Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:28, курсовая работа
Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.
Кіріспе............................................................................................1
Негізгі бөлім
Бақ территориясын ұйымдастыру................................................3
Тұқымдар мен сұрыптар таңдау....................................................5
Бақ отырғызу.....................................................................................9
II.I. Бақты күтіп – баптау
Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі..........16
Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері.....21
Бақты суару мерзімдері мен күндері.............................................23
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................28
Қыстыкүні бірақ топырақ тереңірек, негізгі массасы тоңазымай тұрған кезде өсімдік тамырының өсетіндігі дәлелденген. Сондықтан да күзде енгізілген тыңайтқышты ағаш қара күзде де, қыста да пайдаланады.
Кейбір жағдайларда топырақтан нитраттардың едәуір шайылуын ескере отырып, күзде енгізілетін ең таңдаулы тыңайтқыш амидті (мочевина), аммиакты азот деп есептеу керек. Алайда азот тыңайтқышын күзде енгізген кезде өте сақ болу керек. Себебі бұл ағаштың дер кезінде шынығуы мен қыстыкүнге дайындалуын тежейді.
Топыраққа тыңайтқыш енгізудің негізгі екі әдісі бар: жер бетіне шашып, артынан топырақ өңдейтін құралдармен қопару және арнайы құралдармен тереңдете (ошақта немесе қатарлы) енгізу. Тыңайтқыш енгізу әдісі тыңайтқыштың қозғалысы ескеріле отырып таңдалынады.
Қатты органикалық тыңайтқыш бақ қатар аралығының бетіне РПТУ-2А, РСШ-6, РУС-4, РПН-4, РУН-15А т.б. шашқыштармен шашылып, соңынан жыртылады. Түйіршік және ұнтақ минералды тыңайтқыштарды тереңдете енгізу үшін бақтарда тук себетін түтігі бар ПРВН-2,5, ПРВН-1,7А және УОМ-1100 тетігі бар УОМ-50 техникаларын пайдалануға болады. Құс саңғырығы енгізілген садыра ЗЖв-1,8, ЗУ-3,6 құйып шашатын шашқыштармен және РЖТ-4, РЖТ-8, РЖТ-16, ПОУ, МГС-50 цистерна шашқыштармен енгізіледі. Тыңайтқышты ошақты енгізу үшін қазіргі кезде ПСИ-2, ФУП, РРЖ-2 гидробұрғылары қолданылады. Бұл машиналармен сұйық тыңайтқыш тамырларға зақым келтірілмей 15-40 см тереңдікке енгізіледі.
Тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері агрохим-лабораториясының нұсқауларына сай дифференцияланады.[2]
Бақ суару мерзімдері мен күндері.
Бақты сумен қалыпты түрде қамтамасыз ету – ағаш өнімділігі мен оның саулығының кепілі. Еліміздің бақ өсірілетін территорясының едәуір бөлігі ылғал жетіспейтін, ал оңтүстігі қуаңшылық аудан болып табылады. Сондықтан мол өнімді, интенсивті жеміс шаруашылығымен айналысу үшін тек қана суландыру мәселесін шешу керек. Бұл осы саланы интенсивтендірудің нағыз қажетті факторы. Алайда елімізде бақтың суармалы үлес салмағы шамалы. Ол небары 50 мың гектар шамасында.
Суармалы бақтардың үлес салмағын көтеру бұл саланың өнімділігі мен экономикалық тиімділігін едәуір өсіруді қамтамасыз етеді.
Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік шығыс облыстарындағы бақтарға
әлгінде айтқандай ылғал
Суландыру жеткілікті жердің микроклиматына басқа да агротехникалық шаралармен қосылып жеміс ағаштарының жақсы өсуіне, ұзақ жасауына, қыстыкүні суыққа төзімділігіне, жыл сайын мол өнім беруіне мүмкіндік жасайтын маңызды факторлардың бірі. Су өсімдік тіршілігінің бүкіл процесіне әсер етеді, биохимиялық процестерге қатыса отырып ол фотосинтез кезінде көмірқышқылындай маңызды затболып табылады.
Су – әмбебап еріткіш. Соның арқасында тұз, газ тағы басқа заттар ағашының органынан органына өтеді.
Су суармалы жерлерде ауаның температурасын 5 – 6 градус төмендетеді. Ол еліміздің ыстық оңтүстік облыстары үшін аса маңызды мәселе.
