Психодиагностика тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:25, лекция

Краткое описание

Ерте замандардан бері адамдар алуан түрлі индивидуалдық айырмашылықтарды сипаттау үшін реттелген жүйе қалыптастыруға тырысқан. Антикалық дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен Теофрасттың «Характеры» (б.з.д. 372-287ж.ж.) еңбегінде көптеген адамдарға тән тұлғалық ерекшеліктердің көріну түрлерін сипаттайтын «типтер» көрініс тапқан.
Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан К

Оглавление

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зе

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать)

Диагностикалық  тапсырмаларды шешуге арналған тесттер  туралы ақпарат кем дегенде мыналардан тұруы қажет:

- өлшенуші құралдың  мазмұны мұқият сипатталуы қажет;

- өткізілу процедурасы  және алынған нәтижелер жайында  мағлұматтардың болуы;

- нормалардың  сипаттамасы;

- сенімділігі  жайлы мағлұматтар;

- валидтілігі  жайлы мағлұматтардан тұруы қажет.

Әсіресе проективті әдістемелерді бейімдеу күрделі. Көптеген вербалдық емес тесттер туралы да осыны айтуға болады.

Д.Кэмпбелл аударудың симметриялық және асимметриялық деп екі түрін бөліп көрсетеді. Симметриялық аудармада мағына да, оның қолданыстағы мазмұны да сақталады; асимметриялықта – түпнұсқаның тілі сақталады.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Тест дегеніміз  не?

2. Тесттердің қандай  түрлері болады?

3. Компьтерленген  тесттердің компьютерлік тесттерден  айырмашылығы неде? Оларды қалай  қолдануға болады.

4. Тұлғаны зерттеудегі  «объективтік» тесттер дегеніміз  не? Олардың дамуына ықпал еткен  теориялар.

5. Шетел тесттерін  бейімдеу барысында қандай аспектілерге  мән беру қажет?

6. Симметриялық  және асимметриялық аудару дегеніміз  не?

5 Тақырып

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОЗ

Сабақтың мақсаты:

Психолог-студенттердің  психологиялық диагноз туралы толық  түсініктерінің және оның түрлерін ажыратуын, сондай-ақ психологиялық диагноз  қою біліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ету.

Жоспар

1. Психологиялық  диагноз туралы түсінік

2. Психологиялық  диагноз түрлері

3. Психологиялық  диагноз жасауда кететін қателіктер

Психологиялық диагноз  туралы түсінік

Тұлғаны зерттеу  үшін алуан түрлі психодиагностикалық  тесттерді (әдістемелерді) қолдану  практикасы «психологиялық диагноз» түсінігімен  тікелей байланысты. «Диагноз» түсінігі ғылым мен техниканың түрлі салаларында  кеңінен қолданылады, қандай да бір  құбылыстың мағынасы мен ерекшеліктерін анықтау, тану міндеті тек медицинаға ғана қатысты емес. Әдебиеттерде «психологиялық болжам» түсінігін беретін анықтамалар  аз емес. Қалыптан ауытқумен, аурумен  тығыз байланысты медициналық болжам психологиялық ғылымдағы осы  түсініктің анықталуына әсер етті. Психологиялық болжамды осы тұрғыдан анықтау – ол жайсыздықтың жасырын  себептерін ашу дегенді білдіреді. «Медицинадағы, техникадағы, басқарудағы, қолданбалы психологиядағы диагноз  болса да – ол көбінесе көптеген себеп-салдарлы байланыстар жағдайында байқалған жайсыздықтың себептерін іздеу, ашудан тұрады» (В.И.Войтко, Ю.З.Гильбух, 1976). Кейбір шетел психологтары психологиядағы болжамды тек қандай да бір бұзылулар  мен ауытқушылықтарға «атау» беру үшін қолдану қажет деп санаған (Rozenzweig, 1947 және т.б.). Мұндай көзқарастар психологиялық  болжам саласының тарылуына әкеліп соқты, одан қалыпты жеке дара –  психологиялық айырмашылықтарды анықтау  және есепке алумен байланыстының барлығы  түсіп қалады.

Поляк психологы  Януш Рейковский ұсынған психологиялық  болжамның теориялық сызбаларының бірі, психодиагност жұмысындағы  төрт негізгі бағытты бөліп көрсетеді:

1. Іс-әрекеттің,  мінез-құлықтың болжамын жүзеге  асыру, яғни зерттелуші мінез-құлықтың  ерекшеліктерін сипаттау, талдау  және мінездеме беру.

2. Іс-әрекетті  реттеу үрдістеріне болжам жасау  немесе іс-әрекеттерді жүзеге  асыратын психикалық үрдістерді  зерттеу.

