Бақ жасақтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:28, курсовая работа

Краткое описание

Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.

Оглавление

Кіріспе............................................................................................1

Негізгі бөлім

Бақ территориясын ұйымдастыру................................................3
Тұқымдар мен сұрыптар таңдау....................................................5
Бақ отырғызу.....................................................................................9
II.I. Бақты күтіп – баптау
Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі..........16
Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері.....21
Бақты суару мерзімдері мен күндері.............................................23
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................28

Файлы: 1 файл

Курсовой,Бақ жасақтау.docx

— 76.54 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті

« Жаратылыстану  және ауыл шаруашылығы мамандықтары » факультеті

«Биология» кафедрасы

 

          «Қорғауға жіберілді»

            __________________

                                Кафедра меңгерушісі:

                                ___________________

            

       «____»  _____ 2011 ж

 

 

Курстық жұмыс

 

 

Тақырыбы: «Бақ  жасақтау».

 

 

 

Орындаған: Биология 050113          мамандығының 3 курс 31 топ

студенті   Медиева.К

 

Тексерген: б.ғ.к., аға оқытушы

Ищанова.Н.Е.

 

 

 

Атырау 2011ж.

 

 

Жоспар

    1. Кіріспе............................................................................................1

 

    1. Негізгі бөлім

 

  1. Бақ территориясын ұйымдастыру................................................3
  2. Тұқымдар мен сұрыптар таңдау....................................................5
  3. Бақ отырғызу.....................................................................................9

    II.I. Бақты күтіп – баптау

  1. Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі..........16
  2. Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері.....21
  3. Бақты суару мерзімдері мен күндері.............................................23
    1. Қорытынды

      Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақты жобалап  ұйымдастыру.

Жеміс өсімдіктерінің өнімділігі мен экономикалық тиімділігі, ағаштардың ұзақ тіршілік етуі және олардың әртүрлі  орта жағдайларына төзімділігі, өсуі көп  жағдайларда бақты отырғызу кезінде  анықталады.

Бақ үшін орын дайындау, топырағын  мәденилендіру және суару, тұқым, сұрып  таңдау, оларды орналастыру, отырғызу секілді мәселелер де шешіледі.

Бақ шарушылығында ең күрделі  ұйымдастыру кезеңі бақ отырғызу. Өйткені бір мезгілде орындалатын, белгілі бір қиындығы бар көптеген өндірістік процестерді қысқа мерзімде орындауды талап етеді. Сондықтан  да бақ отырғызуға, ол өнеркәсіптік болсада, жеке болса да күрделі құрылыс  секілді байыппен қарау керек.

Бақ үшін орын таңдау, территория ұйымдастыру, тұқым мен сұрып  таңдаудың шаруашылық және бүкіл  аймақтың экономикасын ескере отырып, өнеркәсіптік жеміс шаруашылығының технологиясын іріктеу мәселелерін  жаппай ғылыми тұрғыда шешу үшін арнайы жоба жасау қажет. Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.

Бақ отырғызуға бірінен соң  бірі орындалатын үш кезең кіреді:

1) орын таңдау және  бақ территориясын ұйымдастыру;

2) топырақты жеміс отырғызар  алдында дайындау;

3) бақ отырғызу.

Мұндай орын таңдаған кезде  жер бедеріне, климаттық жағдайларға  баға беріледі. Бұл кезде ірі су көздерінің, тау, елді мекеннің орналасуы, жолдың, темір жол станцияларының т.б. тұрған жері бәрі ескеріледі.

Жер бедерін бағалау –  жеміс өсімдіктерінің өсуі мен өнімділігіне үлкен әсер етеді. Ол өсімдік тіршілігінің басқа факторларын қайта бөлетін  фактор болып табылады. Мысалы беткейдің  экспозициясына байланысты температура  көрсеткіштері ауа мен иопырақтың ылғалдылығы, жарық жағдайы мен  топырақтың құнарлылығы өзгереді.

Бақ отырғызу үшін бәрінен  бұрын жазық жердің де, су айырығы, тегістік беткейдің де бедер элементтері  пайдаланылады.

Су айырығы – бақ  үшін сумен жеткілікті қамтамасыз еткен  жағдайда жақсы орын. Су айырығында ауа дренажы жақсы, үсік қаупі  аз. Алайда ылғал жетіспесе мұндай орын бақ отырғызуға жарамайды.

Тегістік – бақ отырғызу үшін қолоайлы тегіс учаске техника  пайдалануға да ыңғайлы. Мұнда топырақ  жағдайы мен ылғалдану жағдайы  біркелкі. Тегістікке суару жүйесін  салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процесі де онша емес. Алайда, ауа  дренажы нашар, үсік қаупі зор. Әсіресе, бұл тұрғыда, ойпаңдау тұстары – «табақша» қауіпті.

Өйткені мұнда суық ауа  көп жиналады. Бұл көктемде ауаның суытуына себеп болса, қыста бұтақтардың үсуіне себеп болады.

Беткейлер онша тік болмаса  бақ үшін қолайлы орын. Ондай жерде  ауа дренажы тәуір, жарық та жақсы  түседі. Дегенмен, беткей топырағы өте  құрғайды. Бұл жерлерде ауа температурасы  да, топырақ температурасы да күрт ауытқиды, топырақ нашар жетілген және топырақ су эрозиясына қатты  ұрынады. Жер бедері тегіс емес учаскелерге  бақ отырғызғанда не таңдағанда бүкіл  табыс беткейлерге берілген бағаға байланысты болады. Бағалағанда беткейлердің экспозициясы мен тіктігі, сондай-ақ сол жердің теңіз деңгейінен жалпы биіктігі ескеріледі. Сонымен бірге беткейдің үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінің табиғи жағдайларының айырмашылығын ескеру керек.

Экспозиция дегеніміз  беткейдің жарық жаққа бағыты, яғни,солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс. Оңтүстік бағытындағы беткей (оңтүстік, оңтүстік батыс, оңтүстік шығыс) анағұрлым  жылы әрі қуаң. Мұнда ағаштар вегетациясын ерте бастайды, температура қыста  және көктемде күрт ауытқығанда жеміс  және жидек өсімдіктері зардап шегеді. Оларға әсіресе көктемгі суық, Бұтақтардың  қыстыкүнгі қуаруы, күннің күйдіруі оңай болмайды. Мұндай беткейлерге қар  аз түседі және тұрақты түспейді.

Климат  бағалау. Мұнда басты назар мынадай көрсеткіштерге аударылады: орташа тәуліктік температура көлемі және олардың ауытқуы, орташа және абсолютті аз температура, көктемгі суық, жауын-шашын мөлшері және оларды жыл – 12 айға  бөлу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, зиянды желдің күші мен бағыты. Сондай-ақ назарға тек ауданның (аймақтың) ғана климат жағдайы емес, сонымен бірге бақ отырғызуға бөлінген учаскенің микроклиматы да алынады.

Топырақ бағалау – топырақтың құнарлылық дәрәжесін (гумус құрамын, топырақ құрылымын), егілетін тұқым үшін тамыр жайылатын қабаттың тереңдігі сай келетін-келмейтінін, топырақта орташа тұздың бар-жоқтығын анықтау үшін қажет. Жеміс ағаштары топырақ сортаңдығына кірпияз келеді. Топырақ ерітіндісіндегі 0,4% тұз концентрациясы өсімдікке жайсыз тиеді. Ал тұз концентрациясы 1,2% болса бақ жойылады. Бақ үшін ауыр саздақты, тасты, құмдақ және сортаң топырақ жарамайды. Жеміс өсімдіктері қара топырақты, қызғылт топырақты және сұр топырақты жерде және орман топырағында жақсы өседі. Бұл кезде тамыр жайылатын қабат едәуір тереңде: шекілдеуікті тұқымдар үшікті тұқымдар үші 2 – 2,5 м, сүйекті тұқымдар үшіін 1,5 – 2м және жидектер үшін 1 – 1,2 м болуға тиіс. Тамыр жайылатын қабаттың ыза суымен, тығыз сазбен, ұсақ тасты қабатпен т.б. шектелуі мүмкін.

Бақты ұсақ тас жақын жатқан (жер бетінен 50 – 60 см) учаскеге отырғызғанда арнайы агротехника қолданылады: қатар  аралықтарға көпжылдық шөп өсіріледі, тыңайтқыш енгізіліп, кемінде 6 – 8 рет  суарылады.

Түрлі жеміс тұқымының  топыраққа деген кірпияздығы  да әртүрлі. Алма терең, қалыпты ылғалды және жақсы тегістелген топырақта жақсы өседі. Алмұрт болса алмаға қарағанда топырақты көп талғайды.

Әсіресе ол ылғал мен жылу жетімсіздігіне шыдамсыз, шие биік жерде жақсы өседі, топырақ құнарлылығын таңдамайды, қуаңшылыққа төзімді, карбонатты топырақтың өзінде жеміс бере береді. Алхоры алма мен шиеге қарағанда жылу да, ылғал да сүйгіш өсімдік. Ол ауаның құрғақтығынан зиян шегеді. Ылғалды, құнарлы сазды топырақты ұнатады. Өрік ауыр және тым ылғал топырақты көтере алмайды. Өрік үшін жақсы дренаждалған терең де борпылдақ топырақты анағұрлым биік учаске бөлген жөн. Топырақтың көлемді салмағы 1,35-1,45 шамасында болуы керек. Жеміс ағаштарының өсуіне өзен-көлдің, тағы басқа ірі су көздерінің жақындығыда қолайлы әсер етеді.

Олар ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көтереді, температураның ауытқуын жұмсартады, ағаштардың қыстыкүнгі зақымдануын азайтады.Бақты қай жерге отырғызған жақсы? Қазақстанның Оңтүстігі мен оңтүстік шығысында бақ отырғызу үшін таулы және тау етегіндегі жерлер жақсы орын болып табылады. Бұл жерлерде жеміс дақылдарынан мол да сапалы өнім алынады.

Батыс Қазақстанда бақтар шығыстан соғатын зиянды желден жиі  зардап шегеді. Мұнда бақ үшін Батыс  және Солтүстік беткейлерді бөлген жөн. Бұл жағдайда ең жақсы топырақ  – қара топырақ, қоңыр қызғылт  т.с. саздақ және құмдақ топырақ. Баққа  орын бөлген кездегі ең қажетті талап  – суландыруды ұйымдастыру үшін тұщы су көзінің жақындығы.

Бақ территориясын  ұйымдастыру.

Ең әуелі өнеркәсіптік аймақтар: қайта өңдеу заводтарын, жеміс қоймаларын, сорттау – буып түю цехтарын, ыдыс кәсіпорындарын, сондай-ақ жолдарды, үлкен каналдарды тағы басқа гидротехникалық құрылыстарды орналастыру мәселелері шешіледі. Бақ беткейлерге отырғызылатын болса олар егілетін баспалдақтар, эрозияға қарсы шаралар кешенінің құрылыстары қарастырылады. Бригада тұрағы үшін 100-200 га бақ болса 1 – 2 га жер бөлінеді. Содан соң бәрін жер бедерімен, баққа ық болатын өсімдіктерді, жолдарды орналастырумен үйлестіре отырып, кварталдардың мөлшерін, формасы мен орналастырылуын анықтауға кіріседі.

Кварталдар мөлшері баққа  ық болатын өсімдіктер алабы ағаштар  қолайсыз жағдайлардан сенімді түрде  сақталатындай болуы керек, тегістікте кварталдың ең қолайлы – тік бұрышты. Сөйтіп оның қысқа жағы ұзын жағынан 2-3 есе қысқа болуы қажет. Мұндай кварталдардың анағұрлым қолайлы  мөлшерлері 400 – 600 Х 200 – 300 м, яғни 8-10 гектардан 15-18 гектарға дейін. Таулы аудандарда кварталдардың формалары мен оның мөлшерлері жер бедеріне қарай анықталады. Баққа жарық жақсы түсуі үшін ағаштар қатарын солтүстіктен оңтүстікке қарайтарту керек. Алайда суармалы бақтарда ағаштар қатары, соған орай кварталдың ұзын жақтары суды қздігінен ағызу жағы ескеріліп тартылады.

Бұл жағдайда ең жақсы еңіс – 0,003 – 0,005 (100 метрге 30 – 50 см). Тауда  ағаштар су эрозиясын азайтып, топырақ  пен ағашты күтуге ыңғайлы болу үшін беткейге көлденең бағытта отырғызылады. Тауда кварталдар мүмкіндігіне қарай  бір экспозициялы беткейде біртекті топырағы бар, бір тіктікте орналастырылады.

Солтүстік Қазақстанда ағаш қатарлары солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай тартылады. Бұл жағдайда ағаштар солтүстік шығыстан соғатын салқын желден жақсы қорғалады.Бақ алқабы үлкен жол тартылып, елді мекенмен, темір жол станцияларымен т.б. байланыстырылады. Квартал аралық жолдар менбаққа ық алқаптың ішкі жағындағы бақ шекарасын қуалай созылған айналма жолдардың енін 4 – 5 м ету керек.Жол салуға әсіресе таулы аудандарда мұқият болған жөн. Бұл жерлерде жол су шайып кетпейтіндей етіліп салынады. Жел жүйесі бақтың кез-келген учаскесіне кіріп-шыға алатындай, тасымалдау кезінде әрбір баспалдаққа (терасса) бара алатындай етіліп салыну керек.Баққа ық болатын алқаптарды бақ отырғызбастан 1 – 3 жыл бұрын, әрі кеткенде 1 жыл бұрын еккен жақсы. Отырғызу схемасы 2,5 – 3 Х 1 – 1,5 м. Кейін орман алабы сиретіледі. Ағаш сүрегін шаруашылыққа пайдалануға болады. Баққа ық болатын алқаптарға да мұқият күтім қажет. Уақытылы суару, топырақты күту, зиянкестер мен аурулардан ағаштарды қорғау керек.

Қазіргі кездегі жеміс  шаруашылығына «өсімдіктер конструкциясы» немесе «бақ типі» деген ұғым берік  енген. Бақ конструкциясы ағаш отырғызу схемасы, әрбір өсімдік үшін бөлінген қоректендіру алаңы, ағаш қалыптастыру, және қосу, өсімдікті күтетін машиналар  мен жабдықтар жиынтығы бойынша  анықталады.

Бақтың тез жеміс салуы  мен өсімдігінің отырғызылатын ағаштың жиі, сиректігіне байланысты екендігі мәлім. Бір алаң өлшеміне ағаш көп, яғни жиі отырғызылса өнеркәсіптік өнім де ерте қалыптасады, өсімдіктің алғашқы өнімі де мол болады. Алайда уақыт өте жиі отырғызылған ағаш өз өнімділігінің төмендеуіне, жеміс сапасының нашарлауына өзі себепші болады. Ағаштарды тым сирек ексе бақ өнімділігінің потенциалы төмендейді. Егілетін ағаш жиілігі қолайлы болуға тиіс. Бір өлшем алаңға отырғызылатын ағаш саны сұрып пен телісушінің өсу күшіне байланысты. Өсімдік жиілігін басқаша жолдармен: ағаш крондары көлемін шектеуге бағытталған, сондай-ақ өсімдікті пайдалану мерзімін қысқарту тәсілдерін қолданып көтеруге болады.

Бақ шаруашылығының болашақтағы  табысын ажырататын маңызды шара бақтың типін таңдау болып табылады. Бұл кезде тұқым мен сұрыптың биологиялық ерекшеліктерін, баққа  бөлінген учаскенің табиғи-климаттық  жағдайын, суармалы-суармасыздығын, шаруашылықтың  экономикалық және ұйымдастыру мүмкіндігін ескеру қажет.

Суармалы жағдайда республикамыздың оңтүстік шығысындағы арнайы шаруашылықтарында  алма мен алмұрттың кермелі ергежейлі  бақ түрлері кең қанат жайған.

Қолайлы жағдайы онша емес, суы жеткіліксіз, топырағы құнарсыз жерлерде биік өсетін телісушіге телімделген, кең қатарлы бақ типінен дұрысы жоқ.

Таулы суландырылмайтын бақтарда алма мен алмұрт тұқымынан көбейетін  телісушіге телімделіп өсіріледі.

Түйетайлы беткейлерде ағаштар 7 Х 3 – 4 м схемасы бойынша, баспалдақтарда сұрыптың өсу күшіне қарай ағаштар  арасына 2 – 4 м қалдырылып отырғызылады. Мұндай ағаштар қолайсыз жағдайларға төзімділігі жағынан тұқымынан көбейетін телісушіге тікелей телімделген ағаштармен тең түседі, ал тез жеміс салатындығы және аласа өсетіндігі бойынша ергежейлі телісушімен өсірілген ағаштарға жақын.

Солтүстікте алма мен алмұрт 6 Х 4, 6 Х 3 және 5 Х 3 м схема бойынша  отырғызылады. Орал облысында бұл  көрсеткіш тиісінше 7 – 6 Х 5 – 4 м.

Қазақстанда сүйекті тұқымдар көбіне бірінші типті бақтарға өсіріледі. Оңтүстік пен оңтүстік шығыста отырғызу схемасы сұрыптардың өсу күшіне қарай алхоры үшін 6 – 8 Х 4 – 5 м, шабдалы үшін 5 – 6 Х 3 – 4 м. Суарылмайтын тау баында алхоры 5 Х 3 м, шие 5 Х 2, 5 – 3 м схемасы бойынша отырғызылады.

Информация о работе Бақ жасақтау