Жеміс дақылдары көп жылдық өсімдік. Соған орай ылғал жетіспеуінің әсері бір жылмен ғана тынбайды, оның әсері көптеген жылдарға кетеді. Соның салдарынан тұқымның, сұрыптың қыстыкүні суыққа төзімділігі нашарлайды, онша қатаң емес қыстың өзінде тамыр мен ағаш сүрегі үседі, гүл бүршіктері өледі, сондай-ақ әлсіз ағаштар зиянкестер мен ауруларға төзімсіз болады. жеміс дақылдарының суға деген қажеттілігі жауын-шашын мөлшеріне, оның жыл маусымы бойынша біркелкілігіне, топырақ қасиетіне, тұқымның биологиялы ерекшеліктеріне тағы басқа жағдайларға байланысты. Жеміс шаруашылығында орынды суарудың маңызы зор. Өйткені ылғалдың жетіспеуі секілді оның артықтығы да кері әсер етеді.
Ылғалдың вегетациялық кезең бойы жетіспеуі жапырақтарда хлорофил құрылуын төмендетеді, фотосинтезді нашарлатады, заттар синтезін әлсіретеді. Ол ағаш қабығы мен сүрегі тканьдеріндегі углевод құрамын кемітеді, зақымдалған тамырлардың регенерация процесін нашарлатады, ұзақ тынығу дәуірін қысқартады, оның төзімділігін азайтады, ағаштың қысқы суыққа төзімділігін күрт төмендетеді, аурулар мен зиянкестерге деген қарсылығын төмендетеді, жемістердің тауарлық және ұзақ жату сапасын нашарлатады, т.б.
Артық ылғал топырақ құрамын нашарлатады, қышқылдану процесін өршітеді, жылжымалы қоректік заттарды шайып кетеді, немесе олардың сіңуін кідіртеді, жас ағаштардың вегетациясын созып жібереді, ал беткейлерде су эрозиясына жол ашады, топырақ аэрациясын, фотосинтез өнімділігін төмендетеді, жеміс түсіне кері әсер етіп, жемісиің пісу сәті келгенде ағып кетуіне әкеп соқтырады.
Сонымен жеміс дақылдарының тамырлары топырақтың бүкіл ірі қуыстарын толтыратын гравитациялық су мен шағын саңылауларын толтыратын суды ғана оңай сіңіреді. Қалған топырақ ылғалын өсімдік тамыры іс жүзінде сіңіре алмайды.
Бақ суландыру жүйесі өндірістік белгілеу бойынша ылғал толықтырушы және вегетациялық болып бөлінетін суарудан тұрады.
Қазақстан жағдайында ылғал толықтыру үшін жеміс-жидек дақылдарының тынығуы кезінде, яғни қыстыкүні және ерте көктемде суарылады. Мұндағы негізгі мақсатбақтың тамыр жататын қабатын 1,5-2 метрге дейінгі тереңдікте ең ақырғы ылғал сиымдылығына дейін ылғалдау. Қыстыкүні топырақты былай ылғалдағанда тамыр жүйесінің үсуі азаяды, сондй-ақ ағаштыі жер бетіндегі бөлігі қыстыкүні құрғауға ұшырамайды. Ал ерте көктемде суарғанда көктемгі үсік ұрмайды. Ондай жағдай Қазақстан жеміс шаруашылығының оңтүстік шығысында жиі болып тұрады. Сондай-ақ осы суару 1-2 вегетациялық суаруға тең келеді. Бірақ ерте көктемде суармас бұрын ыза суының деңгейіне назар аудару керек.
Егер ол жақын, яғни тайыз жатса онда ылғалдау тереңдігін 0,5 – 0,8 метрден асырмау қажет. Әйтпесе топырақ екінші рет тұзданады.
Вегетациялық суару мақсаты – жеміс дақылдарының вегетация кезеңінде яғни, көктем мен жазда суға деген қажетін өтеу. Бұл суарудың міндеті активті тамырлардың негізгі массасы жатқан топырақ қабатын ылғалдандыру. Ондай қабат жеміс дақылдары үшін 0,5 – 1 м, жидек дақылдары үшін 0,2 – 60 см тереңдікте.
Суару әдісін таңдағанда өсімдіктің тұқымдық-сұрыптық құрамы, сумен қамтамасыз етілуі, суландырылатын алқаптың мелиорациялық жағдайы, жергілікті жердің су-физикалық қасиеті мен жер бедері, жұмыс қолы және электр энергиясы секілді факторларды ескеру қажет.
Қарықтап суару – жер бетімен суару әдісінің ең кең тараған және тиімді әдісі. Қарықтап, еңістігі 0,002-0,01, жақсылап тегістелген учаскелер ғана суарылады. Еңістігі бұдан асып кетсе эрозия қаупі бар. Ең қолайлы еңістік 0,003-0,005 болып есептеледі. Қарықтар тереңдігі 18-20 см, ені 40-50 см, жеңіл топырақтардағы қарықтың ұзындығы 50-100 м, ауыр топырақтаарда 150-200 м, етіліп қазылады. Олардың ара қашықтығы әдетте жеңіл топырақтарда 60-70 см, саздақ жерлерде 70-80 және ауыр топырақтарда 80-100 см болады.[3]
Жас бақтарда қатардың әрбір жағынан 1 – 2, ал жеміс салып тұрған бақтарда 1 – 5 қарық қазылады. Шеткі қарықтың ағаш сидамынан 1 – 1,5 м қашықтықта КОН-2,8 культиваторымен қазылуы керек. Судың берілу көлемі қарықтың ұзындығына, топырақтың су өткізгіштігіне, жердің еңістігіне байланысты және секундына 0,3 литрден 1,5 литрге дейін ауытқиды.
Қарықтап суарған кезде оның түбінен ені-3, тереңдігі 15-17 см саңылау қазылады. Сонда оның тереңдігі 30-40 см болып шығады. Бұл жағдай су ағынының кейбір ойлы-қырлы тұсынан оңай өтуіне мүмкіндік жасайды.
Судың бас қарықтан суару қарығына жетуін жеңілдету үшін Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында арнайы құбырлар алып жүруге келетін металл қалқандармен немесе шымдау долымен жасалады. Қарықтап суарған кезде су қатар аралықтың бүкіл топырағы мен топырақ астын ылғалдайды. Сөйтіп ағаш тамыр жүйесінің бүкіл массасын қамтиды. Топырақ беті қабыршақтанбайды, тамырға ауаның баруы қиындамайды, тіршіліктеріне қалыпты жағдай жасалады. Суарып болған соң қарықтар бітеледі.
Қарықтап суарудың кемістігі – су аса қажет бақ қатарларына ылғал жетпейді, сөйтіп жаз айларында суару мерзімі мен нормасын сақтағанның өзінде мүлде төмен түсіп кетеді.
Шұңқырлап суару – ағаш сидамының айналасында жан-жағы 20-25 см биіктікке көтерілген шұңқырларға су құю. Ол қарықтардан төмен жатады. Сондықтан да оған су оңай құйылады. Мұндай әдіс суару эрозиясын болдырмайды, шұңқырды түгел және оның бір метрге дейін айналасындағы топырақты жақсы ылғалдайды, қарықтап суарғанға қарағанда суды 1,5 есеге дейін үнемдейді. Сондай-ақ бұл әдіспен суарғанда суаруды оңай нормалауға болады.
Кемістік жақтары: жан – жағын көеруге және топырақты қопсытып отыруға қол жұмысы көп жұмсалады, ескі ағаштардың бүкіл тамыр жүйесін су қамти алмайды, шұңқырдағы топырақ құрамы нашарлайды т.б.
Алаптап суару. Бұл әдіспен
жақсылап тегістелген учаске ғана суарылады.
Су жан-жағы 20-45 см биіктікте жалшалап
көтерілген алппен ағады. Алаптардың ені
бақ қатар аралықтарының
Тамшылатып суландыру – суарудың жаңа прогрессивті тәсілі болып табылады. Ол суды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Онымен бірге минералды тыңайтқыштың қатаң түрде мөлшерленген нормасын енгізуге болады. кез-келген тіктіктегі беткейлерде пайдалануға келе береді. Ағынды су мен минералданған су пайдалануға да жарамды. Бұлай суарудың ерекшелігі мынада. Тұйық полиэтилен трубопроводтар жүйесімен берілетін су топырақтың, әрбір өсімдіктің маңындағы белгілі бір көлемін ғана ылғалдайды. Ол топырақтың құрылымын бұзбайды және оны нығыздамайды. Өсімдіктің ылғалға деген қажеті өтеледі, ал топырақтың тамыр жататын қабатынан да әрі өтетін су шығыны өте аз. Полимерлі трубалар әрбір ағаш егілген қатарды қуалай 50 – 60 см биіктікте тартылады. Оларға әрбір ағаш кронының түбіне екі тамшылатқыш қондырылады. Су осы тамшылатқыштардан автоматты түрде тамшылайды.
Тамшылатып суландырудың
кемшілігіне жабдықтың
Топырақ астымен суландыру
– бақты жер астымен тарылған
трубалармен суару әдісі. Су топыраққа
тамыр жататын қабаттың 40-60 см тереңдігіне
көмілген трубалардың саңылауынан
келеді. Бұл әдістің көптеген артықшылығы
бар: су өте көп үнемделеді, топырақ
эрозиясы хақында ешқандай қауіп
жоқ, кез-келген жер бедерінде қолдануға
болады, учаскені суаруға дайындауға
байланысты еңбекті көп қажет
тетін жұмыстар жасаудың қажеті жоқ.
Суару толық
Бақ суландырудың құрама әдісі
– жаңа әдіс. Оның мәні топырақты
бір жердің шеңберінде ылғалдау әдісі
мен ауаны ұсақ крон астындық ылғалдауды
үйлестіруге келіп саяды. Осы
әдістің көмегімен топырақ
Бақ суландырудың режимін белгілеудің негізгі көрсеткіші – ең аз ылғал сыйымдылығы. Ол барлық гравитациялық су төмен кеткендетопырақта қалатын ылғал мөлшеріне сай келеді. Жеміс өсімдіктерінің активті тамыры орналасқан аймақты топырақта 65 – 70%, саздақты топырақта 70 – 75%, сазды жерлерде 75 – 80 проценттен кем болмауы керек. Топырақ ылғалдылығы осы көрсеткіштен төмен болса бақты дереу суару керек. Суару нормасы – бір суару үстінде суармалы жердің бір гектарына қажетті судың текше метрмен есептелінген мөлшері. Суландыру нормасы – суармалы алаңға бүкіл суару кезеңінде жұмсалатын мөлшері. Суару мерзімі мен нормасысуарылатын жеміс өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен бірге топырақ қасиетіне, топырақты әбден суға шылқытқанда қанша су ұстай алатындығына, өсімдікке жететін ылғал щегіне, суарар алдындағы топырақ ылғалдылығына, сондай-ақ телісушіге, өсімдік жасына, өнімділігіне қарай да анықталады. Әрбір шаруашылықта, әрбәр бақта вегетациялық суару мерзімін сумен табиғи түрде қамтамасыз ету мәселесіне, климат факторларына, топырақ ылғалының жеміс өсімдіктерінің түрлі жетілу дәуіріндегі қарқынды шығынына қарай анықтаған дұрыс.
Өндірістік жағдайда топырақ ылғалдылығы көзбен қарап анықталады. Ол үшін жидектің 15-20 см тереңдігінен бір уыс топырақ алынып, алақанға салынады да сығылады. Егер алақанда ашқан кезде кесек езіліп кетпесе топырақ ылғалдылығы жеткілікті, егер езіліп кетсе жеткіліксіз деп есептеледі.
Вегетациялық суару мерзімдері жеміс өсімдіктерінің кейбір органдарының фенофазаларына сәйкес келеді. Қазақстанның оңтүстігінде оңтүстік шығысында бақ гүлдер алдында не одан соң бұтақтар мен жапырақтардың өсі кезеңінде, жатындардың маусымда түнеуінен кейін, гүл бүршіктерін салу кезеңінде және жемістің өсу кезеңінде суарылады. Суару күзгі-қысқы сорттарды жинауға 15-25 күн қалғанда тоқтатылады. Суару жиілігі жауған жауын-шашын мөлшеріне, ағаштардың су шығындау жылдамдығына, жеміс өсімдіктері ұстай алатын жеткілікті су мөлшеріне қарай шешіледі.
Эксперименттік зерттеудің және Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының өндірістік тәжірибесі толықтыруының негізінде республика бақтарын суару саны мен мөлшері мынадай болуы керек. Алматы, Талдықорған облыстарының тау беткейлері мен тау етегіндегі аймақтарында, жауған жауын – шашын мөлшеріне қарай вегетация кезеңінде 4 – 6 рет суарылады, жаздық-далалық, шөл далалықты және оңтүстік шығыс аймақтарда, республикамыздың жылына 400 мм-ге жуық жауын-шашын түсетін оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында кемінде 6 – 7 рет вегетациялық бір рет ылғал толықтыру үшін суару керек.