Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Психоанализ – бұл сананы зерттеуді мақсат еткен психологияның бір бөлігі. Бейсана субъектінің жаңылыс сөздерінің ассоцияциялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің, қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер арқылы зерттеледі.
негізгі алғышарты ретінде
Психиканы саналы мен бейсаналыға болу психоанализдің негізгі алғышарты болып табылады, және тек сол ғана оған рухани өмірдегі жиі бақыланатын және оте маңызды патологиялық процесстерді түсіну және оларды ғылыми зерттеуге алуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, психоанализ саналылықты психикалылықтың мәні ретінде есептей алмайды, бірақ сананы оның басқа қасиеттеріне қосыла алатын немесе қосыла алмайтын психикалықтың қасиеті ретінде қарастыруы тиіс.
Егер мен бұл кітапты барлық психологияға қызығатын адамдар оқиды деп есептей алатын болсам, онда мен осы жерде-ақ оқырмандардың бір бөлігі тоқтап, ары қарай оқымайтындығына дайын болар едім, өйткені бұл жерде психоанализдің алғашқы шибболеті. Философиялық білімі бар адамдардың көпшілігі үшін бір мезгілде саналы болмайтын психикалылық идеясының түсініксіз болғандығы соншама, олар оны көпірме және қарапайым логикаға сәйкес емес деп түсінген. Мұның себебі, менің ойымша, олардың ешқашанда — патологиялық құбылыстардың бүкіл ауданы жайлы айтпағанда — осындай түсінуді талап ететін, осыған қатысты гипноз бен түс көрудің феномендерін зерттемегендіктен. Алайда олардың сана психологиясы түс көру мен гипноздың мәселелерін шешуге де қабілетсіз болып келеді.
Саналы болу - бұл ең алдымен өте тікелей және сенімді қабылдауға сүйенетін таза бейнелік ұғым болып табылады. Ары қарай тәжірибе бізге, психикалық элементтің, мысалы елестетудің әдетте ұзақ уақыт бойы саналы болмайтындығын көрсетеді. Керісінше, оған саналанғандық күйінің тез өтуі тән болып табылады; елес осы сәтте саналы, келесі мезетте ондай болмайды, бірақ әйгілі, оңай қол жеткізілетін жағдайларда қайтадан саналы бола алады. Аралық кезенде оның қандай болғандығын — біз білмейміз; ол латентті болды деп айтуға болады, бұл жерде ол кез келген сәтте саналы болуға кабілетті болды деген мағынада айтылуда. Егер біз ол бейсаналы болды десек те, біз дұрыс бейнелеу бергендігіміз. Бұл бейсаналылық ондай жағдайда латентті немесе потенциалды саналыға сәйкес келеді. Шындығында, философтар бізге былай деп қарсы шығар еді: жоқ, "бейсаналы" ұғымы бұл жерде пайдаланыла алмайды; елес латентті күйде болғанда, ол мүлдем психикалық болған жоқ. Алайда егер біз осы жерде оларға қарсы шықсақ, онда сөздер жайлы мүлдем өнімсіз талас туғызар едік.
Бейсаналылық ұғымына немесе түсінігіне біз басқа жолмен, рухани динамика үлкен рөл атқаратын тәжірибені қайта өндеу жолымен келдік. Біз аса күшті рухани процесстердің немесе түсініктердің болатындығын білдік, яғни мойындауға мәжбүр болдық, - бұл жерде ең алдымен, рухани өмір үшін барлық басқа түсініктер сияқты салаларға, және шын мәнісінде өздері саналы болып табылмаса да түсініктер ретінде саналана алатын салдарларға да ие бола алатын бірнеше сандық, яғни экономикалық, сәттермен жұмыс істеуге тура келеді. Жиі айтылған нәрсе туралы жан-жақты қайталаудың қажеті жоқ. Былай деп айту жеткілікті: бұл жерде бұндай түсініктер саналы болмайтындығын, өйткені оларға әйгілі күш қарама-қарсы әрекет ететіндігін, онсыз олар саналы болатындығын, және сонда біз олардың қалған жалпы мойындалған психикалық элементтерден айырмашылықтарының аз екендігін көретіндігімізді пайымдаған психоанализдік теория басталады. Бұл теория, психоанализдік техникада оның көмегімен қарама-қарсы әрекет ететін күшті жоюға және сәйкес түсініктерді санаға дейін жеткізуге болатын құралдар басталғандығының арқасында жоққа шығарылмайтын болды. Олар саналанғанға дейін болған күйді біз ығыстыру деп, ал ығыстыруға алып келген және оны ұстап тұрушы күшті біз өзіміздің психоанализдік жұмысымыздың барысыңда қарсылық ретінде сараладық.
Сонымен, біз бейсаналылық түсінігін ығыстыру туралы ілімнен аламыз. Ығыстырылғанды біз бейсаналылықтың типтік үлгісі ретінде қарастырамыз. Алайда біз бейсаналылықтың екі түрі бар екендігін көреміз: латентті, бірақ саналы болуға қабілетті, және өздігінен және ары қарайғысыз да саналы бола алмайтын ығыстырылған. Біздің психикалық динамикамен таныстығымыз номенклатура мен бейнелеуге әсер етеді. Динамикалық мағынада емес, тек бейнелік мағынада ғана бейсаналы болып табылатын латентті бейсаналылықты біз сана алдылық деп атаймыз; "бейсаналылық" ұғымын біз тек ығыстырылған динамикалық бейсаналылыққа ғана қолданамыз; осылайша бізде енді, мағыналары тек таза бейнелік қана емес болып келетін, мынадай үш ұғым бар: "саналылық" (bw), "сана алдылық" (vbw) және "бейсаналылық" (ubw)2. Біз сана алдылықты (Vbw) бейсаналылыққа қарағанда саналылыққа (bw) біршама жақын түр деп болжаймыз, ал бейсаналылықты (Ubw) біз психикалық деп атағандықтан, біз латентті сана алдылықты (Vbw) да осылай атаймыз. Сонымен, тек егер бейнелік мағынада бейсаналылықтың екі түрі, динамикалықта тек бір түрі ғана болатындығын естен шығарып алмасақ, біз өзіміздің үш ұғымымызбен: bw, vbw және ubw жақсы жол таба аламыз. Мазмұндама ерекше мақсаттарға талпынған кейбір жағдайларда осы айырмашылықтарды ескермеуге болады, ал басқа жағдайларда ол, әрине, міндетті түрде қажет.
Ары қарайғы психоанализдік жұмыстың барысында, бұл айырмашылықтардың да жеткіліксіз, практикалық қанағаттанарлықсыз болатындығы анықталады. Осыған дәлел болатын бір қатар жағдайлардан шешушісін келтірейік. Біз өзімізге бір тұлғадағы рухани процесстерді байланыстық ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастырдық және оны осы тұлғаның Мен-і ретінде белгілейміз. Бұл Мен санамен байланысты, ол қозғалысқа, яғни сыртқы әлемге қозуды жаттықтыруға, оятуға билік етеді. Бұл барлық жеке процесстерді бақылайтын, түнде ұйқыға кететін және сонда да түс көру цензурасына басшылық ететін рухани инстанция. Осы Мен-нен ығыстыру да шығады, оның көмегімен әйгілі рухани оянулар тек санадан ғана емес, сондай-ақ әсер етулер мен әрекеттердің басқа аудандарынан да жоюға беріледі. Осы ығыстыру жолымен жою талдауда өзін Мен-ге қарама-қарсы қояды, жене талдау Мен ығыстырылғанға жақындау талпыныстарына жасайтын қарсылықтарды жою міндетінің алдында тұрады. Талдау кезінде біз ауру адамның, егер оған әйгілі тапсырмалар берсе, қиналатындығын бақылаймыз; оның ассоциациялары, олар ығыстырылғандарға жақындауы тиіс болғанда тоқталады. Сонда біз оған, оның қарсылықтың билігінде екендігін айтамыз, бірақ ол өзі ол туралы ештеме білмейді, және тіпті ләззат алмау сезімінің негізінде ол онда қандай да бір қарсылықтың әрекет ететіндігін сезуі тиіс болғанда да ол оны не атай алмайды, не көрсете алмайды. Алайда қарсылық, сөзсіз, оның Мен-інен шығатын болғандықтан және соңғысына тән болғандықтан, біз күтпеген жағдайға кез боламыз. Біз Мен-нің өзінен бейсаналы және ығыстырылған сияқты көрінетін, яғни санаға өтпестен күшті әсер ететін, және саналау үшін ерекше жұмыс талап етілетін нәрсені таптық. Егер тек көрінудің әдеттегі тәсілдерін ұстанғымыз келсе, мысалы егер невроз құбылысын сана мен бейсаналылықтың арасындағы шиеленіске алып келгіміз келсе, психоанализдік практика үшін осындай бақылаудың салдары, біздің шексіз көп қиындықтар мен бұлыңғырлықтарға кездесетіндігіміз болып табылады. Біздің рухани өмірдің құрылымдық қатынастары теориямызды негізге ала отырып, біз осындай қарама-қарсы қоюды басқасымен алмастыруымыз қажет, атап айтқанда байланысты Мен-ге одан босатылған ығыстырылғанды қарама-қарсы қоюымыз керек.
Алайда біздің бейсаналылықты түсінуімізден алынған салдар өлі аз. Динамикамен таныстылық бірінші түзетуді енгізді, құрылымдық теория екіншісін енгізеді. Біз қорытындыға UBW-ның ығыстырылғанға сәйкес келмейтіндігін келтіреміз; барлық ығыстырылғандар бейсаналы болатындығы дұрыс болып қалады, бірақ барлық бейсаналылар ығыстырылғандар емес. Тіпті Мен-нің бір бөлігі (қандай маңызды бөлік екендігін бір күдай біледі) бейсаналы болуы мүмкін және еш күмәнсіз сондай болып табылады. Және Мен-дегі осы бейсаналылық сана алдылық мағынасындағы латентті емес, басқаша айтқанда оны саналаусыз белсенді етуге болмайтын еді және саналаудың өзі осыншама қиындық көрсетпеген болар еді. Осылайша біз үшіншіні, ығыстырылмаған UBW-ны мойындау қажеттігінің алдында тұрған кезде, бізге бейсаналылық қасиеті біз үшін өз мәнін жоғалтатындығын мойындауға тура келеді. Ол біз пайдаланғымыз келген кең және қиылыспайтын қорытындыларға мүмкіндік бермейтін көп мәнді қасиетке айналады. Сонда да оны пайдаланудан сақтанған жөн, өйткені соңында бейсаналылықтың немесе саналылықтың қасиеті терең психологияның жалғыз жарық сәулесі болып табылады.
ІІ. НЕОФРЕЙДИЗМ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ МЕН ІЛІМДЕРІ
2.1 Неофрейдистер ілімдері
Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасынан үзінділер енген. Осы томға Фрейд ілімін ары қарай дамытқан неофрейдистер Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, т.б. еңбектері де енген. З.Фрейдтің “Психоанализге кіріспе түріндегі лекциялары”, “Психоанализ очерктері”, “Мен және ол”, “Түс көрулер”, т.б. еңбектері аударылған.
Төртінші томда ақыл-ой
әрекетін кезеңдеп
Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп
қалыптастыру теориясының
П.Я.Гальперин өзінің
“Бағдарлаушы іс-әрекет
Бесінші томда гуманистік
психологияның ХХ ғасырдағы
Алтыншы том “Дамытып оқытудың мәселелері: теория және практика” деген атаумен беріліп отыр. Бұл томда жас және педагогикалық психологияның негізгі мәселелерінің бірі, бала психикасының дамуы, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық байланыстары қарастырылады. Осы мәселе баланың тұлғалық және интеллектілік қабілеті дамуының білім жүйесіндегі негізгі мақсаттары және міндеттерімен байланысып жатады.
Томда В.В. Давыдовтың “Оқытудағы жалпылаудың түрлері” атты еңбегі мен А.М. Матюшкиннің “Ойлау мен оқытудағы ситуациялық жағдай ” атты кітабынан үзінділер алынған.
Жетінші том “Қазіргі кездегі когнитивті психология” деп аталады. Психологияның бұл саласында когнитивті психологияның зерттеу пәні болып табылатын танымдық үрдістерді зерттеу ерекше орын алады. “Когнитивті” ұғымы қазақ тіліне аударғанда “танымдық” деген мағынаны білдіреді.
Осы томға қазіргі
кездегі батыстық когнитивті
психологияның өкілдері Д.
Сегізінші том “Жеке
тұлғаның қазіргі теориялары”
деген атпен беріліп, онда А.
Тоғызыншы томда ХХ ғасырдағы кеңес және шет ел психологтарының (С.Л.Рубинштейн, Л.Леви-Брюль, А.В. Брушлинский, О.К. Тихомиров, т.б.) ойлау психологиясы саласында классикалық болып табылатын еңбектерінен үзінділер берілген. Ойлау психологиясына қатысты еңбектерде, ойлау әрі үдеріс, әрі іс-әрекет ретінде, оның сатылары мен әр түрлі теориялары, ойлаудың генетикалық түп негізі, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы, ойлауды экспериментті тұрғыдан зерттеу мәселелері сөз болады.
Осы томдарға енген аударма материалдардың ішінде өзінің теориялық жаңалығы, практикалық маңызымен қазіргі қазақ халқының тыныс-тіршілігіне бір табан жақын тұрғаны З.Фрейдтің психоанализ ілімі мен америкалық гуманистік (ізгілік) психология өкілдерінің (К.Роджерс, Г.Олпорт, А.Маслоу т.б) түйін-тұжырымдары. Мәселен, гуманистік психологияның (мұның идеясын кезінде әл-Фараби, Өтейбойдақ, Асан қайғы, Абай, т.б. айтқан – Қ.Ж.) түсінігінде адам-табиғатынан қайталанбас белсенді тұлға, әркімде де алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік бар, оның үнемі өзін-өзі жетілдіре түсуге мүмкіндігі мол, өйткені “үмітсіз – шайтан” дегендей, онда болашақтан үміт үзбейтін, ілгері қарай ұмтылушылықтың табиғи негізі бар дейтін оптимистік идеялар ұсынылған.
Бұл түйіндер полиэтностық Қазақстан үшін аса маңызды. Қазақ халқының психологиясын зерттейтін мемлекеттік бюджет негізіндегі ғылыми-зерттеу институтын ашуымыз қажет. Осы институт қазіргі қазақ қоғамында қандай тұлғалар өсіп, жетіліп келеді, олардың рухани құндылықтары қандай, ұлттық психология болмысының деңгейі, ұлт болашағына сенімділігі т.б. осы секілді мәселелерді зерттейтін болса, көп нәрсенің ақ-қарасы ашыла түсер еді.
Зерттеу жұмысының басында айтқанымыздай, психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы ұлан-ғайыр кезеңді қамтып отырғаны хақ. 40-50 мың жыл тарихы бар адамзаттық өркениеттің қай дәуірінде болсын жан мен тән мәселесі елеулі орын алған. Бірақ тарих әлемінде бұлардан жөнді із қалмаған. Бізге жеткен екі жарым мың жыл бұрын жазылған Аристотель еңбектері басылымға кірмей қалған.
Нақтылап айтсақ, кеңес, орыс психологиясынан 5 том аударылса (1,2,4,6,9 томдар), Батыстың классикалық психологиясынан 2 том (3,8), Америкадан 2 том (5,7) аударылған. Аудармадағы бұл теңсіздік бізді ойлантады. Өйткені классикалық психология батыс елдерінде (Англия, Франция, Германия, Швейцария, т.б.) ерекше дамыған еді және олардың еңбектері кезінде орыс тіліне аударылған. Әлемдік психология жинағында осы ғылымды тек орыстар жасағандай түсінік туады. Бұл еуроцентризмнің нұсқасы болып шыққан.
Осынау іргелі басылымға
әлемдік психологияның “ең, ең ”
деген ірі өкілдерінің
Аты-жөні аталған авторлардың материалдары кеңес психологиясында ХХ ғасырдың 40-60 жылдары жасалған ғылыми тұжырымдамаларды насихаттайтын, түсініктеме сипаттағы дүниелер. Бұлардан теориялық түйіндер мен ғылыми жаңалықтар табу қиын. Олай болса, осы авторларды әлемдік психологияның көрнекті өкілдерінің қатарына жатқызудың жөні жоқ сияқты.
Психология –
Информация о работе Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм