Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:22, автореферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда отандық саясаттану ғылымында саяси институттар, саяси процестер мен саяси технологияларды зерттеуге көбірек мән берілуде. Дегенмен әлі де болса саяси ғылымда кешенді түрде зерттеуді қажет ететін тақырыптар баршылық. Соның бірі – еліміздегі саяси коммуникация мәселесі. Сол себептен, саяси коммуникацияны кең тұрғыда зерттеудің қажеттілігі Қазақстандағы саяси жүйенің нақты тұрақтылығымен және оның демократиялық қайта құрулар кезіндегі маңыздылығымен байланысты сипатталады. Бүгінде қазақстандық қоғамның барлық салаларында жүзеге асырылып жатқан саяси модернизацияның нәтижесі, ақпараттық-коммуникациялық кеңістіктің өзгеруіне, кеңестік саяси жүйенің ыдырауына орай, қалыпты байланыстардың үзілуіне және көбінесе вертикальды қатынастардың қалыптасуына алып келді. Сонымен қатар қоғамдағы саяси процестер мен институттардың өзгеруіне байланысты саяси-коммуникациялық сферада қоғамдық-саяси өмірдегі қайта құруларға сәйкес жаңа қатынастар дами бастайды.

Файлы: 1 файл

Imanbaeva.doc

— 226.00 Кб (Скачать)

    Сол сияқты диссертациялық зерттеу жұмысының  негізгі тұжырымдары мен ұстанымдары  Қазақтың Спорт және туризм академиясының  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында «Саясаттану» пәнінен студенттерге дәріс оқығанда кеңінен пайдаланылды.  

    Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Ғылыми еңбектің мақсаты мен міндеттеріне және қисынына сай диссертация кіріспеден, үш бөлім мен соған сәйкес алты тақырыпшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ  

    Зерттеу бағытын таңдау саяси коммуникацияның Қазақстан Республикасындағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін талдай отырып, оның проблемалары мен қазіргі қоғамдағы рөлін таңдаумен байланысты.

    Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, зерттелу деңгейі қарастырылып, мақсаты мен міндеттері, пәні мен нысаны, ғылыми жаңалығы, теориялық-әдістемелік, деректік негіздері, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары негізделеді, тәжірибелік құндылық деңгейі сипатталады, сонымен бірге зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы және құрылымы айқындалады.

      «Саяси коммуникацияны зерттеудің теориялық проблемалары» атты бірінші бөлімде зерттеліп отырған мәселенің теориялық негіздері қарастырылады. Саяси коммуникация мәселесінің шетелдік, ресейлік және отандық ғылымдарда зерттелу деңгейі талданып, саяси коммуникация түсінігіне ғылыми түрде түсініктеме беріліп, айқындалады.

    Бірінші бөлімнің «Саяси коммуникация ұғымы, мәні мен теориялық проблемалары» атты бірінші тақырыпшасында коммуникацияны зерттеудің теориялық негізіне талдау жасалынады. Негізінен коммуникация түсінігінің анықтамаларына орай көптеген пікірлер қалыптасқандығы белгілі. Соған орай еңбекте коммуникацияның қоғам өміріне белсене араласуы, оның қызметі жайлы ғалымдардың маңызды тұжырымдары қарастырылады. Айта кетерлік маңызды жайт, коммуникацияның негізгі ұстанымы – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сай, ақпараттық технологиялар арқылы өзара байланыс орнату болып саналады.

    Саяси коммуникацияны ғылыми зерттеудің бағыты ретінде алғаш батыс ғалымдары өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған. Диссертациялық жұмыста коммуникация түсінігін кеңінен ашу үшін американдық зерттеушілер Г.Лассуэлл, Л.Пай, Т.Шибутани және т.б. француз саясаттанушылары Ж.М.Коттрэ, Р.Ж.Шварценберг, канадалық зерттеуші М.Маклюэн, неміс ғалымы Н.Винер, голландиялық зерттеушілер Й.Бордвик пен Б.Ван Каам, американдық әлеуметтанушылар Б.Берельсон, Г.Годэ, П.Лазарсфельд пікірлеріне тоқтала отырып, талдау жасадық. Негізінен «коммуникация» ұғымы ғылыми зерттеулерде ХХ ғ. пайда  болған термин. Қазіргі «ақпарат ғасыры» саналатын ХХІ ғасырда коммуникация барлық саяси-әлеуметтік процесте басты элемент болып есептеледі.

    Жалпы саяси ғылым саласында «саяси коммуникация» ұғымы туралы әртүрлі  тұжырымдар қалыптасқан. Мәселен, Р.Ж.Шварценберг: «Саяси коммуникация дегеніміз – басқарушы мен бағынышты арасындағы олардың өзара келісімге келу мақсатындағы ақпарат алмасу» [8] деп көрсетсе, ал «Саяси» энциклопедияда: «Саяси коммуникация – (communicatio лат. тілінен аударғанда – хабарлама, жеткізу, әңгімелесу, сөйлесу деген мағына береді) саяси қызметті жүзеге асыратын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері есебін ескере отырып, олардың саяси әлеуметтендірілуін қамтамасыз ететін саяси ақпараттарды алмасу және жеткізу процесі» [9] деген пайымдама ұсынылады. Демек, саяси коммуникацияны саяси жүйедегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени процестермен тығыз байланыста дамитын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы саяси субъектілердің өзара және қоғаммен арадағы хабар тарату, алмасу деген мағынаны білдіреді деп қорытындылауға болады. Сондай-ақ, коммуникация мәселесін саясаттану, философия, әлеуметтану, психология және педагогика тәрізді бірқатар гуманитарлық ғылым салалары зерттеу нысаны етіп алып, өздерінің ұстанатын бағытына сәйкес жан-жақты қарастыратыны белгілі жайт. Бұл ретте әрбір қоғам мүшелерінің билікпен өзара байланыс орната отырып, ақпарат алмасуға түсуін, олардың саяси іс-шараларға белсене қатысуын қажет ететін бүгінгі таңда коммуникация мәселесін саяси ғылым саласында зерделеу зор маңызға ие. Автор саяси коммуникацияның Қазақстандағы қалыптасуы мен дамуын әр жылдардағы жаңа саяси технологиялардың қалыптасуына байланысты мынадай кезеңдерге бөліп көрсетеді:

      Бірінші кезең – 1991-1998 жылдар аралығы. Бұл уақытта Қазақстан Республикасы өзінің дербес Конституциясын қабылдап, жаңа саяси жүйеге өтіп, өзіндік дамудың жаңа жолын қалыптастырды. Саяси жүйеде шетелдік түрлі технологиялар тәжірибелерін қолдану арқылы тәуелсіз мемлекетімізде тұңғыш рет саяси коммуникацияның қалыптасуына алғышарт жасалды. Бұл жайт, әсіресе, осы аралықтағы сайлау науқандарында нақты байқалған болатын.

    Екінші  кезең – 1998-2007 жылдар аралығын қамтиды. Конституциямызға енгізілген өзгерістер арқылы саяси жүйені нығайта отырып, жұртшылықты ақпараттандырудың әртүрлі стратегиялары мен бағдарламалары жасалды. Осы кезеңде Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Байланыс туралы» Заңдарының жекелеген баптарын жаңарту арқылы, еліміздегі саяси коммуникацияның тиімді қызмет етуіне жол ашылды. Сайлаудың жаңа жүйесі қалыптасып, оны жүзеге асырудың әртүрлі тәсілдері енгізілді. Ұялы байланыс, телефакс, интернет т.б. сияқты жаңа байланыс түрлері кеңінен таралып, еліміздегі саяси коммуникацияның дамуына ықпал етті.

    Үшінші  кезең – 2007 жылдан бастап бүгінгі күніге дейінгі аралықты қамтиды. Президенттік-парламенттік басқару нысанындағы Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, жаңа саяси жүйені қалыптастыруда қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты нығайтудың жаңа сипаттарына өтуге көшті. Елімізде «электрондық үкімет», ақпарат таратудағы «сандық формат» сияқты жаңа тәсілдерге өтудің бастамалары жүргізілуде. 

    Біздің  ойымызша, саяси өмірде саяси коммуникация қоғамға ықпал етудің маңызды және сенімді құралдарының бірі болып есептеледі. Саяси коммуникация нақты саяси жүйе шеңберінде саяси субъектілермен қатар, тұтастай қоғаммен саяси ақпарат алмасу процесін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда коммуникативті кеңістікте саясаткерлер бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен өздері үшін жағымды қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысады. Сондықтан саяси коммуникация процесінің басты қатысушылары билік органдары, БАҚ және қоғам болса, ал оның басты негізі – өзара сенімді қалыптастыру арқылы хабарламалар құрау, символдарды жасау мен тарату және мағыналарын түсіндіру болып табылады. Саяси коммуникацияның негізгі құралдары және оның нақтылы белгілері мен саяси пікір алмасудың кейбір тұстары Б.А.Ахатованың [10] зерттеулерінде тұжырымдалады.

    Диссертациялық  жұмыста Қазақстанда саяси коммуникация мәселесінің жалпы мемлекеттік  саясаттың ерекше бағыты ретінде  ақпараттық саясаттың қажеттілігін арттырудағы рөлі атап көрсетіледі. Мұның мәні – қоғам мүдделерінің билікте ескерілетіндігін көрсетіп, билік пен қоғам арасындағы өзара диалогтық, тепе-теңдік қатынастарына ықпал ету болып табылады.

    Автордың  пікірінше, дәл қазіргі сәтте саяси коммуникацияның мәні – саяси жүйедегі саяси билікті сақтап қалуға немесе билік үшін күрес жүргізуге әрекет еткен саяси субъектілер мен қоғам арасындағы өзара ақпараттар алмасу әрекеттерінен айқындалады. Аталған ақпараттық алмасу ашық әрі жариялылық принциптерін қатар сақтауы тиіс. Сонда ғана билік пен қоғам арасындағы өзара байланыс ретке келтіріліп, олардың бір-бірімен ақпарат алмасу процесі тиімді түрде жүзеге асырылады.

    Бірінші бөлімнің «Саяси коммуникацияның типологиясы және оның әлеуметтік-саяси жүйедегі қызметі» атты екінші тақырыпшасында саяси коммуникацияның түрлі теорияларына салыстырмалы түрде талдау жасалынады. Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың даму қарқыны саяси коммуникациялардың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызуда. Бұдан саяси коммуникацияның қажеттілігі анық байқалды. Диссертацияда саяси коммуникацияның түрлерін қолдану арқылы нақты жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы анықталады. Саяси коммуникацияның мәні мен анықтамасы, әлеуметтік-саяси жүйедегі алатын орны, ақпараттық саясаттағы саяси коммуникацияның негізгі принциптері қарастырылады.

    Саяси коммуникацияның жіктелуі туралы әртүрлі анықтамалар берілгендіктен, автор ол пікірлерді талдай келе, саяси коммуникация типологиясының ақпаратты тарату және алу көздерінің бірыңғай емес екендігін ашып көрсетеді. Себебі, қазіргі әлем ақпараттың жылдам таралу технологиясының әлемі. Сондықтан ізденуші өзінің зерттеу жұмысында  саяси коммуникацияны типологиялаудың мынадай жолдарын ұсынады: біріншіден, кіші топтар арасында – ақпаратты бір адамнан екінші адамға және одан (оның жанұясы, жұмыс істейтін ұжымы сияқты) кішігірім адамдар топтарына жеткізу арқылы таралатын түрі. Екіншіден, ол үлкен топтар арасында таралатын саяси коммуникациялар қатарына – саяси ақпаратты таратуда үлкен аудиториядағы дәрістер, жиналыстар, кеңестер және т.б. сияқты коммуникатор мен аудитория арасындағы байланыстан тұрады. Үшіншіден, көру-есту құралдары арқылы таралатын көпшілік арасындағы коммуникация – негізінен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бүкіл көпшілікке таралады деуге болады. Мәселен, интернет, радио, теледидар, баспасөз, ұялы байланыс, телефон, телефакс және т.б.

    Саяси коммуникацияның теорияларын зерттеуде (Н.Винер, Г.Лассуэлл және К.Сайнне, т.б.) оның әлеуметтік-саяси жүйедегі қызметі туралы тұжырымдап көрсеткен шетелдік (Г.Алмонд, К.Дойч, Д.Истон және т.б.) зерттеушілер, сонымен бірге саяси коммуникацияның кейбір аспектілері отандық (А.С.Абулқасова, Р.Б.Әбсаттаров, С.С.Әділбеков, Ж.О.Кенжалин, Р.Қ.Қадыржанов, Ш.А.Құрманбаева, Г.Р. Нұрымбетова, Ә.Н.Нысанбаев және т.б.) ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылып, жұмыстың мазмұнын ашуға көп үлесін тигізді.

    Саяси коммуникацияның саяси басқаруда  атқаратын қызметі орасан зор. Айта кетерлік мәселе, саяси коммуникация әсіресе, оппозицияда ерекше орын алады. Яғни, саяси билікті өзгертуге тырысатын оппозиция қашанда саяси коммуникация тәсілдерін ұтымды пайдалануға тырысады. Мұнда ақпараттардың «кіріс», «шығыс» механизмдері арқылы әлеуметтік-саяси жүйедегі орны анықталады. Демек, «кері байланыс» жүйесі қызметінің негізінде саяси коммуникацияның нақтылы жолға қойылу мәселесі көзделеді.

