Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 21:59, реферат
Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1.1ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.........................................................................................5
1.1 Қант диабетіне жалпы сипаттама....................................................................5
1.2Инсулиннің химиялық табиғаты жіне әсер ету мехенизмі.....................
1.3 Қант диабетінің пайда болу себептеріне сипаттама......................................7
1.4Қант диабетінің пайда болу белгілері .............................................................8
1.5Қант диабетінің түрлері...................................................................................10
1.6Ұлпа сұйықтығы және оның маңызы...........................................................
1.7 Қанның тіршілік үшін маңызы.....................................................................
Қанның биохимиялық құрамы............................................................................
1.8 Қанның плазмасы...........................................................................................14
1.9 Лимфаға жалпы сипаттама. Лимфа және лимфа айналу..............................
1.10 Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер....................................................20
2. Зерттеу материалдар мен әдістері................................................................
3. Зерттеу нәтижелері мен мен талдау..............................................................
3.1 Аллоксан диабетінің үлгісі және лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасын алу ...................................
3.2. Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің ерекшіліктері.......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..........................................................23
Лимфодинамикалық
негізгі көрсеткіштер
Лимфаның қысымы, лимфа айналсының жылдамдығы және лимфа тамырларының тонусы.Лимфа қысымы орташа есеппен 14-16мм. Су бағанасымен.Тез,терең дем алғанда көкірек өзегінде қысым 35-40 мм.су бағанасына дейін жоғарлайды.
Лимфа айналуының жылдамдығы туралы деректерәр қалайша. Лимфа тамырларында бояудың айналу жылдамдығын Жданов Д.А. анықтаған.Шат лимфа түйінінде 1% 2мл. Индигокармин енгізгенде,ол көкірек өзегінде 3 минуттан кейін байқалған.
Лимфодинамикада лимфа тамырларының ырғақты жиырылуының маңызы зор. Орлов Р.С. (1975) егеуқұйрықтың лимфа тамырларының тегіс еттерінің жиырылуын және электр белсенділігін зерттеген. Тегіс еттердің өзінен-өзі спонтандық түрде жиырылу және әсерлерге жауап туғаны анықталған.
Көкірек
өзегінің түбінде, цистернада, ішек лимфа
тамырларында үздік ырғақты жиырылу
белсенділігі байқалған.1 минут ішінде
жиырылу жиелігі, 6-22 ретке тең
болған.Жиырылу жиелігі мен
Лимфа
тамырларының жиырылуын электростимуляция
жасап туғызады.Бұл жиырылулар спонтандық
жиырылуға қарағанда ұзынырақ болған.
2.
Зерттеу нысаны
және әдістері:
Зерттеу жұмыстары әл-Фараби атындағы биология факультетінің «Адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасының лабораториясы мен Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми зерттеу институтының лимфа жүйесін зерттеу лабораториясында жүргізілді.
Зерттеу нысаны: салмағы 220-250 г. болатын 50 лабораториялық ақ егеуқұйрықтар.
Зерттеу әдістері: Егеуқұйрықтарға аллоксан диабеті моделі жасалынды. Қандағы, лимфадағы және несептегі глюкоза мөлшерін тест-жолақтары арқылы «ACCU-CHEEC Active» («Глюкотренд-2») құралын пайдалана отырып анықталды. Жалпы белок мөлшері, мочевина және креатинин, аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) мөлшерін «Bio-Lachema-Test». Қан плазмасы мен лимфада инсулин мөлшерін иммунорадиометриялық әдіс арқылы анықталды. Гематокритті жалпыға танымал әдіспен, қан мен лимфа ұю уақыты Сухарев әдісімен, олардың тұтқырлығы ВК-4 вискозиметрінде анықталды.
Сонымен
қатар математикалық
Алынған мәліметтерді Microsoft Excel комьютерлік бағдарламасын пайдаланып статистикалық өңдеп және алынған өзгерістерді -*р < 0,05 пен *р < 0,001 аралығын сәйкес деп есептедік.
