Діни туризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:40, реферат

Краткое описание

Діни туризмнің формалары және оның мағынасы. Қазіргі таңда әлемдегі әр түрлі мемлекетердің құқықтық жүйесінде «туризм» түсінігі барынша кең таралған. 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмді статистикалау мақсатында (туризм статистикасын анықтау және жіктеу концепциялары) бүкілоәлемдік туристтік ұйымның туризм статистикасы бойынша тағылымдамада қисындалған. Аталған құжаттың мәліметтеріне сәйкес, туризм бұл демалу, іскерлік жәнс басқа мақсаттарда қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында өзі бейімделген ортаның шегінен тысқары орналасқан жерлерде іссапарда немесе саяхатта болатын тұлғалардың қызметтер жиынтығын құрайды.

Файлы: 1 файл

діни туризм.doc

— 173.00 Кб (Скачать)

Турагенттік қызметі мыналарды құрайды:

Клиенттерге толық және сенімді ақпаратты ұғыну. Туристің өзі қай жерге сапар шегу, қандай қонақ үйлерге бару таңдауының қиындаған сәтінде оған кеңес беру. Бұл жағдайда турагенттіктің қызметкерлері өздерінде бар ақпараттардың негізінде оған шешім қабылдауға көмек көрсететін және кеңес беретін сарапшылар солып табылады. Бұл діни сапарларға бағыт алған саяхатшы-туристер үшін маңызды. Мінәжат етуге баратындар әдетте өздері барғысы келетін қасиетті жерлер, діни мерекелердің, фестивальдердің өтілетін мерзімдері туралы мағлұматтарды біледі.

Қызметтердің ілгерілеулері бұл жарнама, сатуға деген қызығушылықтар т.с.с. маркетинітік байланысты қолдану. Діни туризмде жарнамалау тұжырымдамасы өте маңызды. Діни орталықтар мен қасиетті орындарға бару адамдардың оның ішінде мінэжат етуге барушылардың терең сезімдері мен қажуларына байланысты. Сондықтан діни тақырыпағы турларды жарнамалауда әдет стандарттары маңызды. Ақпарат сенушілердің сезімдеріне қаяу түсірмей барынша қысқа да нұсқа гүрде берілуі керек. Олар беделді басылым беттерінде ориаласулары қажет. Әр түрлі экономикалық субъектілердің арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі, нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттерде діни тақырыптар бойынша турларды құруға мамандандырылған туроператорлар меи оларды тұтынушыларға сататын турагенттер пайда болды.

Әр түрлі конфессияларға қатысы бар адамдарды (мінәжат етушілерді) бірнеше мемлекеттерге мінәжат сту сапарларына және қасиетті орыидарға жібере алатын туроператорлар да бар.

 

Қазақстандағы діни туризмнің дамуы. Адам өркениетінің даму тарихы бізге мәдени ескерткіштер, әдет-ғұрыптар, діндер, ғылыми жетістіктер ретінде өз қызметін бірнеше куәліктерін көптеген санын қалдырады. Сондай-ақ бұрынғы өркениет пен мәдениеттің әртүрлі қалдықтары олардың қызметі, көшіп-қону жолдары, қршаған әлемді тану тәсілдері, сонумен бірге өткен өмірдегі табиғи ресурстар жиынтығының бірі ретінде көрініс табады. Қазақстан аумағында мінәжат ету бағыттарына қосуға болатын туризмнің бірнеше тарихи-архитектуралық және табиғи нысандары бар. Әсіресе олар Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі жол бойында орналасқан.

Жібек жолы дегеніміз не?

Ұлы Жібек жолы бұл ежелгі және ортағасырлардағы кезеңде сауда байланыстары мен Шығыс пен Батыстың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыру үшін қызмет еткен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қиып өткен керуен жолдарының жүйесі. Жібек жолының ең ұзақ бөлігінің бірі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өткен. Алғашқы байланыстармен алмасу және қарым-қатынас жасау жаңа заманға дейінгі ІІІ-II мыңжылдыктың уақыттарына тура келеді. Бұл қарым-қатынастар Бадахшан тауыңдағы лазуриттің және Хотан (Шығыс Түркістан) аумағындағы Яркентдария өзенінің жоғарғы ағысында нифрит кен орындарының табылуымен байланысты. Б.з.д. I мынжылдықтын орта шеңінде «далалық жол» айырығы қызмет ете бастады. Оның бір бөлігі қазіргі Қазақстан аумағы бойынша етеді. Бұл жол арқылы жібек, тері, былғары, кілем т.б. тарады. Бұған дейін жібекті өңдеу мен сату б.з.д. 1 мыңжылдыққа жатады деп есептелген. Алайда қытай археологтары Гайху өзені маңындағы Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізу барысында неолит кезеңіне жататын жібек матаны, белбеуді және жүннен өндірілген жіпті тапқан болатын. Матаның жасы б.з.д. 2750±100 жыл. Матаны сараптау барысында бұған бес мың жыл бұрын жібек өңдеу ашарлықтай жоғары денгейде болғандығын дәлелдейді. Б.з.д. V-VI ғ.ғ. қытай жібегі Батысты қоса алғанда басқа да елдерге шығарылды. Б.з.д.V ғасырға жататын Феникс суреті салынған жібек папоны Алтайдағы Пазырақ «патша» қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізгенде табылды. Былғары бұйымдарына тігілген жібек мата мен шашақ Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б.з.д. V-VI ғ.ғ. жерленгендер жерінде табылды. Алайда Жібек жолы тұрақты дипломатиялық және сауда күретамыры ретінде өз қызметін б.з.д. ІІ ғ. ортасында бастады. Мұның бәрі 138 жылы Хань астанасынан Батыс елдеріне Уди императордың жіберген елшісі Чжан-Цзянь 13 жылдан кейін оралып, өзінің саяхатын қайта бастаған. Ол қазіргі Ауғаныстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандары арқылы тіке жолмен Орта Азияға брінші болып жетеді. Оның артынша бұл жол бойынша Батысқа жібек артқан керуендер, ал Қытайға Жерорта теңізінен. Таяу және Орта Шығысқа тауарлар етті. Біздің заманымыздың VI-VII ғ.ғ. анағұрлым жанданған жыл Қытайдан Батысқа, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтті.

Бұл мынадай  себептермен түсіңдіріледі:

Жетісуда Орта Азия арқылы тауар жолдарын бақылауға алған түрік қағандарының бас ордалары болған. Екіншіден мамандардың айтуынша VII ғасырда Ферғана арқылы жол өзара қырқысудан қауіпті бола бастады. 
Сондай-ақ бай түрік қағандары мен олардың айналасындағылар теңіздің 
аяғы жағынан келетін тауарлардың ірі тұтынушылары болды. Дәл осы 
уақтты Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалалык мәдениетінің дамуына 
маңызды рөл аткарған Жібек жолының Қазақстандык бөлігі жандана 
бастады. Жетісуда ол бірқатар қала орталықггарының пайда болуына 
серпіліс беріп, ал Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың қарқынды 
өсуіне септігін тигізді. Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен Жібек жолы  өзара қырқыстар мен соғыстардың қала мәдениетінің құлдырауына алып келмейінше, XIV ғасырға дейін өз қызметін атқарды. Соңғы серпіліс онымен сауда және дипломатиялық елшіліктер Қарақорымнан моңғол империясының астанасына XIII ғасырдың ортасында жүріп етуінен байқалады. Дәл осы уақытқа италяндық Плано-Карпини мен француз Гильома де Рубруктың сапарлары жатады. Ал соңғы рет онан 1338-1357 жылдары Джованни Мариньоло миссиясы өтті. 1424 жылы Мин династиясынан шыққан император Юнле Қытайдың солтүстік-батыс шекараларын жабуға бұйрық береді.

Біздің уақытымызда  ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы жібек жолын кешенді зерттеу жөнінде халықаралық жоба жасау басталды. Ол екі бағдарламаны құрайды: «Адам қоршаған орта, жердің және теңіздің ресурстары», «Мәдениет және болашақ». 1989 жылғы қазанда Орта Aзия мен Қазақстан аумағында халықаралық экспедиция жұмыс жасады. Қазіргі кезде Ұлы жібек жолының тарнхы барлық әлемде үлкен қызығушылыққа ие. Жобаға баға бере келе. ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор: "Ен дала, теңіз бен шөлдер арқылы еткен Жібек жолы қарым-қатынас пен байланысты орнату үшін тамаша мүмкіншілік беріп, танымал өркениеттің өзара баюына мүмкіншілік жасауға септігін тигізеді. Жібек жолын кешенді зерттеу жобасының мақсаты - қазіргі халықтың қарым-қатынасын қалпына келтіру қажеттілігін ұғынуға, бұл жолдың бойында орналасқан өркениетті байыту және өзара түсіністік мүмкіншілігінің тарихи маңыздылығын пайдалануға септігін  тигізу қажет". Жоба екі бағытта жүзеге асырылуда, бір жағынан ірі ғылыми, халықаралық және ұлттық деңгейдегі кездесулер, екінші жағынан жобаға қатысуға бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар мен зерттеліп отырған мәселеге әлемдік қоғамдастықтың кең шеңберлі назарын аудару мақсатында мәдени қайраткерлер және оқымыстылардың бейресми бірлестіктері тартылуда. Іс-шаралар Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша мәдениетті дамытудың бүкілэлемдік онжылдығына өту шеңберінде өткізілуде. Жібек жолын кешенді зерттеу 2002 жылы Парижде халықаралық конференция өткізу арқылы аяқталды. Ірі көрме ұйымдастырылды. Онда алғаш рет адамдардың Ұлы жолға арналған өнер туындыларының көрнекті коллекциялары ұсынылды. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі Ұлы жібек жолы бойында орналасқан елдердің экономикасы мен мәдениеті, тарихы саласында зерттелген материалдардың нәтижесі толықтырылған фундаметалды монография басылып шықты.

Қазақстандағы діни туризм нысандарының арасында Түркістан ерекше орын алады. Түркістан - түркі халықтарының тарихи, рухани тағдырында ерекше орыны бар көне қала. «Түркістан» десе санасы селт етпейтін, өзінің осы бір сиқырлы атаумен әлдебір байланысы барлығын сезбейтін түркі баласы жоқ.

Түрік ғалымдарының зерттеулерінде қаланың  осыдан 2000 жыл бұрын Оғыз ханның астанасы болғандығы айтылады. Ал Орта Азия мен Солтүстік Кавказ, Еділ бойын мекендейтін түркі халықтары Түркістанды рухани астана ретінде мойындайды.

Солай бола тұра, бұл қаланың тарихы соңғы жылдарға дейін арнайы зерттеу жұмысының нысаны болған емес. Тек 1980-1984 жылдар арасында ғана қаланың жасын анықтау мақсатында алғаш рет Күлтөбе қалашығының орнында  арнайы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады. Нәтижесінде, қазба жұмыстарына басшылық жасаған археолог Е.Смағұлов, «қаланың жасы 1300 жыл» - деген қорытынды жасады. Бұл тұжырым, сол кездегі Орта  Азия қалаларының тарихымен айналысушы О.Г. Большаков секілді ғалымдардың пікірімен сай келді де, кезіңде үлкен қолдауға ие болды. Қазіргі «қаланың жасы 1500 жыл» деп аталуының басты себебі де осы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі.

Бұл мәселеменмен арнайы айналысқан орыс ғалымдары Сыр бойындағы қалалардың пайда болуын Орта Азияның орталығына қарағанда кештеу, IV-V ғасырлардан басталады дегем пікірді айтты және оны V ғасырдан бастап Сыр бойы арқылы "Жаңа Жібек жолының» өте бастяуымен байланыстырды. Бұл пікірдің шала екендігін көне грек, қытай, санскрит  жазбалары және Хорезм мен Сырдыя төменгі ағысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерінің өзі-ақ дәлелдейді. Оның үстіне Қара теңіздің, солтүстік жағалауы мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауында. Алтайдағы Назрық қорғаны мен Тувада жургізілген қазба жұмыстары Шығыс пен Батыс арасындағы сауда байланыстарының біздің дәуірімізге дейінгі І-мыңжылдықтың басында-ақ болғандығын дәлелдейді.

Шы қаласында гибадатхананың болуы, оған әр құрбандық шалған сайын  Капгғой халқы 1000 қойды құрбандыққа шалуы, әскерінің жорыққа шығар алдында осында келіп Құдайға мінәжаі етуі. Түркістанның екінші Мекке атануы тек ислам діні мен Қожа Ахмет Яссауи атымен байланысты емес екендігін көрсетеді. Бұл жерде Исламнан бұрын да өте ертеден келе жатқан діни орталықтың болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар, көне санскрит жазбаларындағы деректер де Сыр бойында қалалардың біздің дәуірімізге дейінгі кезеңнің өзінде болғандығын көрсетеді. «Авеста» мен Абул Қасым Фердаусидің «Шахнамасында» Канха туралы айтылады. Ал, «Шахнамадағы» көптгеген оқиға желілерінің «Авестадан» алынатыны белгілі. Онда Саяуштың Шығыста Канг-Дез деген қала салдырғаны белгілі...

Түркісіан арқылы Ұлы  жібек жолының керуендері қаланы теңіздің арғы жағынан келген тауарлармен қамтып қана қоймай, сондай-ақ басқа елдерді» өркениеті мен мәдениетін сусындатып отырды. Бұл қала қазіргі таңда да біздің еліміздің руханн астанасы саналады. Қазақстанның ең көне қаласы Түркістан 2000 жылы өзінің мың бес жүз жылдығын тойлады. Мереке ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтіліп, археологиялық ескерткіштердін қайта қалпына келуіне, қаланы жандандыруға және саяхаттаушыларды тартуға өз септгін тигізді.

Қаланын негізін эфталіттер қалап, оны Иассы деп атады. Қаланы түріктер жаулап (V ғасыр) алғаннан кейін оның атауы қысқаша Яса деп аталып соңынан Түркістан атауын иеленді. Яса қаласы XII ғасырда барынша дамыды. Ол кезде қала халқы көп, жергілікті базаралары әлемнің түпкір-түпкірінен сатып алушыларды тартты. Кесене үлкен әрі зәулім ғимарат болып саналады. Оның жоспарындағы өлшемі 46,5x65,5 метр. Сыртқы дуалдарының қалыңдығы 1,8-2.0 метр, орталық бөлігі 3 метр. Орталық залда үлкен тайқазан орнатылған. Онын салмағы екі тонна, диаметрі 2-4,5 метр. Қазанды Тараздан келген қолөнершілер жасаған. Қазіргі таңда 180 000-нан аса тұрғыны бар Түркістан қаласының анық жасына келер болсақ 2000 жыл толды деп айтуымызға болады. XVI ғасырда өмip сүрген ғалым, тарихшы Несір «Жиханнум кітаб» атты еңбегінде Түркістан түркі тілдес халықтардың арғы атасы Оғызханнын орталығы болғанын тілге тиек етеді. XV1-XIX ғасырларда Түркістан Қазақ хандығының астанасы олған. Қала туралы алғашқы мәліметтер X ғасырдың қайнар көздерінде Шауғар деген атпен белгілі. Шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда қала Яссы деп аталған. Соңынан Қожа Ахметтің атына Яссауи атауы қосылып айтылатын болды. Бұл ғұлама ғалымның мінәжат еткен ортасын және өмірінің соңғы жылдарын өткізген қаланың атауын меңзейді. Ахмет Яссауи бүкіл халықтың арасынан белгілі болып "Түркістан пірі" яғни Хазірет Сұлтан деген атқа ие болды. Мүмкін осыдан Яссы қаласын Хазірет Түркістан деген болар. Қазіргі Түркістан бұл Оңтүстік Қазақстанның жерін алған іс-шаралар 2000жылы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Кесененің бүкіл аумағы 88 га қорық болып саналатын жер толығымен қайта қалпына келтірілді. Оның қорғаны, шығыс моншасы, Рабиа Сұлтан Бегімнің сағанасы өз қалпына келтірілді.

Қалада Есім хан, Алматы алаңдары, Жәннат бағы пайда болды. Бұл бақтың тастары табиғат жн берген тас ғимараты. Бақта кішігірім ғимарат хильвет бар, ол арқылы өткенде жер асты жолын есіңе түсіреді. Тар өткелдер, өте аласа есіктері жоқ екі бағаны арқылы бөлінген, онан шыққанда кішігірім баспалдақтар арқылы жоғары көтерілесің. Бұрынғы патша қазармасында этногрфиялық-өлкетану мұражайы ашылған. Түркістанның бір тұрғынының жеке қаржысына 500 адамға арналған мешіт салынған. Мешітте 19 метрлі мұнара бар, кірпіштері арнайы Хиуадан әкелінген. Қалада 24 орындық "Түркістан" Президенттік қонақ үйі (оның салынуына 3 млн. доллар жұмсалды) және "Яссы" қонақ үйі салынды.

Ахмет Яссауи кесенесінің кешенінде - Есімханның (XVI ғ.), Рабиға Сұлтан Бегімінің (XV ғ.), Ахмет Яссауидің (X1I-X1V ғ.ғ.) мазарлары, «Жұма» мешіті (1878 ж.), сол жағынан 100 метр жерде Хилауат жер асты мешігі (XII-XV ғ.г.), Шыгыс моншалары (XV-XVI ғ.ғ.) бар. Кесененін сол жағында .300-400 метрдей жерде биіктігі 2 метр, ұзындығы 5-6 метрді құрайтын қорғанның қалдықтары бар.

Қожа Ахмет Яссауи, Әзірет Сұлтан [1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103. 1041, Сайрам (Исфиджаб) 1166, Түркістан (Ясы)] - ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Яссауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі - Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы - Мұса шейхтің қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелітімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың Ибраһим атты ұлы мен Гаухар Хошназ (Жауһар Шахназ) атгы қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы негізінен осы, кызынан тарайды. ІX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Яссы, Сауран, Сығанақ, Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, т.б. Мәуераннахр қалаларында ислам дінін уағыздаушылардын белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, X ғасырдан ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар-медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптгаса бастады. Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келмей тұрып. Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханифа мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Яссауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмег Яссауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстанбаб.

Кашифи "Ралахатул айн-ил xaйат" атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмег еткендігі туралы мәлімет береді. Яссауидің «Диуани хикметінде» де Арыстанбаб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Яссауидың өмірі мен қызметі туралы жазба дерсктерде (Хазини, «Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Абра Мин Амуаж-ил Биһар») оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсегетін деректер болғанымен, сонғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тулырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Яссауидың алғашкы шәкірті Арыстанбабтын ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті - Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті - Сүлеймен Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, «Рашахат-ул айнил хайат»). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Сопы Данышпан Қожа Ахмет Яссауидың "Мират-ул Кулуб" атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұк, Шейx Лұкпан Перенде сияқты тұлғаларда, Қожа Ахмет Яссауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Яссауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да ішкірттерінің болғандығын айтады. Яссауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: «Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мәуераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Яссауи тарихатынын шейхтары еді» дейді.

Информация о работе Діни туризм