Жазаның түрлері жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:23, реферат

Краткое описание

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:

Оглавление

І. Кіріспе
Жаза жүйесі. Түсінігі және мәні.............................................................................3-4

ІІ. Негізгі бөлім
1. Айыппұл.................................................................................................................4-6
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту....................................................................................6
3. Түзеу жұмыстары....................................................................................................6-7
4. Әскери қызмет бойынша шектеу..........................................................................7-8
5. Бас бостандығынан шектеу.......................................................................................8
6. Қамау........................................................................................................................8-9
7. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау........................................................................9-10
8. Мүлікті тәркілеу..................................................................................................10-11
9. Бас бостандығынан айыру.................................................................................11-13
10. Өлім жазасы. ......................................................................................................13-14

ІІІ. Қорытынды ..........................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер ................................

Файлы: 1 файл

Жаза 4.doc

— 204.50 Кб (Скачать)

        Қылмыстық кодекстің 48-бабының тараптарына сәйкес бас бостандығынан айырылмағандарға жаза өтеу тәртібі төмендегіше белгіленген:

а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – колония- қоныстарға (яғни,  қоныс   колониясында жаза өтеу үшін жаза Қылмыстық кодекс бойынша  адам біріншіден, абайсызда қылмыс істеуі керек,  екіншіден, сол абайсызда істеген қылмысы үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптың санкциясы бойынша жеті жылдан аспайтын бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы керек. Бұл жерде адамның бұрынғы сотталғандығы есепке алынбайды);

б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстары үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жалпы режимдегі түзеу колонияларын: 1)істеген қылмыс қасақана қылмыс болса,  оны сотталған   бірінші рет істеуі; 2) бұл істеген қасақана қылмыс кішігірім ауырлығы орта және ауыр қылмыс санатына жатуы керек;

3) абайсызда жасаған қылмыстары үшін 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға  сотталған адамдар болуы керек);

в)аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан тұңғыш рет сотталған адамдарға,  сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге – қатаң режимдегі түзеу  колонияларына жіберіледі.

г)қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде,  сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар – ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.

        Аса ауыр қылмысы жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан  айыруға сотталған  адамдарға,     сондай-ақ қылмыстардың   қауіпті қайталануы кезінде жаңа мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылға аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.

        Заң жазаның қайсы бөлігін түрмеде өткізуді көрсетпеген. Бұл мәселе үкім шығарған сот арқылы ісінің нақты жағдайларына қарай шешіледі.  Үкіммен тағайындалған түзеу мекеменің нысанын өзгертуді Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару заңдары белгілейді.

 

Өлім жазасы

         Өлім жазасы – жазаның ең ауыр ерекше түрі болып табылады.

         Өлім  жазасы – ату  жазасы  адамның өміріне қол сұғатын ерекше  ауыр  қылмыстар  үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайларында, мемелекеттік сатқындық, бейбітшілікке  және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше а уыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.

         Қылмыстық кодекстің 49 – бабына сәйкес өлім жазасы – ату мына төмендегідей қылмыстарды істеген үшін қолданылуы мүмкін: ауырлататын жағдайда адам өлтіргені (96-бап,2-бөлігі); геноцид (160); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында болған мемлекетке опасыздық (165); мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық  (167); сот төрелігін немесе алдын – ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (369-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайындағы қашқындық (373-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында билікті теріс пайдалану,  биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздік (380-бап,3-бөлігі); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап).

         Өлім жазасы қарастырған Қылмыстық кодекстің баптарының санкциялары баламалы болып келеді. 

         Онда сот 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын немес е өлім жазасын  немесе  өмір  бойына  бас  бостандығынан айыруды қолдауға жол берген. Іс жүзінде өлім жазасын соттар іс бойынша аса ауыр кінәлінің қауіпсіздігін ерекше дәлелдейтін мән-жайлар ғана болғанда ғана қолданылады.

        Өлім жазасы кешірім беру тәртібі мен жиырма бес жыл бас бостандығынан немесе өмір бойына бас бостандығнан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

             Өлім жазасын қолданғанда   сот әрбір нақты іс бойынша   жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады (ҚК. 52 – бап).

         Өлім жазасын қолдануға істелген қылмыстың ерекше ауырлығы, жазаны ауырлататын төтенше мән - жайлар  мен қатар қылмыс істеген адамның айрықша қауіптілігі,  моральдық азғындыққа түсуімен бірге, адам еместік іс - әрекеттерге барып, өте ауыр қылмыстар істеуі негіз бола алады. Сондықтан да өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстық істерді қарағанда сол барлық уақытта да сотталушының психикалық жан – күйін ерекше зерттейді.

       Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда істелген қылмыстың анықтаған мән – жайларын және сотталушының мейлінше толық сипаттамтын мәліметтерге сүйене отырып, үкімде дәлелденген болуы керек.

        Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұрғыдағы қылмыстарды қарау облыстық соттардың құзыретіне жатады және мұндай істерді қарау үш судьяның қатысуымен жүргізіледі.

        Өлім жазасы әйелдерге, сондай – ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасағандарға және сот үкім шығарған сәтте 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

         Туған күннен кейінгі тәуліктің басталуы адамды  18 толған  деп санауға негіз береді. Еркектер үшін  65 жасқа толуды үкім шығарған кезбен өлшеу қажет. Өлім жазасы туралы үкім ертеде ол күшіне енген соң 1 жылдан кейін орындалады.

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай айтатын болсақ, жаза – кек алуды, тән азабын шектіруді немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Бұл туралы біздің Ата заңымызда да айтылған. Қылмыс қаншалықты жеңіл болса да, ауыр болса да, ол үшін қоғам алдында жауап береді. Қолымен істегенді – мойнымен көтеру қажет.

    Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Сот кінәлі адамға арнаулы заңда көрсетілген шеңбер шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, ол мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттері үшін, кінәлінің кінәсін бетіне басатын құқықтық баға болып табылады.

   Кез-келген қылмысқа қолданылатын жазаның негізгі мақсаты, ол:

-           біріншіден, қылмыс жасаған тұлғаны жазалау;

-           екіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

-           үшіншіден, жазаға кесілген адамды тәрбиелеу болып табылады.

Жазаның түрі сан алуан. Оларға тек қылмыстық – құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Жазаның түрлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39 бабында көрсетілген. Соның ішінде, бас бостандығынан айыру жазасына тоқталайық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48 бабының 1-ші тарағына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы – сотталушыны қоныс-колониясына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.   Бас бостандығынан айыру мерзімі қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мен ауырлығына, сотталушының кінәлілігіне және басқа да мән жайларға тікелей байланысты. Бас бостандығынан айыру жазасын – 6 айдан 15 жылға дейін, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1 бөліміне сәйкес ерекше ауыр қылмыстар үшін – 20 жылға дейін мерзімге, не өмір бойына белгілейді.

   Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде белгіленеді.  

   Қорыта айтқанда, қылмысқа барған адам оның бір кезде оралатын зардабын сезінетін болуы керек және жаза тағайындау жасалған қылмысқа сай болу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

1.      Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 320 б.

2.      Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.

3.      Төлеуғалиев F. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Окулық.       Алматы, 2001 ж.

4.      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi

5.      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 



Информация о работе Жазаның түрлері жүйесі