Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа
Мемлекеттік қаржының қажеттілігін және қызметін ашып, мұндағы қаржының мазмұнымен және оның міндеттемелерімен қарастырамыз. Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..............5
1.1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері......................................5
1.2 Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТіК ҚАРЖЫСЫН
ТАЛДАУ........................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының бюджетін талдау............................................
2.2 Қазақстан Руспубликасының мемлекеттік қарызын
талдау..............................................................................................................
3 ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................
Кепілдік берілмеген қарыз бөлігінің артуына (2-сурет), ең алдымен, мұнай мен газды барлау, өндіру, қайта өңдеу мен тасымалдау жөніндегі ірі жобаларды қаржыландыру себепші болды.
Сырттан қарыз алу көлемінің айтарлықтай өсуінен елдік орта-ұзақ мерзімді болашақтағы төлем қабылеттілік индикаторлары ретінде дəстүрлі қаралатын сыртқы қарыздың салыстырмалы өлшемдері нашарлады. Атап айтқанда, ЖСҚ-ның ЖІӨ-ге соңғы жылдары жеткілікті дəрежеде жоғары болып, 2006 жылдың аяғында 91% асқан қатынасы, 2007 жылдың 2 тоқ. аяғында 101,1% болды. ЖСҚ-ның тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортына қатынасы да ұлғайды жəне 2006 жылғы 178,1 салыстырғанда 198,4 % болды.
Тұтастай алғанда елдің борыштық құралдардағы сыртқы активтері 69,7 млрд. долл. бағаланды жəне осылайша елдің таза сыртқы қарызы 30.06.07 жылы 22,4 млрд. долл. құрады (31.03.07 ж. 20,1 млрд. долл.).
Мемлекеттік бюджет үшін сыртқы қарыздың шамадан тыс өсуінің қолайсыз салдарлары негізінен оның өтеу кезеңімен байланысты. Ағымдағы бюджеттік кезең үшін жаңа қарыздар, керісінше, салық және басқа әдеттегі кіріс көздеріне түсетін жүктемені азайту мүмкіндігін дәмелендіреді, бюджеттік үдерістің барлық кезеңдерінде икемдірек оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сол уақытта сыртқы қарыз жөніндегі төлемдер кестесі қолайсыз болуы мүмкін. Кез келген жағдайда өзара іс-қимылдың дәрежесі мен салдарлары негізінен жинақталған сыртқы қарыздың салыстырмалы шамасына байланысты.
Қазіргі қалыптасқан дағдарыс жағдайында еліміздің экономикалық және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, өндірістің нақты салаларын жандандыру мақсатында ауқымды шаралар қолға алынды. Осыған байланысты бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын, нақты мақсаттарға жетуін барынша қатаң бақылау қажеттігі күн тәртібіне ерекше қойылған. Жалпы, бюджет қаржысының жұмсалуына бақылау жасаудың ел экономикасын тұрақтандырудағы рөлін ешбір төмендетуге болмайды.
2009 жылы 12 наурызда Индустрия
және сауда министрлігінде «
Тұтасымен ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсатта 2,7 триллион теңгеден артық қаржы бөлінді. Елбасы халық алдында мемлекет міндеттерін сақтауға ерекше көңіл бөлді, бұлар: әлеуметтік төлемдер, бюджеттегілерге еңбекақы төлеу. Экономиканы әрі қарай жаңғыртудың және елдің дағдарыстан кейін дамуын қамтамасыз ету үшін еңбекпен қамтамасыз ету стратегиясын іске асырудың жаңа жоспары ұсынылды. Осы мақсаттарға 2009-2010 жылдарға Ұлттық қордан 600 млрд. теңге бөлінеді. Параллель түрде бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу мен қатаң қаржы тәртібі жүргізілетін болады.
Елбасының пікірінше өңірлік жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлау стратегиясы шегінде Үкіметтің негізгі басым әрекеті мыналар болуы керек:
1. Коммуналдық желілерді қайта құру және жаңғырту. Бұлар - сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамсыз ету, энергетика және канализация нысандары мен желілері. Яғни тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты тәртіпке келтіру.
2. Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта құру және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде мектеп пен ауруханаларды жаңарту.
3. Әр нақты тұрғылықты тармақта жергілікті мәндегі нысандарды салу. Бұл абаттандыру мен көгалдандыру, жолдар, клубтар мен жергілікті биліктердің қарауы бойынша өзге нысандарды жөндеу.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру.
Өздеріңіз көріп отырғандай, қойылған мақсаттардың әрбірі халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кадрларды қайта оқыту мен қайта даярлау бойынша толық көлемді жұмыстарға бағытталған.
Елбасымен экономиканы әрі қарай жаңғырту мен базалық инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлінді. Әлемдік дағдарысқа қарамастан қолданыстағы перспективалы инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жалғасын табатын болады. Осы әр басым бағыт бойынша нақты бағыттар мен міндеттер белгіленген.
Өздеріңіз білесіздер, үстіміздегі жылдың қаңтар айында өндіріс көлемдерінің қысқаруы байқалды, өнеркәсіпте - 1,8 %, құрылыста - 17,3 %. Бұдан басқа бизнестің іскерлік белсенділігінің төмендеуін байқаймыз. Біздің министрлікке, өзге де мемлекеттік органдарға сияқты бірнеше белгісіз міндеттерді дағдарыс жағдайында қабылдау, шұғыл, сондай-ақ дұрыс шешімдер қабылдауға тура келеді.
Елбасының Жолдауын іске асыруға Үкіметпен қосымша жұмыс орындарын құру, кадрларды даярлау және қайта даярлау, іскерлік белсенділікті дамыту арқылы еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды, сәйкес оған егжей-тегжей іс-шаралар жоспарын қамтитын «Жол картасы» әзірленді. Ол 60-тармақтан тұрады, олардың ішінде 21 тармақ бойынша Индустрия және сауда министрлігі негізгі орындаушы немесе қосарлы атқарушы болып табылады. Министрлік негізгі орындаушы болып табылатын іс-шараларға тоқталып кеткім келеді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес Министрлік:
- «Жол картасын» іске асыру үшін отандық өндірушілерден сатып алудың жиынтық жоспары және отандық өндірісті дамыту бойынша іс-шаралар жоспары қалыптастырады;
- өңірлер шегінде Жол картасы шегінде жұмыстарды іске асыру үшін отандық өндірушілердің, әлеуетті жеткізушілердің картасы әзірленеді және отандық өндірушілерден сатып алулардың жиынтық жоспары мен отандық өндірісті дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды;
- өңірлер, бағыттар мен нақты жобалар шегінде Жол картасы шегінде жобаларды іске асыру үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер қажеттігі жинақталды және өндірісі Қазақстанда жоқ немесе Жол картасының бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде дамымаған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер анықтады;
- ауыл халқын микронесиелеуді ұйымдастыру бойынша жаңа тетік жасалды.
Бұдан басқа Министрлік «еңбекпен қамту картасын» әзірлеуге және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалық етуімен еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия шегінде еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға қатысатын болады. Сондай-ақ біздер тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта құру және дамыту бойынша міндеттерді (сумен қамтамасыз ету және канализация, жылумен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету) шешуге елеулі үлес қосатын боламыз.
Тұтасымен Индустрия және сауда министрлігі, Министр тұлғасында, Елбасы өз Жолдауында атап кеткендей жоғарыда аталған 5 маңызды іс-шараны іске асыруға жеке жауапты және 16 кемі маңызды іс-шараларды іске асыруға қатысатын болады. Бізден жаңа және бұрын басталған міндеттерді нақты және жылдам орындау талап етіледі.
Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Үкімет қаулысының келіп түсуіне қарай бір күндік мерзім ішінде Министрлікте Жоспар тармақтарына жауапты құрылымдық бөлімшелерді бекітуді қамтамасыз ету керек. Министрдің орынбасарлары министрлікке бекітілген іс-шаралар жоспарының тармақтарын уақтылы және тиімді іске асыруға жеке жауапты болады. Республика бюджетіне 2009-2011 жылдарға арналған өзгерістерді есепке алып Министрлікті дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға өзгерістер енгізу бойынша жұмысты жылдамдату керек.
Мемлекеттік қаржының құрамына: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саланы басқару деңгейіне байланысты жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады:
2. Мемлекеттік қарыз,
бюджет және салықпен қатар,
ең маңызды экономикалық санат
болып есептеледі. Ол жүргізілетін
қаржы саясаты арнасында
3. Қазақстан, халықаралық рейтінгілік агенттіктердің бағалауы бойынша, қазіргі кезде халықаралық қаржы институттары үшін сенімді және тартымды қарыз алушы болып табылады. Мұнда елдің қаржы нарығындағы ресурстардың артылып қалуы мемлекеттік қарыз алу саясатын сыртқы нарықтардан ішкі нарықтарға қайта бағдарлау қажеттілігін мәжбүр етеді. Тіпті пайдасы аздау жағдайда да мұндай саясат ең қолайлы көрінеді. Біріншіден, бұл елдің қаржы нарығындағы өтімді құралдарының өткір тапшылық проблемасын төмендетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, қарызды өтеуге бағытталған бюджет қаражаты, Қазақстанда қалатын болады да елдің экономикасына жұмыс істейтін болады.
4. Сыртқы берешектің
едәуір айтарлықтай, сонымен
5. Біздің елімізде, Қазақстан
Республикасы, бір жағынан,
6. Мемлекеттік және кепілдік берілген мемлекеттік қарызды тікелей басқару және елдің жеке меншік қарызының құрылымын қалыптастыруды жанама басқаруды жүзеге асыру үшін арнайы органды құруды ұсынамыз. Мұндай органның қажеттілігі сырттан қарыз алуды тікелей шектей шын мәнінде мүмкін болмайтынымен шартталған. Мұндай шектеуге жанама әсер ететін айқын саясатты дайындау қажет. Мұның қажеттілігі, мемлекет жеке меншік сектордың қарыз алуды жүзеге асыруын бақылауға тиістігімен шарттастырылған. Мұндай қарыз алулар берілген Агенттікті бұл жөнінде хабардар еткеннен кейін, сондай-ақ сырттан қарыз алуды резервтік талаптар мөлшерлемесін есептеу базасына енгізу арқылы жүзеге асырылуға тиіс деп санаймыз.
7. Мемлекет, қарыз алуды
мемлекет немесе жеке
Қазақстанның халықаралық
қаржы ұйымдарымен қарым-
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»-Алматы. «Экономика» 2000ж. 98-119 бб.
2. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Жетісу №26, 2006 жыл 4 наурыз, 1-2 бб.
3. Ілиясов Н.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы»- Алматы: 2005, 208-211 бб.
4. Ілиясов Ң.Қ., Нұрлыбаев С. «Қаржы» Алматы 2005 ж.
5. Қарымсақов М. Банктің несиелік саясаты. //Основы экономики преподования в школе, колледже, ВУЗе. 2005ж. №2. 30-32 бб.