Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Психоанализ – бұл сананы зерттеуді мақсат еткен психологияның бір бөлігі. Бейсана субъектінің жаңылыс сөздерінің ассоцияциялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің, қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер арқылы зерттеледі.

Файлы: 1 файл

Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм.docx

— 78.60 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Психоанализ – бұл сананы зерттеуді мақсат еткен психологияның бір бөлігі. Бейсана субъектінің жаңылыс сөздерінің ассоцияциялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің, қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер арқылы зерттеледі. Психоанализ терминін З.Фрейд 1896 жылы невроз этилогиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. З.Фрейд психоанализге мынадай сипаттама берген: біріншіден, басқаша қол жеткізбейтін психикалық үрдістерді зерттеу құралы; екіншіден, осы зерттеуге негізделген невроз ауруын емдеу әдісі; үшіншіден, осының нәтижесінде пайда болып, дамып және жаңа ғылыми ілімге жинақталған бірнеше психологиялық тұжырымдамалар. Психоанализдің ерекшелігі. Психоанализ психотерапияның басқа түрлерінен ең алдымен өзінің жеке тұлғаға бағытталғанымен ерекшеленеді. Бұл, сонымен талдаушының назарында «жақсы» және «жаман» жақтардан тұратын нақты адам болады деген сөз. Психоанализ өзінің негізгі мақсаты ретінде осы немесе басқа симптомды жәй «алып тастауды» көздемейді, өйткені тәжірибе көрсеткендей, бұл бірнеше уақыт өткен соң қайтадан, қалпында немесе басқаша түрде көрініп қалуы мүмкін. Басты міндет симптомның психологиялық табиғатын табу, оның бұлағын анықтау және оның даму динамикасын түсіну. Өзіндік сана және өзін-өзі түсіну міне өзі мен мінезін өзгертуге, үрей мен қорқынышты жеңуге, мінез құлқының жауап тәсілдерін қалыптастыруға арналған екі кілт. Психоанализ тамыры – бірінші тамыр, не болғанын міндетті түрде көру қажет, бос жерде ештеңе болмайды, ештеңе «нолден» басталмайды, екінші, цайтгаист, «уақыт жаны» дегенді білдіретін неміс сөзі, үшінші, автордың тұлғасы маңызды фактор немесе осы бағыттағы көшбасшы. Психоанализ ең алдымен көптеген психологиялық қорғану арқылы санадан жасырынып жатқан, оған ұмытшақтықты қоса айтсақ, өз бейсанаңа, естеліктеріңе, сезімдеріңе, тілектерің мен көрген түстерінің құпиялы астарына жақындауға көмектеседі. Жанталдау нәтижесінде адам алғашқы рет өзі мен өзгелерді дұрыс түсіне бастайды және алғашқы рет өз мүддесін қорғау үшін әжептеуір әрекет жасай бастайды. Психотерапияның түрлі бағыттан қарауды біз психоанализден бастаймыз. Психоанализ тақырыбы жиі талас туғызады. Бұл сұрақ бойынша қарама-қарсы пікірлер бар. Біреулерін психоанализ адасуға әкеледі, және бұл барлық жамандықтан құтылу болып көрінеді: басқалары психоанализ негізі жыныстық бірлескен қарым-қатынас еркіндігі болып табылады Психоанализ жайлы жалпы ойларды білмейтін адамды ең бірінші телефон көрген және онымен қалай қолдануды білмейтін адамдармен теңестіруге болады. Психоанализге маңызды бейімділік өз жанын және басқа адамдардың жандарын түсінуге туа берілген ұмтылыс. Бұл үшін ешқандай білім мен тәсілдер көмектеспейді. Фрейдтің басты шарты болып, ғылымға бейсаналық түсінігін енгізді, көп уақыттық тәжірибелік іс әрекетінде анықтады. Фрейд өзін және басқаларды да мағынасыз уайымдаудан құтқарғысы келді, ең соңында көптеген психикалық аурулардан құтылғысы келді. Фрейд бойынша бейсаналық биологиялыққа тең келмейтін күшті сана, адам міндеті бейсаналық күшін интелект күшіне бағындыру. Бұған бейсаналықты терең зерттеп және талдау арқылы ғана қол жеткізеді. З.Фрейдтің психоанализінің негізі осыда. 

Курстық жұмыстың мақсаты. Зигмунд Фрейдтің психоанализі мен неофрейдизм ілімдеріне теориялық талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері.

1. З.Фрейдтің психоанализі жайлы зерттеу, оның психоаналитикалық концепциясының құндылықтары мен мақсаттары жайлы қарастыру.

2.  Психоанализдің –  сана және бейсаналық негізі  туралы зерттеу жұмысын жүргізу.

3. Неофрейдистер жайлы мағлұматтар іздеу, ғалымдардың қандай үлес қосқаны жайлы зерттеу жұмысын жүргізу және қарастыру.

Курстық жұмыстың теориялық негізі. З.Фрейдтің жазған еңбектеріне («Введение в психоанализ», «Лекции по введению в психоанализ») сүйеніп, оған қоса, Ярошевский М.Г. мен Немов В. теорияларына негіздеп, неофрейдистердің (К.Хорни., Э.Фромм., Э.Берн.) ілімдері мен концепцияларына және де теорияларын зерттеу, курстық жұмыстың басты тақырыптарын қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. З.ФРЕЙДТІҢ (1886-1939 жж.) ПСИХОАНАЛИЗІ

 

    1. Зигмунд Фрейдтің өмірі мен қызметі

 

        Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдтің тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді.

       Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен, таңқаларлық ақылымен, кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл үшін ол алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын.

        Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді. Алайда Фрейд көп ұзамай бұл физиотерапиялық әдістерге қанағаттанбайды, өйткені емдеудің тиімділігі жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре бастады. Соның ішінде сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген гипноз арқылы емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде болды.

        Ол жас З.Фрейдке зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының себептерін және оларды емдеу жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен ауыратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың көріну себептері – қорқыныш (фобия), сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі адам сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс көру тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре алса және сөзбен жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр көне грекше «катарсис» (тазару) деп атаған. Көне заман философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және оның жанын жағымсыз күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған. Ғылыми білім – бұл білім өте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін білу.

        Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен заңдылықтарын іздеді. Психология саласына көшкен кезде де ол осы принциптерді ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы еуропаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М.Сеченов болды. Брюккенің жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол жерде ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд өмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтқан жоқ.

Зигмунд Фрейд - австриялық дәрігер және психолог. Оның психикалық талдау және әлеуметтік психология-проблемалары бойынша жазған ғылыми еңбектері — көп жылғы ғылыми ізденістің нәтижелері. Ғалымның «Төтем және табу», «Тапқырлық және оның ойланбай айтылатын шешендік өткір сөздерге қатынасы», «Жыныстық қатынастар психологиясы жөніндегі очерктер», «Мен» және «Ол» сияқты көптеген еңбектері ғылыми ортаға кеңінен танымал.

1886 жылы 6 мамырда, Пруссия  мен Польшамен шекаралас жатқан  Фрайберг қаласында (Моравия)  дүниеге келді. Зигмунд кедей  жүн сатушы әкесі Фрейд Якобтың көп балаларының үлкені болатын. 1859 ж. Фрейдтер Лейпцигке, сосын Венаға көшеді. Фрейд өзінің балалық шағын «кедейшілік пен қайыршылық, қайыршылық пен күйкі бейшаралық» деп есіне алатын.

Ол лицейде өзінің тілдерге, әдебиетке, әсіресе антикалық әдебиетке деген қабілетімен ерекшеленетін, философия мен жаратылыстануға, әсіресе Ч.Дарвиннің тәліміне, ал кейінірек — саясат пен марксизмге әуес болатын. Оның лицейлік досы Генрих Барун, Каутский мен Либкнехтпен бірігіп (неміс социал-демократиялық партия мекемесін) құрып, оны қызметтесуге шақырды. Бірақ Фрейд сол кездері өзінің нені қалайтынын түсіне алмай әлек болды. Алдымен, ол құқықтанумен айналысуды ойлады, сосын — философиямен, бірақ нәтижесінде 1873 ж. ол Вена университетінің медициналық факультетіне түсіп, оны тәмамдағаннан кейін 1876-1882 жж. ол Гельмгольцтің ізбасары Э.Брюккенің хайуанаттар физиологиясының зертханасында жұмыс атқарды. Шарко мен Берхеймнің невроздарды гипнотикалық тәсілмен емдеу жөніндегі сынақтары және веналық дәрігер И.Брейердің бақылаулары, Фрейдтің ерекше психологиялық концепциясын жасауда өз ықпалын тигізген еді.

1881 ж. Зигмунд Фрейд  медицина саласында ғылыми дәрежеге қол жеткізіп, 1885 ж. дейін психиатриялық ауруханада жұмыс істейді. 1885 ж. - Вена университетінің приват-доценті. 1896 - 1902 жж. ол психоанализ теориясын құрастырып, бұл теория XX ғ. ең ықпалды психологиялық ілімнің біріне айналады. Фрейдтің жұмыстары 1902 ж. жемісті болып, ол Вена университетінің невропатология профессоры болып тағайындалды; бұл қызметті ол 1938 жылға дейін басқарды.

1922 ж. Лондон университетінің  адамзаттың бес данасы — Филон,  Мемонид, Спиноза, Фрейд және Эйнштейн құрмет көрсету салтанаты Зигмунд Фрейдтің нағыз даңқының көрінісі болды.

Қырық жылдан астам уақытын  Фрейд психоанализдің теориясы мен  тәжірибесін құрастыруға арнады. 1930 жылы ол Гете сыйлығымен марапатталып, 1936 ж. Корольдықтың ғылыми қоғамының (Лондон) шетелдік мүшесі болып сайланады.

1938 ж. Австрияны нацистер басып алғанда Фрейд еврейлік геттоның тұтқыны болды: оның төлқұжатын тартып алып, мүлкі мен кітапханасын тәркіледі. Берлинде оның кітаптары жұртшылық алдында өртеліп, оның ізбасары және Дүниежүзілік психоаналитикалық қоғамның басқарушысы, сүйікті қызы Аннаны гестаповшылар қамауға алды. Халықаралық психоаналитикалық қоғам Фрейдті құтқаруға тырысты, бірақ фашистер өтем талап етті. Фрейдтің емделушілерінің бірі, Мария Бонапарт ханшайым, оның бостандығы үшін 100 мың шиллинг төледі. Фрейдтің жанұясы Лондонға көшіп келді, ал оның төрт қарындасы газ камераларында өлтірілді. Сол жылдары Фрейдтің денсаулығы мүшкіл тартты (бұрындар, 1923 ж. сәуір айында, Фрейдке ауыз қуысы қатерлі ісігіне операция жасалған болатын). Міне, ол өзінің ақырғы күнін өзі белгіледі: 1939 ж. 23 қыркүйегінде Фрейдтің емдеуші дәрігері, оның сұрауымен морфийдің шектен тыс мөлшерін егеді. Ол 1939 ж. 23 қыркүйегінде Лондонда, 83 жаста қайтыс болды.

Фрейдті ғалым деп те, көреген деп те, қазіргі заманның көптеген салаларын байыта түскен, ғылымдағы жаңа бағыттың негізін қалаушысы деп те атайды. Тұлғаның психоаналитикалық концепциясын дамытумен, адам әрекетінің негізгі ықпалдаушы күші ретіндегі құштарлық теориясын құрастырумен қатар, З.Фрейд қоғамдық институттардың қызмет атқару механизмдерін талдады.

Алдағы тәжірибеге сүйене отырып, З.Фрейд невроздарды емдеудің «катартикалық» әдісін ойлап тапты, бұл емделушінің ығыстырылған естеліктерінің ашылуына психикалық карсыласуы феноменін ашуға және цензураның психикалық факторының бар екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл Фрейдке есті және ессіз факторлардың бірлігіндегі тұлғаның динамикалық концепциясын құруға итермеледі. 1894 ж. З.Фрейдтің «Қорғаушы невропсихоздар», ал келесі, 1895ж. И.Брейнермен біріккен «Истерияларды зерттеу» еңбегі жарық көрді. Психоанализ тарихы осы сәттен басталды деуге болады. Бұл еңбектердің мәні психотерапияның шектерінен әлдеқайда ауқымды болды. Бұл жерде тұлғаның ішкі қалыбының сыртқы әлеуметтік-мәдени әлеммен баілланысы көрсетіліп, ал психология - өзін-өзі бақылау (интроспекция) сияқты жалғыз әдісі бар, адамның ішкі жан-дүнесін зерттейтін ғылымнан, сыртқы мәдени құбылыстарды, адамдардың шынайы әрекеттесулерінің ерекшелігін зерттейтін пәнге айналды. Психоанализдің дәл осы тұғыры, адамдардың мінез-құлқындағы ұлттық-мәдени стереотиптердің әртүрлі жақтарын зерттеу пәніне айналдырды. Әртүрлі мәдениеттердегі алуан түрлі психикалық дисфункциялардың болуын түсіндіретін мінез-құлық теориясы әлі күні де антропологияда қолданып келеді. З.Фрейдтің мәдениеттерді талдаудағы психоанализінің тағы бір мағыналы жағына, құштарлық қуаты (қалыбына қарай - негізінен сексуалды сипаттағы), тікелей шығысын таба алмай (мәдениет, оның қағидаларымен тежелген), патологиялар мен ессіз түрлердегі айналма сипатқа енеді деген ережесі жатады.

Бұл кітапта З.Фрейдтің «Төтем және табу» (1913) атты еңбегінен үзінділер келтірілген. З.Фрейд психоанализді халықтар психологиясының мэселелеріне қолданып көріп, осылайша, «бір жағынан - этнологтар, лингвистер, фольклористер мен т.б., ал екінші жағынан – психоаналитиктер арасындағы бітістірушіге» айналды.

Дәрігерлік қызметінің басталуы

Вена университетін бітірген соң  З.Фрейд кәсіби ғылым қызметкері болуды мақсат етті. Бірақ физиология институтында Брюккенің қол астында  мұндай жұмыс орны болған жоқ. Осы  кезде Фрейдтің материалды жағдайы  да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер болу. Қалайда бұл мамандыққа ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және қозғалыс органдарының түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй тудыруы мүмкін). Гипноз әдісін әсіресе француз ғалымдары өте сәтті қолданған. Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд Парижге атақты невролог Шаркоға барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір түрі – «Шарко жаны» әдісімен байланысты медицинада белгілі). Бұл дәрігердің «Невроз Наполеона» деген аты да бар. Ол европаның көптеген король отбасыларын емдеген. Бұл атақты дәрігерді ауруларды тексеру кезінде гипнозбен емдеу сеанстары кезінде тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы қаумалап жүретін. З.Фрейд жас веналық дәрігер сол тәжірибе жинақтаушылардың бірі еді. Фрейдті Шаркоға жақындастырған жағдай оның Шаркоға ол оқыған дәрістерді неміс тіліне аударуын өтініп жолыққан сәті еді. Бір әңгімелесу үстінде Шарко невротик мінез құлқындағы негізгі ерекшеліктердің бір көзі оның жыныстық құрылымында жатанын айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған Фрейд бірнеше жыл өткен соң осы болжамдар мен бақылауларға сүйене отырып адам мінез құлқындағы басты қозғаушы күш ретінде оның сексуалды өмірінің рөлі туралы идеяны алға тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл осы сексуалды бастамалардың тікелей және жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі барлық проблемаларға әкелер жол деп ұқты. Фрейдтің осы ілімі көптеген батыс елдерінде әйгілі бола бастады, сонымен қатар психологиядан тыс ілімдерде қолданды (Ярошевский 1989 ж.).

Информация о работе Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм