Туризм саласын мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 16:30, курсовая работа

Краткое описание

Елбасымыз Н.Назарбаев дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын және халық шаруашылығының бір саласы - туризмді әлемдік деңгейге көтеру мақсатында жұмыс жүргізудің нақты бағдарламасын ұсынды. Туризм – мемлекеттің саясатымен тікелей байланысты индустрия. Оны дамытудағы мемлекеттің алдында тұрған мәселенің бірі – туризм саласының мамандарын дайындау.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Туризмдегi мемлекеттiк реттеу жүйесi........................................................................................................................4
1.1 Қазақстан республикасында туристік қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу мәселелері ………………..........4
1.2 Қазақстан республикасындағы туристік саланың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру. ……………………………………………………………………..11
2. Қазақстан Республикасының қонақ үй өнеркәсібінің дамуы......................................................................................................................19
Қорытынды…………………………………………………………....................22
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..........................23

Файлы: 1 файл

курсовая конак уй.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Экономика,басқару және құқық факультеті

«Туризм және сервис» кафедрасы

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Туризм саласын мемлекеттік реттеу

 

 

 

 

 

 

                                                                                 Орындаған: 3 курс студенті

Аменова Д.Д. (СКС-306)

Тексерген: аға оқытушы

Мадышева А. М

 

 

 

 

Астана-2012 ж.

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Туризмдегi мемлекеттiк реттеу жүйесi........................................................................................................................4

1.1 Қазақстан республикасында туристік қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу мәселелері ………………..........4

1.2 Қазақстан республикасындағы туристік саланың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру. ……………………………………………………………………..11

2. Қазақстан Республикасының қонақ үй өнеркәсібінің дамуы......................................................................................................................19

Қорытынды…………………………………………………………....................22

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..........................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Мақсаты: Қонақ үй шаруашылығының пайда болуын және дамуын оқып  білу

 Міндеттері:

  • Қонақ үй индустриясының шығу тарихымен танысу
  • Ежелгі және орта ғасырдағы қонақжай кәсіпорындарының қалай дамығаның оқу
  • Қонақ үйдің мәнін мен мазмұнын түсіну
  • Қазақстан Республикасының  қонақ үй шаруашылығының дамуын зерттеу

Құрылымы:

   Курстық жұмыс кіріспеден екі  тарау  мен қорытындыдан, пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен  құралған .

  «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті  сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.

 Елбасымыз Н.Назарбаев дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын және халық шаруашылығының бір саласы - туризмді әлемдік деңгейге көтеру мақсатында жұмыс жүргізудің нақты бағдарламасын ұсынды. Туризм – мемлекеттің саясатымен тікелей байланысты индустрия. Оны дамытудағы мемлекеттің алдында тұрған мәселенің бірі – туризм саласының мамандарын дайындау. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1. Әлемдік қонақ үй индустриясының даму тарихының негізгі кезендеріне шолу

1.1 Ерте және Орта ғасырдағы қонақ үйдің шығу тарихы

Біздің дәуірімізге дейінгі заманда адамдар, құрал-жарақтарды қолданып , өсімдіктерді жинау- негізгі тағам көзі болып табылды. Біртіндеп адамдар аң аулау, көшпенді мал бағу, қарапайым егіншілікпен айналысуды меңгеріп, адамдар арасында коллектив пайда бола бастады. Адамдар жазу құралдарын пайдаланып,жаңа қызмет түрлерін меңгерді:отырықшылыққа ауысты, металдарды құюды білді, жазу мәдениетін қалыптастырды. Ортағасырда қажыға барушылар көбейді, саяхаттаушылардың көбеюіне байланысты, жақсы жолдар, қонақүйлер орындардың пайда болуына әкелді.Рекреациялық және көркемдік-эстетикалық қажеттіліктер, сондай-ақ демалыспен байланысты қызметтерін  дамытуды бастады. Көңіл көтеру, демалысты ұйымдастыру мазмұны мен ұйымдастыру формасына қарай заманауи сипат алды. Театрлар дамыды, киноматография ене бастады. Саяхаттаушылардың көбеюіне байланысты көптеген орналастыру құралдары салына бастады.

     Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл  мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі.

     Ең алғаш  рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде – Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.

      Кейбіреулері  «қонақжайлық» сөзі ескі француз  сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни – қонақжайлық дегенді білдіреді. Қонақжайлар – дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және   қорғаныс жөнінде келісім құрған.

     Қонақ үйлер  әдетте бір елмен басқа елдерге  баратын басты жолдардың бойында  орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды  күтумен қатар, қонақ үйлерде  үкімет қызметкерлерімен өкілдер  жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамақтандырады, аттарын ауыстырады.

    Әлемдік қонақ үй индустриясының негізгі кезендеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатқа жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үй лер ( Керуен сарайлар ) б.э.д. 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.

  Ежелгі Греция,ертедегі Рим кезеңнен бастап әртістерге, кубелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі қонақ үй түрлері: ханны, инны, пошта бекетері және т.б. болып саналған. Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетін даму тарихы мен тұспа тұс келеді.

 Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі импералдардың құлауы, Жібек жолы бойындағы қалалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне тоқырау алып келді.

Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.

      Уақыт  өте келе тегін қонақжайлылықтан  кіріс табуға есептелінген мекемелерге  айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте  шатырларда, кей кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда  байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық  деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы  қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.

      Теңіз  жағалауларында, минералды су көздері  маңында табиғаты керемет орындарда  ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.

     Экономиканың  бұл облысында компаниялар, акционерлік  қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй  шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.

      Лондонда  қонақ үй синдикаты, Францияда  «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің  жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.

      1906 жылы  «Халықаралық қонақ үй иелерінің  одағы» құрылып, әр түрлі әлем  елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.

     Еуропаның  ең ірі қалаларында  қонақ үйлерді  басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконференция өткізу қарастырылған.

      Қонақ  үй шаруашылығының тез қарқынмен  дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми – техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.

      Қазіргі  «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын – сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.

     XVIII – XIX ғасырда  өнеркәсіп орындары мен сауда  байланыстарының өсуімен, қалалар  саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй жүйесі жұмыс жасады. 1900  жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910 жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің  бәрі таза коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.

     Октябрь  революциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық  шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй  шаруашылығына үлкен  зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары  мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.

      1960 жылдарға  таяу Кеңес Одағының  1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет  көрсетті.

      Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:

  • Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы
  • өнеркәсіптің өсуі
  • ғылымның және мәдениеттің өсуі
  • өнердің өсуі
  • адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с.

      Бұл факторлар ішкі туризмнің дамуына іс – сапарға және демалысқа  шығатындардың  санының артуының алғышарттары еді. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының қарсаңында, КСРО – да барлық сыйымдылық орны 700 мың орын алатын 7000 қонақ үй орын алды. Көптеген ірі өте жайлы қонақ үйлер салынды. Ресейдегі өте үлкен қонақ үйдің бірі, 10 мың орындық қонақ үй комплексі «Измайлово» қонақ үйі болып саналады.

Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану керек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапасы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.

      Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақ үй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

      Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.

      Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.

  ХVII – XIX өндірістік революция, су жолының дамуы дүниежүзілік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. Қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап XX ғасырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей.

 Б.э.д. II –I мыңжылдық аралығында  Ассария кезінде керуен сарайлар  мен алғашқы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды.Осы уақытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда,Крит аралдарындада керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі.

 Б.э.д. I мыңжылдықтың Ежелгі  Грек жерінде қонақ үйлердің  үш типі қалыптасқан: жекеменшік аулалар ( кататорлар ), мемлекет құзырындағы аулалар ( пандокен ), ұйықтайтын бөлмелер бар таверналар (тамақ ішетін орындар).

 Б.э.д. VI – ғасырдағы – б.э. I – ғасырында Ежелгі Рим территориясында  жол бойында көне қалаларда  көптеген жзататын үйлер мен таверналар салынған.Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен қатар, мемлекеттік шенеуіктер, саудагерлер, кезбелер, т.б. болып Рим империясындағы пошта байланысының қалыптасуына байланысты мемлекеттік заңға байланысты 70 – 100 шақырым ат жарыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды.

 Орта ғасыр (V – VIII ғ) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды.Европалық монастырларда арнайы қонақжайлық орындар пайда болды.

Информация о работе Туризм саласын мемлекеттік реттеу