«Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 07:46, курсовая работа

Краткое описание

Тәжірибе мақсаты - теориялық бiлiмдердi жетілдіру мен қорытындылау, таңдалған мамандық бойынша негізгі тәжірибелік дағдыларды қылыптастыру, басқарушылық шешімдер қабылдауға дайындық, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындау жұмыстарын ұйымдастыру, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарымен жан-жақты танысу.
Студенттік кезеңде алынған білім, икем және дағды мемлекеттік қызметтің білікті маманын дайындаудағы міндетті саты ретінде қаралады.
Тәжірибенің негізгі міндеті мақсатқа сәйкес келесілер болып табылады:
Оқу барысында меңгерілген теориялық білімді бекіту және жетілдіру;
Тәжірибелік жұмыс дағдыларын үйрену;
Заңдарды талдау және оларды құжаттарды рәсімдеу барысында ескеру;

Файлы: 1 файл

отчет .docx

— 66.24 Кб (Скачать)

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік  мекеме құру мақсатында жауап бермейтін  қызметтермен айналысуға құқылы емес.

 

1.3   Мемлекеттік мекемені басқаруды ұйымдастыру

 

Мемлекеттік мекемеге жалпы  басшылық жасауды Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес анықталған уәкілетті орган жүзеге асырады.

Уәкілетті орган Қазақстан  Республикасының заңнамасында орнатылған тәртіпте келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге  мүлік бекітеді;

2) мемлекеттік мекемені  қаржыландырудың жеке жоспарын  бекітеді;

3) мемлекеттік мекемеге  берілген мүліктің сақталуына  бақылау жасауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме  ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер  мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің  құрылымын, құрылу тәртібін және  басқару органының  өкілеттік  мерзімін, мемлекеттік мекемемен  шешімдер қабылдау тәртібін белгілейді;

6) мемлекеттік мекеме  басшысының құқығын, міндеттерін  және жауапкершілігін, оны лауазымдық  міндеттерінен босату негіздерін  белгілейді.

7) мемлекеттік мекеменің  құрылымын және штаттық санының  шегін белгілейді.

8) жылдық қаржылық есеп  беруді бекітеді;

9) сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет бойынша шара  қабылдайды;

10) сыбайлас жемқорлыққа  қарсы заңнаманың орындалуына  дербес жауапкершілік тартады;

11) Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген өзге  де қызметтерді жүзеге асырады. 

 Мемлекеттік мекеме  басшысы уәкілетті органмен лауазымына  тағайындалады және лауазымынан  босатылады, Қазақстан Республикасының  заңнамасында көрсетілген жағдайлардан  басқа. 

Мемлекеттік мекеме басшысы  мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады  және басшылық жасайды, уәкілетті органға  тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының  заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа) және мемлекеттік мекемеге жүктелген  тапсырмалар мен оның өз қызметін жүзеге асыруына дербес жауапкершілік  тартады.

Мемлекеттік мекеме басшысы  Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген өз құзырлығына сәйкес мемлекеттік  мекеме қызметі мәселелерін шешеді.

Мемлекеттік мекеме басшысының өкілдіктері:

1) Мемлекеттік мекеме  құрылымының және қала әкімдігі  Ережесін, сонымен қатар олардағы  өзгерістерді бекітуге ұсынады;

2) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын  (уәкілетті органның құрылымдық  бөлімшелерінің), атқарушы органдардың  қызметін бақылауды және үйлестіруді  қамтамасыз етеді, құрылымдық  бөлімшелерінің және бөлімдердің  жұмысын бақылайды және үйлестіреді,  әкім және әкідіктің ақпараттық  – талдау, ұйымдастыру- құқықтық, материалдық – техникалық және  құқықтық қамтамасыз етілуін  ұйымдастырады, мемлекеттік мекеменің  жалпы басшылығын жүзеге асырады;

3) шаттық санының бекітілген  лимиті шегінде, жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын, мемлекеттік  органдар және мемлекеттік мекеменің  шаттық санын және құрылымын  әкіммен келісілгенен кейін бекітеді;

4) мемлекеттік мекеменің  басқа құрылымдық бөлімшелерінің  және бөлімдер туралы ережені  әкіммен келісілгенен кейін бекітеді;

5) мемлекеттік мекеменің  басқа құрылымдық бөлімшелерінің  және бөлімдер басшыларының лауазымдық  нұсқаулықтарын бекітеді;

6) мемлекеттік қызмет  туралы заңнаманың орындалуын  бақылауды, мемлекеттік мекемедегі  ішкі еңбек тәртібі ережесін  бекітеді;

7) мемлекеттік мекеме  атынан сенімхатсыз қызмет етеді;

8) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік  мекеменің мүддесін білдіреді;

