Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:40, реферат
Діни туризмнің формалары және оның мағынасы. Қазіргі таңда әлемдегі әр түрлі мемлекетердің құқықтық жүйесінде «туризм» түсінігі барынша кең таралған. 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмді статистикалау мақсатында (туризм статистикасын анықтау және жіктеу концепциялары) бүкілоәлемдік туристтік ұйымның туризм статистикасы бойынша тағылымдамада қисындалған. Аталған құжаттың мәліметтеріне сәйкес, туризм бұл демалу, іскерлік жәнс басқа мақсаттарда қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында өзі бейімделген ортаның шегінен тысқары орналасқан жерлерде іссапарда немесе саяхатта болатын тұлғалардың қызметтер жиынтығын құрайды.
Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғana мәнді, мағыналы өмір «адамша тіршілік ету өнерін» меңгере алады. (қ. «Диуани хикмет») Қожа Ахмет Яссауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі-ахлақ (мораль). Ахлақ - хикметінің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни адам ахлақтық - рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана «шындыққа», «жан тыныштығына» қауышады. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, "кемел адам" тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Яссауи ілімі барша, түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді.
Қожа Ахмет Яссауи шығармалары түркі мұсылман әлеміне кеңінен тынылып. Яссауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азия Қажы Бекташ, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерін Қожа Ахмет Яссауи сарыны байқады. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Яссауи сарыны Асан қайғыдан Абайға, сондаә-ақ күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Бұл қала туралы мағлұматтар XIII ғасырдың елуінші жылдары армян хатшасы Гетумның монғол хандары Батый мен Мүңкенің ордаларына сапар шеккендегі жазбаларында айтылады. Саяхатшы өзінің елшілігі өткен жолдардағы қалаларды тізбектей отырып, Яссы туралы өтеп өтеді. Түркістанның тарихи Түркістан алқабының бұрынғы әкімшілік-экономикалық орталығы Шауғармен тығыз байланысты. Шауғар түріктердің қаласы болып оның аумағының құрамына кіші қала Яссы кірген. Ежелгі жазбаларда "Шауғар – бұл қорғандармен қоршаған базар шетінде мешіті бар үлкен қала" деп аталады. Он екінші ғасырдан кейін Шауғардың құлдырауы уақытында Яссы өзінің сауда және жер өңдеу орталығы ретінде өз маңызы өзгерді. Кіші қала Шауғар облысының орталығына айналды. Бұған шешуші рөл ретінде ХІІ ғасырда Яссы мазарларының бірінде еспылық аымды насихаттаушы Қожа Ахмет Яссаудің жерленуі септігін тигізді. Оның мазары қасиетті және құрмет тұтылатын орынға айналды. Сол кезде-ақ кішігірім кесене мұсылмандардың жаппай мінәжат ету және бас ию орындарына айналған. ХV ғасырдан бастап Түркістанның жеке тарихы басталды.
Ол уақыттарда мұнда
қыпшақтар, қаңлылар, арғындар, дулаттар,
жалйырлар және өзбек, қазақ этногенезіне
қатысқан бірқатар түрік тайпалары
тұрған. Түркістан уәлайатына Сауран,
Сығанақ Отырар, Яссы, Сайрам, Созақ
секілді белгілі қалалар
Өзінің масштабы бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Самаркандтағы (Өзбекстан) Бибіханым мешітімен бірдей. Қазіргі уақытта да Түркістан барлық элемент келген мінәжат етуші саяхатшылардың келу орны болып табылалы.
Сайрам селосы. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы көне елді мекен. Шымкент қаласынан шығысқа қарай 10 км жерде Сайрам су өзнінің бойында орналасқан. Көне орта ғасыр кезенінде (IX-XI1 ғасырларда) (Сайрамның орнында ірі сауда-экономикалык және мәдени орталық болған. Мәуереннахр құрамына кірген Испиджаб қаласы орналасқан болатын. Осымен қатар ол ірі діни ошақ ретінде маңызын сактауда. Жазба деректерге қарағанда Сайрам VII ғасырдың басында-ақ белгілі болғаи. Испиджан Шашалан Таразға дейінгі керуен жолдарында сауда-саттық орталығы және далалық ауландарға жататын исламнын таралу маймағы болып табылалы.
Сайрамның шығысынан батысына дейін қиып өтетін басты көшесі ерекше мәнге ис болып, діни ғимараттар, мазарлар және мешіттер салынды. Мазарлар ХІ-ХІІ ғ.ғ. өмір сүрген «әуиелердің» бейіттерінін үстіне салынды. Әулие Ахмет Яссауидің ата-аналарының бейіттерінің үстіне салынған Ибрагим ата мен Қарашаш ананың кесенелері ерекше қасиетті саналады. Ахмет Яссауидің атасы, Ибрагим атаның әкесі Махмұт атаның кесенесінде сақталған. Ахмет Яссауидің алғашқы ұстазы Ақ Атаның кесенесі, Орта Азияда исламның басты таратушысының бірі болған тарихи тұлға, шейх Мир Али баптың кесенесі, Онтүстік Қазақстан аумағына мұсылмандықты таратушылардың бірі болған, шахид (сенім үшін елген) шейх Әбдел-Азиз баптың кесенелері тамаша саналған.
Шымкент каласынан 15 км жердегі Сайрам кентінің көзге көрінетін жерлері:
Қырықшылтан бабаның (үлкен) бейіті. Сайрамдағы тарихи-өлкетану мұражайы (Шымкент жолының бойында), Ибрагим атаның кесенесі (К.А.Яссауидін әкесі), Балағардан атанып (Қ.А.Яссауидің атасы) кесенесі, Махмұдхан атаның мешіті, Шайх Фариб шахтың (кіші) бейіті. Қожа Хожи атаның кесенесі, Шакаландар бабаның кесенесі, Гүзәл ата мешіті, Оката баба меішіті, Қарашаш ана кесенесі (Қ.А.Яссауидің анасы), Насредин Барок бейіті, Шайх Исхак Уәлидің (кіші) бейіті. Абдурахмон уәлидін (кіші) бейіті, Бибітиес ана кесенесі, Мірәлі баба кесенссі, Жамы масжиди мешті, Жылқышы ата (кіші) бейіті, Қабыз ат (үлкен) бейіті, Тажидднн Аллома (кіші) бейіті. Әбдірахым уәли (кіші) бейіті. Көктүндік ата (кіші) бйіті, Хожан Салих кесенесі, Юша пайғамбар (кіші) бейіті, Бұлақ ата кесенеі, Хазр Масжиди мұнарасы, Мариям ана кесенесі, Ұлық Юнус ата (кіші) бейіті, Қаізы Байзови мешіті, Хәкім кожа (кіші) бейігі, Юсуя Сареми (кіші) бейіті, Хожа ислам (кіші) бейіті, Құтбиддин Аллом (үлкен) бейіті, Сұзық ата кесенесі. Шакамолиддин жомарт (кіші) бейіті. Қожа Ахмег Яссауидің әкесі Ибрагим атаның мазары (Сайрам) Қожа Ахмет Яссауидің анасы Карашаш ананың мазары (Сайрам).
Бұрынғы Отырардың 3 км жерде Арыстан баба мешіт-кесенесі орналаскан. Кесене қайтыс болғанды еске алатын мешіт және мұсылмандардың мінәжат ету орны болып табылалы.
ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші ежелгі Отырар қалдықтарынан кашык емес жерде Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғам елді мекеніне таяу жерде орналасқан. Арыстанбап мазарынын үстінен салынған. Кесене казіргі келбетіне 1910 жылы көшеді. Салыным жоспарына сәйкес, екі бөліктен: солтүстігінде – кесене, онтүстігінде - мешіт. Мешіт кең дұға оқу залынан михрабты жәнс қосалқы бөлмелері бар. Негізгі өлшемдері 35x12, биіктігі 12 м. күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.
Түркістанның солтүстік-
Сауран. XII-XVІ ғ.ғ. көне қамалдың қалдықтары. Сауран туралы алғашқы деректер X ғасырда жазылған жазбаларда кездеседі. Сол таңда Сауран Сырлариядағы саула тармағы ретінде кең танымал болды.
