Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:28, курсовая работа
Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.
Кіріспе............................................................................................1
Негізгі бөлім
Бақ территориясын ұйымдастыру................................................3
Тұқымдар мен сұрыптар таңдау....................................................5
Бақ отырғызу.....................................................................................9
II.I. Бақты күтіп – баптау
Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі..........16
Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері.....21
Бақты суару мерзімдері мен күндері.............................................23
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................28
Содан соң ағашты еккен
кезде органикалық минералды
тыңайтқышпен байытылған үстіңгі қабаттың
құнарлы топырағы мен көшеттің тамыры
көміледі де, үстіңгі қабаттың топырағы
бетіне жабылады. Шұңқыр қазғышпен
қазғанда топырақты бұлай бөлуге
мүмкіндік болмайды. Алайда бұл вариантта
органикалық-минералды қоспа
Олар МТЗ-50/52 және МТЗ-80/82 тракторларына агрегатталады. Диаметрі 30, 40, 60, 100 см аралас бұрғысы бар. 80 см дейін тереңдіктегі шұңқырларды қаза алады. Еңбек өнімділігі сағатына 100-110 шұңқыр.
КПЯШ-60 шұңқыр қазғышы өздігінен жүретін Т-16М шассиіне асылады немесе Т-54В тракторына агрегатталады. Бұл шұңқыр қазғыштың онша терең емес плантажды жыртылған жерден шұңқыр қазуға арналған диаметрі 40 және 60 см екі аралас бұрғысы бар.
Ағаш отырғызар алдында
топырақты мәденилендіруге
Клонды телісушіге телімделген алма мен алмұрттың интенсивті бағын отырғызған кезде қатарлардағы ағаш аралықтары онша қашық болмаса оларды шұңқыр қазбай-ақ қарықтың өзіне еге беруге болады. ол үшін учаске плантажды жыртылады. Беті ПРВН-2,5 соқасымен тегістеледі де, кварталды қуалай не оған кесе көлденең қатар аралықтар мен қатардағы ағаш орнына сай тереңдігі 22-25 см қарық қазылады. Қарықтардың бірін-бірі қиып өтетін тұсына ағаш егіледі. Клонды телісушілерге телімделген бір жылдық көшеттерді гидрологиялық бұрғылармен бұрғылаған жерге отырғызуға болады. Ол үшін ені 16-18 см орын бұрғылайтын төрт тармақты гидрологиялық бұрғы пайдаланылады. Осы шұңқырларға көшет егуге әбден болады. Шашыратқыштан немесе автоцистернадан 2,5-3 атмосферада ағатын судың жұмысшы қозғалысы жеткілікті. Учаскелер алдын-ала КРН-4,2 немесе КРН-5,6 культиваторларымен механикаландырылған жолмен бөлінеді. 9 адамнан тұратын агрегаттың өнімділігі бір ауысымда 5400 ағаш немесе әр адамға шаққанда 600 көшет.
Отырғызу тереңдігі. Баққа отырғызылған ағаш егер оның тамыр мойнақшасы топырақ деңгейінде, яғни жер бетінде болса жақсы өсіп, жақсы жетіледі. Тайыз отырғызылса да олардың тамыр жүйесі жалаңаштанып соның салдарынан ағаш мықты отырмайды, ал ашық қалған тамырлары жазда қурап, қыста қайта үсіп кетеді. Сондай-ақ тайыз отырғызылған ағаштан тамыр өскіндері көп шығады. Әрине тым терең отырғызып, тамыр мойнағын көміп те тастауға болмайды. Ондайда, әсіресе ауыр ылғал топырақта ағаштың өсуі нашарлап, өнімділігі төмендейді. Әдеттегідей жыртылған жерден қазылған терең шұңқырға отырғызылған дәнінен көбейтілген көшеттің тамыр мойнағы шұңқыр бетінен 3-5 см жоғары тұруға тиіс. Топырақ отырғаннан кейін ол жер бетімен бірдей болып қалады. Плантажды жыртылған жерден тайыз қазылған шұңқырға егілетін көшеттің тамыр мойнағы жер бетімен бірдей немесе 1-2 см терең отырғызылады. Жеңіл топырақты жерлерде тамыр мойнағының сәл тереңге түскені онша қауіпті емес. Сүйектілер ондайды шекілдеуіктілерге қарағанда жақсы көтереді.
