«Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 07:46, курсовая работа

Краткое описание

Тәжірибе мақсаты - теориялық бiлiмдердi жетілдіру мен қорытындылау, таңдалған мамандық бойынша негізгі тәжірибелік дағдыларды қылыптастыру, басқарушылық шешімдер қабылдауға дайындық, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындау жұмыстарын ұйымдастыру, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарымен жан-жақты танысу.
Студенттік кезеңде алынған білім, икем және дағды мемлекеттік қызметтің білікті маманын дайындаудағы міндетті саты ретінде қаралады.
Тәжірибенің негізгі міндеті мақсатқа сәйкес келесілер болып табылады:
Оқу барысында меңгерілген теориялық білімді бекіту және жетілдіру;
Тәжірибелік жұмыс дағдыларын үйрену;
Заңдарды талдау және оларды құжаттарды рәсімдеу барысында ескеру;

Файлы: 1 файл

отчет .docx

— 66.24 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Жергілікті басқару –  демократиялық қоғамның маңызды  институттарының бірі. Студенттердiң өндiрiстiк диплом алдындағы тәжiрибесi - бұл оқу жоспарымен сәйкес жүргiзiлетiн оқу барысының ажырамас бөлiгi, және студенттерге мамандық бойынша тәжірибелік бiлiм және жұмыстың дағдыларын алып, теориялық бiлiмдердi бекiтiп, қажеттi ЖОО және студенттiң қажеттi ұйымдармен кәсiпорындармен iскер байланысуларды орнатуға мүмкiндiк бередi.

Тәжірибе  мақсаты -  теориялық бiлiмдердi жетілдіру мен қорытындылау, таңдалған мамандық бойынша негізгі тәжірибелік дағдыларды қылыптастыру, басқарушылық шешімдер қабылдауға дайындық, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындау жұмыстарын ұйымдастыру, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарымен жан-жақты танысу.

Студенттік кезеңде алынған  білім, икем және дағды мемлекеттік  қызметтің білікті маманын дайындаудағы міндетті саты ретінде қаралады.

Тәжірибенің негізгі міндеті  мақсатқа сәйкес келесілер болып  табылады:

  1. Оқу барысында меңгерілген теориялық білімді бекіту және жетілдіру;
  2. Тәжірибелік жұмыс дағдыларын үйрену;
  3. Заңдарды талдау және оларды құжаттарды рәсімдеу барысында ескеру;
  4. Жеке іс, конкурстық құжаттар, кіріс-шығыс құжаттары, кадр қозғалысы бойынша құжаттар дайындау және т.б.
  5. Таңдалған мамандыққа қатысты қызығушылықты бекіту және дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

1.1 «Шахтинск қаласы әкімі  аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылуы және заңды мәртебесі

 

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) заңды тұлғалық мәртебесі бар, әкімнің  ақпараттық – талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық – техникалық қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастыру  – құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Мемлекеттік мекеме түрі: коммуналдық.

 Мемлекеттік мекеме  Шахтинск қаласы әкімдігінің  2012 жылғы 28 маусымдағы  №14/4 қаулысымен  құрылды. 

Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Шахтинск қаласы әкімдігі – жергілікті атқарушы орган тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік мекеменің  мемлекеттік басқару органы болып, сонымен қатар оған қатысты мемлекеттік  меншік құқығы субъектісі міндеттерін  жүзеге асырушы орган (бұдан әрі  – уәкілетті орган) Шахтинск қаласының  әкімдігі болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің толық  атауы:

мемлекеттік тілде - «Шахтинск  қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі;

орыс тілінде – Государственное  учреждение «Аппарат акима города Шахтинска»;

Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шектi штат саны «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн  бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы»  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекiтiлген олардың штат санының лимитi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.

«Шахтинск қаласы әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің құрылымы келесі бөлімдерден тұрады: ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі, әлеуметтік сала және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі.[1] Сонымен қатар мекемеде бас маман – бухгалтер және АҚ және ТЖ жөніндегі бас маман қызмет етеді.

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы 50А.

  Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік  тіркеуден өткен кезеңнен бастап заңды тұлға құқығын алады.  Мемлекеттік мекеменің өзінің дербес балансы, Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес банктарда шоттары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік  елтаңбасының бейнесімен және мемлекеттік  мекеме атауымен мөрлері, бланктері бар. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға құра алмайды, сонымен қатар оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттері бойынша оның иелігіндегі ақшаларға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде  ақша жетіспеушілігі болса оның міндеттемелері бойынша қаржылық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы немесе сәйкес бюджет қаржыларының әкімшілік аумақтық бірлігі тартады.

 Мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық келісімдері Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімдерінде міндетті тіркелгенен кейін күшіне енеді.

 

    1. Мемлекеттік мекеменің мақсаты, міндеттері және  қызметтері

 

Мемлекеттік мекеменің мақсаты  Шахтинск қаласы әкімінің ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық қызметтерін жүзеге асыру болып табылады. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме келесі қызметтер түрлерін жүзеге асырады:

1) коммуналдық мүліктің  сақталуына және қолданылуына  бақылауды жүзеге асырады;

2) сәйкес саладағы мемлекеттік  мүлікті басқару бойынша мемлекеттік  саясатты жүзеге асыруды жүргізеді,  өз құзыреті шегінде сәйкес  саладағы мемлекеттік мүлікті  басқару шеңберінде нормативтік  құқықтық актілерді дайындайды  және бекітеді;

3) уәкілетті органға мемлекеттік  мүлік бойынша мүлікті қайта  бөлу және алып тастауға келісім  береді;

4) осы Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының,  Қазақстан Республикасының өзге  де заңдарымен, Қазақстан Республикасының  Президентінің және Үкіметінің  актілерінде анықталған өзге  де өкілдіктерді жүзеге асырады. 

5) «Жалпыға бірдей әскери  міндеттерін орындау шегінде  іс шара» бюджеттік бағдарлама  әкімшісі болып табылады.

6) коммерциялық емес сипаттағы  әлеуметтік – мәдени және өзге  де қызметтерді, басқаруларды  жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің негізгі  міндеттері:

1) қала әкімі және әкімдігінің  ақпараттық – талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық және  материалдық  – техникалық қызметтерін қамтамасыз  ету;

2) қала әкімдігінің және  әкім орынбасарларының, әкімнің  тапсырмаларын, қала әкімдігінің  және әкім актілерінің орындалуын  ұйымдастыру және орындалуын  бақылау;

3) қала әкімдігінің және  әкім орынбасарларының, әкімнің  тапсырмаларын, қала әкімдігінің  және әкім актілерін уақытылы, сөзсіз және толық орындау; 

4) Республикада, Шахтинск  қаласы аумағында істер жағдайлары  туралы қала әкімдігін және  әкім орынбасарларын, әкімді толық  және уақытылы ақпараттандыру  болып табылады.

Мемлекеттік мекеме өз құзырлығы  шегінде  келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) өз құзырлығы шегінде  ұсыныстар жасау, әлеуметтік –  экономикалық даму болжамын және  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге  асыру барысын қамтамасыз ету  және бақылау, әлеуметтік –  экономикалық даму болжамын дайындауға  қатысу жолымен Қазақстан Республикасы  Үкіметінің, Президенттің ішкі және  сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын  Шахтинск қаласы жүзеге асыруға  қатысады;

2) республикаға бағынысты  аумақтық органдар, қалалық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  органдар қызметін үйлестіруді  және әрекеттестікті қамтамасыз  етеді, орталық атқарушы орган  өкілеттілігіндегі құзырлықтарға  сәйкес, республикаға бағынысты  мекемелер және ұйымдар, кәсіпорындар  қызметін үйлестіреді;

3) қала әкімінің және  әкімдігінің актілерін орындалуына  бақылауды, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің, Президенттің актілерін,  Республиканың заңдарының орындалуын  ұйымдастырады және қамтамасыз  етеді;

4) қалалық мәслихат, қала  әкімінің және әкімдігінің актілері, нормативті – құқықтық актілер  және заңнамалық жобалар бойынша  ұсыныстар енгізеді;

5) қала әкіміне оның  орынбасарларына және қала әкімі  аппаратының қызметкерлеріне әлеуметтік  – тұрмыстық, материалды –  техникалық, қаржылық, шаруашылық қызмет  көрсету мәселелерін шешеді, қала  әкімі және оның орынбасарларымен  өткізілетін іс шаралар, кеңестер  және сапарлар, активтерді материалды  – техникалық және құжаттамалық, хаттамалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық - талдау қамтамасыз етуді  жүзеге асырады.   

6) қала әкімі аппаратының  Регламентінің сақталуын қамтамасыз  етеді;

7) іс жүргізуді мемлекеттік  және орыс тілдерінде жүргізу,  құпия құжаттамамен жұмысты, іс  жүргізуді жетілдіру және жөндеу, құжат ағымын, азаматтардан келіп  түскен өтініштер және хаттар  талдауы, азаматтарды жеке қабылдау, азаматтар өтініштері, хаттар, қызметтік  құжаттарды қарастыру, қала әкімі  және орынбасарларының қызметтерінің  құжаттаалық қамтамасыз етулерін  ұйымдастырады;

8) қала әкімдігінің қаулыларын  және әкім өкімдерінің, шешімдерінің  сақталуын қамтамасыз етеді;

9) қаланың атқарушы органдарымен  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  бақылауды қамтамасыз етеді;

10) қайта даярлау және  тәжірибені, олардың оқуын ұйымдастыруды,  кадр қорын құру, қала әкімі  номенклатурасына кіретін кадрлар  бойынша ұсыныстар енгізу және оқуды ұйымдастыру жолымен жергілікті атқарушы билік органдарында кадрлық саясатты жүзеге асырады;

11) мәселелерді шешу жолдарын, қаладағы әлеуметтік және экономикалық  жағдайды, Қазақстан Республикасының  Үкіметімен және Президентімен  жүргізілетін ішкі және сыртқы  саясатты түсіндіру, қала әкімдігі, қала әкімінің және орынбасарларының  қызметтерін бұқаралық ақпарат  құралдарында жариялауды, олармен  әрекеттестікті ұйымдастырады; 

12) Шахтинск аймағында  заң тәртібін және заңнамалықты  бекіту мәселелері бойынша сот  жүйесі органдарымен, құқық қорғау  органдарымен қала әкімі және  әкімдігінің әрекеттестігін және  үйлесімділігін қамтамасыз етеді;

13) қала әкімі және әкімдігінің  нормошығармашылық қызметі механизімін  жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;

14) жылдық қаржылық есеп  беруді бекітеді;

15) мемлекеттік мекемеге  мүлік бекітеді;

16) мемлекеттік мекемені  қаржыландырудың жеке жоспарын  бекітеді;

17) мемлекеттік мекеме  мүлкінің сақталуына бақылауды  жүзеге асырады;

18) сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет бойынша шара  қабылдайды;

19) Қазақстан Республикасы  Үкіметінің, Қазақстан Республикасы  Президенттің актілерімен, Қазақстан  Республикасының басқа да заңдарымен, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңымен анықталған өзге де  өкілдіктерді жүзеге асырады.

Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме:

1) қала әкімі және әкімдігінің  құзырылғына жататын мәселелер  бойынша лауазымды тұлғалардан  жазбаша немесе ауызша түсініктемелер,мемлекеттік  органдар және басқа да мекемелерден  құжаттар, қажетті ақпараттар және  басқа да материалдар сұрауға  және алуға; 

2) атқарушы органдар құзырлығында  бар ақпараттық мәліметтердің  барлық түрлерін, құпияларды пайдалануға;

3) анықталған жетіспеушіліктерді  жою бойынша ұсыныстар енгізуге, қала әкімі және оның орынбасарларының, облыс әкімінің тапсырмаларын,  қала әкімі және әкімдігінің  актілерін, облыс әкімі және  әкімдігінің актілерін Қазақстан  Республикасы Премьер – Министрінің  өкімдерін, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің, Президенттің актілерінің  орындалуына тексеріс жүргізуге;

4) қала әкімі аппаратында  жүргізуге жататын мәселелер  бойынша мемлекеттік және мемлекеттік  емес органдармен және ұйымдармен  қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

5) қала әкіміне және  оның орынбасарларына мемлекеттік  мекеме және қала әкімі аппаратының  қызметкерлерін тағайындау және  оларды лауазымдарынан босату  ттуралы, оларды тәртіптік жауапкершлікке  тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

6) жергілікті атқарушы  органдар, қала әкімдігінің отырыстарына  қатысуға;

7) әкім аппаратының басшысы,  қала әкімі және оның орынбасарларының  тапсырмалары бойынша мемлекеттік  мекеме құзырына жататын проблемалық  мәселелерді шеуге және білуге, әкімдік отырысында, қала әкімі  және оның орынбасарлары жанындағы  аппараттық кеңестерде қарастыру  үшін мәселелерді дайындауға  коммуналдық кәсіпорындар және  жергілікті бюджеттен қарыландырылатын  басқа мемлекеттік мекемелердің  қызметкерлерін, мемлекеттік органдар  қызметкерлерін тартуға құқығы  бар. 

Информация о работе «Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі