Мемлекеттік қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік қаржының қажеттілігін және қызметін ашып, мұндағы қаржының мазмұнымен және оның міндеттемелерімен қарастырамыз. Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..............5
1.1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері......................................5
1.2 Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы........................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТіК ҚАРЖЫСЫН
ТАЛДАУ........................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының бюджетін талдау............................................
2.2 Қазақстан Руспубликасының мемлекеттік қарызын
талдау..............................................................................................................
3 ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................

Файлы: 1 файл

мемл каржы курсовая.doc

— 312.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттік табыстардың  қайнар көзі – ұлттық табыс, ал қаржы  ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің  барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттік  шығындар мемлекеттің барлық қаржылық ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік табыстарды жіктеу олардың экономикалық табиғатын, құрылу қағидаларын, яғни мемлекеттік табыстардың барлық жүйесін түсінуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік шығындар мемлекеттің  жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындарын көрсетеді. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоғамдық өндірісті толық жетілдіру және дамыту мақсатында жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлу, қайта бөлу және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

«Шығындардың» екі мағыналы түсінігі бар:

    1. Ақша қаражаттарын мақсатты бағытта қолдану, яғни оларды айырбастау үрдісінде жұмсау. Бұл жағдайда шығындар құрамына: түпкі табыс есебінен жүргізілетін өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың шығындары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім қорға бөлінеді: өтеу қоры, жинақтау қоры, тұтыну қоры.
    2. Айырбастау үрдісінде қаражаттардың нақты шығындауына қаржылар негізінде құраладын бөлу сипатындағы шығындарды ажырата білу керек: мақсатты бағытта жалпы мемлекеттік қорларды пайдалану және кәсіпорын қорларын бөлу; ақша шығындары барлық шаруашылық субъектілерінің түпкі табыстарын құру негізі болып табылады.

Мемлекеттік шығындардың  құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік  бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес салардағы мекемелердің шығындар кіреді.

Мемлекеттік сектор кәсіпорындардың  шығындарының құрамына мыналар кіреді:

    1. өндірістік, шаруашылық эксплуатациялық қызметпен байланысты шығындар;
    2. ұдайы өндіріске (негізгі және айналым қорлары) ;
    3. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдер;
    4. ынталандыру және қолдау (мадақтау) қоры.

Мемлекеттік шығындардың  ролі оның басым бөлігі елдің тұрғындарын  қоғамдық өніммен, игілікпен және қызметпен  қамтамасыз етуге немесе өндіруге бағытталғандығымен анықталады. Әлеуметтік – мәдени мақсаттарға, қорғаныс, құқықтық тәптіпті сақтау, бақылау, мемлекеттік инфрақұрылымдық кәсіпорындар мен ұйымдардың өніміне және қызметіне шығындар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен қатар, экономиканың мемлекеттік және нарықтық секторлары жағынан тауарлармен және қызметтермен қаматамсыз етеді.

Мемлекеттік шығындардың  жеке түрлері экономикалық мазмұны  мен мәні жағынан біркелкі емес. Мұнымен шығындардың қайнар көздеріндегі нысандары және қаржыландыру әдістеріндегі айырмашылықтары көрсетіледі.

Мемлекеттік шығындарды айыруда басты белгі олардың  материалдық өндіріс үдерісіне  қатынасы және ұлттық кірістің құрылуы  болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік  шығындар экономикалық мәні бойынша негізгі 3 топқа бөлінеді:

    1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік салаға қатысты шығындар;
    2. іс - әрекеттің өндірістік емес саласындағы шығындар;
    3. мемлекеттік қорлар құруға жұмсалатын шығындар.

 

 

1.2 Қазақстанның мемлекеттік  қаржысының құрамы

 

 

Қазақстан Республикасы жиынтығында мемлекеттік қаржыны құрайтын, бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:

Сурет 1. Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі

 

  • республикалық қаржы;
  • облыстық қаржы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржысы;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржысы.

Қазақстанда төтенше  немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік қаржының әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

1991 жылы Қазақстан Рсспубликасының қаржы жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік қаржысы, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік қаржысы сияқты, КСРО-ның мемлекеттік қаржысына кірді, онда ел аумағының барлық қаржылары, соның ішінде ауылдық және аудандық қаржылар да қамтылып көрсетілді. Ол одақтық қаржыдан, 15 одақтас республиканың мемлекеттік қаржыларынан және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қаржыларынан тұрды. Одақтық қаржыға 1970-1990 жж. мемлекеттік қаржы ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық қаржыларының және 15% жергілікті қаржылардың қарамағында болды.

Қаржы кодексіне сәйкес, мемлекеттiк қаржы – араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi қаржыларды бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық қаржы.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) қаржылар кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қаржысының басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

Республикалық қаржы – салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті қаржы – облыстық қаржы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi.

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi қаржылар бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады: республикалық қаржы; облыстық қаржы, республикалық маңызы бар қала, астана қаржысы; аудан (облыстық маңызы бар қала) қаржысы. Қазақстан Республикасында Қаржы кодексінде белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттiк қаржы әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.

 Қаржы кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысшты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс қаржысы, республикалық маңызы бар қала, астана қаржысы болып табылады.

Қаржы кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысшты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) қаржысы болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттiк қаржы республикалық және жергiлiктi қаржылардың негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.

Төтенше мемлекеттiк қаржыны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi.

Қазақстан Республикасының  бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу және оның күшiн  жою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы төтенше мемлекеттiк қаржыны енгiзуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады.

Төтенше мемлекеттiк қаржының қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.

Төтенше мемлекеттiк қаржының қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi қаржылар туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Төтенше мемлекеттiк қаржы төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттiк қаржының қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi қаржылардың атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi қаржылар туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  жекелеген жерлерiнде төтенше  жағдай енгiзiлген ретте төтенше  мемлекеттiк қаржы енгiзiлмейдi.

Қазақстан Республикасының бiрнеше аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгiзу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттiк қаржы енгiзуге негiз бола алады.

Бiрыңғай қаржылық сыныптама қаржы түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай қаржылық сыныптама қаржы жүйесiнiң барлық деңгейдегi қаржылар көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi. Бюджет процесi бiрыңғай қаржылық сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.

Бiрыңғай қаржылық сыныптама қаржылардың барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде әзiрленедi. Бiрыңғай қаржылық сыныптаманы қаржылық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

Бiрыңғай қаржылық сыныптаманың құрамы:

1) қаржы түсiмдерiнiң сыныптамасын;

2) қаржы шығыстарының функционалдық сыныптамасын;

3) қаржы шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

Қаржы тусімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер қаржыларының түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Қаржы түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады. Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.

Қаржы шығыстарының функциялық сыныптамасы мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша қаржылық қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi қаржылар шығыстарының топтамасы болып табылады.

      Қаржы шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:     

 функционалдық топтардан;  

     функционалдық  iшкі топтардан;     

 қаржылық бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;

қаржылық бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.

Функционалдық топ - қаржы шығыстарын салалық белгiлер мен функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру. Функционалдық iшкi топ қаржы қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды.

Қаржы шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын қаржы шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.

Қаржылық бағдарлама – қаржылық мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шығыстары. Оның мақсаты қаржылық бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Қаржылық бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс.

Экономикалық нәтижелерге  байланысты қаржылық бағдарламалар былайша ажыратылады:

Ағымдағы қаржылық бағдарламалар, олар тұрақты сипаты бар немесе дамудың қаржылық бағдарламаларына жатпайтын бiржолғы шаралар өткiзудi көздейтін заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;

дамудың бюджеттiк бағдарламалары, олар қаржылық инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталады.

Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай қаржылық бағдарламалар республикалық бюджетте бектілетін республикалық және жергілікті қаржылық бағдарламаларға бөлінеді.

Iске асыру тәсiлiне  байланысты қаржылық бағдарламалар: 
      1) бiр әкiмші iске асыратын жеке қаржы бағдарламалары; 
      2) қаржылық бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және қаржылық бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн қаржылық бағдарламалар болып бөлiнедi.

Қаржылық бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау үш сатыда – қаржы жобасын әзiрлеу кезiнде, қаржының атқарылуы кезiнде; қаржының атқарылуын бақылау кезiнде жүзеге асырылады.

Информация о работе Мемлекеттік қаржы