3. Реттеу тетіктеріне,  психикалық үрдіс тетіктеріне  тәуелді жүйке байланыстарының  жүйесіне болжам жасау.

4. Реттеу тетіктерінің  генезисіне диагностика жүргізу  немесе индивидтің психикасы  қандай жағдайларда қалыптасқанын  анықтау.

Іс-әрекет белгілі  бір нәтижеге жетуге бағытталған  үрдіс. Рейковский іс-әрекетке болжам жүргізуде екі неғұрлым кең аспектіні  ажыратуды ұсынады: құралдық (әрекеттердің сапасы, жылдамдығы және адекваттылығы) және қарым-қатынас аспектісі, яғни субъектінің өзі орындайтын әрекеттерге, қоршаған ортаға және өзіне қатынасын  білдіретін сипаттамалар. Психологиялық  болжамның міндеті қандай да бір  әрекетердің қате өтуін ғана емес, сондай-ақ индивидуумның қандай әрекеттерді  жемісті жүзеге асыра алатынын анықтаудан тұрады. Іс-әрекеттің жүйеленген сипаттамаларын алу үшін адамның қоғамда атқаратын  негізгі рөлдер жүйесін қолдану  керек. Рейковский клиникалық диагностикада  көбінесе қарым-қатынас аспектісі, ал кәсіби диагностикада құралдық аспектіні  есепке алу маңызды деп есептейді. Әрекеттер неліктен дұрыс жүрмейді деген сұраққа жауап беру үшін реттеу үрдістеріне болжам жасау  қажет. Рейковский реттеу үрдістеріне  диагностика жүргізуде құбылыстардың  екі сыныбын бөліп көрсетеді: құралдық типтегі үрдістер және қарым-қатынас типіндегі үрдістер.

Құралдық типтегі  үрдістерге реттеу үрдісінің үш тобы жатады: бағдарлық, интеллектуалдық  және орындаушылық. Бағдарлық үрдістерге болжам жүргізу қабыл-даудың адекваттылығы, құбылыстарды түйсіну қабілеттерін және түсініктердің қалыптасуын зерттейді. Интеллектуалдық қызметтер іс-әрекет бағдарламаларын құрастырады, оларға болжам жасау жоспарлаудың тиімділігін, мәселелерді шешуді бағалаумен байланысты. Орындаушылық қызметтерге психомоторлық реакциялар жатады. Қарым-қатынас типіндегі үрдістерді Рейковский эмоционалдық және түрткілік үрдістер деп түснеді. Эмоционалдық үрдістерді диагностикалағанда жағдайлар мен эмоционалдық реакциялар ұзақтығы, күші, белгісі және эмоциялардың мазмұны арасындағы сәйкестік деңгейі анықталады. Түрткілік үрдістерге диагностика жүргізу – ол индивидуумды әрекетке итермелейтін түрткілердің түрін және қарқындылығын бағалау.

Реттеу үрдістері  адамның бүкіл өмірі бойында  қалыптасатын жүйке байланыстарының  күрделі жүйесінің негізінде  жүзеге асады.

Психологиялық диагноз  түрлері

Медициналық диагноз  мен психологиялық болжамның  ара қатынасын зерттеу психологиялық  диагнозды тереңірек түсінуге мүмкіндік  береді. Медициналық диагноз дегеніміз – ол патофизиологиялық тетіктер синдромына тән байланыстары арқылы белгілі болатын аурудың көріністерін анықтау және жіктеу.

Қазіргі психодиагностикада клиникалық психологиялық болжам жақсы  деңгейде құрастырылған деп саналады. Түрлі зерттеушілердің көзқарастарын  жалпылай келе, А.Левицкий клиникалық-психологиялық  диагноздың негізгі міндеттеріне мыналарды  жатқызады: кәсіби өмірде, отбасылық  өмірде, адамдармен қарым-қатынаста, сондай-ақ зерттеу барысында аңғарылатын  мінез-құлықтың ауытқушылығын сипаттау; мотивация және танымдық үрдістер аумағындағы  психикалық дисфункцияны анықтау; жағдаяттық немесе тұлғалық факторлардың бұзылуына  байланысты психологиялық тетіктерді белгілі бұзылулар генезисі тұрғысынан анықтау; тұлғаның ауытқушылығының  органикалық факторлары мен психологиялық  факторларының деңгейін анықтау. Мысалы, эпилепсиямен ауыратын адамның бас  миының органикалық зақымдануы (клиникалық болжам) тұлға өзгерістерінің себебі ретінде жиі қарастырылады. Бұл  жерде аурудың күрделі әлеуметтік жағдайы, оның осы аурудан ұялатындығы, адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы  есепке алынбайды.

Психиатриядағы  нозологиялық (синдромдық) диагноз  психикалық ауруларды оңалту (реабилитация) міндеттерімен тығыз байланысты. Осыған байланысты функционалдық диагноз теориясы құрастырылуда. Бұл диагноз үш бөліктен тұрады: клиникалық, психологиялық және әлеуметтік (М.М.Кабанов, 1978). Функционалдық диагноз дәрігерге аурудың «атауын» ғана емес, кімде (қандай тұлғада) және қандай ортада (әлеуметтік кіші орта) бұл аурудың пайда болатынын айтуға мүмкіндік береді.

Психологиялық диагнозда (медицинадан бөлек) біз әрбір  жекелеген жағдайда осы көріністердің  зерттелушінің мінез-құлқында неліктен пайда болатынын, оның себептері  мен салдарын анықтауымыз қажет.

Сонымен, психологиялық диагноз – зерттеу мақсатына орай, тұлғаның жеке дара - психологиялық ерекшеліктерінің мағынасын, олардың ахуалын бағалау, әрі қарай дамуын болжау және нұқсаулар беру мақсатында сипаттау мен анықтауға бағытталған психолог іс-әрекетінің соңғы нәтижесі.

Психологиялық диагноз  жасауда кететін қателіктер

Алайда психологиялық  біркелкі нәтиже үнемі бола бермейді. З.Плевицкий екі негізгі топқа  бөліп ұсынған диагностикалық қателіктерді талдап көрейік. Олардың бірінші  тобына нәтижелерді жинақтауда жіберілетін қателіктер жатады:

· Бақылау қателіктері (мысалы, болжамға қажетті сипаттарға, тұлға көріністеріне «көз жұмып» қарау; сандық және сапалық жағынан бұрмаланған сапаларды бақылау);

· Тіркеу қателіктері (мысалы, хаттамадағы жазбалардың эмоционалдық бояуы сыналушының мінез-құлық ерекшеліктерінен гөрі психологтың қатынасын көрсетеді);

· Техникалық және интерпретациялық аспектіде аппаратуралар мен өлшеу құралдарын дұрыс қолдана алмаудан туындайтын құрал-жабдықтық қателіктер;

Нәтижелерді өңдеу, интерпретациялаудағы негізгі қателіктер:

· «алғашқы әсерлену» эффектісі – бастапқы ақпараттың диагностикалық мағынасын асыра бағалауға негізделген қателік;

· атрибуция қателігі – зерттелушіге оның бойында жоқ сапаларды таңу немесе тұрақсыз сапаларды тұрақты ретінде қарастыру;

· жалған себеп қателігі;

· танымдық радикализм – болжамдардың мағынасын асыра бағалау және жақсы шешімдерді іздеуден бас тарту;

· танымдық консерватизм – болжамдарды өте сақ қолдану.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Психологиялық  диагноз қашан пайда болды?

2. Психологиялық  диагноздың қандай түрлері бар?

3. Психологиялық  диагноз қоюда кетеін қателіктердің  әсері қандай болуы мүмкін?

4. Януш Рейковский  ұсынған психологиялық болжамның  теориялық сызбаларының бірі  неше бағыттан тұрады, олар нені  білдіреді?

6 Тақырып

ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҮРДІС

Сабақтың мақсаты:

Психолог-студенттердің  психодиагностикалық үрдістің (процесс) әрбір кезеңін толық зерттеу, талқылау және тәжірибеде қолдану біліктерін қалыптастыру.

Жоспар

1. Мағлұмат жинау  кезеңі

2. Өңдеу және  интерпретация кезеңі

3. Шешім қабылдау  кезеңі

4. Психодиагностикалық  зерттеу жүргізудің әдебі

Мағлұмат жинау  кезеңі

Диагностикалық  әдістемелер көмегімен мағлұмат жинаудың алдында зерттелінуші жөніндегі  объективтік және субъективтік көрсеткіштер кешенімен (сұхбат, ауру тарихы, басқа  мамандардың шешімдері және т.б.) танысу кезеңі өтеді. Диагностикалық әдістемелердің белгілі авторлары сыналушыны алдын  ала мұқият зерттеуге, оның өткені мен  бүгінгісін есепке алу қажеттігіне  ерекше назар аударады. Осылайша, зерттеудің негізгі көрінісі туындайды.

Психодиагностикалық зерттеу үнемі «экспериментатор – сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесінен тұрады, әдебиеттерде осы  жүйеге кіретін түрлі айнымалылардың ықпалын талдауға көп назар аударылады. Әдетте жағдаяттық айнымалылар, зерттеулер мен тапсырмалардың айнымалы мақсаттары, зерттеуші мен сыналушының айнымалылары болады. Бұл айнымалылардың мағынасы зор, ал олардың ықпалы зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуде, алынған нәтижелерді өңдеу мен қолдануда есепке алынуы қажет.

Тестілеу үрдісіне ықпал етуі мүмкін факторлардың барлығын қадағалау мүмкін емес. Әйтсе де тестілеуге дайындық кездейсоқ жағдайлардың туындауын болдырмауы дәне процедураның біркелкілігін қамтамасыз етуі қажет. Тестілеу шарттарының стандартталуы  тек нұсқауға ғана емес, зерттелушіге ұсынылатын тест материалына да, тестілеу ахуалына да қатысты. Тест құрастырушының міндеті – тестілеу барысының  барлық кезеңінің сипаттамасы толық, әрі анық болуы қажет. Зерттелушімен  раппорт орнатуға да едәуір зейін  аудару қажет.

В.И.Дружинин психодиагностикалық  жағдаяттардың төрт нұсқасы болады деп пайымдайды: 1) зерттеуге өз еркімен  қатысу және одан кейінгі мінез-құлықты  өзі таңдауы (мысалы, психологиялық  кеңес беру); 2) зерттеуге күштеп көндіру, бірақ одан кейінгі мінез-құлқын өзі таңдайды (мысалы, тест құрастыру  кезінде психолог-студенттерге сынақ  жүргізу); 3) зерттеуге күштеп көндіру  және зерттеуден кейінгі мінез-құлықты  өзі таңдамайды (мысалы, атқарып  отырған қызмет талаптарына сай  екендігін анықтау үшін тестілеу); 4) зерттеуге өз еркімен қатысады, бірақ әрі қарай мінез-құлқын өзі таңдамайды (мысалы, кәсіби іріктеу).

Психологиялық диагностикада  қойылған міндеттерге сәйкес белгілі  бір әдістемелерді таңдауға қатысты  нақты бір шарттар болмайды (танымдық үрдістерді есепке алмағанда). Бұл әсіресе  тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуде (бір  әдістеме түрлі мақсаттарда қолданылады) анық көрінеді. Әдістеменің диагностикалық міндетке қатысты валидтілігі зерттеу  құралы ретінде таңдалатын критерий болуы қажет.

Алайда тұлға  әдістемелерінің валидтілігін анықтағанда  едәуір қиындықтар туындайды. Бұл әдістемелердің сыртқы критерийлер негізінде валидтілігін анықтау мүмкін емес, сондықтан да зерттеуші конструктивтік валидтіліктің  нәтижелеріне сүйенуге мәжбүр. Кейде  тұлғалық сауалнамалардың валидизациясында психиатриялық болжамдарға жүгінеміз. Бұл жерде психиатриялық болжамдардың сенімсіздігін; түрлі бағыттар мен  мектептердің клиникалық-диагностикалық сәйкессіздіктері болатындығын; патологияны  анықтауға бағытталған сауалнамалардың  сыртқы критерийі ретінде психиатриялық  болжамды қолданудың мақсатқа сәйкестілігін  ескеру қажет. Әдістеменің валидтілігінің эмпирикалық коэффициенті белгілі  болған жағдайда да диагностика

жүргізілуші параметрдің  базалық деңгейіне қатысты бағалануы  керек (Meehl, Rozen, 1955).

Базалық деңгей дегеніміз – біз диагностика жүргізетін сапаның зерттелуші популяцияның ішіндегі үлесін білдіреді. Диагностиканың дәлдігін жоғарылатуға өз үлесін қосатын тесттің инкременттік валидтілігі базалық деңгейге тәуелді. Басқаша айтқанда, тесттің валидтілігі мен базалық деңгейдің сәйкестілігі оны қолданудың қаншалықты ақталғандығын анықтауға мүмкіндік береді. А.Анастази нөлге немесе бірге жақын базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі өте аз болғандықтан оны қолдану тиімсіз деп жазады: «Мысалы, егер клиникалық популяцияның 5 % бас миының органикалық зақымдануы болса, онда осы популяциядағы болжамның базалық деңгейі 5 %. Валидті тест диагностиканың дәлдігін арттырғанымен, егер базалық деңгей 0,50 жақын болса, онда одан ештеңе ұтпаймыз. Патологиялық жағдайдың өте сирек кезедесетінін білдіретін төмен базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі түкке тұрғысыз болып қалады, оны қолдануға кеткен шығындар мен өңдеуді ақтай алмаймыз» (Анастази, 1982, кн.1, с. 157-158). Клиникаға тән қарқынды жеке-дара зерттеу кезінде селекция мен іріктеуде ерекше маңызға ие тесттің инкременттік валидтілігі өзінің қажеттігін жояды.

Информация о работе Психодиагностика тарихы