Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа
Мемлекеттік қаржының қажеттілігін және қызметін ашып, мұндағы қаржының мазмұнымен және оның міндеттемелерімен қарастырамыз. Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..............5
1.1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері......................................5
1.2 Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТіК ҚАРЖЫСЫН
ТАЛДАУ........................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының бюджетін талдау............................................
2.2 Қазақстан Руспубликасының мемлекеттік қарызын
талдау..............................................................................................................
3 ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................
ЖОСПАР
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ
1.1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен
қызметтері....................
1.2 Қазақстанның мемлекеттік
қаржысының құрамы.............
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТіК ҚАРЖЫСЫН
ТАЛДАУ........................
2.1 Қазақстан Республикасының
бюджетін талдау...............
2.2 Қазақстан Руспубликасының мемлекеттік қарызын
талдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.
Қысқаша айтқанда, қолдағы қаржы мемлекеттік үлғаймалы ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория.
Осылайша, мемлекеттік қаржы - қаржы жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, олар мемлекеттік сектордағы экономика мен социумның өзара байланыстарын қамтитын өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы қызметімен байланыста болады.
Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Мемлекеттік қаржының қажеттілігін және қызметін ашып, мұндағы қаржының мазмұнымен және оның міндеттемелерімен қарастырамыз. Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.
Мемлекеттік қаржының функциясы қаржының экономикалық категория ретіндегі атқаратын функцияларымен бірдей болады: бұл бөлу және бақылау қызметі.
Мемлекеттік қаржыда ерекше мақсаты бар маңызды звенолар жіктеледі.
Мемлекеттік қаржының құрамына: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саланы басқару деңгейіне байланысты жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Осындай қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық және салалық тұрғылардағы көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге әсер ете алады.
Мемлекеттік қаржының құрамында бюджеттік қатынастар үлкен орын алады. Бюджеттік қатынастардың көмегімен қаражаттардың үлкен көлемі қайта бөлінеді: шаруашылық органдардан мемлекетке және керісінше, мемлекеттен кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа. Орталық (республикалық) бюджеттің ресурстары жалпы мемлекеттік шараларды қаржыландыруға арналады. Олар мемлекеттің мақсатты кешенді бағдарламалары, қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, шекараны қорғау, мемлекеттік басқару, әлеуметтік саланың дамуы, халықаралық міндеттерді орындау, т.б. Республикалық бюджет арқылы экономикалық құрылым мәселелері, оның тұрақтылығы, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін сақтау мәселелері шешіледі.
Жергілікті бюджеттер экономикалық үдерістерді реттеу, өндірістік күштерді орналастыру, аумақтық инфрақұрылымдарды дамыту, еңбек ресурстарын ұдайы өндіру үшін қолданылады. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру ролін атқарады.
Бюджеттен тыс қорлар арнайы салықтық немесе мақсатты аударымдар және т.б. көздер есебінен басқа мақсатты шараларды қаржыландыру қызметін атқарады. Қорлардың автономдылығы оларға лауазымды және атқарушы органдардың қатысуынсыз бюджеттен тыс қаражаттардың жедел түрде қолданылу мүмкіндігін береді.
Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттің қаржысын теориялық жағынан қарастырып, қазіргі кездегі жағдайын талдап, мәселелрі мен шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Бұл курстық жұмысымда мен мынадай әдебеттерді Илиясов К.Қ, Құлпыбаев С. «Қаржы» оқұ құралы, газет-журналдарды Вестник ҚазҰУ. 2009ж. №3, 5, Қауметбаев Н. «Проблемалық несиемен банкінің жұмысы». Мақыш С.Б. «Қаржылық бюро-қарыз алушылар туралы ақпарат көзі» атты мақалаларды пайдаландым.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері
Мемлекеттік қаржы - қаржы жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, олар мемлекеттік сектордағы экономика мен социумның өзара байланыстарын қамтитын өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы қызметімен байланыста болады.
Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.
Мемлекеттік қаржының функциясы қаржының экономикалық категория ретіндегі атқаратын функцияларымен бірдей болады: бұл бөлу және бақылау қызметі.
Мемлекеттік қаржыда ерекше мақсаты бар маңызды звенолар жіктеледі.
Мемлекеттік қаржының құрамына: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саланы басқару деңгейіне байланысты жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Осындай қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық және салалық тұрғылардағы көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге әсер ете алады.
Мемлекеттік қаржының құрамында бюджеттік қатынастар үлкен орын алады. Бюджеттік қатынастардың көмегімен қаражаттардың үлкен көлемі қайта бөлінеді: шаруашылық органдардан мемлекетке және керісінше, мемлекеттен кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа. Орталық (республикалық) бюджеттің ресурстары жалпы мемлекеттік шараларды қаржыландыруға арналады. Олар мемлекеттің мақсатты кешенді бағдарламалары, қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, шекараны қорғау, мемлекеттік басқару, әлеуметтік саланың дамуы, халықаралық міндеттерді орындау, т.б. Республикалық бюджет арқылы экономикалық құрылым мәселелері, оның тұрақтылығы, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін сақтау мәселелері шешіледі.
Жергілікті бюджеттер экономикалық үдерістерді реттеу, өндірістік күштерді орналастыру, аумақтық инфрақұрылымдарды дамыту, еңбек ресурстарын ұдайы өндіру үшін қолданылады. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру ролін атқарады.
Бюджеттен тыс қорлар арнайы салықтық немесе мақсатты аударымдар және т.б. көздер есебінен басқа мақсатты шараларды қаржыландыру қызметін атқарады. Қорлардың автономдылығы оларға лауазымды және атқарушы органдардың қатысуынсыз бюджеттен тыс қаражаттардың жедел түрде қолданылу мүмкіндігін береді.
Мемлекеттік несиеде қатынастар кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырумен немесе мемлекеттік органдарға берумен байланысты. Халықаралықнесие қатынастарына шетелдік мемлекеттер, олардың компаниялары, фирмалары, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық қаржы мекемелерінің қатынастары кіреді.
Жекеменшіктің әртүрлілігі мемлекетке атаулы экономикалық, қаржылық саясат жүргізуіне және экономикалық әлеуметтік үдерістерге қаржылық механизм арқылы әсер етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты «мемлекеттік қаржы» категориясы пайда болды және ол үкіметтің экономикалық қызметтерін атқаруға, қоғамның әрбір даму кезеңіндегі міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Мемлекеттік табыстар – мемлекеттің меншігіне түсіп, оның материалдық базасын құру мен қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылатын экономикалық қатынастардың жүйесі.
Табыстар – қаржымен тығыз қарым-қатынаста болатын күрделі экономикалық категория.
Табыс дегеніміз белгілі бір қызметтің шығындарымен байланысты нәтижесі (олардың құру мерзіміне тәуелсіз). Табыстар өндірістік, коммерциялық, делдалдық, басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады және қайта құрылған өнім мен қызметті бөлу сатысында пайда болады.
Табыстарда аралық сипат болуы мүмкін, яғни құрылған соң бөлудің жаңа кезеңіне кіреді немесе соңғы табыс ретінде ұдайы өндірістің жаңа сатысына – айырбасқа өтіп, қызмет етеді (соңғы табыс деген – тұтыну мен жинақтауға тікелей қолданылатын табыстар). Табыстардың аралық сипаты шаруашылық субъектісінің табыстары, екінші субъектінің шығындалуы арқылы табылуында айқын көрінеді, мысалы: кәсіпкерлік сектордың табыс салығын төлеген әлеуметтік мақсаттарындағы шығындары – халықтың бөлек топтарының табыстары болып табылады.
Жалпы қоғамдық өнімді бөлу нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары құрылады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің негізгі ролін қаржылар атқаратын күрделі үдерістерге ұшырайды. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қорлар және ең алдымен мемлекеттік бюджет құрылады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халықтан қаржы түрінде кірістердің бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың жалпы табысы (пайдасы) бөлінеді – бір бөлігі бюджетке түседі, екінші бір бөлігі өздерінде қалып, ішкі шаруашылық қажеттіктеріне қолданылады.
Сонымен бірге өндірістік емес саланың мекемелері көрсеткен қызметтері үшін төлемдер арқылы бастапқы табыстары қайта бөлінеді. Бұл табыстар өндірістік саланың табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнім құнын бөлу туралы адамдардың қатынастарын білдіретін өзіндік экономикалық категория ретінде анықталады. Кірістердің материалды – заттай жағының ұғымы мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және халықтың қарамағындағы ақшалай құралдарын білдіреді.
Мемлекеттік кірістердің экономикалық табиғаты мен ұйымдастырылуы мемлекеттің саяси және экономикалық ролімен байланысты болып келеді.
Мемлекеттің табыстары мемлекеттің белсенді қатысуымен байланыстырылады; ол бюджетте орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерінде қалдыратын таза табыстың үлесін, сонымен бірге халықтың жеке табысының бір бөлігін бекітеді.
Мемлекет қосымша өнімнің және өндірістің қаражаттарының бір бөлігін иеленеді. Бұл жағдайда мемлекеттік табыстардың басты көзі – мемлекеттік меншіктен түсетін табыс болып табылады.
Мемлекеттік меншіктен түсетін табыстарға мыналар жатады:
Мемлекеттік қарыздардан түскен түсімдер (қарыздарды өтеуге дейін)
мемлекеттің қаржы ресурстары
болып табылады, бірақ олар қарыз
құралдары болғандықтан, мемлекеттің
табыстары ретінде