9) шарттар жасайды,

10) сенімхаттар береді;

11) қызметкерлердің біліктіліктерін  артыру және қазақстандық және  шет елдердегі оқу орталықтарында  қызметкерлерді оқыту, тәжірибе, іс сапар бойынша мемлекеттік  мекеме жоспарларын және тәртібін  бекітеді;

12) банкьік шоттар ашады;

13) барлық қызметкерлерге  міндетті нұсқаулар мен бұйрықтар  береді;

14) уәкілетті органмен  тағайындалған қызметкерлерден  басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін  жұмысқа қабылдайды және жұмыстан  босатады;

15) Қазақстан Республикасы  заңнамасымен орнатылған тәртіпте  мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне  әкішлілік тәркілеу салады және  кеңейту бойынша шаралар қабылдайды;

16) уәкілетті органмен  және осы Ережемен Қазақстан  Республикасы заңнамасымен жүктелген  басқа да міндеттерді жүзеге  асырады. 

23. Мемлекеттік мекеме  басшысы  осы Ережемен Қазақстан  Республикасы заңнамасымен анықталатын,  өз құзырына сәйкес аппарат  қызметінің мәселелерін өзі шешеді, негізді әрекет етеді. 

24.  Мемлекеттік мекеме  басшысы болмаған кезеңде оның  міндеттерін қолданымдағы заңнамаға  сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен  жүзеге асырылады. 

  Мемлекеттік мекеме мүлігін құру және оның қызметін қаржыландыру тәртібі

Мемлекеттік мекеме мүлігін  заңды тұлға активтері құрайды, олардың құны оның бірлігінде көрсетіледі. Мемлекеттік мекеме мүлкі есебінен құрылады:

1) меншік иесімен берілген  мүлік;

2) өз қызметі нәтижесінде  алынған мүліктер (ақша кірістерін  қосқанда);

3) Қазақстан Республикасы  заңнамасымен тыйым салынбаған  өзге де көздермен;

Мемлекеттік мекеме оған смета бойынша бөлінген, қаржыға алынған мүлікпен немесе оған бекітілген мүлікті басқару әдісімен өз еркімен бөлуге құқығы жоқ.

Егер мемлекеттік мекемеге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру  құқығы берілген болса, онда бұл қызметтен  табылған табыс мемлекеттік бюджет табысына жіберіледі.

 Мемлекеттік мекемені  қаржыландыру, егер заңнамалық актілерде  басқа жағдайлар орнатылмаған  болса, тек қана мемлекеттік  бюджет есебінен жүргізіледі. 

Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп ұсынады.  Мемлекеттік мекеменің қаржылық – шаруашылық қызметінің тексерісін және ревизиясын Қазақстан Республикасының заңнамасында орнатылған тәртіп бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемеде жұмыс  істеу тәртібі елімізде бекітілген заңға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібіне және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларына қарсы келмеуі тиіс.

Мемлекеттік мекеменің бөлімшелері  және өкілдіктері жоқ. 

  1. «Шахтинск қаласы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметі

2.1 Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі ережесі

 

Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі  (бұдан әрі бөлім) Шахтинск қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстарын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Қазақстан Республикасының Заңдарын (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары), Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдерімен, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентігі төрағасының кесімдерін, қоблыс, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімі аппараты туралы ережені, қала әкімі аппаратының және қалалық әкімдік регламентін, сондай –ақ осы ережені басшылыққа алады. Бөлім қала әкімі аппаратының басшысымен келісілген және қала әкімімен бекітілген   жоспар бойынша жұмыс істейді.

2.2 Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі қызметі және құқығы

Бөлім: Қаланың өкілетті және атқарушы органдарымен, кент әкімі аппараттарымен, дербес бөлімдермен қала әкімінің ұйымдастыру және ақпараттық байланысын жүзеге асырады.    
Аппараттық кеңестерде қала әкімімен берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді. Кент әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде «Мемлекеттік қызметте өту тәртібі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамалықтарды бұзбау мәселесі жөніндегі Заңдардың орындалуының тексерісін жүзеге асырады. Тексеріс нәтижелерін қорытындылайды, қажеттілігіне қарай қала әкімінің және оның орынбасарларының қарауына бөлім құзырлығына жататын заңнамалық кесімдерді орындауды тежейтін себептерді жою жөніндегі, сондай-ақ ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, облыс, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын бұзған немесе орындамаған лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.Қала әкімі жанындағы аппараттық кеңестерде шығарылатын мәселелерді қарауға енгізеді. 
Дербес бөлімдерге және кент әкімі аппараттарына бөлімнің  құзырлығына жататын Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, облыс, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауда тәжірибелік көмек көрсетеді.   
Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс, қала әкімінің кадрлық саясат мәселелеріндегі бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, жүйелі түрде кадр сапасына, олардың қозғалысына талдау жасайды, кадр резервін дайындауды зерттейді, кадрларды оқытуды ұйымдастырады, жұмыскерлердің аттестациясын өткізеді, осы мәселелер бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің Қарағанды облысы басқармасымен және облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімімен өзара қарым – қатынас жасайды. 
Қала әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып қала әкімі аппараты қызметінің айлық және тоқсандық жұмыс жоспарын құрайды. 
Қаланың әкімшілік – аймақтық құрылымы жөніндегі материалдарды даярлайды, атқарушы өкімет органдарының жұмыстарын жетілдіреді, басқаруды оңтайландыру және мазмұнын түсірмеу мақсатында олардың құрылымдарын өзгертеді.    
Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өкілетті орган сайлауларын ұйымдастыру және материалдық – техникалық қамтамасыз ету, референдумдар өткізу жөніндегі құжаттарды даярлайды 
Қала әкімі аппараты бөлімдерінің ресмпубликаның басқа облыстарынан, алыс және жақын шет елдерден келген  делегацияларды қабылдау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, бөлімдермен бірлесе отырып олардың келу бағдарламаларын әзірлейді, қалалық кеңестерді және іс-шараларды ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. 
Бөлімге келіп түскен хаттар мен азаматтар өтінішін қарастырады. 
Қала әкімі жанындағы дербес бөлімдермен, кент әкімі аппаратарымен, мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтерімен, ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімдерімен, Бас прокурордың жанындағы ҚС және АО, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агентігінің Қарағанды облысы басқармасымен бөлімнің құзырлығына енетін мәселелер бойынша    өзара қарым – қатынас жасайды.    

3. Бөлім құқығы

Бөлім: 
Белгіленген тәртіп бойынша қала әкімі жанындағы аппараттық кеңестерге, қалалық әкімдік отырысына және активтерге құжаттар мен материалдар даярлауда қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерін тартуға құқылы. 
Қала әкімінің құрылымдық бөлімшелерінде ұйымдастыру – кадрлық және құқықтық жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.  
Лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. 
Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын жетілдіру және олардың құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

Қалалық бөлімдерден, комитеттерден, басқармалардан, кент әкімі аппараттарынан, қала кәсіпорындарынан және ұйымдарынан  ақпарат және басқа да материалдар  сұрауға, олардың қызметіне талдау жасау үшін сәйкес лауазымды тұлғалардың  жазбаша және ауызша түсініктемелерін  сұрауға құқылы.

 

 

  1. ММ қызметінде қолданылатын электронды басқару туралы
    1. Электронды құжат айналымы

 

 

Мемлекеттік органдардың  кадр қызметтері жұмысында «электрондық үкіметтің» мүмкіндіктерін кеңінен  пайдалану кадрлық шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыруға бағытталатын болады, өз кезегінде электрондық  құжат айналымы жүйесін және мемлекеттік  органдардың интранет-порталын пайдалану  мемлекеттік органдар қызметінің ішкі және сыртқы рәсімдерін барынша оңайлату мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.    

 Озық әлемдік практикаға  сәйкес (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттік  қызмет саласындағы кадр саясатын  тиімді іске асыру, оның ішінде  жоғары мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер корпусына қатысты  іске асыру мемлекеттік қызмет  персоналын басқарудың біртұтас  жүйесіне және оны автоматтандыруға  негізделген.   

 «Е-қызмет» жүйесінің  жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың  кадр қызметтеріне персоналды  басқаруды озық әлемдік практикаға  сәйкес жүзеге асыруға, мемлекеттік  органдардың кадр қызметтері  жұмысының өнімділігін жоғарылатуға  және ақпаратты алу мен өзекті  етуге кететін уақыт және еңбек  шығындарын қысқартуға мүмкіндік  береді.   

 «Е-қызмет» жүйесі  онлайн режимінде орталық және  өңірлік деңгейдегі мемлекеттік  қызметшілерге қатысты толық  кадрлық ақпаратты: дербес деректерді, ұйымдастырушылық мәліметтерді (кадрлық  есеп), кәсіби және жеке құзыреттері,  білімі, біліктілігі, жұмыс өтілі,  кәсіби тәжірибесі, бағалау және  аттестаттау нәтижелері туралы  мәліметтерді; ротациялаудың жедел  мониторингін жүргізуді, оқытудан  өтудің жедел есебін, курстардың  мерзімдері мен тақырыптарын, ынталандыру  туралы және әкімшілік және  тәртіптік жазалау туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылықтары  туралы құқық қорғау және сот  органдарының деректерін алуға  мүмкіндік береді. 

Информация о работе «Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі