«Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 07:46, курсовая работа

Краткое описание

Тәжірибе мақсаты - теориялық бiлiмдердi жетілдіру мен қорытындылау, таңдалған мамандық бойынша негізгі тәжірибелік дағдыларды қылыптастыру, басқарушылық шешімдер қабылдауға дайындық, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындау жұмыстарын ұйымдастыру, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарымен жан-жақты танысу.
Студенттік кезеңде алынған білім, икем және дағды мемлекеттік қызметтің білікті маманын дайындаудағы міндетті саты ретінде қаралады.
Тәжірибенің негізгі міндеті мақсатқа сәйкес келесілер болып табылады:
Оқу барысында меңгерілген теориялық білімді бекіту және жетілдіру;
Тәжірибелік жұмыс дағдыларын үйрену;
Заңдарды талдау және оларды құжаттарды рәсімдеу барысында ескеру;

Файлы: 1 файл

отчет .docx

— 66.24 Кб (Скачать)

Ұйымдардың электрондық  құжат айналымы жүйелеріндегі электрондық  және қағаздағы құжаттарды пайдалану  тәртібі туралы

Электрондық құжаттың электрондық  түрдегі көшірмелері болмайды. 
  Істер номенклатурасында ұсынылған құжаттың нысаны тіркеледі: ақпарат жеткізгіші көрсетілген электрондық немесе қағаздағы. 
       Электрондық түрде болатын құжаттарды сақтау мерзімін мұрағаттарды және құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы айқындайды. 
       Электрондық құжаттар электрондық құжаттардағы қалыптастырылған электрондық цифрлық қолтаңбалардың бір мезгілде сақталуын қамтамасыз ете отырып, қалыптастырылған, жөнелтілген немесе, алынған нысанда (салынған файлдарға қатысты) сақталады. 
      Электрондық құжаттарды сақтау тиісті электрондық тіркеу бақылау карточкаларын, электрондық дерекқорды, пайдаланылған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері (электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәліктері) мен электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасын қалыптастыру және тексеру үдерісін іске асыратын бағдарламаларды сақтаумен бірге жүреді. 
       Сақтау мерзімдері 75 жыл, тұрақты, сондай-ақ «СТК» белгісі бар электрондық құжаттардың қағаз құжаттың түпнұсқалары болады. 
      Ұйымдар мұрағаттар мен құжаттамаларды уәкілетті мемлекеттік басқару органымен келісілген құжаттарды сақтаудың мерзімдерін көрсетумен тек қана электрондық түрде олардың қызметін көрсететін құжаттардың тізбесін әзірлейді және істер номенклатурасында құжаттардың түрлерін көрсетеді. 
      Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      Электрондық құжаттың қағаздағы құжаттың тұпнұсқасына 
сәйкестігіне жөнелтуші ұйым жауапты болады.

 

    Ұйымдардың  электрондық құжат айналымы жүйесінің  ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз  ету

 

Ұйымдардың электрондық  құжат айналымын аппараттық-бағдарламалық, телекоммуникациялық қамтамасыз етудің ақпараттық қауіпсіздігі Қазақстан  Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі. 
      Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары оларды пайдалану құжаттамасы мен пайдалану ережелеріне қатаң сәйкестікте пайдаланылады.

 
 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мемлекеттік қызметте болу қоғамның және мемлекеттің ерекше сенімін  білдіреді және  мемлекеттік қызметшінің  адамгершілік, моральді-этикалық бейнесіне  жоғары талап қоятыны белгілі.

Қоғам  мемлекеттік қызметшіге өз Отаны – Қазақстан Республикасы үшін атқаратын кәсіби қызметіне бар білімін, күшін, тәжірибесін , бейтарапты, адал қызмет атқарады деген үмітпен сенім артады. 

Тәжірибе барысында мен  ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі «Шахтинск қаласы әкімі аппараты»  ММ қызметімен, негізгі заңнамалық құжаттармен таныстым, кадр жұмысы бойынша тапсырмаларды орындап  керекті дағдыларды меңгердім. Мемлекеттік  қызметкердің лауазымдық нұсқаулары, жеке ісі, қала әкімінің және әкім аппараты басшысының өкімдері, бұйрықтары, қызметкерді  жұмысқа қабылдау, босату, конкурстық құжаттар және т.б. мекеме қызметіне  тікелей қатысты құжаттармен жұмыс істедім. Сондай-ақ персоналды басқарудың электронды жүйесі бағдарламасымен таныстым. Бағдарлама электронды құжатайналымы негізінде кадрлардың қозғалысын көрсетіп, ақпараттың жоғары тұрған органға еш қиындықсыз жіберілуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік  қызмет тиімділігін көрсететін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұйрығымен бекітілген, персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бойынша есеп жасадым.

Мемлекеттік мекеме көрсететін қызметтің электронды түрлерімен танысып, әкім аппаратының электронды порталы  жайлы мәліметтер жинақтадым. Электронды жүйе мемлекетті басқарудың айрықша  әсерлі тетігі. Ол мемлекеттік қызметтің  сапалық және сандық жағынан өсуіне, мемлееттік мекеме тиімділігін арттыруда  маңызды рөл алатыны сөзсіз.

Қала өміріне қатысты  маңызды іс-шараларға қатыстым. Мысалы, тәжірибе барысында қала әкімі тұрғындар  алдында жыл сайынғы есебін берді. Бұл кездесу қаладағы жыл бойына атқарылған жұмыстар нәтижесін, алдағы мақсаттармен танысуға мүмкіндік беретін игі шаралардың бірі. Өзім тәжірибе барысында, теориялық білімді пайдалана отырып, болашақтағы мамандығыма қатысты бағалы мәліметтер жинақтап, оларды іс-жүзінде орындау арқылы, мемлекеттік қызметте өз септігін тигізер кәсіби білім, икем мен дағды алдым. Өткен тәжірибе дипломдық жұмысты жазу үшін арнайы мәліметтерді алуда айрықша маңызды болды.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы – 1997
  2. Павлов К. Жергілікті өзін-өзі басқарудың оптималды таңдауы. Қоғам және экономика. Транзитттік экономика, 1999, №5.
  3. Қазақстан Республикасында еңбек нарығыныі негізгі индикаторлары. Алматы: Қазастан Республикасы статистика агенттігі.
  4. Сагадиев К., Тазабеков К. Макроэкономикалық тұрақтылық арқылы өсу. Казахстанская правда,2000, 12 декабря
  5. Саиров Е. Қазақстандағы аймақтық саясат дамуы және оны реттеу. Саясат, 2001, №2
  6. ҚР Конституциясы 30.08.1995
  7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 23.07.1999 № 453
  8. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»
  9. «Қазақстан Республикасындағы нормативті-құқықтық актілер туралы» Заңы
  10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңы
  11. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі»
  12. «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік регламенті
  13. «Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы»Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2290
  14. «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысы
  15. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығы
  16. www.adilet.zan.kz
  17. www.e-gov.kz
  18. www.shahtinsk.kz
  19. www.kyzmet.kz
  20. www.government.kz

 

 

 


Информация о работе «Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі