Аударылған рухани дүниелер
туралы қорыта келе айтарымыз: әлемдік
психология туындыларының төл тілімізде
тұңғыш рет жариялануы аса құптарлық
жәйт. Аудармашылар қазақ оқырмандарын
осы туындылармен жәй таныстырып
қана қоймай, бұлардың еліміздегі психология
ғылымының дамуына түрткі болатындай
жағын, бізде өріс алуға тиісті кешенді,
іргелі зерттеу жүргізуге ықпал
ететіндерін (мәселен, гуманистік, психоаналитикалық
психология) ойластырған. Осынау аудармалардың
төл тіліміздегі психологиялық ұғымдар
қорының молая түсуіне де себепкер болатыны
сөзсіз. Бұл басылым әлемдік психология
мен қазақ психологиясының сабақтастығы
қандай деңгейде тұр дейтін проблеманың
қойылуына да мұрындық болары хақ.
Әлемдік психологияның
соңғы оныншы томына қазақ
психологиясының тарихына байланысты
материалдар белгілі бір жүйе
бойынша енген. Бар-жоғы бір
томдық болса да бұл — өте
құптарлық жәйт. Қазақ халқының
сан ғасыр бойына осы салаға
қатысты жиған-терген інжу-маржандары
әлемдік психологияның қатарынан
орын алуы елдігіміздің басты
белгісі екендігінің айғағы.
Халқымыздың психологиялық
ой-пікір тарихының қалыптасып, даму
жолын қазақ елінің азаматтық
тарихымен орайластыра отыра,
бұл үрдісті негізгі үш кезеңге
бөліп қарастыруды ғылыми тұрғыдан
дұрыс тұжырым деп есептейміз.
“Қазақтың психологиялық
ой-пікірлері” атты соңғы Х том негізінен
еліміздің тәуелсіздік алған кезеңіне
дейінгі қазақ халқының он төрт ғасырлық
психологиялық ой-пікірлерін баяндаумен
аяқталады. Яғни, бұл сонау VІ-VІІІ ғасырлардан
басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен
аяқталатын аса дүбірлі үлкен кезең. Ал
үстіміздегі ХХІ ғасырдағы қазақ психологиясының
тарихын жазу – бізден кейінгі ұрпақтың
еншісі болмақ дейміз.
- Карен Хорни (1885 – 1952) ілімі
Неофрейдизм
бағытының белгілі өкілдерінің бірі, өзіндік
жеке теорияның авторы бола тұра, әйелдердің
психологиясын зерттеу аясындағы атақты
қайраткер. Жеке тұлға психологиясының
негізін салушылар қатарында ерекше орын
алған жалғыз әйел – психолог. «Біздің
заманымыздағы невротикалық тұлға» («Невротическая
личность нашего времени», 1937) деп аталған
еңбегінде, автор өзінің классикалық Фрейд
теориясынан алшақтығын сездіре келе,
өз зейінін өткендегі емес, қазіргі кездегі
тұлға тартыстарына және невроздың дамуына
себепші болған әлеуметтік және мәдениеттік
факторларды айқындаған. «Өзін – өзі талдау»
(«Самоанализ», 1942) атты еңбегі әр адамның
өз мәселесін өз бетімен шешуде, өзін сараптауда
көмек көрсететін құрылдың бірі болып
саналады.
Өзін-өзі талдау
Бастапқы
кезде психоанализ, қатал медициналық
мағынада, тек қана терапия әдісі
ретінде болып өңделген. Фрейдтің
байқауы бойынша, кейбір байқалатын
органикалық негіздері жоқ бұзылымдар
– ұстамалы ауру, фобия, депрессия, есірткеге
бағынушылық, асқазанның функционалдық
бұзылулары көрініс бермейді, егер оған
себепші болатын санасыз факторлар ашылса,
оларды емдеуге болады. Кейіннен осы іспеттес
бұзылулар невротикалық деген жалпы атауға
ие болды.
Біршама
уақыт өткеннен кейін (соңғы
30 жыл) психиатрларға невротикалық
адамдар тек нақты көрінетін
белгілерден (симптомдардан) ғана
қиналмайтыны, сонымен қатар көптеген
өмірлік қатынастарының бұзылуынан
да аурудың пайда болатыны
түсінікті болды. Олар тағы
да бұрын невроздар белгілері
нақты симптомдармен ілесе жүрмейтін
тұлғалық бұзылулар көптеген
адамдарға тән екенін байқады.
Басқа сөзбен айтқанда, невротикалық
белгілер көрініс бермегенімен,
жекелеген мәселелердің жоқ болуы
мүмкін еместігі айқындала бастады.
Сонымен, қорыта келгенде, осы аталған
азды-көпті спецификалық мәселелер невроздың
негізін құрайды. Осы фактілерді жете
түсіну психоаналитакалық ғылымнын дамуына
маңызды төтенше конструктивті әсерін
тигізді: бұның нәтижелік жағын жоғарылатуымен
бірге, оның қолдану жақтарын кеңейтті.
Мінездің айқын өзгеруі – жабысқақтық,
жасқаншақ, дос немесе жыныстық серік
таңдаудағы қайталана берілетін қателіктер,
жұмыс бабындағы түрлі бөгеттер – осының
барлығы өрескел клиникалық белгілер
іспеттес талдау объектілеріне айналды.
Бірақ қызығу объектісі тұлға және оның
үйлесімді дамуы емес, негізгі қорытынды
мақсат – ол көрініс берген бұзылуларды
түсіну мен оларды жою, ал мінезді талдау
тек қана осы мақсатқа жетудегі жолдың
әдісі болды. Егер осындай жұмыс процесіндегі
адам қолайлы бағытта дами алса, бұл көбіне
кездейсоқ және байқаусызда кездескен
қорытынды жағдай мүмкіндігі болады.
Психологиялық
талдау бүгінгі күні (невротикалық)
жүйке жүйесі ауруына шалдыққан
бұзылулардың терапия әдісі ретінде
қолданылады. Бірақ бұл әдістің
жалпы тұлға дамуына байланысты
қолданылуы оны бағалы етіп
отыр. Адамдардың көп жағдайларда
талдау жасауға ұмтылушылығы депрессия,
фобия немесе басқадай бұзылу қиындықтары
емес, көбіне өмірдегі қолайсыз сәттердің
оларды іштей кері тартып, басқа адамдармен
қарым – қатынас жасауға бөгет болуын
түсініп, сезінуі.
Кейде
жаңа бір перспектива көрініс
бергенде, бұл жаңалық бағыттың
бағасын алдымен арттырып жібереді.
Бұл пікір бойынша тұлғаның
дамуына ерекше әсер ететін
жалғыз әдіс – қазір кеңінен
таралған психологиялық талдау (психоанализ).
Біздің басымызға төнетін кейбір
қиыншылықтар – өз еліңнен
кету қажеттілігі, түрлі аурулар,
жалғыздық сәттер, сонымен қатар
өмірдегі қуаныштар: нағыз достық
пен ұнамды адамдармен қарапайым
түрдегі қарым-қатынас, ұжымдағы
пікірлес қызметтестер – осының
бәрі бізде бар мүмкігдікті
толық жүзеге асырудағы көмек
жасайтын факторлар. Өкінішке
орай, мұндағы қуаттаудың кейбір
кемшіліктері байқалады.
- Эрих Фромм (1900-1980) концепциясы
Германияның
Франкфурт қаласында дүниеге
келген. Ұлты еврей, отбасындағы
жалғыз бала. Э.Фроммның дәрігерлік
білі болған жоқ, ол психологияны,
әлеуметтануды, философияны зерттеді.
1922 жылы Гейдельберг университетінде
философия докторы дәрежесін
алды. Өзінің психосараптаушылық
білімін Берлиннің психосараптау
институтында жалғастырды. Э.Фромм
1934 жылы АҚШ-қа қоныс аударады. 1941 жылы
ол «Бостандықтан қашу» деген бірінші
кітабын жарыққа шығаралы. 1945 жылы Уильям
Алансон Уайттың психиатрия институтында
қызметкер болып жұмысқа кіреді. 1949-1965
жж. дейін Мехито Ұлттық университетінде
психиатрия профессоры қызметін атқарады.
1976 жылы әйелімен екеуі Швейцарияға көшіп
келеді, сол жерде 1980 жылы қайтыс болады.
Рецептивтік бағдарлану
Рецептивтік бағдарлану бойына
тән адам «барлық игілік көзі» сыртқы
әлемде орналасады деп жорамалдап, тілегеніңді
іске асырудың бірден бір жолы, қандай
да бір материалдық дүние, немесе қандай
да бір сезім, мысалы махаббат, білім, қанағаттану
– осының барлығы сырттан алынатын жолдар
деп есептейді. Бұл жағдайда махаббат
мәселесі тұтастай дерлік өзі сүю емес,
«сүйікті болуға» келіп тіреледі. Сүйікті
болу өздері үшін ең маңызды күйзеліс
болғандықтан, мұндай адамдар серік маңдауда
талғампаз болмай, өздерін махаббат сезімін
немесе соған ұқсас сезім білдірген кез
келген жанға құлай беріледі. Ондай адамдар
өздерінен жақсы көретін адамның кетуіне
немесе сүйіктілерімен қатынастың үзілуіне
аса сезімтал болып, қатты күйзеледі. Рецептивтік
бағдарлану ойлау саласында да осыған
ұқсас жолмен көрінеді. Егер мұндай адамдар
ақылды болса, жақсы тыңдаушы болып, идеяларды
шығаруға емес, сіңіруге бағдарланғандықтан,
өзімен-өзі қалғанда өздерін дәрменсіз
күйде сезінеді. Мұндай адамдарға өздеріне
қажетті ақпаратты алу үшін, аз да болса
тер төккеннен гөрі, оны беретін адамды
іздеу тән болады. Егер мұндай адамдар
діншіл болса, олардың барлық Құдай туралы
түсінігі мынадай: олар күткен нәрсесін
өз әрекетінен емес, Құдайдан күтед. Ал
егер діншіл болмаса, онда олардың адамдар
мен қоғамдық институттарға қатынасы
сол қалпында қалады: олар әрдайым «мейірімді
жарылқаушыны» іздейді. Береген қолға
ерекше берілгендік сещіммен қарап, оны
жоғалтып аламын ба деген қорқыныш сезімнен
арылмайды. Олар көп адамдардың қолдауын
қажет ететіндіктен, өздерін қауіпсіз
сезіну үшін көптеген адамдарға өздерінің
берілгендігін көрсетуі қажет. Оларға
ешқашан «жоқ» деп айту қиын және өздерінің
берілгендігін білдіру үшін оңвй уәде
береді. «Жоқ» деп айта алмай, елдің бәріне
«иә» деп жауап беруді жақсы көретіндіктен,
осыдан барып шығатын сыншылдық қабілетінің
ұастамасы оларды басқалардан жоғары
деңгейде тәуелді етеді.
Қанаушылыққа
бағдарлану
Рецептивтік
сияқты, қанаушылыққа бағдарлану
барлық игілік көзі сыртта
орналасқан деген ережеге негізделген,
адам алғысы келгеннің бәрін
өз күшімен емес, сырттан іздеуі
керек. Айырмашылығы: қанаушылыққа
бағдарлану типіндегілер көмекті сый
ретінде тосып отырмай, алдаумен немесе
күшпен тартып алады. Мұндай бағдарлану
барлық әрекет саласында көрінеді.
Махаббат
сезімі аймағында мұндай адамдардың
жаудан алу және ұрлау беталысы
басым. Тек өзгеден біреуді
тартып алатындай болғанда ғана
оған өзінің әуестігін білдіреді.
Тартымдылық олар үшін адамның басқа біреуге
деген құштарлығымен байланысады; көбінесе
басқа біреуге тиісті емес адамды сүйе
алмайды.
Тура
осындай байланыс интеллектілік
қатынас әрекетінде де байқалады.
Осындай адамдар ой өнімділігін
арттыруға ұмтылмай, оны ұрлап
алуға тырысады. Ондай іс өрескел
плагиат түрінде жасалады немесе
бөтен ойларды сөзбен түрлендіріп,
содан кейін өзі шағырғандай
етіп ұсынады. Таңғаларлық нәрсе,
көптеген жеткілікті дәрежеде
парасатты адамдар осындай әрекетке
барады. Басқа жағынан алғанда
дарынды адамдардың өзіндік ерекше
идеялары немесе тәуелсіз нәтижелерінің
жеткіліксіздігі бірегейліктің
туа біткен кемістігі емес, олардың
мінездерініңбағдар типімен түсіндіріледі.
Тура осы олардың материалдық
дүниеге қатынасынан да көрінеді.
Басқа біреуден тартып алынған
зат өзінікіне қарағанда тартымдырақ
әрі жақсырақ көрінетіні белгілі.
Олар елдің бәрін қанап, өзі үшін кімнен
болсын, неден болсын пайда түсіруге ұмтылады.
Олардың ұраны – ұрланған нәрсе әрдайым
тәтті көрінеді». Рецептивті бағдарлану
типіне жататын адамдарға тән сенімшілдік
пен оптимизмнің орнына мұндай адамдарға
күдіктілік, арсыздық тән болып, олардың
ойын күншілдік пен қызғаныш жегідей жейді.
Оларды тек бөтен біреуден тартып алған
зат қанағаттандыратындықтан, өзінде
барды бағаламай, басқалардың қолындағы
дүниесіне көзін сатады.
Жинақтауға бағдарлану
Рецептивті
және қанаушылыққа бағдарлану
тіпті өмірге қажеттіні сырттан
алуға бағытталса, жинақтауға бағдарлану
осы жағынан алғанда олардан
айтарлықтай айырмашылықта болады.
Сырттан алуға болатын жаңа
нәрсенің барлығы мұндай типті
мінезді адамдарды сенімсіздік
сезіміне әкеледі. Бұл адамдардың
қауіпсіздігі бұрыннан жинақталғанның
жиналып, сақталуына негізделеді
және олар шығынды қауіп-қатер
сияқты қабылдайды. Өздерін сыртқа
дүниеден қорғаушы қамалмен қоршағандай
болып, бұл қорғанның ішіне
неғұрлым көбірек енгізуді мақсат
етіп, ал сыртқа соғұрлым аз
шығаруды көздейді. Мұндай адамдардың
сараңдығы, мейлі ақша, сезім немесе
ой болсын, бәріне біркелкі таралады.
Махаббат олар үшін – иелену, қожа болу;
ондайлар махаббатты ұсынбайды, «сүйіктісін»
иеленуге ұмтылады. Жинақтауға бағдарлану
тән жандар адамдарға өздерінің берілгендігін
және еске алуға үйірлігін жиі көрсетеді.
Күйреуіктік күшіне орай, өткен шақ оларға
алтын күндер болып көрінеді; оның түп
етегінен ұстап алып, өткен сезімдері
мен күйзелістерін іске алуға сүйсіне
беріледі. Олар көп біледі, бірақ онысы
жеміссіз және өнімді ойлауға қабілетсіз.
Мұндай
адамдарды мимикасы мен қылықтары
арқылы да айыруға болады. Көп
сөйлемейді, қимылдары тұйықтықты
көрсетеді. Егер рецептивті бағдарлану
типіндегі адамдардың қимылдары
жұмырланған әрі тартымды, ал
қанаушы типті бағдарлану иелерінікі
агрессивті әрі дөрекі болса,
жинақтауға бағдарлану тән жандардың
қимылдары ебедейсіз, кекірейген,
олар сыртқа дүние мен өздерінің
арасына шекара қоюға ұмтылатын
сияқты көрінеді. Мұндай адамдардың
келесі ерекшелігі – шаң жуытпайтын
тазалығы. Осындай типті адамның
заттары да, ойы да, сезімі де
тәптіптелген, алайда, ес мысалындағыдай,
олардың ұқыптылығы жеміссіз
әрі ебедейсіз. Егер заттар
өз орнында тұрмай шашылып
жатса, ол шыдамай жинастырып,
әр нәрсені орнына қоя бастайды.
Сыртқы дүние оның орнатқан
шекарасына енуге үнемі қауіп
төнгізетіндіктен, ұқыптылық осы
қауіптен өзін аластату арқылы
әрі сыртқа дүниеге қатысты
алғанда белгілі қашықтықты сақтау
арқылы баса-көктеп енуді болдырмау
үшін қолданылатын әдіс болмақ.
Фанатикалық
тазалық – осындай бағдарлану типіндегі
адамның сыртқы дүниемен жанасудан «тазалануының»
бір көрінісі. Оны қоршаған әлемге жатпайтынның
бәрі оған қауіпті болып көрінеді және
ол үнемі қолын жуып жүреді, жуынады, «лас»
адамдар мен заттарға әрбір жанасудан
кейін дәрет алу сияқты діни жораны іске
асырады. Ал енді оны қоршаған заттарға
келетін болсақ, олар өз орнында, өз уақытында
тұруы керек. Мезі қылатын нақтылық –
осындай бағдарлану типіндегі адамдардың
сыртқы дүние тарапынан келетін қауіптен
құтылу әдістерінің бірі. Егер сыртқы
дүниені олар қауіп ретінде қабылдаса,
ал оған жауап ретіндегі логикалық реакция
қыңырлық болады.
Басқа
адамдармен қатысты алғандағы
жақындасуды қауіп ретіндегі
қабылдайды; сондықтан адамнан алшақтағанда
немесе оған ие болғанда қауіпсіздікке
кепілдік беріледі. Мұндай типті
бағдарлануға жататын адамдар
өте күмәншіл және олардың
– бойларында өзіндік ерекшелігі
бар әділеттілік сезім басым
болады. Ол өз кезегіндегі «Менікі
дегеніміз – бұл менікі, сіздікі
деген – ол сіздікі» деген
сөздермен бейнеленеді.
- Эрик Берн (1910 – 1970) ілімі
Эрик
Леннард Беристайн 1910 жылы Монреальда
дүниеге келіп, жиырма бес жасқа
толғанша Канадада тұрған. 1935 жылы
Эрик өзінің әкесі оқыған Мак-Гилловск
университетінің медицина факультетін
бітіреді. Осыдан соң ол өзінің
екінші атын алып тастап, фамилиясын
өзгертіп, АҚШ-қа қоныс аударады
да, Америка азаматтығын қабылдайды.
АҚШ-та Берн оқуын әрі қарай
жалғастырып, психоанализге бет
бұрып, психиатрлық қызметін бастайды.
1941 жылы ол Әскери Медициналық
Корпусқа психиатр ретінде кіреді.