Араб тарихшысы Максидидін шығармаларында «қала жеті қабырғамен қоршалған, ішінде рабат және мешіт бар» деп жазылған. ХІІ ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болады. XIV ғасырда Темір қаланы әскери қамалға айналдырады (диаметрі 550-800 м) және оның Жібек жолының бойында орналасуы оның гүлденуіне септігін тигізді. Бұл монғолдардың қорғап бұзатын қаруларына төтеп берген бірден бір қала. Қала тек оның қорғаушылары аштықган өлгеннен кейін ғана берілген. Жоңғар шапқыншылығы уақыттарының өзінде Сауран бірнеше қоршауларға төтеп берді. Алайда таң қалатыны қаланы сумен қамтитын қол күшімен жасалған жер асты арналарының желісі. XVII ғасырда ол қала өз өмірін тоқтатты және қазіргі кезде оның қабырғаларына қарап бір кездері біздің бабаларымыздың сауда орталығы қамалы - Сауран болғанын білеміз. Мұнда қазақтың ақындық өнерінің негізгі калаушылардың бірі айтыскер ақын Н. Бекежановтың мұражайы орналасқан.
Қазақстаннын ірі туристік орталықтарының бірі. Ұлы жібек жолында орналасқан Тараз каласы болып табылады. Қала маңында көне Тараз туралы еске салатын екі кесене саналған.
Осыған орай аталған нысандардың барлығы әртүрлі саяхаттық, сондай-ақ мінәжат ету бағдарламанарын құру барысында көмек көрсетуі мумкін (1,3,4 косымшаларды).
Жошы хан кесенесі. Жезқазғаннан (Карағанды облысы солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Қаракеңгір өзеннің сол жақ жағалауыпда орналаскан. Кесене ХПІ ғасырдың бірінші жартысында тұрғызылған..
Жергілікті тұрғындардың арасында Шыңғыс ханнын үлкен ұлы аң аулау кезінде осында кайтыс болуының бірнеше деген аңыз бар. Жошы ханнын кенеттен кайтыс болуының бірнеше нұсқалары бар. Оның бірі тарихшылар мен халық аңыздарының айтуынша Жошы ханның кінәсінен емес, жабайы құлан оны аттың үстінен теуіп құлатқан деседі. Басқа тарихшылар мен аңыздар бойынша Шыңғысханның алғашқы ұлын Шыңғысханның өзі берген бұйрығымем жендеттер өлтірі ен деген пікірге саяды.
Жошы хан күмбезінің маңында Қаракеңгір өзенінін сағасының 2 км оң жақ жағалауында Малшыбай мекенінде беделі одан кем емес біртур тұлға Алашханның кесенесі (ХІІ-ХІІІ ғасырында салыиған) орналасқан.
Діни ғимарат Домбаул. Жезказғаннан солтүстікке 50 км жерде Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
Облыстың Арал, Қазалы аудандарының аумағында бірнеше көне архитетуралык ескерткіштері: Бегім ана мұнарасы, Қосаман, Байшөкі, Қожа, Нурбай, Сағанатам, Басыбек және т.б. (25 аса) кесенелі бар.
Соңғы жылдары Арал тенізінің бұрынғы түбіне археологиялық жұмыстарды жүргізу көрсеткендей, мұнда бұрындары керуен жолдары откен қалалар болған. Өкінішке орай облыстың архитектуралық ескерткіштері Қазақстан Республикасының туристік операторлары тарапынан өз бағасын тапқан жоқ. Бұған жұртшылық ақпараттар, қонақ үй, көлік инфрақұрылымының жоқтығы себеп болуда. Облыс, аудан орталықтары туристік сапарларды жіберудің базалық нүктесі блар еді, алайда олар туристердің археологиялық ескерткіштерге тез, әрі тиісті жағдайларда жеткізуге мүмкіндік бермейді. Облыстың Қармақшы ауданындағы "Қорқыт ата" мемориалдық кешені біршама жайлы (Шымкент-Самара тас жолы бойында, Байқоңыр қаласының маңында) орналастырылған.
Қорқыт ата архитектуралық кешені ойшыл, философ, қазақтың шекті аспаптар өнерінің негізін қалаушыларға арналып қойылған. Байқоңыр қаласына жетпей 70 км жерде жолдың сол жағында орналасқан. Шиелі кентінде ұлттық батыр, тарихи тұлға ( "Оқшы ата" кесенесі бар.ХІ ғ.)
2000 жылы Маңқышлақта қасиетті сопы Бекет атаның туғанына 250 жыл арналған еске алу өтті. Бекет ата мусылман әлемінде көріпкелдігімен танымал.
Географиялық жағдайының ерекшеліктерін есепкс ала отырып, оған мінәжат жасау турларын тек автокөлік арқылы жасау мүмкін . Сондай-ақ мінәжат ету турларына Қазақстанның басқа да тарихи-архитектуралық және табиғи нысандарын қосуға болады.
1. Көшпенділердің этнографиялық
мәдени саябағын құру
жоспарланып отырған б.з.д. VII-I ғ.ғ. Бұрындай
қорғандарының кешені
9. Ферғана ен даласына баратын Бедел, Жүз асу, Маком және т.б. асулар мен керуен жолдары.
12. Б.з. ІХ-Х ғ.ғ. Орталық Қазақстанның Ақтоғай
ауданындағы
Беғазы бейіті.
Қазақстан біртұгас мемлекет бола отырып, әргүрлі сенім өкілдерінен құралған адамдарды біріктіреді. Республикада екі дін - ислам және проваславие басым. Сондай-ақ басқа да әлемдік діндер: иудазм, католицизм, буддизм кең таралған.
Алайда, шетел туристерін Республикаға тарту үшін туристік-рекреациондық ресурстардың болуы жеткіліксіз, ең алдымен туризм инфрақурылымын дамыту қажет. Сондай-ақ қалалардың тарихи орталықтарын дамыту, олардың дәстурлі салынуын қайта қалпына келтіру, онда туризм мекемелерін, мәдсни қызмет көрсету орындарының орналасуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге мінәжат ету және туризм нысандарының тізбегіне көшпенді өркениеттің діни орталықтарын құру, бұл ескерткіштер аймағында қандай да бір құрылыстардың салынуына жол бермей, тарихи ландшафт пен ғажайып мұраны сақтау бойынша шаралар жүргізілуі қажет. Осыған байланысты бұл нысандарда мезгілдік этнографиялық мұражай кешендерін атап айтқанша, киіз үйлік тұрғын-жайлар, көшпенділік тұрмысының басқа да белгілері бар кішігірім қалашықтар құру ұсынылады. Мұндай шешім мінәжат етушілер мен туристердің қысқы уақытқа келуін ұйымдастыруға, көшпенді тұрмыстың мәдени салт-дәстүрлерін толық ашуға, ескерткіштердің кауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.
Қорытында
Туризмді экономиканың көптеген салаларымен бірге әрекет ететін экономиканың салааралық кешені ретінде қарастыру қажет. Соңғы уақытта туризм көптеген мемлекеттердің экономикасында бірте-бірте тұрақты орын алуда. Қызмет түрі ретінде туризмнің дамуы Қазақстанға бірнеше экономикалық пайда әкеледі. Атап атқанда, туризм есебінен ұлттық бюджет толығады, аз шығындардың есебінен пайда табу, қызмет көрсету секторының ұлғаюы, кіру және орта кәсіпкерліктің дамуы, қосымша жұмыс орындары құрылады, туризм қызметімен бірге жүретін салалар дамиды.
Өндірістің алғашқы факторларын сатып алуға кеткен аздаған шығындар салаға айтарлықтай қаржы құралдарын тартпай-ақ, дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстандық туристік нарықты қалыптастыру жоспарсыз жүргізілуде және қазіргі күнге дейін оның даму стратегиясы жасалмаған. Туристік нарықтың субъектілері (туроператорла мен тургенттер) маркенингке, мерзімділігіне, жарнамаға және бағаны қалыптастыруға баса назар аударып, туристік өнімді қалыптастыру барысында қолдағы бар туристік-рекреациялық ресурстардың аттрактивтілігін ғана есепке алмай, сонымен қатар елдің ұлттық ерекшеліктерін ескеру қажет.