Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа
Мемлекеттік қаржының қажеттілігін және қызметін ашып, мұндағы қаржының мазмұнымен және оның міндеттемелерімен қарастырамыз. Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..............5
1.1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері......................................5
1.2 Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТіК ҚАРЖЫСЫН
ТАЛДАУ........................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының бюджетін талдау............................................
2.2 Қазақстан Руспубликасының мемлекеттік қарызын
талдау..............................................................................................................
3 ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................
Өскемен қаласының білім беру бөлімі
бойынша бюджеттік қаржылар педагогикалық
жұмыскерлерге және техперсоналға жалақы
төлеуге, аз қамтылған жанұялардың балаларын
тамақтандыруға, жылуды және коммуналдық
қызметтерді төлеуге, сонымен қатар білім
беру ұйымдарының ғимараттарын ұстауға
және қызмет көрсетуге бағытталды. Білім
беру мекемелерінің жұмыскерлеріне демалыс
ақылары бір уақытта толық мөлшерде демалысқа
шығар кезде қолданыстағы еңбек заңнамалығына
сай төленді.
Білім беру бөлімінің
және оған қарасты мекемелердің шығыстарының
жиыны есепті мерзімде 1 млрд. 671,7 млн. теңгені
құрады, орындалу бірінші жартыжылдықтың
жоспарына 98,4 %. 2006 жылдың ұқсас уақытымен
салыстырғанда білім беру шығыстары 431,4
млн. теңгеге өсті немесе 34,7 %.
Республикалық
бюджеттің мақсатты трансферттерінің
есебінен оқу сабақтары бойынша ғылыми-энциклопедиялық
анықтамалық басылымдар, тарих, әдебиет,
география, биология, химия бойынша ғылыми-танымдық
басылымдар; қазақ әдебиеті классиктерінің
шығармалары; мемлекеттік тілді үйрену
бойынша оқулық, анықтамалық, электронды
әдебиеттер сатып алынды.
Жергілікті
бюджеттің қаржылары есебінен 7, 11-сыныптарға
арналған жаңа буын оқулықтары, 3, 4, 5, 7,
8, 9-сыныптарға арналған қорландыру циклы
бойынша, мектеп алдындағы дайындау үшін
оқулықтар, сонымен қатар мына пәндер
бойынша электронды оқулықтар сатып алынды:
7, 11-сыныптардың параллеліне әр жинақталған
сыныпқа альтернативті оқулықтар, шетел
тілін ерте оқыту бойынша эксперимент
жұмыстарын жүргізу үшін ағылшын тілінің
оқулықтары, сонымен қатар көптілдік оқыту
бойынша оқулықтар. Өскемен қаласының
49 білім беру мекемелері үшін қатаң есептегі
құжаттар сатып алынды.
Екі мектепке физика кабинетін сатып
алуға 4,4 млн. теңге бағытталды. Қала мектептері
үшін компьютерлік техника жалпы сомасы
14,7 млн. теңгеге сатып алынды. 16 мекемеде
өртке қарсы дабылды орнатуға 17,7 млн. теңге
шығындалды.
Ақысыз тамақтандыруды
1970 аз қамтылған балалар алады, бұл өткен
жылдың деңгейінен 2 есе көп, барлығы тамақтандыруға
17 млн. теңге бағытталды. 223 жетім балаларға
3,6 млн. теңгеге киім және аяқ киім, 4,3 млн.
теңге сомасына 285 жетім бала үшін лагерьлерге
жолдамалар сатып алынды, 2007 жылдың бірінші
жартыжылдығында жалпы міндетті орта
білім беру қорының шығыстарының жиыны
24,9 млн. теңгені құрады.
Бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін
жасау мақсатында «Өскемен қаласының
ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі
оқытуға қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды
енгізу бойынша жұмыс атқаруда, оны ұстауға
12,3 млн. теңге бағытталды, соның ішінде
материалдық-техникалық жарақтандыруға
1,3 млн. теңге.
