Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Психоанализ – бұл сананы зерттеуді мақсат еткен психологияның бір бөлігі. Бейсана субъектінің жаңылыс сөздерінің ассоцияциялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің, қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер арқылы зерттеледі.

Файлы: 1 файл

Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм.docx

— 78.60 Кб (Скачать)

       1947 жылы  Э.Берннің алғашқы «Разум и  действии», кейінірек «Введение  в психиатрию и психоанализ  для непосвещенных» деп аталған  еңбектері (СПб., 1991) жарық көреді. Бұлар кеңінен тараған ғылыми  әдебиеттің үлгісі ретінде әлі  күнге дейін мамандар мен оқырмандардан  қызыға оқитын кітаптары болып  табылады.

       1950 жылы  Эго-күйлер теориясы негізінде  ерекше. Берннің психотерапиялық  жүйесі қалыптасады. 1961 жылы транзактілі  талдау бойынша алғашқы «Транзактный  анализ в психотерапии» атты  еңбегі жарық көрді. Халықаралық  транзактілі талдау ассоциациясын  құрған Э.Берн топтық психотерапияның  практикасын белсенді жүргізген.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Фрейдті ғалым деп те, көреген деп те, қазіргі заманның көптеген салаларын байыта түскен, ғылымдағы жаңа бағыттың негізін  қалаушысы деп те атайды. Тұлғаның психоаналитикалық концепциясын дамытумен, адам әрекетінің негізгі ықпалдаушы күші ретіндегі құштарлық теориясын құрастырумен қатар, З.Фрейд қоғамдық институттардың қызмет атқару механизмдерін талдады.

Алдағы тәжірибеге сүйене отырып, З.Фрейд невроздарды емдеудің «катартикалық» әдісін ойлап тапты, бұл емделушінің ығыстырылған естеліктерінің ашылуына психикалық карсыласуы феноменін  ашуға және цензураның психикалық факторының бар екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл Фрейдке есті және ессіз факторлардың бірлігіндегі тұлғаның динамикалық концепциясын құруға итермеледі. 1894 ж. З.Фрейдтің «Қорғаушы невропсихоздар», ал келесі, 1895ж. И.Брейнермен біріккен «Истерияларды зерттеу» еңбегі жарық көрді. Психоанализ тарихы осы сәттен басталды деуге болады. Бұл еңбектердің мәні психотерапияның шектерінен әлдеқайда ауқымды болды. Бұл жерде тұлғаның ішкі қалыбының сыртқы әлеуметтік-мәдени әлеммен байланысы көрсетіліп, ал психология - өзін-өзі бақылау (интроспекция) сияқты жалғыз әдісі бар, адамның ішкі жан-дүнесін зерттейтін ғылымнан, сыртқы мәдени құбылыстарды, адамдардың шынайы әрекеттесулерінің ерекшелігін зерттейтін пәнге айналды. Психоанализдің дәл осы тұғыры, адамдардың мінез-құлқындағы ұлттық-мәдени стереотиптердің әртүрлі жақтарын зерттеу пәніне айналдырды. Әртүрлі мәдениеттердегі алуан түрлі психикалық дисфункциялардың болуын түсіндіретін мінез-құлық теориясы әлі күні де антропологияда қолданып келеді. З.Фрейдтің мәдениеттерді талдаудағы психоанализінің тағы бір мағыналы жағына, құштарлық қуаты (қалыбына қарай - негізінен сексуалды сипаттағы), тікелей шығысын таба алмай (мәдениет, оның қағидаларымен тежелген), патологиялар мен ессіз түрлердегі айналма сипатқа енеді деген ережесі жатады.

Бұл кітапта З.Фрейдтің «Төтем және табу» (1913) атты еңбегінен үзінділер  келтірілген. З.Фрейд психоанализді  халықтар психологиясының мэселелеріне қолданып көріп, осылайша, «бір жағынан - этнологтар, лингвистер, фольклористер мен т.б., ал екінші жағынан – психоаналитиктер арасындағы бітістірушіге» айналды.

Вена университетін  бітірген соң З.Фрейд кәсіби ғылым  қызметкері болуды мақсат етті. Бірақ  физиология институтында Брюккенің  қол астында мұндай жұмыс орны болған жоқ. Осы кезде Фрейдтің материалды жағдайы да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта  Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар  еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер  болу. Қалайда бұл мамандыққа ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім  қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан  алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы философтар мен психологтарға  бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр  мен Фрейдттің жаңа идеяларының  мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін  күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл  күй сезім және қозғалыс органдарының түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй  тудыруы мүмкін).

         Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Шериязданова Х., Әбеуова И., Ерментаева А., Психология “Адамзат ақыл-ойының қазынасы” Т.3., 2005-с.314
  2. “З.Фрейд. Введение в психоанализ”: СПб., Алетейя СПб, 1999; Санк-Петербург; 1999
  3. Браун Дж. “Психология Фрейда и неофрейдисты”. М., 1997.
  4. Ярошевский М.Г.” История психологии от античности до середины XX века”. Учеб.   пособие. – М., 1996.
  5. Фрейд З.  “Лекции по введению в психоанализ” -  М.,1997.
  6. Психологияны зерттеу әдістері//Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3.- 79 б
  7. Л.С.Рубинштейн   “Жалпы психология негіздері”  (1940) //М., С. 259
  8. Немов В. Психология, Т. 1 М., 1998-с. 43
  9. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
  10. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. —
  11. Шабельников В. Психика – функциялық жүйе//Алматы-1988
  12. Лакан Ж. Семинары. Книга 1. Работы Фрейда по технике психоанализа (1953—1954). — М: Гнозис/Логос, 1998.
  13. Лакан Ж. Семинары. Книга 2. «Я» в теории Фрейда и в технике психоанализа (1954—1955). — М: Гнозис/Логос, 1999.
  14. Браун Дж. Психология Фрейда и постфрейдисты. — М.: REFL-book; Киев: Вак-лер, 1997.
  15. Стоун И.  «Страсти ума: Биографический роман о Зигмуде Фрейде»
  16. Марсон П. 25 ключевых книг по психоанализу. — Челябинск: Урал LTD, 1999. — 348 с.
  17. Зейгарник Б. В. Теории личности в зарубежной психологии. — М.: Изд-во МГУ, 1982.
  18. Лейбин, Валерий Моисеевич. Словарь-справочник по психоанализу. — М.: АСТ, 2010. — 956 с. — (Psychology). — ISBN 978-5-17-063584-9
  19. Психоаналитические термины и понятия: Словарь / Под ред. Б. Мура, Б. Файна. — М.: Класс, 2000. — 304 с. — (Библиотека психологии и психотерапии). — ISBN 5-86375-023-5
  20. Феррис П. Зигмунд Фрейд. — Минск: Попурри, 2001. — 432 с. — ISBN 985-438-526-4

 

 

 

     

 


Информация о работе Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм