Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 21:59, реферат
Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1.1ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.........................................................................................5
1.1 Қант диабетіне жалпы сипаттама....................................................................5
1.2Инсулиннің химиялық табиғаты жіне әсер ету мехенизмі.....................
1.3 Қант диабетінің пайда болу себептеріне сипаттама......................................7
1.4Қант диабетінің пайда болу белгілері .............................................................8
1.5Қант диабетінің түрлері...................................................................................10
1.6Ұлпа сұйықтығы және оның маңызы...........................................................
1.7 Қанның тіршілік үшін маңызы.....................................................................
Қанның биохимиялық құрамы............................................................................
1.8 Қанның плазмасы...........................................................................................14
1.9 Лимфаға жалпы сипаттама. Лимфа және лимфа айналу..............................
1.10 Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер....................................................20
2. Зерттеу материалдар мен әдістері................................................................
3. Зерттеу нәтижелері мен мен талдау..............................................................
3.1 Аллоксан диабетінің үлгісі және лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасын алу ...................................
3.2. Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің ерекшіліктері.......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..........................................................23
Тағы
бір тоқталатын жағдай – гипогликемия
(қанда глюкоза мөлшерінің азаюы) комасы.
Бұл кома науқас адамның уақытында тамақтанбауына
және ішетін дәрісінің немесе инсулиннің
артық болуына байланысты.Қанда глюкоза
төмендеген кезде адамның тәбеті ашылып,
денесі дірілдейді, тез арада терлеп кетеді.
Орталық нерв жүйесі қозып, адам есіреді,
уақытында көмек көрсетілмесе есінен
танады. Лабораториялық әдіспен тексергенде
глюкозаның мөлшері ерекше төмендегені
анықталады.
1.6 Ұлпа сұйықтығы мен оның маңызы.
Денедегі қан , лимфа ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды ұлпа сұйықтығы әрбір жек торшаларды шая отырып оларды қоректендіруде , зат алмасу процесін қамтамасыз етуде зор роль атқарады. Дененің бірлігі –жарым ағзаларының ғана торшалары (бауыр, өкпе) қан капилиярларымен тікелей жанасады көпшілік ағзалар мен ұлпаларда капилярлар мен торшалар аралығында дәнекер ұлпа талшығымен , белокты біртекті заттармен ерекше торшарарлық сұйықпен толған қуыс орналасады ұлпа сұұйықтығы мен қан арасында алмасу процестері үздіксіз жүріп отырады оған қан мен ұлпалық сұйықтың осмостық қысымдарының айырмасы , капилярлардағы гидростатистикалық қысым деңгейі әсер етеді . қанның онкостық сынап бағанасымен 25-30мм , ұлпаларда ол ,2мм-ге тең, сондықтан су ұлпалардан қан тамырлар арнасына еркін өте алады . онқостық қысымға капиллярлардағы гидростатистикалық қысымға қарсы әсер етеді. Капиллярлардың артериялық бөлігіне оның деңгейі сынап бағанасымен 25-35мм жетеді , ұлпааралық кеңістікте ол сб 1 мм шамасында сақталады сондықтан су тамырларының бұл бөлігімен торшаралық саңылау өтеді ао капилярлардың веналық ұштарында гидростатистикалық қысым осмотық қысымнан төмен болғандықтан су ұлпадан қанға өтеді, демек ұлпа мен қан арасында үздіксіз су алмасу процесі жүріп отырады ұлпалық сұйықтық құрамы тұрақсыз, ол органның әрекетінің белсенділігіне қарай өзгеріп отырады.
Ұлпалық ( гистогематикалық) тосқауыл қызметі
Адам мен жоғары сатыдағы дамыған жануарлар жер бетінің түрлі құбылмалы жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Оның себебі жоғарғы сатыда дамыған организм оның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтай алады. Ішкі орта тұрақтылығын молекулалық, торшалық, ұлпалық, органдық жүйкелік және жүйкелі гуморальдық тетіктер қалыптастырылады. Гомеостаз және негізгі физиологиялықфункциялардың тұрақтылығы сау организмге тән.
Организмнің ішкі ортасын
Ұлпалық тосқауыл күрделі және
маңызды қызмет атқарады : жеке
органдық торшалары мен
Ұлпалық тосқауылдың
морфологиялық негізін
1.7 Қанның тіршілік үшін маңызы
Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физткалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тқрақты болуы шаот, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығындада, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Барнер еді. Организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет, деп мәлімдеді ол 1878 жылы. 1929ж. Америка физиологі В.Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялық көрсеткіштерінің тұрақтылық дәрежін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық,химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т) айтады.
Клеткалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстармен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән.
Қан- жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысынынң нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 мин кейін бұзыла бастайды.
Қанның негізгі функциялары:
1.8
Қанның биохимиялық
құрамы
Қан — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Ересек
адам организмінде шамамен бес литр
қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер тканінің
бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық
сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан
қан жасушалар — эритроциттер мен лейкоциттер
және қан пластинкалары — тромбоциттер
болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы
клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі,
қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде
өтеді.
Плазма
негізінде еріген органикалық және
бейорганикалық заттары бар судан
тұрады. Плазма құрамының өзгеруі
организм үшін өте қауіпті. Қанға
үздіксіз көптеген заттардың қосылуына
қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді.
Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері
арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл
газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері
мен онда еріген минералды тұздардан арылады.
1.9
Қанның плазмасы
Қан плазмасы — қанның құрамындағы сары немесе сарғыштау түсті сұйықтық зат. Қан плазмасы қан мөлшерінің 55% құрайды. Қан плазмасының тығыздығы 1,025 кг/л, яғни, бір литр қан плазмасының салмағы 1025 гр.
Қанның құрамындағы плазманы ажыратып алу үшін Центрифуга құрылғысы пайдаланылады. Ол құрылғы қанның құрамындағы қан плазмасын, лейкоциттерді және эритроциттерді бөліп алады. Құрамында тромбоциттері мол болатын қан плазмасын медицинада ұлпалардың регенерациясы үшін және жараларды жазу үшін пайдаланады. (1 кесте)
Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады. Бейорганикалық тұздар құрамында оң электр заряды бар Na,Ca,Mg,Fe иондары я болмаса катиондар және теріс зарядты аниондар- хлордың, иодтың, күкірттің, фосфордың т.б. иондары болады.
Жеке
иондардың плазмадағы мөлшері оның
100мл. Көлеміндегі мг. Мен есептеледі.
/мг%/ ннемесе 1 литрге шаққанда мольмен
/молярлық/, эквивалентпен (нормалдық немесе
эквиваленттік концентрация), ал егер
еріген зат ерітінді көлемін азайтатындай
шамада болса, онда оның концентрациясын
еріткіштің бір килограмына келетін мольмен
белгіленеді
Қан плазмасының химиялық құрамы
Кесте 1
Плазма компоненттері | Мөлшері,
% |
Плазма компонеттері | Мөлшері
% |
Су
Белоктар Липидтер Нейтралды май Глюкоза Мочевина Несеп қышқылы Креатин Амин қышқылдары |
90,5
8 0,3 0,2 0,1 0,03 0,004 0,006 0,008 |
Натрий
Калий Кальций Магний Хлор Гидрокарбонат Фосфат Сульфат |
0,3
0,02 0,012 0,0002 0,35 0,16 0,03 0,02 |
Плазма
құрамы тек относительно тұрақты. Ол
көбінесе ішкен тамаққа, суға, олармен
бірге түскен тұзға байланысты болады.Сөйте
тұра ондағы глюкозаның, белоктардың,
барлық катиондардың, хлордың және
гидрокарбонаттардың концентрациясы
едәуір тұрақты деңгейде сақталады және
тек қысқа уақытқа ғана нормадан біраз
ауытқиды.Бұл көрсеткіштердің орташа
деңгейден айтарлықтай шамадан және ұзақ
мерзімге ауытқуы организм үшін қауіпті
жағдай тудырады. Плазмадағы басқа компоненттердің-
фосфаттардың, мочевинаның, несеп қышқылының,
нейтральды майдың мөлшері әлде қайда
кең шеңберлерде ауытқыса да, организм
қызметтерінде заттардың жалпы мөлшері
0,9% шамасында, ал глюкозанікі -3,3-5,5 ммоль/л.