Мамыр-маусым
айларында әскерге дейінгі жастағы 547оқушы
қалалық қорғаныс-спорттық сауықтыру
лагерінде оқу-алаңдық жиынынан өтті,
бұл бағыттарға бюджеттен 4,4 млн. теңге
бөлінді.
Мектеп жанындағы лагерьлерде аз қамтылған отбасылардан 662 бала болды, тамақтандыруға 1,7 млн. теңге бағытталды.
Өткен жылы мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі салтанатты және мерекелік күндерге
53 мәдени және көрініс іс-шараларын жалпы
сомасы 23,7 млн. теңгеге өткізді, бұл 2006
жылдың тиісті мерзімінен 6 млн. теңгеге
көп.
Орталықтандырылған кітапханалық жүйе
бойынша кітапханалық қорды толықтыру
қамтамасыз етілді, мерзімді басылымдарға
жазылу жүргізілді, кітапханалық қызмет
көрсету жақсартылды. 7 кітапханада өрттік
дабыл орнатылды. 2 компьютер және көшіру
техникасы сатып алынды. Кітапханалар
бойынша жиыны жалпы сомасы 33,7 млн. теңге
қаржы пайдаланылды. Мемлекеттік және
Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін
қолдану және дамыту бойынша іс-шаралар
жүргізілді, оған 3,3 млн. теңге сомасында
қаржылар бағытталды.
2007 жылдың 6 айы ішінде денешынықтыру және спорт бөлімі 4 қала чемпионатын, 22 қала біріншілігін, 4 спартакиада, 3 біліктілік турнирін, 1 қала кубогын, қала алаңында 4 спорттық-көпшілік іс-шараларын өткізді, оларды өткізуге 2,7 млн. теңге бағытталды.
Есепті мерзімде Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің жүлдесі үшін 11-халық спортының
ойындарына қаланың құрама командасын
дайындауға және оларды қатыстыруға 6,4
млн. теңге бағытталды. Өскемен қаласының
құрама командасы ойындарда жалпы командалық
1 орын алды.
«Восток» футбол клубын
ұстауға 135,1 млн. теңге бағытталды, оның
ішінде облыстық бюджеттің трансферттері
97 млн. теңге.
Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі бойынша 2007 жылдың бірінші
жартыжылдығында жоспарда 1 млрд. 240,9 млн.
теңге, кассалық орындалуы 1 млрд. 203 млн.
теңгені құрады, игеру 96,9 %. Келесі іс-шаралар
өткізілді:
– Жеңіс даңғылының құрылысы, ІІІ кезектегі
Жеңіс даңғылының құрылысына жұмыс орнын
түзету және V кезектегі Жеңіс даңғылының
құрылысына жұмыс орнын жасау – 273,9 млн.
теңге;
– мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын
үйлеріне апаттық қызмет көрсету
және ұстау – 4,2 млн. теңге;
– сыртқы жарықтандыру желілерін ұстау
және ағымдағы жөндеу, көшедегі
жарықтандыру үшін электр қуаты үшін
төлем – 104,7 млн. теңге;
– қаңғыбас жануарларды аулау бойынша
бригаданы ұстау, көпшілік
дәретханаларын жөндеу, қалалық аумақты жинау бойынша жұмыстар және
түнгі уақытта қала аумағын санитарлық
ұстау – 64,2 млн. теңге;
– тексіздерді және қайтыс болғандардың
сұраусыз денелерін жерлеуге, қала
зираттарын ұстау және кезекші катафалкты
ұстау – 5,2 млн. теңге;
– қала көшелерінде жасыл көгалдарды
ұстау, орман парктік аумақты ұстау,
жаңа гүлзарларды орнату, көшеттер отырғызу, ішкі аулалық аумақтарды
көріктендіру және көгалдандыру жалпы
сомасы 89,9 млн. теңге;
– 26,6 млн. теңгеге тұрғын үйлердің аулаларында
83 контейнерлік алаңдар
салынды;
– жол қозғалысын реттеудің техникалық
құралдарына қызмет көрсету, жол
белгілерін, уақытша белгілерді орнату, жаяу жүргіншілер қоршауын қалпына
келтіру – 29,1 млн. теңге;
– қала көшелерін орташа жөндеу және қыста жолдарды ұстау жалпы сомасы
575,1 млн. теңге.
Өскемен қаласының құрылыс бөлімі есепті
мерзімде келесі іс-шараларды өткізді:
– жергілікті бюджет қаржысының есебінен
инженерлік желілерінің құрылысы 384,4 млн.
теңге сомасында;
– республикалық бюджеттің
мақсатты трансферттерінің есебінен ішкі
кварталдық инженерлік желілердің құрылысы
137,8 млн. теңге сомасында;
– Тәуелсіздік даңғылы бойынша Ворошилов
көшесі бойындағы № 185 және
№ 192 тұрғын үйлердің маңынан жылу камерасынан
Салық комитетінің ғимаратына дейін жылу
желісінің құрылысы – 1,9 млн. теңге;
– Самсоновка ауылының ауданындағы мұсылман
зиратының құрылысы – 23,4 млн.теңге;
– Аблакетка кентіндегі
су қорғаны құрылысын қайта
– Өскемен қаласындағы түбін тазалаумен
Комендатка өзенінің ағысын қалпына
келтіру бойынша кешенді жұмыстар 27 млн.
теңге;
– ЖМК-нан Ахмер ауылына дейін суөткізгіштің
екінші жібінің құрылысы – 3,8млн.теңге;
– «Жаңа Согра» МК-дағы жағалаулық су
қорғанын кеңейту 7,5 млн. Теңге
сомасына;
– Өнер мұражайы аумағындағы Тоқтаров
көшесі, 56 үйдің құрылысы –
16,4млн.теңге;
– Ново-Троицкое ауылындағы мектепке
қосымша ғимаратының құрылысы –
6,9млн.теңге.
Есепті
мерзімде құрылыс бөлімінің шығыстарының
жиыны 1 млрд. 004,5 млн. теңгені құрады, жоспарланғаны
1 млрд. 830,3 млн. теңге, пайдаланылмаған
қаржылардың қалдығы 825,8 млн. теңгені құрады,
оның ішінде 66 млн. теңге сомасындағы облыстық
трансферттер түскен жоқ.
Өткен мерзімде
қаржы бөлімі бизнесті дамыту аумағын
жасау бойынша ЖШС жарғылық капиталын
қалыптау және ұлғайтуға бөлінген қаржыларды
аударды. «Өскемен-тәртіп» ЖШС жарғылық
капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар.
«Өскемен-Водоканал» МКК жарғылық капиталына
қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар.
Жиыны 273,6 млн. теңге сомасына, оның ішінде
облыстық бюджеттің трансферттері 237 млн.
теңге.
2007 жылға арналған
қала бюджетінде атқарушы органның резерві
жалпы сомасы 27,2 млн. теңге сомасында бекітілді,
Өскемен қаласы әкімдігінің қаулылары
бойынша бірінші жартыжылдықта 7,1 млн.
теңгесі бөлінді, оның ішінде жедел шығыстарға
– 6,9 млн. теңге, сот шешімдері бойынша
– 0,2 млн. теңге.
2007 жылдың
1 шілдесіне кредиторлық қарыз жоқ.
Дебиторлық қарыз 589 млн. теңге сомасында аванстық
төлемдер есебінен құралды.
Өскемен
қаласындағы ипотекалық тұрғын үй құрылысына
2005 жылғы республикалық несиенің екінші
траншын өтеу бойынша жұмыс жағдайы туралы
келесіні хабарлаймын. 2005 жылғы 28 сәуірдегі
№ 2 несиелік шартқа 2006 жылғы 27 желтоқсандағы
қосымша келісімге сәйкес екінші траншты
қайтару мерзімі 1 млрд. 399 млн. 170 мың теңге
сомасында 2007 жылдың 1 желтоқсанына белгіленген.
2007 жылдың 15 шілдесіне Өскемен қаласының
бюджетіне азаматтарға пәтерлерді сатудан
түскен қаржыларды қайтару бойынша қарыз
122,9 млн. теңгені құрайды. Күтілетін болжамдар
бойынша 2007 жылдың 1 желтоқсанында республикалық
несиені қайтару қамтамасыз етіледі.
2.2 Қазақстан Руспубликасының мемлекеттік қарызын
талдау
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар — нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қарызд
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Жергілікті
атқарушы органдарының
2. Несие капиталының нарықтары бойынша:
Сыртқы мемлекеттік қарыздар;
Ішкі мемлекеттік қарыздар.
3. Қарыз алу нысаны бойынша:
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; қарыз шарттарын
(келісімдерін) жасасу болып бөлінеді.
4. Қолданылу мерзімі
бойынша мемлекеттік
Айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
Айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
Айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Сыртқы экономикалық қолайлы конъюктура, ішкі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен орта мерзімді экономикалық стратегия шараларын жүзеге асыру 2003-2007 жылдары ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтап қалды. ЖІӨ көлемі 2007 жылдың 01 қаңтарында жедел деректер бойынша ағымдағы бағалармен 9 738,8 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда 10,6% болды. ЖІӨ 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда нақты көрсеткішпен 80,6% ұлғайды жəне қолайлы жағдайлар болған жағдайда ЖІӨ екі еселеу міндетіне 2008 жылдың өзінде-ақ қол жеткізуге болады.
1990-жылдардың басында
Қазақстан экономикасын
Республиканың жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) өсуі тез қарқынмен жалғасып отыр жəне 2007 жылдың екінші тоқсанының аяғында тоқсан ішінде 10,1 млрд. долл. ұлғая отырып, 92 млрд. АҚШ долл. (бұдан əрі – долл.) астам болды. 2.11-суретте ЖСҚ динамикасы Қазақстан экономикасының секторлары бойынша бөлініп көрсетілген. 1-суретте көрсетілгендей, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «Басқа секторлардың» сыртқы міндеттемелері көлемінің «Банктер» секторының (екінші деңгейдегі банктер жəне «Қазақстан Даму Банкі» АҚ кіретін) көлемінен тұтастай алғанда асып түсуі болды». Егер «Мемлекеттік басқару» секторы бойынша (ҚР Үкіметі) 2005 жылдың аяғынан бері сыртқы қарыздың деңгейі 1,5 млрд. долл. жуық болса, онда «Ақша-кредиттік реттеу органдары» секторы бойынша (ҚР Ұлттық Банкі) 3,1 млрд. долл. дейін өсу болды.
Сурет 2. ҚР-ның секторлар бойынша жалпы сыртқы
қарызының серпіні, млн.долл.
1-кесте – 2003-2007 жылдардағы ҚР-ның жалпы сыртқы қарызының серпіні
Көрсеткіштері |
4 тоқ. 2003 |
4 тоқ. 2004 |
4 тоқ. 2005 |
4 тоқ. 2006 |
1 тоқ. 2007 |
2 тоқ. 2007 |
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз |
3 622,6 |
3 132,9 |
2 175,0 |
3 124,6 |
4 122,9 |
5 098,3 |
Қарыздың жалпы сомасындағы үлесі, %-бен |
15,8 |
9,6 |
5,0 |
4,2 |
5,0 |
5,5 |
Мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарыз |
19297,6 |
29580,3 |
41253,5 |
70898,1 |
77812,5 |
86977,1 |
Қарыздың жалпы сомасындағы үлесі, %-бен |
84,2 |
90,4 |
95,0 |
95,8 |
95,0 |
94,5 |
Қортындысы: |
22920,2 |
32 713,2 |
43 428,5 |
74 022,7 |
81 935,4 |
92 075,5 |
Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген |