Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:09, реферат
Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы бай- ланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны — өте маңызды мәсе- ле. Бұл жағдайда біз қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көре аламыз. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың ара- сындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі "саяси режим" ұғымымен белгіленеді. Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мәнді сипаттамасы.