Бақ жасақтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:28, курсовая работа

Краткое описание

Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.

Оглавление

Кіріспе............................................................................................1

Негізгі бөлім

Бақ территориясын ұйымдастыру................................................3
Тұқымдар мен сұрыптар таңдау....................................................5
Бақ отырғызу.....................................................................................9
II.I. Бақты күтіп – баптау
Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі..........16
Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері.....21
Бақты суару мерзімдері мен күндері.............................................23
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................28

Файлы: 1 файл

Курсовой,Бақ жасақтау.docx

— 76.54 Кб (Скачать)

Тұқымдар мен  сорттар таңдау.

Өсімдіктердің тұқымдық – сорттық құрамы аймақтың табиғи – климаттық жағдайлары, шаруашылықты шоғырландыру және ұйымдастыру – экономикалық мүмкіндіктері ескеріле отырып белгіленеді. Бұл кезде сол аймақ пен сол облыс үшін тұқымдық-сорттық аудандастыруды басшылыққы алу керек. Тұқым мен сорттардың қатынасы ауданның немесе шаруашылықтың жеміс шаруашылығы бағыты ескеріле отырып анықталады. Жеміс өндірудің мынадай түрлері бар:

1) облыстан тыс жерлерге  шығару;

2) консервілеу өнеркәсібін  шикізатпен қамтамасыз ету; 

3) қалаларды, өнеркәсіп  орталықтарын, курорттарды т.б. жас  жеміс және жидекпен қамтамасыз  етеді.

Бірінші бағытты іске асыру  үшін қыстық және күздік шекілдеуік тұқымдас дақылдар өсіріледі.

Консервілеу заводтарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін сүйектілер, жидек  дақылдары есебінен тұқымдар жиынтығы көбейтіледі. Өйткені олардың алма мен алмұртқа қарағанда технологиялық сапасы  жоғары. Бұл жағдайда қайта өңдеуге арналған шикізат ұзақ уақыт түсіп тұратындай тұқымдар мен сұрыптар іріктеледі.

Қала маңындағы шаруашылықтарда  тұрмыстық-сұрыптық құрам халықты  бақ шаруашылығы өнімдерімен  жазда да, қыста да қамтамасыз ететіндей  болуы тиіс.

Сұрып таңдау да бақ типіне байланысты. Интенсивті, әсіресе суперинтенсивті  бақтар сұрыптары тез пісетін, жүйелі түрде жеміс салуға қабілетті, суаруға  және тыңайтқыш енгізуге бейім, күрделі  кесуді керек етпейтін крондарының  габитусы ыңғайлы және механизммен  күтуге мүмкіндік беретіндей болуы  керек.

Ірі бақтарда алма мен алмұрттың 2 – 3 жазғы және 3 – 4 қысқы сұрпын еккен жақсы. Сүйекті тұқымдардың  сортименттері түрлі мерзімде пісетін сұрыптардың есебінен ұлғайтылады. Ол жеміс жинауды, сөйтіп өнім өткізуді ұлғайтады. Сұрыптарды іріктегенде олардың өзара тозаңдануын ескеру қажет.

Әуесқойлар бағында жеміс  және жидек өсімдіктері тұқымы мен  сұрыптарының үлкен жиынтығын өсіруге  мүмкіндік бар. Тек іріктелген сұрыптар мен тұқымдардың сол жердің қолайсыз жағдайларына төзімділігін дұрыс бағалай  білу қажет.

Бақ территориясына тұқымдар мен сұрыптарды олардың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық құндылығын ескеріп орналастыру керек. Анағұрлым құнды деген алма мен алмұрт сұрыптарына топырағы өте құнарлы учаске бөлінеді. Сондай-ақ алмаға қарағанда алмұрт жылу мен жарық жеткіліксіздігін қатты елейді. Жер бетінің биіктеу бөлігіне шие мен өрік егіледі. Шие карбонатты топырақта, өрік борпылдақ бос топырақта жақсы өседі. Бірақ өрік тым ылғалды жерде дұрыс шықпайды. Алхоры болса алма мен шиеге қарағанда жылуды жақсы көреді. Ол ауың да топырақтың да құрғақшылығына шыдамсыз. Саздақты жерде жақсы өседі. Шабдалы менқызыл шие суыққа шыдамайды. Бұл тұқымдар жеңіл құмдақты топырақта жақсы өседі.

Учаскелерді бақ отырғызу үшін дайындауға ағаштар мен бұталарды қопарып, алып тастау, тас жинау, жер бетін тегістеу, топырақ пен топырақ астының тамыр жайылатын қабатын тереңдетіп әзірлеу, суландыру шаралары, қышқыл топырақты әктеп, сілтілі топырақты гипстеу, ыза суы деңгейін түсіру секілді жұмыстар жатады. Учаскенің алдын ала дайындалғанына ағаштың одан арғы қолайсыз жағдайға төзімділігі, ұзақ тіршілік ету-етпеуі, өнімділігі және күтім ыңғайлылығы тығыз байланысты болады. Оны дайындау кезінде жіберілген қателік болашақта түзетуге келмейтін қиындық келтіреді. Жеміс отырғызылатын учаскені дайындағанда әсіресе таулы жерлерге мұқият болу керек. Мұнда ең алдымен эрозиялық процестерді барынша азайтуға көңіл бөлген жөн.

Ағаштарды, бұталар мен  тастарды алып тастауға Д-695, ДП-8А тамырымен  жұлғыш машиналары, КБ-4А, ДП-24 бұта кескіштері, К-1 тамырымен жұлғыш мала, К-3 аспалы бұта тырмасы, ал тас және түбірлер тасып шығару үшін ГПС-2М және ПВК-5,0 өздігінен түсіретін тіркемелер пайдаланылады.

Учаскені тегістеу жеңіл, орташа және күрделі деп бөлінеді. Жеңіл тегістеуге П-4, ПА-3 тегістегіштері, орташа тегістеу кезінде төбешіктерді жазу және 1-1,5 м ойпаңдарды түзету керек болса бульдозерлер мен скреперлер пайдаланылады. Содан соң осы техника күшімен бүкіл учаскенің беті тегістеліп шығады.

Күрделі тегістеу ауыр техникамен – бульдозерлермен, скреперлермен  және грейдерлермен атқарылады. Орташа және крделі тегістеу кезіндегі ең қажетті тәсіл – гумусты қабатты  бір жерге үйіп алу. Барлық учаске тегістелген соң әлгі үйіндідегі гумус бүкіл учаскенің бетіне жайылады.

Беткейлердегі учаскелерді  дайындағанда ең жақсы әдіс – баспалдақтар (терасса) жасау. Қазақстанның оңтүстігі  мен оңтүстік шығысында беткейлердің тіктігіне қарай баспалдақ жасаудың айдалған және қазбалы-үймелі деп аталатын екі түрі бар. Айдалған баспалдақтар жер бедері тегістеу жерлерде және тіктігі 170 беткейлерде қолданылады.

Бұл әдісте баспалдақтар биіктігі 120 беткейлерде жалпы бағыттағы соқаларменқатарлы біржақты етіп немесе тіктігі 120 , 170 беткейлерде плантажды жасалады. Беткейлердің тіктгіне қарай ені 4 – 5 м баспалдақ жасау үшін трактордың 4 реттен 8 ретке дейін өтуі керек. Беткей неғұрлым тік болған сайын трактордың өту саны да соғұрлым көп болады.

Қазбалы-үймелі баспалдақ  өте тік беткейлерде (300) пайдаланылатын өте күрделі әдіспен жасалады. Баспалдақтар Т-4 баспалдақ жасағышпен, Д-429А және Д-492А типті бульдозерлермен іске асырылады. Оның ең кем дегендегі ені – 4-4,5 м. Үйілген құламасы 40-450, қазба құламасы тиісінше 600. Баспалдақтар аралығында ені – 0,5-1,0  мың алап қалдырылады. Баспалдақтардың орында ұзындығы 200-300 м. Әрбір баспалдақтың кіріп-шығатын сенімді жолы болуға тиіс.

Топырақ 3-4 жыл ішінде бір  рет мәденилендірілсе, нәтижесі жақсы  болады. Учаске әбден тегістелген  соң жыртылады, сөйтіп көп жылдық шөп 30-35 см тереңдікте жыртылып, плантажды  айналымға дейін таза сүдігерде  ұсталады. Топырақты бұлай көп  жылдық мәденилендіруге мүмкіндік  болмаса, онда бақ отырғызуға бөлінеген учаске бір маусымның ішінде дайындалады. Бұл жағдайлар учаске осы аймаққа ұсынылған сидералиялық дақылдар егіледі. Олар гүлдеуінің басында жыртылып, жаздың екінші жартысында және күзде қара сүдігерде ұсталады. Қажет болса учаскеге көкөніс, бақша дақылдары, қант қазалшасы, бір жылдық бұршақ тұқымдастар егіледі. Бірақ тыңайтқыш осы дақылдар үшін белгіленген нормамен ғана енгізіледі. Сүйекті дақылдар егілетін жерге қарамық тұқымдасынасына жататын өсімдік егуге болмайды.

Жеміс дақылдарының негізгі  тамыры 80 – 100 см тереңдікте жатады. Соған  орай бақ отырғызылатын учаскенің  топырағын терең мәденилендіру  керек. Ол үшін 50- ссантиметрге дейінгі  тереңдікте плантажды жыртылады. Ондай  жырту үшін өнеркәсіп орындары ППН-40 маркалы соқа шығарады. Ол соқалар  ДТ-75, Т-75 және ДТ-54А тракторларына  агрегеатталады.Ал ППУ-50А күшейтілген  плантажды соқа ауыр топырақты жыртуға  арналған. Егер топырақ мұндай жыртуға  мүмкіндік бермесе 20-30 см тереңдікте топырақ тереңдеткішпен қосымша  қопсытылады. Тастақты немесе ауыр саздың тығыз қабаты жақын жатқан жерлер Р-80 терең қопсытқышпен жыртылады.

Сортаң учаскелер шайылады. Топырақ отырып үлгеру үшін бақ отырғызуға бірнеше ай қалғанда учаске плантажды  түрде айдалады. Бақ көктемде отырғызылатын  болса плантаж күзде, ал күзде  отырғызылса жаздың бірінші жартысында көтеріледі. Олар жаңашалап жыртылады. Себебі жалшалар қарықтарға қарағанда  оңай тегістеледі. Жалпы плантажды  айдаған соң бірден тегістеу керек.

Себебі жырылғаннан кейін пайда болған жалшалар тез құрғайды. Топырақты мәденилендіру (терең жыртып, тыңайтқыш енгізу) тұтас және лентелы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тұтас учаске жыртылып, тыңайтқыш та тұтас енгізіледі, екінші жағдайда болашақта ағаш отырғызылатын қатарлар ғана кең етіліп жыртылып, тыңайтқыш беріледі. Ленталы мәденилендіруге еңбек те басқа шығын да (тыңайтқыш, жанармай) аз жұмсалады.

Топырақты ленталы мәденилендіру кең қатарлы бақ отырғызғанда өзін-өзі ақтайды. Бұл жағдайда лента аралығында қалған алаңдарды кейін, бақты отырғызып болған соң-ақ мәденилендіруге болады. Тар қатарлы интенсивті бақ отырғызу үшін топырақ тұтас әдіспен мәденилендіріледі.

Бақ бір орында ондаған  жыл бойы өседі. Сондықтан да топырақ  дайындау кезінде ағаш тамыры жататын  қабатты тыңайтқышпен қамтамасыз ету  мәселесін ойластыру керек. Бақ  отырғызар алдында фосфор және калий  секілді аз қозғалатын минералды  заттар қорын терең енгізіп алу  өсімдікті көптеген жылдар бойы қоректік элементтермен қамтамасыз етеді.

Органикалық тыңайтқыш енгізуге ерекше қарау керек. Топырақты қоректік элементтермен байытудан басқа, органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық қасиетіне, оның механикалық құрамына қолайлы әсер етеді. Органикалық тыңайтқышты негізгі тереңдете жыртудың алдында фосфор және калий тәрізді минералды тыңайтқыштармен араластыра енгізген дұрыс. 1 гектарға органикалық тыңайтқыштың өте көп мөлшерін, яғни 30 тоннадан 80тоннаға дейін, ал бұрын жыртылған және гумусқа кедей топырақтарға 10 тоннаға дейін енгізу ұсынылады. Минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері мынадай: суперфосфат – 6-7 ц/га, калий тұзы – 1,5-3,0 ц/га. Ленталы мәденилендіру кезінде бұл көрсетілген норманың екі есеге дейін азайтылуы мүмкін.

Жеміс көшеттері отырғызылатын  жердің топырағын мәденилендірсе, яғни терең де кең шұңқыр қазылса, оған минералды және органикалық тыңайтқыш  енгізілсе олар кейін тез тамыр  алып, жақсы өседі. Мұндай мәденилендіру жалпы немесе ленталы типті болмаса өздігінен мәденилендіру үшін қолданылады. Соңғы жағдайларда ол бақты беткейлерде және шағын жерге отырғызғанда жиі жасалады. Ол үшін ағаш енгізілетін бір шұңқырға 20-30 кг органикалық тыңайтқыш (жақсы шіріген көң немесе  қарашірік), 250 г.ә.з. фосфор және калий тыңайтқышы енгізіледі. Бірақ көшет тамыры минералды тыңайтқышқа тимеуге тиіс. Ол үшін олар шұңқырдың түбіне немесе органикалық тыңайтқышпен араластырылып төмендеу салынады.

Азотты тыңайтқыш өте  тез шайылады, сондықтан да бақ  отырғызғаннан кейін үстеп қоректендіргіш түрінде, тіпті ағаш отырғызылған соң  екінші жылы енгізіледі. Тамырға жақын  енгізілген азот тыңайтқышының әсерінен ағашты отырғызғаннан кейінгі алғашқы  кезеңде зақымданған тамырлардың  тірілуі мен өсуін тоқтататындығы жөнінде мәлімет бар. Қажет жердің ғана топырағын мәденилендіруді  пайдалана отырып, оның өсімдіктің табысты жетілуін отырғызылған алғашқы 2-3 жылда ғана қамтамасыз ететінін ескеру керек.

Бақ отырғызу.

Бақ отырғызу міндеттері. Көшеттердің  еккеннен кейінгі жандануы – бақ  отырғызу жөніндегі табыстың маңызды  көрсеткіші. Отырғызылған көшеттің біразы көктемей қалса, ол жерге қайта егу  керек. Оған көп шығын шығады. Оның үстіне қайта егілген көшеттер бұрынғыдан гөрі өсуі жағынан қалып қояды, жемісті  де кеш салады.

Бірақ бұл істегі табысты  жалғыз көшеттің жандануы ғана шешпейді, әрине олардың жанданып көктеп кетуі  маңызды мәселе. Өйткені отырғызған кездегі әлсіреген өсімдік жетілуі  жағынан басқалардан қалып қояды. Олардың жеміс салуы да бірнеше  жылға кідіруі мүмкін.

Өнеркәсіптік жеміс салу мерзімі қысқартылатын интенсивті жеміс шаруашылығында, көшеттердің  отырғызылғаннан кейінгі өте  жақсы жандануын қамтамасыз ету  ғана маңызды емес, сонвмен бірге  ағаштардың алғашқы жылы-ақ қарқынды өсуі де маңызды. Бақ отырғызылғаннан  кейінгі алғашқы жылы ағаштардың өсімінің көлемі деген көрсеткіш  бар. Шекілдеуіктілер тұқымында мұндай өсім кемінде 30-60 см, сүйектілерде 40-80 см. Пальметті бақ отырғызғанда алғашқы жылы олардың өсімін ең кем дегенде 1 метрге жеткізуге тырысу керек. Сонымен бірге отырғызған кезде егілген ағаштар қатарының түзу болуы қажет. Кейін осы жағдайға бақ, яғни ағаш өсімі байланысты болады. Ағаш өсіміне сондай-ақ отырғызу материалының сапасы, отырғызу жұмыстарының дер кезінде және мұқият атқарылуы, ағаштардың егіп болғанна кейінгі күтімі де әсер етеді.

Отырғызу материалы. Отырғызуға арналған көшеттер стандартты, механикалық  зақымдану белгілері жоқ, суыққа төзімді, зиянкестер мен аурулардан сау болуы керек. Бақ отырғызу үшін бір және екі жылдық көшеттер пайдаланылады. Бір жылдық көшеттер отырғызған соң жақсы жанданады, оларды тасымалдау да оңай, екі жылдықтардың крондары, питомникте-ақ қалыптасады, баққа отырғызған соң ерте жеміс  сала бастайды. Көшеттердің отырғызуға арналған жасы бақ отырғызылатын  аймаққа, көшеттің тұқымына және бақ  типіне байланысты болады. Жеміс шаруашылығының солтүстік аймақтарында баққа отырғызу үшін шекілдеуікті және сүйекті тұқымдарда екі жылдық көшеттері, оңтүстік және оңтүстік шығыста шекілдеуіктілердің бір және екі жылдық, сүйектілердің бір жылдық көшеттері отырғызылады. Таудағы суармалы емес бақтарға бір жылдық көшеттердің нәтижесі жақсы. Интенсивті жиі және өте жиі отырғызылатын бақтардағы отырғызу материалдары аласа өсетін телісушілерге телімделген. Оларда да көбіне бір жылдық көшеттер пайдаланылады.

Отырғызу материалының сапасы бақ отырғызу процесінің өзінде күрт төмендеуі мүмкін. Бұл олардың  тамыр жүйесінің өсуі немесе қурауы салдарынан болатын жағдай. Көшеттерді ауаның температурасы минус, яғни тасымалдауға немесе егуге, сондай-ақ оларды шамалы уақытқы болса да ашық аспан астында, әсіресе күн шақырайып тұрғанда немесе желді күндері қалдыруға болмайды.

Тасымалдаған кезде көшет  тамырларын ылғал, жұмсақ сабанмен немесе кенеппен орау керек. Ал оларды егісте сақтау керек болса мерзіміне  қарамастан көміп қойған жөн, егердің  алдында тамырларын сазды қоспаға  батырып алу қажет. Қоспа саз  бен ірі қара көңінен су құйылып, қоймалжың болғанша араластырылып  дайындалады.

Отырғызу мерзімі. Ағашта қысқы тынығу кезінде көшіріп  отырғызған жөн. Климаттық жағдайға, тұқымы мен ұйымдастыру-шаруашылық мүмкіндіктеріне қарай бақ көктем мен күзде отырғызылады.

Көктемгі отырғызу өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінің басына сай келеді. Жағдай қолайлы болса ағаш көктемде тез жанданып, жақсы өседі. Бірақ  көктемгі егіс жұмысының басынан  ағаштың өсіп-өнуі кезеңінің басына дейін уақыт тым тар, небары 10-12 күн. Күзде отырғызу мерзімі 20-30күнге дейін ұлғаяды. Бірақ кез-келген жағдайды отырғызу жұмысы тұрақты суықтың түсуіне 2-3 апта аяқталуға тиіс. Бұл уақыт отырғызылған көшеттердің тамыр жүйесінің топырақ тоңазығанша алғашқы жандану дәуірінің аяқталуына керек. Күзде отырғызылған көшеттердің үсу немесе қурау қаупі бар. Сондықтан да шекілдеуікті тұқымдардың анағұрлым төзімділерін ғана отырғызып, сүйектілерді көктемде отырғызған жөн.

Отырғызу әдістері. Ағаш қолмен де, машинамен де отырғызылады. Соңғы уақытта өнеркәсіптік бақ  отырғызу ісінде машинамен отырғызу әдісі басымдық танытуда. Ол қолмен отырғызуға қарағанда еңбек шығынын 4-10 рет төмендетеді. Машинамен отырғызу әдісі әсіресе интенсивті жиі  егілетін бақ отырғызу кезінде аса тиімді. Қазақстанның барлық жеміс шаруашылығы аймағында, егер топырақ қабаты жеткілікті түрде жыртылса және беткейлердің тіктігі 10 градустан аспаса, ағаштарды механизм күшімен отырғызуға бола береді. Оны баспалдақталған беткейлерде де табысты қолданады. Бұл жұмыстар үшін бақ отырғызатын машиналарды да, орман отырғызатын машиналарды да қолдана беруге болады. Олар жүру жылдамдығы азайтылған ДТ-75, ДТ-75М немесе 7-75 тракторларына агрегатталады. Қолмен отырғызу да кең қолдау тапқан. Көлемі аз бақтарда, баспалдақтанбаған беткейлерде, ағаш отырғызылатын орындарды мәденилендірмей болмайтын қуаты аз топырақты учаскелерде, сондай-ақ шықпай қалған ағаштар орнына көшет қолмен отырғызылады. Қолмен отырғызудың түрлі варианты бар. Олар: шұңқырға отырғызу, қарыққа отырғызу, гидрологиялық жолмен бұрғыланған орынға отырғызу т.б. солардың ішінде ең ескісі және кең тарағаны шұңқырға отырғызу. Бұл әдіс бойынша көшет алдын-ала қазылған шұңқырға егіледі.шұңқырлар қолмен немесе шұңқыр қазғышпен қазылады. Шұңқыр алдын-ала қазылса сол орынды әбден мәденилендіруге мүмкіндік туады. Әдеттегідей 30-35 см тереңдікте жыртылған жерлде тереңдігі 60см, ені 100 см дейін қазылып, одан әрі қазылып, одан әрі органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізілген шұңқырды сол жердің плантажы деп есептеуге болады. Шұңқырды қолмен қазғанда топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты бір жағына, астыңғы қабаты екінші жағына үйіледі.

Информация о работе Бақ жасақтау