Алынған
зерттеу нәтижелерінің статистикалық
талдауы Microsoft Office Excel 2007 бағдарлама арқылы
жасалынған.
3.
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
МЕН ТАЛДАУ
3.1
Аллоксан диабетінің
үлгісі және лимфа
мен қан плазмасының
биохимиялық көрсеткіштерінің
динамикасын алу
Дипломдық
жұмыстың бұл бөлімінде
Егеуқұйрықтардың 2 тобына тәжірбие жасалды: 1-ші бақыланатын (12 егеуқұйрық), 2-ші тәжірибе жасалынатын (38 егеуқұйрық). Екінші топтың тері астына аллоксан жіберілді (15 мг/100г). Барлық егеуқұйрықтардан эфир наркозымен аш қарынға ішек лимфатикалық тамырлардан лимфа, ал қуықтан несеп алынып, глюкозаның құрамы анықталды.
2-ші
топтың егеуқұйрықтарының
Зерттеу нәтижелері аллоксанды енгізгеннен соң 5 күннен кейін қандағы глюкозаның құрамы бақылау тобында 5,9±1,2 ммоль/л тәжірибе тобындағы 10,9±2,7 ммоль/л дейін өскенін, лимфада бақылау тобында 6,4 ммоль/л;тәжірибе тобында 13,6 ммоль/л дейін өскенін көрсетті. 30 күннен соң қандағы глюкозаның құрамы 16,7±2,5 ммоль/л нормада 17,9±3,2, ал несепте 7,2±1,5 ммоль/л болды. Аллоксанды енгізгеннен соң 45 күннен кейін қандағы глюкозаның құрамы 20,5±2,7 ммоль/л, лимфада 22,9±3,5 ммоль/л, ал несепте 8,5±2,3 ммоль/л болды, ол кесте 1 көрсетілген.
Асқазан асты бездерінің β-клеткалары инсулинді жасайды және шығарады, оның гипогликемиялық қасиеті бар. Біздің тәжірибелеріміздегі бақыланған егеуқұйрықтардың қан плазмасында инсулиннің құрамы 20,5±1,8 мкМЕ/мл болды. Лимфада ол төменірек болған 7,7±0,8 мкМЕ/мл. 2 – ші топтағы егеуқұйрықтарда аллоксанды енгізгеннен соң 5 күннен кейін қандағы инсулиннің құрамы төмендеді және 45 күннен соң 6,0±0,7 мкМЕ/мл жетті, ол 1 суретте көрсетілген. Лимфада сондай-ақ инсулиннің құрамы төмендеді және 45 күннен соң ол –3,0±0,6 мкМЕ/мл жетті (1 сурет).
Осылайша,
келтірілген мәліметтерден
Кесте
3 – Аллоксанды диабетпен ауыратын
егеуқұйрықтың қанындағы, лимфасындағы
және несебіндегі глюкозаның құрамы
Көрсеткіштер | Аллоксанды енгізгеннен кейінгі әртүрлі мерзімдердегі глюкозаның мөлшері (ммоль/л) | |||
Енгізгенге дейін | 5 күннен кейін | 30 күннен кейін | 45 күннен кейін | |
Қан | 5,9 ±1,2 | 10,9±2,7* | 16,7±2,5 | 20,5±2,7** |
Несеп | 0 | 0 | 7,2±1,5 | 8,5±2,3* |
Ескерту – алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігінің өзара айырмашылығы * - р<0,05. |
2
–ші топтағы егеуқұйрықтарда
30 күннен кейін аллоксанды
Егеуқұйрықтарға
аллоксанды енгізгеннен соң 30 күннен
кейін ішек лимфатикалық тармағының
лимфа ағысы 0,20±0,02 мл/сағ құрады,
ол бақылаудағы егеуқұйрықтардың деңгейінен
төмен болды 0,32±0,04 мл/сағ. Лимфа
ағысының 30% - ға азайғаны байқалды.
Күре тамырының қысымы сынап бағынасында
90-100 мм.шамасында болды, яғни бақылау көрсеткіштеріне
сәйкес келді (кесте 3), (сурет 1)
Ординат осі бойынша – инсулиннің құрамы мкМЕ/мл. Абсцисса осі бойынша: 1 – бақылау тобы, 2 –5 күннен кейін, 3 – 30 күннен кейін, 4 – 45 күннен кейін.
Сурет
1. Қан плазмасындағы инсулин
(1-бақылау тобы, 2-тәжірибе тобы)
2–ші топтағы аллоксан диабетімен ауыратын егеуқұйрықтарда 30 күннен кейін гематокритті көрсеткіштер бойынша қанның қызыл түйіршіктерінің (эритроциттердің) көлемі артты және 45 күннен соң 51-ге жетті. Плазманың көлемі кішірейді. 2-ші суретте плазманың көлемі 51±3,22 дейін кішірейгені, ал гематокриттің 49±1,5 дейін жоғарлағаны көрсетілген. Бақылаудағы егеуқұйрықтарда гематокрит бойынша эритроциттердің көлемі 47±2, ал плазманың көлемі 53±3 болды. Аллоксанды енгізген соң 45 күннен кейін гематокрит 51-ге жетті (кесте 2). Оның төмендеуі несептегі глюкозаның пайда болу кезеңімен сәйкес келеді, ол диурезаның күшеюімен қабаттасады (кесте 1). Несептің бөлінуінің күшеюі қанның плазмалық бөлігінің төмендеуіне және оның қоюлануына алып келеді. 2 – топтағы егеуқұйрықтардың қаны мен лимфасының қоюлану уақыты қысқарды (2 кесте). Қан мен лимфаның тұтқырлығы (жабысқақтығы) жоғарлады. Лимфаның тұтқырлығы қанға қарағанда төмен болды, ол лимфадағы ақуыздардың құрамының аз болуы және тромбоциттердің жоқ болуына байланысты. Сонымен қатар лимфадағы фибриногеннің деңгейі төмен болды [9,с.305]. Сандық көрсеткіштер 2 кестеде көрсетілген.
Абсцисса
осі бойынша: 1- бақылау тобы және
2 – Аллоксан диабетімен ауыратын топ
Сурет 4
– бақылаудағы гематокритті және аллоксанды
диабет кезіндегі көрсеткіштер
2
– топтағы егеуқұйрықтардың қанының
қоюлану уақыты қысқарды (2 кесте). Қанның
тұтқырлығы (жабысқақтығы) жоғарылады.
Кесте
2. Қалыпты жағдайдағй және аллоксанды
диабетпен ауырған
Көрсеткіштер | Бақылау тобы | Тәжірибе тобы | |
30 күннен кейін | 45 күннен кейін | ||
Гематокрит: | |||
Эритроциттер көлемі | 47±2 | 49±1,5 | 51±2,0 |
Плазма көлемі | 53±3 | 51±3,2 | 50±4,1 |
Қанның ұю уақыты с. | 3,0±0,2 | 2,8±0,4 | 2,3±0,3* |
Қанның тұтқырлығы | 4,2±0,4 | 5,0±0,8* | 5,4±0,6* |
Е с к е р т у: алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігінің өзара айырмашылықтары *- р<0,05. |
Екінші
топтағы егеуқұйрықтарда
1-ші және 2-ші топтағы егеуқұйрықтардың қан плазмасындағы АЛТ (аланин трансаминаза) және АСТ құрамын анықтадық. 2-ші топтың плазмасындағы АЛТ құрамы 1,02 ммоль/л дейін, ал АСТ 1,63 ммоль/л дейін көтерілді. Бұл көрсеткіштер бақылау көрсеткіштерінен 2-2,5 есе жоғары болдыі, ол бұл жануарлардың бауыр мен асқазан асты безіндегі цитологиялық процесстердің белсенді болғанын дәлелдейді (сурет 3).
Біздің тәжірибеміздің қорытындыларынан қан плазмасындағы жалпы ақуыздардың құрамы бақылаудағымен салыстарғанда 22% және 21% есе төмендегені байқалады.