрықтардың лимфа
-
егеуқұйрықтардың қан
Кілтті
сөздер: аллоксан диабеті, инсулин, глюкоза,
лимфа, қант диабеті, несеп, гемотокрит,
гликемия,
Жұмыстың
өзектілігі мен жаңалығы
болып, бүгінгі таңда дүние жүзінде
қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық
дерттен кейін үшінші орынды иеленуі -
көпшілікті алаңдатып отырған мәселе.
Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге
көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің
белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа
аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
Қант диабетімен дүние жүзі тұрғындарының
бес пайызға жуығы, яғни 250 миллион адам
ауыратыны белгілі және 15 жыл сайын бұл
көрсеткіш еселеніп отыратын көрінеді.
Біз егеуқұйрықтарға тәжірибе жасап, аллоксан диабетінің үлгісін алдық. Оны келесі көрсеткіштер дәлелдейді: гликемия, глюкозурия, қандағы инсулиннің құрамының тез арада төмендеуі. Егеуқұйрықтарға аллоксанды енгізгеннен соң 30 күннен кейінгі қан плазмасы мен биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруіне себебші болды.
Бітіру
жұмысының талқылануы
мен жариялануы:
ГЛОССАРИЙ
Аллоксан (мезоксалиломочевина)- тотықтырғыштардың несеп қышқылына әсер етуінде бос көгерткіш қышқылдары бар жағдайда түзіледі.
АЛТ (аланинаминотрансфераза, АлАТ, ALT, GPT) – клеткадағы аминқышқылдарының алмасуына қатысатын фермент.
Азотемия – қандағы азотты заттардың алмасуның көбеюі.
Диабеттік ретиноаптия - диабет кезіндегі көз қызметінің бұзылуы.
Липокоин – инсулинді ұйқы безінен алып тастағаннан кездегі препарат.
Глюконеогенез – глюкозаның көмірсуларға жатпайтын заттардан биохимиялық жолмен түзілу.
Гемотокрит – қан түйіршіктері мен плазмсының көлемдік ара қатынасы.
Гликемия – қандағы глюкоза (жүзім қанты) мөлшері.
Интактылы – тиісілмеген, тұтастығы сақталған, операция жасалмаған.
Токоферол
– қанықпаған
липидтерді асқын
тотыққа айналудан
қорғайтын ең жақсы
антитотықтырғыштар
болып табылады.
КІРІСПЕ.......................
1.1ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ..........................
1.1
Қант диабетіне жалпы сипаттама.....................
1.2Инсулиннің
химиялық табиғаты жіне әсер
ету мехенизмі.................
1.3 Қант
диабетінің пайда болу
1.4Қант
диабетінің пайда болу
1.5Қант
диабетінің түрлері............
1.6Ұлпа
сұйықтығы және оның маңызы....
1.7 Қанның
тіршілік үшін маңызы........................
Қанның
биохимиялық құрамы............
1.8 Қанның
плазмасы......................
1.9 Лимфаға
жалпы сипаттама. Лимфа және лимфа айналу........................
1.10 Лимфодинамикалық
негізгі көрсеткіштер..................
2.
Зерттеу материалдар мен әдістері......................
3. Зерттеу
нәтижелері мен мен талдау.....
3.1
Аллоксан диабетінің үлгісі және лимфа
мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің
динамикасын алу
..............................
3.2.
Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың
антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі
қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің
ерекшіліктері.................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….......................
Кіріспе
Бүгінгі таңда дүние
жүзінде қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық
дерттен кейін үшінші орынды иеленуі -
көпшілікті алаңдатып отырған мәселе.
Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге
көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің
белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа
аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
Қант диабетімен дүние жүзі тұрғындарының
бес пайызға жуығы, яғни 250 миллион адам
ауыратыны белгілі және 15 жыл сайын бұл
көрсеткіш еселеніп отыратын көрінеді[1-3].
Қант диабеті – эндокринді зат айналымы жүйесінің ауруы, оның негізінде абсолютті және біршама инсулиннің жетіспеушілігі жатыр.
Инсулин – ұйқы безінен, дәлірек айтсақ, лангерганстың аралындағы жасушалардан бөлініп шығатын гормон. Бұл науқас ұйқы безінің β-клеткалары бөліп шығаратын сөл, инсулиннің жетіспеуіне байланысты пайда болады. Инсулиннің тапшылығынан денедегі зат алмасуы, әсіресе көмірсутегі заттардың химиялық ажырауы мен денеге сіңу процестері бұзылады да қанның құрамында қанттың қалыпты деңгейі жоғарылаған кезде бүйректен сүзіліп өткен глюкоза несеппен бөлініп шығады.
Әдеби деректерде келтірілгендей жұмыстың негізгі бөлігі эксперименталді диабетте зерттеліп, анықталған. Ал осы аурудың дамуының ерте мерзімдері биохимиялық тұрғыдан нашар сипатталған[4-7].
Сондықтан аллоксанды пайдалана отырып, аллоксанды қант диабетін тудырдық. Аллоксан-химиялық зат. Аллоксан 1817 жылы Бруньятелли ашқан.
Сонымен қатар С.М. Лейтес жануарға аллоксанды жібергенде аралшық тіндер бұзылып аллоксандық диабет дамығанын байқаған. Мұнда тек қана көмірсу алмасуы бұзылып, май алмасуы өзгермейтінін байқаған. Осыған байланысты диабет ауруында май алмасуының бұзылуы екінші гормон – липокаиннің кемшілігіне байланысты болар деп болжайды[8-10].
Біздің
зерттеу жұмысымыздың егеуқұйрықтардағы
аллоксан диабетінің үлгісін өңдеуге
арналған мәліметтер және оның даму барысындағы
қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштері
мен несеп құрамындағы глюкоза мөлшерінің
өзгерістері анықталған нәтижелері келтірілген.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
I Әдебиетке шолу
1.1
Қант диабетіне
жалпы сипаттама
Қарынасты (ұйқы безі) аралас сөлініс безге жатады.Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру қызметі жатады.Ішкі сөлініс қызметіне Лангерганс аралшықтары атқарады.Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен «ұш» жағына және аздап басқа бөлімдеріне орналасқан ерекше тін. Аралшық жасушалардың өзектері болмайды. Ең алғаш аралшықты морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863ж. Лангерганс ашты. Лангерганс аралшықтарында 2 түрлі жасушалар бар α және β (түйірлі жасуша).олардың жалпы салмағы бездің 0,01%. Аралшық тіндерінің салмағы аз болғанымен организмнің тірлігіне өте қажетті.оның гипо қызметі қантты диабет ауруын тудыру. «Диабет» деген сөз грекше «тесіп өтемін» дегенді білдіреді. Шынында, қант жасушалық тіндік кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде сыртқы шығады.