    Диссертациялық  жұмыста саяси коммуникацияның Қазақстандағы саяси жүйедегі алатын орнына баса назар аударылады. Зерттеу жұмысының бұл бөлігінде саяси коммуникацияның мемлекетіміздегі саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғаммен, ақпараттық саясатпен, саяси процестер мен институттардың басқа да механизмдерімен тығыз байланыстары қарастырылады. Олардың өзара байланыстарының негізі болып табылатын ортақ нысан – пікір алуандығын ескере отырып, биліктің қоғам мүддесін қанағаттандыруы баяндалады.

    Демек, Қазақстандағы демократиялық принциптерді нығайту мен азаматтық қоғамды қалыптастырудың жолдарын іздестіру жағдайында саяси коммуникацияның саяси процестер мен институттар жүйесіндегі алатын орны зор. Зерттеуші Т.Дөрбетханұлы: «Ақпараттандыру саласындағы халыққа жақын образды (бейнені) жасау, партиялық және  партия  жетекшілерінің  жағымды (позитивті)  позициясын  қалыптастыру  коммуникациялық құралдар  нәтижесінің жемісі» деп ұйғарым жасап, саяси билікке жетуде партиялардың басым рөл атқаратындығын анықтаған [11]. Сонымен, еліміздің саяси билік үшін күресінде саяси партиялардың саяси коммуникация құралдарын тиімді қолданылуының өзектілігі айқындалады.

    Біздің  ойымызша, қоғам өз тарапынан болған талап-тілектердің билікте шешім табуын немесе мүдделерінің ескерілуін қалайды. Осылайша, саяси субъектілер қоғам мүддесін ескере келе, өзара байланыс негізінде ақпарат алмасу арқылы, басқаруда саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге кепілдік беретін нақтылы саяси шешімдер қабылдауы тиіс. Сонда ғана ортақ мақсатты көздейтін тиімді саясатты іске асыруға мүмкіндік туады.

    «Қазақстандағы  ақпараттық-коммуникациялық процестердің ерекшеліктері» атты екінші бөлімде саяси коммуникацияны қолдану тәсілдерінің шетел тәжірибесінде қолданылуына салыстырмалы түрде талдау жасай отырып, Қазақстандағы өзіндік қалыптасу жолдарына тоқталдық. Аталған бөлімде саяси коммуникациядағы қоғаммен байланыс (паблик рилейшнз) және БАҚ-тағы қызметтері қарастырылады. Саяси коммуникация құралдарының мемлекеттің ақпараттық саясатындағы рөлі мен орны көрсетіледі.

    Екінші  бөлімнің «Қазақстандағы қоғаммен байланысты орнату (паблик рилейшнз) саяси коммуникациялық кеңістікті  қалыптастырудың ерекшелігі» атты бірінші тақырыпшасы сайлау науқандарында және күнделікті саяси қызметте қолданылатын қоғаммен байланыс (PR) орнату мәселелерін зерттеуге арналған. Қоғаммен байланыс қызметі бұл біздің саяси жаңару жүйеміздегі демократиялық қадамдардың бірі. Соған орай қоғаммен байланыстың (PR) саяси жарнамамен, саяси үгіт-насихатпен ара-жігі ажыратылып көрсетілді.

    Қоғаммен байланыс (PR) орнату қызметінің біздің еліміздегі қалыптасуының алғашқы қадамдары өткен ғасырлардан бастау алады. Қазақ жерінде XVI-XVIII ғасырларда Хандық биліктің жүргізілгені тарихи деректерден мәлім. Өз зерттеуімізге қатысты мәселе болып табылатын хандық биліктегі ханның кеңесшісі қызметінің рөлін ерекше атап өтуге болады. Бұл қызметті қоғамның дамуының әр кезеңінде Қазақ хандарының кеңесшілері болған Қорқыт, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырау сынды тұлғалардың өз тарихи миссияларын орындағандығынан байқаймыз. Жыраулар хан сарайындағы саяси жағдаймен халықты хабардар етіп, ал халықтың тұрмыс жағдайымен хандарға ақпарат жеткізуші қызметті атқарғандығы тарихтан белгілі. Сондай-ақ, жыраулардың өздерінің жалынды жырларымен ханның өзіндік имиджін қалыптастырғандығы да белгілі жайт.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары