Бақ жасақтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:28, курсовая работа

Краткое описание

Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.

Оглавление

Кіріспе............................................................................................1

Негізгі бөлім

Бақ территориясын ұйымдастыру................................................3
Тұқымдар мен сұрыптар таңдау....................................................5
Бақ отырғызу.....................................................................................9
II.I. Бақты күтіп – баптау
Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі..........16
Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері.....21
Бақты суару мерзімдері мен күндері.............................................23
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................28

Файлы: 1 файл

Курсовой,Бақ жасақтау.docx

— 76.54 Кб (Скачать)

Жас алманың 1 гектар жерден жылына сіңіретін негізгі минералды  элементтері мынадай: азот 2-10 кг, фосфор 1-2 кг, калий 5-6 кг.Жеміс салып тұрған ағаштар әр гектардан200 центнерге дейін жеміс жинағанда 40-50 кг азот, 10-15 кг фосфор, 115-120 кг калий, ал өнімділігі 300-400 центнерге болғанда 7-9 кг азот, 20-30 кг фософор және 150-170 кг калий тұтынған.

Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа  деген қажеттілігі сорттық ерекшеліктеріне, топырақ қасиетіне, оның құнарлалағына, бақтың суарылуына, қатар аралықтардың күту жүйесіне, ағаштардың өсу күшіне, жеміс ағаштарының жасына да байланысты болады.

Жеміс дақылдары бір орында ұзақ уақыт өскенде қоректік заттарды көптер сіңіреді.қоректік заттардың  белгілі бір мөлшері алынған  өніммен, топрыраққа енді қайтып түспейтін  ағаш сүрегімен кетеді. Осының барі топырақтың кедейленуіне, яғни нашарлануына әкеліп соғады. Қоректік заттардың  жетіспеуі жеміс ағаштарының  өнімділігіне, суыққа төзімділігіне  және ұзақ тіршілік етуіне кері әсер етеді. Кейбір элементтер қатынасы дұрыс болмаса  да осындай жағдайға тап болады. соған орй элементтер қатынасын  дұрыстау тыңайтқыштың ең маңызды міндеті.

Жеміс дақылдарының жыл сайын  жеміс салуындағы және жеміс сапасын  арттырудағы ең маңызды фактор –  тыңайтқыш. Ол жеміс ағаштарының  ұзақ тіршілік етуіне, гүл бүршігін салуын жақсартуға, түйіндерінің түсуін азайтуға жағдай жасайды. Оны басқа  да агротехникалық шаралар жиынтығымен  қоса қолданса бақтың өнімділігі артады, жеміс салуының мерзімділігін жақсартады, суыққа төзімділігін арттырады, жарақаттарының тез бітіп кетуін, тамырларының қайта  қалпына келуін тездетеді.

Жеміс ағаштарының қоректік элементтерге қажеттілігін көзбен-ақ және химиялық анализбен анықтауға болады. көзбен анықтаған кезде маман бұл жағдайда кейбір қоректік элементтердің жетіспейтіндігі және артықтығы жайлы жеміс өсімдіктерінің сыртқы белгілері, жапырақтарының түсі, ондағы дақтар, ұсақ жапырақты ойыстардың пайда болуы, бұтақтардың қурауы, өсіп тұрған бөлігінде тургордың жойылуы т.б. бойынша ойластырады. Бұл кезде олардың сыртқы белгілерінің грибок және бактериялық аурулардың әсерімен де, зиянкестердің зақымдауымен де, төменгі және жоғары температураның қолайсыз әсері салдарынан да, ылғалдың жетіспеуі және артықшылығынан да, механикалық зақымдануынан да, топырақ қышқылдығы мен сортаңдығынан да, телінушінің телісушіге сәйкес келмейтіндігінен де т.б. өзгеретіндігін ескеру керек. Сондықтан да көзбен анықтағанда қорекке байланысты өзгерістерді ғана бөлек алу қажет. Көзбен анықтау әдісі үлкен территориялы бақтарға экспедициялық зерттеу жүргізу кезде кеңінен пайдаланылады.

Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа  деген қажеттілігін негізгі қоректік элементтер құрамына химиялық анализ жасау тәсілімен толық анықтауға  болады. бұл тәсіл топырақтағы  негізгі қоректік компоненттердің  жағдайы мен қатынасының обьективті көрсеткіштерін көрсетеді.

Жеміс дақылдарының өоректік деңгейін анағұрлым дәл де дұрыс  бағалау үшін кейбір органдарын, негізінен  жапырақтарын химиялық анализден өткізудің  маңызы зор. Жапырақ бойынша анықтау  тәсілінің жеміс дақылдары үшін тағы бір маңыздылығы бар. Ағаштар қоректік заттарды топырақтың терең қабатынан пайдаланады. Оны әдеттегі агрохимиялық анализбен анықтау өте қиын.

Сонымен бірге ағаштың  кейбір кезеңдегі қорегін топырақтағы  қоректік заттармен ғана анықтамайды, оны ағаш органдарындағы қоректік заттар қорымен де анықтайды. Осының бәрін  кейбәр органдарға, әсіресе жапырақтарға химиялық анализ жасау жолымен ғана білуге болады. Өз тіршілігі үшін жеміс  өсімдіктері көмірқышқылын, су мен  құрамында азот, фосфор, калий, калций, күкірт, магний бар минералды тұздар мен микроэлементтер – марганец, мыс, молибден, темір, мырыш, кобальт  т.б. пайдаланылады.

Азот өсімдік тіршілігінде маңызды роль атқарады. Ол белоктік заттар, нуклеин қышқылдары, хлорофилл  және басқа органикалық қосылыстар құрамына кіреді. Сіңімді азот жеткілікті түрде түссе жеміс дақылдары  жақсы өсіп, жеміс салады. Бұл  элементтің анағұрлым көп мөлшері  жапырақ пен жемісте, аз мөлшері  бұтақ, сүрек пен тамырда болады. Азот жетіспесе ең алдымен бұтақтардың өсу тоқтайды, жапырақ нашар жетіледі, ұсақтайды, түсі ашық жасылдан қызыл сары және қызыл реңді ашық сарыға дейін өзгереді, мезгілінен бұрын түсіп қалады. Азотты қоректі жақсарту үшін органикалық және азотты тыңайтқыш енгізу қажет.

Кальций зат алмасуда үлкен  роль атқарады. Ол болса аммиак азоты  жақсы сіңіріледі. Кальций тамыр  жүйесінің жетілуіне мүмкіндік  береді. Ол жетіспесе жеміс «ащы шұңқырлыққа» ұшырайды, сору тамырларының клеткалары бұзылады, сондай-ақ шырыштанады, өсімдіктің жер үстіндегі бөлігінен шайыр ағады, ал бұл элемент артық болса өсімдік хлорозға шалдығады. Бұл кемшіліктер кальций тыңайтқыштарын енгізсе ғана жойылады. Бұл әсіресе құмды жерлер үшін қажет.

Магний – хлорофильдің негізгі бөлігінің бірі. Углевод  құрауға қатысады, фитин формасында тұқымға жиналады. Магний жетіспесе  алма, алмұрт, алхоры және шие жапырақтары  тарамдарының аралығында ашық жасыл  немесе қоңыр жасыл дақтар пайда  болады. Олардың жапырақ жиектеріне таралуы жиі кездесетін құбылыс. Ауру жапырақтар түседі, жұмсақ, жұқа жасыл  жапырақтардың сағағы ғана қалады. Қой бүлдіргеннің ескі жапырақтары  хлорлы болып, сарғаяды немесе реңі қызыл  тартады. Темір қышқылдандыру-қалпына  келтіру процестеріне қатысады. Бұл  процесс өсімдік клеткаларында  хлорофилл құрау үшін қажет, сондай-ақ тыныс алу ферменттерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол жетіспесе өсімдіктің өсуі тежеледі, хлорозға жиі шалдығады, жапырақтары түсіп қалады. Темірдің жетіспеуін қалпына келтіру үшін тұз ерітіндісі енгізіледі, тамырдан тыс шашу әдісі қолданылады және органикалық-минералды темір қосылысы болып табылатын арнайы препараттар – хелаттар қолдануға да болады.

Тыңайтқыш енгізген кезде  өсімдіктің биологиялық, типті сұрыптық ерекшеліктерін, активті тамырларының топырақта орналасуын, топырақтың физикалық және химиялық қасиетін, қоректік заттардың қаншалықты екенін т.б. ескеру керек. Жеміс ағаштарының қоректік элементтерге деген қажеттілігі түрлі жас кезеңінде әр түрлі болады.

Мысалы, жеміс ағаштарының  жас кезінде азотқа деген қажеттілігі  зор болады да, толық жеміс салу кезінде ол азайып, калийге деген қажеттілігі артады. Маманға тыңайтқыштың қандай факторға әсер ететінін және олардың міндеттерін білу қажет. Мысалы, жас бақта өнімсіз кезеңнің өтуін жеделдетудің маңызы зор. Жеміс салу кезеңінде ағаштарға өнім құрауға, жетілуге және жеміс бүршіктерін салуға жұмсаған қоректік заттар шығынан қалпына келтіру керек.

Толық жеміс салу кезеңінде өнімді кезеңді ұзарту, ағаштың жақсы жапырақтанып тұрған сәтін сақтау маңызды іс. Баққа тыңайтқыш енгізудің мақсаты – жеміс өсімдіктерін қажетті мөлшерде, қолайлы мерзімде оңай формамен және қоректік элементтерді дұрыс қатынаста қамтамасыз ету үшін табиғи қорды толтыру. Сондай-ақ жеміс ағаштарының жасы ұлғайған сайын олардың тыңайтқышқа яғни қоректік элементтерге деген қажеттіліктерінің де артатынын ескеру керек.

Баққа енгізілетін тыңайтқыштар минералды және органикалық болып  екіге бөлінеді.

Бақтар мен жемістіктерде  қарапайым (азотты, фосфорлы, калийлі) және күрделі тыңайтқыштар пайдаланылады.

Азотты тыңайтқыштар. Аммиак селитрасы – құрамында орта есеппен 24 – 34,5% азот болады. қатты гигроскопиялы, яғни ауадан ылғал сорып, тез нығыздалады, суда жақсы еріп, топырақтан жақсы шайылады, негізінен үстеп қоректендіру ретінде енгізіледі.

Мочевина (карбамид) – құрамында 46% азот бар. Суда жақсы ериді. Түйіршіктелген мочевина нығыздалмайды және жақсы ыдырайды. Ол тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін әбден жарайды. Топыраққа мочевина енгізгенде дер кезінде аяқтау жағын ескеру керек. Өйткені оны қолдану кезінде аммиак түрінде азот тез, әрі көп жойылады.

Күкірт қышқылды аммоний (аммоний сульфаты) – құрамында 20,5-21% азот бар, ал гигроскопиялы сақтау кезінде нығыздалмайды. Сілітілі және бейтарап топырақтарда ол қышқыл топырақтарға қарағанда ол тиімсіз. Сілтілі тыңайтқыштар – преципитатпен, фосфорит ұнымен т.б. қатынаста (аралас емес) қолданған тиімді.

Фосфорлы тыңайтқыштар. Бұлардың ішінде анағұрлым кең тарағаны қарапайым  және қосарлы суперфосфат, топырақпен мықты бекіп, суда аз еритін маңызды қасиеттері бар. Осы факторлар ескеріле отырып, фосфорлы тыңайтқыштар терең, яғни топырақтың жеміс-жидек өсімдіктері тамырларының негізгі массалары жататын қабатына енгізіледі. Қарапайым суперфосфаттың құрамында 19%, ал қосарлы суперфосфаттың құрамында 46% сіңімді фосфор бар. Топыраққа енгізген кезде қосарлы суперфосфаттың мөлшеріне қарағанда 2 – 2,5 есе азайтылады.

