Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа
Мемлекеттік қаржының қажеттілігін және қызметін ашып, мұндағы қаржының мазмұнымен және оның міндеттемелерімен қарастырамыз. Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..............5
1.1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері......................................5
1.2 Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТіК ҚАРЖЫСЫН
ТАЛДАУ........................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының бюджетін талдау............................................
2.2 Қазақстан Руспубликасының мемлекеттік қарызын
талдау..............................................................................................................
3 ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................
Жоғарғы және төменгі қаржылардың бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы процесінде жоғарғы және төменгі қаржы арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды қаржылар деңгейлері арасыңда бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана қаржысының басқа осындай қаржылармен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) қаржыларының бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, қаржылар деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.
Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жөне аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) қаржы процесіне араласуына жол берілмейді.
Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін қаржының бір деңгейінен екіншісіне беру қаржы кодексіне өзгертулер енгізгенде ғана жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар, астана қар
2) түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:
Төменгі қаржыларға тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
Мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық жөне салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
Қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы өркелкі орналастырылатын салықтар қаржы жүйесінің неғүрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі;
Салық жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін қаржы деңгейіне артықшылық беріледі;
Нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті қаржыларға бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің қаржылық қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеггік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет
көрсетуде ұсынудың барынша
6) мемлекеттік қызмет
көрсету деңгейін оны
7) қаржының әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық жөне облыстық қаржы, республикалық маңызы бар қала, - астана қаржысының арасында:
- ресми трансферттермен;
- қаржылық кредиттермен;
2) облыстық және аудандық
(облыстық маңызы бар қалалар)
ресми трансферттермен;
- қаржылық кредиттермен;
- кірістерді болу нормативтерімен реттеледі.
Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналғын нысаналы трансферттер болып бөлінеді.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде қаржылар деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлуеті, аймақтардың объективтік қаржылық қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бектілген заттай нормалар ескеріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн ішінде міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Бюджетаралық реттеу – теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне қаржылық субвенциялар, қаржылық алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.
Бюджеттік алынымдар – заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі қаржылардың жоғарғы қаржыларға беретін ресми трансферттері.
Субвенцияяар – төменгі қаржылардың жоғарғы қаржылардан заңнамалық актілермен жөне маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми транферттері.
Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген жөне реттеуші болып бөлінеді.
Бекітіп берілген кірістер – бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір қаржыға берілетін қаржы қаражаттары.
Реттеуші кірістер – жоғарғы қаржыдан төменгі қаржыға нығайту үшін бағытталатын қаражаттар.
Бекітіп берілген жөне ретттеуші кірістердің тізбесі қаржы заңнамасында белгіленеді.
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық қаржылардың нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы қаржылардың төменгі деңгейдің қаржыларын орталықтандырылған нығайту негізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар "тағдырды шешушіге" айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл жағдаятта биліктің жергілікті органдарының құқықтарын кеңейту қажет, ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек:
1) негізгі рөлді ойнайтын салықтар:
а) тура салықтар: мүлік, жер салықтары, көлік құралдарына салынатын салық;
ә) жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік тұтынатын тауарларға салынатын акциздер;
2) жергілікті органдардың
аумақтарында жиналатын
3) басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, салықтық емес кірістер (жерді жалға беру және сату; орман массивтерін жалға беру; басқадай түсімдер).
Жергілікті қаржыларға салықтық және салықтық емес кірістер 85-70% құрайды. Рыноктың қалыптасуы кезеңіндегі қаржылардың негізгі проблемалары мыналар:
1. Төленбеген төлемдер. Бұл проблема мыналардан шығатын айналым қаражаттарының жетіспсушілігі салаларынан пайда болады:
еркін баға белгіленімін белгілеуден;
кәсіпорындардың өзара коммерциялық кредиттер беруінің тоқтатылуынан;
төлем және есеп айырысу кредиттерінің күшін жоюынан;
өндіріс тиімсіздігінен.
Төленбеген төлемдердің проблемасы мұндаға дейін қосымша төлем қаражаттарын шығару арқылы шешіліп келді.
2. Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептерден пайда болады:
1) ақша қаражатының тапшылығы;
2) ақша қаражаттарын
айналымға коммерциялық құрылым
3) әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының болуы;
4) қаржылар жоспарланған деңгейдегі қаражаттарды ала алмайды.
3. Заң бойынша тиісті міндетгі төлемдері жұмылдыруға бейімсіз салық жүйесінің кемшіліктері. Бұл салық төлеуден жалтарынуға "ілік" беретін салық заңнамасының жетілдірілмегендігімен, салық механизмінің салық төлеушілер үшін күрделілігімен, ондағы түзетулердің, толықтырулардың көптігімен, салық службасы деңгейінің төмендігімен байланысты.
4. Орталық пен жергілікті жерлердің арасында айқын өкілеттіктің жоғы. Бұл бюджетаралық қатынастардың негізгі белгілі бір идеяға құрылуы үшін қажет: елге мемлекеттің тіршілік әрекетінің басты бағыттарын: энергетиканы, көлікті, қорғанысты, стратегиялық ресурстарды пайдалануды өзіне ала алатын қуатты орталық қажет. Басқа қалғандардьщ барлығын жергілікті биліктер орындауы тиіс.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚАРЖЫСЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджетін талдау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің көздерін реттеуші болып табылатын, олар бойынша аударылған қаржы кезекті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттің табысына түсіп отыратын жалпы мемлекеттік салық және алым мен жергілікті бюджеттің табыс көзі болып табылатын жергілікті салық пен алымдар қолданылады.
2007 жылдың 6 айы ішінде
қалалық бюджеттің нақты
2007 жылдың 1 шілдесіне мерзімінде төленбеген салықтар
сомасы 44,9 млн. теңгені құрады, есепті
мерзімде 4,4 млн. теңгеге төмендеді.
Жоғары тұрған бюджеттерден жалпы сомасы
1 млрд. 745,9 млн. теңге болатын мақсатты
трансферттер түсті.
Ипотекалық тұрғын үй құрылысына жоспарланған несиелер 514 млн. теңге сомасында түсті.
Салық комитетінің салық төлеушілермен жүргізген сапалы және қарқынды жұмысының нәтижесінде 2007 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қала бюджетін 384,6 млн. теңге сомасына жоспардан тыс кірістер түсімінің есебінен, 46,9 млн. теңге сомасына қаржылық активтерді сатудан түскен түсімдер есебінен өсіру мүмкін болды.
Жалпы сомасы 431,5 млн. теңге болатын қосымша
қаржылар ерекше маңызды міндеттерді
шешуге бағытталды, соның ішінде:
– жолдарды орташа жөндеуге – 221,6 млн.
теңге;
– мәдениет нысандарын дамыту, Өнер мұражайы
аумағындағы Тоқтаров, 56
көшесіндегі үйдің құрылысы – 51,0 млн.
теңге;
– Жеңіс даңғылының құрылысына – 42,1 млн.
теңге;
– қаланы көріктендіру және көгалдандыруға
– 30,9 млн. теңге;
– сыртқы жарықтандыру желілерін жөндеуге
– 28,5 млн. теңге;
– 19 тұрғын ауданының жекелей жоспарлау
жобасын жасауға – 26,8 млн. теңге;
– жол белгілерін жөндеуге және орнатуға
және жаяу жүргіншілер жүретін
жерлердегі қоршауды қалпына келтіру
– 25,2 млн. теңге;
– гараж кооперативтерін топографикалық
суретке түсіру – 2,2 млн. теңге;
– белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды
әлеуметтік бейімдеу Орталығы
ғимаратының төбесін жөндеуге – 1,7 млн.
теңге;
– мемлекеттік басқару органдарына –
1,5 млн. теңге.
2007 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджеттің
шығыс бөлігі 84,1 % орындалды. Жоспарланғаны
5 млрд. 820,5 млн. теңге, кассалық орындалуы
4 млрд. 896,4 млн. теңгені құрады. Игерілмеген
бюджеттік қаржылардың сомасы 924,2 млн.
теңгені құрады, оның ішінде жалпы сомасы
68,6 млн. теңге болатын жоғары тұрған бюджеттен
жоспарланған мақсатты трансферттер түскен
жоқ.
Есепті кезеңде
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі 853 адамды қоғамдық жұмыстарға
жіберді, кәсіби дайындықты және қайта
дайындауды 364 адам алды, жастар тәжірибесі
бойынша 53 адам жұмысқа орналастырылды,
әлеуметтік жұмыс орындарына 78 адам жіберілді.
Жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша
шығыстардың жиыны 28,6 млн. теңгені құрады.
Мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмекпен 190 жанұя 3,2
млн. теңге сомасына қамтамасыз етілді.
Республикалық бюджеттің трансферттері
есебінен телефонға абоненттік төлем
бойынша өтемақыны 270 мың теңге сомасына
753 адам алды.
Тұрғын
үй жәрдемақысы 1055 жанұяға 6,4 млн. теңге
сомасында төленді.
Аз қамтылған 593 азамат 4,4 млн. теңге сомасына
біржолғы көмек алды. Көзі нашар көретін
1 және 2 топ мүгедектерінің жол жүруіне
1,4 млн. теңге сомасына шығыстар қайтарылды.
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 134
мүгедек балаларға 6,2 млн. теңге сомасына
материалдық көмек төленді.
18 жасқа дейінгі балалары бар 303 жанұяға
мемлекеттік, оның ішінде 130 жанұяға 1 млн.
теңге сомасында республикалық бюджеттің
трансферттері есебінен және 173 жанұяға
1,3 млн. теңге сомасында жергілікті бюджет
қаржыларының есебінен жәрдемақы төленді.
Тазалық құралдарын
қажет ететін мүгедектер үшін 3,8 млн. теңгеге
тазалық құралдары сатып алынды және жалпы
сомасы 2,6 млн. теңгеге мүгедектерді оңалтудың
жекелеген бағдарламасына сәйкес ым тілінің
мамандарына және жеке көмекшілерге жалақы
төленді.
«Үлбі» халыққа әлеуметтік
қызмет көрсету қалалық аймақтық орталығында
күнделікті 954 жалғыз зейнеткерлерге және
162 мүмкіншіліктері шектеулі мүгедек балаларға
көмек көрсетілді, дағдарыстық бөлімшеде
16 әйел көмек алды. Орталықтың күндізгі
бөлімінде әлеуметтік оңалтуды, медициналық
және басқа да көмекті 390 мүгедек және
зейнеткер алды. 6 ай ішінде орталықтың
шығынының жиыны 27,9 млн. теңгені құрады.
Белгілі тұрғылықты
жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу
орталығында 327 адам оңалтудан өтті, оның
ішінде: Д/И 14 адам жіберілді; 32 адам туыстарына
жіберілді; 61 адам жұмысқа орналастырылды;
64 адамның жеке басының куәліктері қайта
қалпына келтірілді; 327 адам емделді, 16
адам мүгедектікке ресімделді; 15 зейнетақы,
16 әлеуметтік жәрдемақы ресімделді.