Тәжірибе бақ отырғызу үшін 8-12 жұп отырғызушыдан тұратын бригадақұрудың орынды екенін көрсетті. Кейде ағаш отырғызатын үш кісіден тұратын звено құрылады. Ол кезде бір жұмысшы көшетті ұстап тұрады да, екеуі көмеді. Бұл дұрыс емес. Үш адамнан тұратын звено былай жұмыс істеуі керек: әуелі екі жұмысшы күрекпен топырақ қоспасын араластырып,шұңқырдың ортасына конус секілді етіп үйеді. Содан соң бір жұмысшы көшетті алып, конустың үстіне қояды, топырақ пен көшет тамырын түзетеді. Екінші жұмысшы шұңқырды көмуге кіріседі. Тамыр жүйесі көмілгеннен кейін бірінші жұмысшы көшеттің айналасындағы топырақты нығыздап таптайды. Содан соң екі жұмысшы да шұңқырды қалған топырақпен көмеді. Сөйтіп екінші рет таптайды да, жан-жағын ойыстап суаратын алаңша жасайды. Зерттеулер ағаш отырғызумен үш адамнан тұратын звено жұмыс жасаған кезде екі адамнан тұратын звеноға қарағанда еңбек өнімділігінің 44% төмендейтінін көрсетті.
Қайта отырғызған кезде көшеттер 75% дейін негізгі қаңқа тамырынан, өсіп келе жатқан ұсақ түбірінің көп бөлігінен және тамыр жүйесінің активті (өсу және сору тамырлары) заттарынан айырылады. Қайта отырғызылған өсімдіктің жандануы қиын. Тіпті қолайлы өсу жағдайының өзінде алманың активті түбірі отырғызылғаннан кейін 15-20 күнсіз қалыпқа келмейді, ал қолайсыз жағдайда тамырының қалыпқа келуі бұдан да кешеуілдейді.
Осы бір қиын сәтте қайта
отырғызылған өсімдікке қаңқа тамырларының
тығынды тканьдері мен кесілген
орындары арқылы топырақтан келетін
су өте аз болады. Бұл кезде көшет
бұтағындағы бүршіктер
Отырғызылған баққа құжат
арналып, оған бақтың типі телісушінің
тұқымдық-сұрыптық құрамы, топырақты
дайындау және мәденилендіру тәсілдері,
отырғызу материалдарының жасы және
шығу тегі, отырғызу мерзімі, әдістері
жайлы мәліметтер мен өсімдіктерді
отырғызғаннан кейінгі
Бақты күтіп-баптау.
Жеміс бағындағы агротехниканың негізгі тәсілдері сол дақыл өсірілетін аймақтың топырақ-климат жағдайларына, қолданылып отырған телісушінің тұқымдық-сұрыптық құрамы жүйесіне, өсімдіктің жасы мен типіне, өсіріліп отырған өнімнің бағытына т.б. байланысты болады. жас бақтағы жеміс ағаштарын күтудің негізгі міндеттері: ағаш тіршілігін сақтау, жемісті тез салдыру, жыл сайын тез өсуін қамтамасыз ету, крондарын дұрыс қалыптастыру және тамыр жүйесінің тереңдеуіне жағдай жаасау т.б. шекілдеуіктілерді жас кезінде олардың бұтақтарының өсімін кемінде 80-100 см, ал сүйектілерді 90-120 см жеткізу қажет. Оған ағаштарды дер кезінде тыңайтқыш енгізе отырып күткенде, жеткілікті суарғанда, зиянкестер мен ауруларға қарсы уақытылы күрескенде ғана қол жеткізеді. Жоғары, дер кезінде қолданылған агротехника жас жеміс ағаштарының ерте және дер кезінде жеміс салуын қамтамасыз етеді.
Жеміс салып тұрған бақтағы негізгі агротехника міндеті: жеміс ағаштарының крондарын одан әрі қалыптастыру. Мұнда бастыназар бұтақтардың қалыпты өсуін қадағалауға аударылады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында шекілдеуіктілер бұтақтарының жыл сайынғы өсімі кемінде 30-50 см, ал сүйектілерде 50-60 см болуға тиіс. Агротехниканың тағы бір міндеті-шығында аз жұмсай отырып, жыл сайын тауарлық сапасы жақсы өнім алу.
Бақ қатараралығындағы топырақ
күтімінің жүйесі гумус жиналуына,
жеміс өсімдіктерінің физикалық
қасиеттері мен қоректік режиміне,
жеміс өсімдіктері
Қазақстан жағдайында, әсіресе мамандандырылған жеміс шаруашылықтарында, бақ топырақтарын күтудің мынадай жүйелері белгілі:
Қара сүдігер – ылғалы
жеткіліксіз аймақтардағы бақ топырағын
күтудің ең кең тараған жүйесі.
Бұл жүйеге топырақты тұрақты
жырту, ерте көктемде малалау немесе
таптау және жеміс ағаштарын вегетациясының
өн бойында бірнеше рет
Сүдігерлік-сидераттық жүйе – сүдігерді оның бетіне жаздық немесе қыстық сидерат себумен кезектестіру. Сидерат дегеніміз органикалық тыңайтқыш ретінде көк күйінде өсірілетін өсімдік. Мұндай өсімдік жырту сәтіне дейін тез де қалың өсуге, мол көк масса құрауға, мыс көзі болуға тиіс.
Сондай-ақ негізгі қоректік заттарды топырақ ерітіндісінде шоғырландыруға, топырақ эрозиясына кедергі жасауға, оның құрылымы мен құнарлылығын жақсартуға мүмкіндік беруі тиіс. Бірақ себілген шөптің барынша өсу кезеңі жеміс дақылдарының сондай өсуімен сәйкес келмеуі тиіс. Әйтпесе бірін-бірі өсірмейді, қоректік заттарға ортақтастық артады.
Сидерат ретінде пайдаланатын шөп жеміс дақылдарының өсу процесі аяқталғанда, жазда және күзде яғни жеміс жиналған мезгілде себіледі. Күзде себілген сидерат келесі жылдың көктемінде, ал жазда себілсе күзде жыртылады.
Бұл жүйенің мәні бақ қатар аралықтарын көн жылдық шөппен шымдау. Қатарларда алаптар, сондай-ақ ағаш діңінің айналасы шөптен таза ұсталады. Қазақстанда бақты шымдау ылғалы мол аймақтарда сондай-ақ беткейлерге егілген бақтарда ғана жүзеге асырылады. Жеміс сала бастаған бақтар шымдалады.
Тұтас шымдау. Онда шөп бүкіл бақ алаңына өсіріледі. Мұнда тек ағаш діңінің айналасы ғана шөптен таза ұсталады. Жеміс бағының қатар аралығы шымдалса қатарлар топырағы қара сүдігер үшін қалдырылады. Жіңішке жолақты шымдау кезінде шөп қатар аралық енінің 1/3 бөлігіне дейін жіңішкертіле қалдырылады. Бір қатардан соң шымдау кезінде бір қатарға шөп тұқымы себіледі де, екіншісі қара сүдігерге жыртылады немесе керісінше жасалады. Қазақстан үшін шымдаудың осындай көптеген түрінің ішінде кең тарағаны – тұтас шымдау. Республика бақтарын қолдан шымдау үшін оңтүстікте суармалы жағдайда жоңышқа еркекшөппен, қылтықсыз, арпабаспен, жима тарғақпен, ал солтүстік пен орталық аудандарда суармалы жағдайда беде тимофеевкамен араластырыла егіледі.
Көп жылдық шөп топырақ құрамын жақсартады, қопсытады, сондай-ақ су өткізгіштік, су сиымдылығын арттырады, топрыақты су және жел эрозиясынан жақсы қорғайды, топырақтың сортаң тартуын азайтады, өңдеу құралдарымен зақымдалған тамырларды қалпына келтіреді, ерте көктемде жауынды күндері бақ күтіміне қолайлы жағдай тудырады, сондай-ақ жемістің тауарлық сапасын көтереді.
Гербицидтер. Су және жер эрозиясына ұшыраған беткейлерде механизм күшімен өңдеуі қиын ағаш діңі жолақтары мен қатар аралыққа бұта өсірілген жерлерде, сондай-ақ интенсивті типті бақтарда арам шөппен, әсіресе көп жылдықтарымен күресу үшін химиялық дәрі – гербицидтер қолданылады. Өсімдікке ену сипаты бойынша барлық гербицид контактылық және жүйелік деп бөлінеді. Гербицидтердің тиімді әсері топырақтың механикалық құрамына, ылғалдылығына, температурасы мен биохимиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ арам шөппен ластануына, арам шөптің жасына, түріне және жағдайына байланысты келеді. Гербицидтер жоғары агротехника фонында ғана қолданылады. Оларды пайдалану мерзімі қатаң сақталады. Жеміс дақылдарының өсіп-өну органына гербицид тигізуге болмайды.
Гербицид желсіз, салқын кезде себіледі. Ол жеміс ағашы емес, арам шөпке әсер етуі тиіс. Топырақты қатты қабыршақтатуға да болмайды.
Өйткені қабыршақ оның аэрациясын
нашарлатады және тамыр жүйесінің
тіршілігін де қиындатады. Сүйектілер
шекілдеуіктілерге қарағанда
Ағаштары жиі отырғызылған
қазіргі кездегі интенсивті бақтарда,
әсіресе қазақстанда телісушісі
клонды болғанда қатар аралықтарға
ешқандай дақыл егудің қажеті жоқ. Себебі
олар топырақты құрғатып, жүдетеді,
механизммен өңдеуді
Бақтардың негізгі массивті орналасқан Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында, егер олар суармалы емес аймақта орналасса, қатар аралыққа ешнәрсе екпейді.
Жеміс бағында жүргізілетін
агротехниканың маңызды міндеттері
топырақты жауын-шашынның жуып кетуінен,
яғни су эрозиясынан сақтау болып
табылады.Өйткені Қазақстанның оңтүстік
шығысындағы таулы аймақтарында
көктемде қар ерігенде жаз бен
күздегі нөсер жаңбырда су эрозиясы
жиі байқалады. Су эрозиясы әсіресе
тік жарқабақты жерлерде, сонымен
бірге жарқабағы жоқ
Осы эрозияны болдырмас үшін немесе эрозия процестерін бәсеңдету үшін мынадай шаралар жасалады: бақ орнын дұрыс таңдау, жер бедері ерекшеліктеріне орай қатарлар бағыты, отырғызар алдында тиісті топырақ өңдеу, баққа қорғаныш жолақ ұйымдастыру т.б.
Таулы аймаққа бақ еккенде
эрозияға қарсы шараның маңыздысы
топырақ күтудің тиімді жүйелерін
үйлестіру. Оларға топырақ күтіміне
байланысты бүкіл жұмысты сол
жерге көлденең бағытта жүргізу,
жеміс ағаштарын контурлап
Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі.
Топырақтан қоректік заттарды қой бүлдірген, шабдалы, алма мен алмұрт, алхоры, беке аз сіңіреді. Кейбір қоректік заттардан жеміс ағаштары азотты, калий мен кальцийді көп, фосфорды аз тұтынады.Мысалы, Заря Алатау алмасының 1 кг құрау үшін Іле Алатауының қоңыр қызғылт топырағында 32-34 г азот, 15-18 г фосфор, 90-100 г калий жұмсалған.