Фосфорит ұны – суда ерімейтін тыңайтқыш құрамында 14-23% фосфат тотығы бар. Топыраққа суперфосфатқа қарағанда көп мөлшерде енгізіледі. Қара шірікпен және физиологиялық азот (күкірт қышқылы аммоний, азот қышқыл аммоний) және калий қышқыл тыңайтқыштарымен қатынаста бұл тыңайтқыштың әсері күшейеді. Бұл тыңайтқыштар мен фосфорит ұнын араластырып қолдануға болады.

Калийлі тыңайтқыш. Хлорлы калийдің құрамында 56 – 60% калий тотығы бар. Ылғал орында қатты нығыздалып қалады. Хлорлы калийдің құрамында өсімдікке, әсіресе жидек дақылдарына зиян хлор бар. Сондықтан да оны күзде қопарар, жыртар алдында енгізген жақсы. Өйткені вегетациялық кезеңнің басына дейін ол ыдырап, хлор топырақтан ұшып үлгереді. Барлық тыңайтқышпен араластыра беруге болады.

Күкірт қышқыл калий –  ұсақ кристалды тұз. Құрамында 46-50% калий тотығы бар. Барлық калийлі тыңайтқыш суда ериді. Оларды топырақтың өсімдік тамырының негізгі массалары жатқан қабатына енгізу керек. Себебі олар қатайып, топырақтың енгізген тұсында қалып қояды.

Күрделі тыңайтқыштардың  ішінде ең көп тарағандары төмендегілер.

Аммофос – ұсақ фосфорлы-азотты тыңайтқыш. Құрамында 12% азот және 46% жуық фосфор бар. Аммофос әдетте азотты тыңайтқыштармен толтырылады. Фосфорға кедей топырақтарда (Солтүстік Қазақстан) тиімділігі жақсы.

Нитроаммофостың құрамында 23% азот, сонша сіңімді фосфор бар. Түйіршіктелген күйінде шығарылады. Суда жақсы ериді. Тыңайтқыштың бұл түрі азотты-фосфорлы тыңайтқыш ретінде ғана тең мөлшерде пайдаланылады.

Көң – өте құнды да пайдалы тыңайтқыш. Оның құрамында өсімдіктің өсуіне қажет барлық зат, соның ішінде микроэлементтер де бар. Көң сапасына сақтау жағдайлары қатты әсер етеді. Оларды сақтаудың тығыз, суық әдістері ең жақсысы болып табылады. Өйткені бұлай сақтағанда қоректік заттар аз жойылады. Жас көң жеміс-жидек тыңайтуға жарамайды. Егер жақсы сақталса жартылай, толық күйген қара шірік дайындауға болады. Оның жақсы әсері енгізгеннен кейін 3 – 4 жылдың ішінде біліне бастайды. Құрамындағы қоректік элементтері бойынша құс саңғырығы, содан соң қой, жылқы және ірі қара көңі тиімді.

Құс саңғырығы – тез  әсер ететін органикалық жақсы тыңайтқыш. Құрамында 3,5% азот бар. Ол көң азотына қарағанда жақсы сіңеді. Сондықтан да бақтың бір гектарында бұл тыңайтқыштың 5 тоннасындайы жетіп жатыр. Көбінесе үстеп қоректендіру үшін пайдаланылады. Топыраққа енгізер алдында оның ашуын күтіп, содан соң 10-12 есе су қосылады.

Садыра. Құрамында көп  азот, калий бар, бірақ фосфоры  аз. Сондықтан да садыраменбірге фосфор тыңайтқышы енгізіледі. Бұл тез әсер ететін қоректік тыңайтқыш үстеп  қоректендіру үшін пайдаланылады.

Шірінді – ұзақ әсер ететін органикалық негізгі тыңайтқыш. Ол түрлі қалдықтардан, түскен жапырақтардан, өсімдік пәлектерінен, түрлі органикалық  қоқыстан, құс саңғырығынан дайындалады. Осылардың бәрі шұңқырға салынып, үстінен  су немесе садыра құйылады. Сөйтіп, топырақпен көміп бір жылға қалдырады. Шірігеннен кейін топыраққа енгізіледі. Шірімеген шірінді қолдануға болмайды. Өйткені ондай шіріндіде арам шөптердің тіршілікке бейім тұқымдары қалып қояды.

Тезек тез әсер ететін тыңайтқыш. Құрамындағы азот көңдегі азоттан  екі есе көп болады. оны тек  терең енгізу қажет. Тезекті зарарсыздандыру  үшін шірінді ретінде қолданған  дұрыс. Ол үшін оны топырақпен көміп, шірігеннен

кейін топыраққа күзде  немесе ерте көктемде енгізу керек.[1]

Тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімі мен әдістері.

Тыңайтқыш енгізу мөлшері  түрлі факторларға: өсімдік ерекшеліктеріне (сорты, жасы, отырғызу тығыздығы т.б.), топырақтың құнарлылық дәрежесіне, суармалы немесе суармалы еместігіне, топырақ  күту жүйесіне байланысты.

Бақтарда аралық дақылдар (сұлы, картоп, бүлдірген) өсірген кезде  жыл сайын бүкіл вегетациялық кезеңнің өн бойында 1 гектарға 60-90 кг азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар енгізіледі. Сондай-ақ отырғызар немесе себер  алдында топыраққа 30-40 т/га есебінен көң шашылады.

Көп жылдық шөп егісі үшін фосфорлы және калийлі тыңайтқышпен  енгізіліп, жаздыкүні азотты тыңайтқышпен үстеп қоректендіру жетіп жатыр. Жас баққа егілген көпжылдық шөптердің келесі вегетациялық кезеңдерінде 1 гектарға 60 – 90 кг азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар енгізіледі. Республикамыздың оңтүстік шығысында топырақтың фосфоры жеткілікті. Сондықтан да ол жерлерде бұл тыңайтқышты 2-3 жылда бір рет енгізсе де болады.

Жеміс дақылдарының жасы ұлғайған сайын минералды тыңайтқыш енгізу мөлшері, олардың салған өнімге жұмсалатынын ескере отырып, ұлғайтылады. Мысалы, алма орта есеппен 40-60 ц/га өнім берсе 60 кг азотты тыңайтқыш, ал өнімділігі 100-150 ц/га кезде тиісінше 120-180 кг енгізіледі. Калийлі тыңайтқыш енгізу нормасы 1 гектарға 120 кг дейін, ал фосфорлы тыңайтқыш енгізу нормасы 60-90 кг. Тығыз отырғызылған ағаштар мол өнім берген кезде минералды тыңайтқыштар мөлшері екі есе арттырылады.

Азотты тыңайтқыштар жеміс  дақылдары вегетациясының дәуірлері  бойынша 1 гектарға 20-40 кг мөлшерінде үстеп  қоректендіру кезінде ерте көктемде беріледі. Қазақ жеміс және жүзім  шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты  Алматы облысы үшін үстеп қоректендірудің  мынадай мерзімдерін ұсынады: бірінші  жаппай гүлдеудің аяғында, жеміс  байлау кезеңінде, екінші – жеміс  бүршіктерінің дифференциясы алдында, үшінші – жемістерінің барынша өсу  кезеңінде. Құрғақ тыңайтқышпенде үстеп  қоректендіруге болады. вегетациялық кезеңнің бірінші жартысында негізінен  азотпен, ал екінші жартысында фосфор және калиймен үстеп қоректендіріледі. Тыңайтқыш ерітіндісімен үстеп қректендірген өте тиімді. Ол үшін сиыр көңі тұнбасына, құс саңғырығы енгізілген садыра немесе минералды тыңайтқыштар ерітіндісі пайдаланылады. Одан әрі күзде, азот тыңайтқышы кеңінен қолданылады. Ол өсімдіктің қоректік режимін күрт жақсартады, өсуінің күзгі кезеңінде, яғни өсімдіктің суыққа төзімділігіне, келер жылғы өніміне әсер ететін қоректік заттардың резервтегі қоры жинала бастағанда тамыр жүйесінің қызметін күшейтеді.

Информация о работе Бақ жасақтау