Психодиагностика тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:25, лекция

Краткое описание

Ерте замандардан бері адамдар алуан түрлі индивидуалдық айырмашылықтарды сипаттау үшін реттелген жүйе қалыптастыруға тырысқан. Антикалық дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен Теофрасттың «Характеры» (б.з.д. 372-287ж.ж.) еңбегінде көптеген адамдарға тән тұлғалық ерекшеліктердің көріну түрлерін сипаттайтын «типтер» көрініс тапқан.
Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан К

Оглавление

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зе

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать)

Тордың әрбір  ұяшығының пайыздық салмағы анықталып  және тесттің пилоттық нұсқасына  арналған тапсырмалар саны бекітілген соң, әрбір ұяшық үшін қанша тапсырма құрастырылғанын есептеу қиын емес. Төмендегі тор (Rust, Golombok, 1989) 80 сұрақтан тұратын сауалнама көмегімен  пилотаждық зерттеу жүргізуге қажетті, әрбір ұяшыққа арналған тапсырмалар  санын құрайды. (кесте 1.1)

Кесте 3.2

Сауалнаманың  мазмұндық аймақтарының – манифестациялар  мен тапсырмалар санының пайыздық салмағын анықтау

Манифестациялар

Мазмұндық аймақ

Тапсырмалар саны

А B C D

40 % 40 % 10 % 10 %

A (25%)

B (25%)

C (25%)

D (25%)

8 8 2 2

8 8 2 2

8 8 2 2

8 8 2 2

20

20

20

20

Тапсырмалар саны

32 32 8 8

80

Әрбір ұяшықтың тапсырмалар  санын есептеу үшін тұлғаның кейбір қасиеттерін өлшеуге арналған тапсырмалардың жалпы санын, мінез-құлық көріністерінің пайыздық салмағына көбейтеміз. Мысалы, тордағы ұяшықтың сол жақ шетіндегі  тапсырмалар саны қатынасының 25 % 32 тапсырмаға тең, ол 8 тапсырманы құрайды  – 25/100C32 = 8. Егер әрбір ұяшық үшін тапсырмалардың тұтас саны шықпаса, оны дөңгелектеу керек.

Тапсырмаларды құрастыру

Әрбір тапсырмада тек бір сұрақ немесе пікір  болуы мүмкін екендігін ең алдымен  көрсету қажет. «Осы адам немесе басқа  адамдар үшін», «басқалар тәрізді» және т.б. типте құрастырылған тапсырмалардың болмауын қадағалау керек. Әрбір  тапсырма (сұрақ) өте анық және қарапайым құралуы тиіс. Мағынасы бұлыңғыр түйіндерден аулақ болып, неғұрлым қарапайым жауаптар нұсқаларын ұстанған жөн. Зерттелушілер бұл тапсырма қандай сапаны өлшеуге арналғанын сезбеулері қажет. Олай болмаған жағдайда олардың

жауаптары, ахуалдың шынайы көрінісінен емес, өз бойындағы  осы сапа жайындағы көзқарасынан тұратын болады.

Тапсырмалар зерттелінуші мінез-құлықтың жалпы аймақтарын емес, нақты аспектілерін қамтуы қажет. Мысалы, «Сізге спорт ұнайды ма?» дегеннен гөрі, «Сіз белгілі бір спорттық ойынмен жиі айналысасыз ба?»  деген нақты сұрақты қолданған  жөн.

Мүмкін болса, «жиі», «сирек» және т.б. сөздерді қолданудан бас тартқан абзал. Басқаша айтсақ, тапсырмаларды құрастыруда әрекеттердің жиілігін көрсететін сөздерді өте сақ қолданған жөн. Мысалы, «Сіз спирттік ішімдіктерді жиі қолданасыз ба?» деген сұрақ ахуалдың шынайы көрінісін емес, зерттелушінің субъективтік пікірін білдіреді. Сондай-ақ сезімдерді білдіретін терминдерден аулақ болған жөн. Одан гөрі тапсырманы мінез-құлық контексінде ұсыну керек. Мысалы, «Сіз көркем әдебиет оқығанды ұнатасыз ба?» деген тапсырманы «Сіз көркем әдебиетті үнемі оқисыз ба?» деген сұраққа ауыстырған жөн.

Ұсынылған жауаптарды сыналушының қабылдауы өте маңызды. Сыналушы дұрыс емес деп қабылдаған жауаптар таңдалмауы мүмкін.

Тапсырмлаар құрастырылып болған соң, оларға қайта оралып, түйіндерді тағы бір рет бағалап шығу қажет. Ол үшін екі-үш сарапшыны шақыруға болады. Тұлға сауалнамаларында әдетте тапсырмалардың үш типі қолданылады. дихотомиялық, трихотомиялық  және рейтингтік шкаласы бар тапсырмалар. Альтернативтік таңдауы бар тапсырмалар (дихотомиялық) кең таралған, олар түсінуге оңай, өңдеуі жылдам. Оларға жауап беру үшін көп уақыт кетпейді. Бірақ зерттелушілер ұсынылған альтернативаға көңілдерінің толмауы, жауап нұсқаларының көп болуын қалауы бұлардың кемшіліктеріне жатады. Трихотомиялық тапсырмалар (жауаптың үш нұсқасы «иә», «жоқ», «білмеймін») да көп таралған, альтернативаға қарағанда сыналушының өзін неғұрлым дәл көрсете алуы олардың артықшылықтары болып табылады. Жауаптардың екіден көп болуының кемшілігі жауаптың нейтралдық нұсқаларын таңдау ұстанымдарын бекітуі мүмкін («білмеймін», «кейде» және т.б.).

Жауап нұқсаларының санына қойылатын арнайы ережелер жоқ. Рейтингтік шкаланы қолданатын сауалнамаларда жетіден артық жауап болмағаны дұрыс. Құрастырылушы сауалнамада тапсырмалардың тек бір типін ғана қолданған дұрыс.

Тұлғалық сауалнамалар тапсырмаларын құрастыруда туындайтын негізгі мәселелер ұмтылушы (установка) факторлардың актуализациясы. Келісуге ұмтылуды (установка на согласие) кері тапсырмаларды енгізу арқылы жоюға болады, олардың саны «тікелей» тапсырмалар санына тең болуы қажет. Мысалы, «Мен өз анаммен қарым-қатынасыма ризамын» пайымдауын «Мен өз анаммен қарым-қатынасыма риза емеспін» пайымадуымен толықтыруға болады. Кері тапсырмаларды енгізгенде олардың мағынасын тексеру қажет. Қосарланған теріс пайымдаулардан да аулақ болған жөн.

Сауалнама тапсырмаларынан  сыналушы әлеуметтік қолдау – қолдамау тұрғысынан баға беруі тиіс жауаптарды алып тастау арқылы әлеумет қолдайтын жауапқа ұмтылуды азайтуға болады. Егер белгілі бір себептермен оған қол жеткізу қиын болса, онда сыналушы өзін жақсы жағынан көрсететін жауапқа ұмтылмас үшін, жанама сұрақтарды енгізген жөн. Мысалы, «Адамдар үнемі маған қарсы әрекеттер жасап жүреді» (параноидтық тенденцияларды анықтау) пайымдауын «Мен кейбір адамдарға толық сенемін» деп ауыстыруға болады. Бұл ұмтылумен тиімді күресу үшін, сыналушының әрбір сұраққа көп ойланбай жауап беруін талап ету керек.

Кейбір зерттеушілер сауалнама құрастыру барысында  әлеумет қолдайтын жауаптарға ұмтылатын  тұлғаларды анықтайтын арнайы тапсырмалар  топтарын қолданады. Ол тапсырмалар  барлық адамдар жасайтын болмашы  теріс қылықтардан тұрады. Мысалы, «Мен ешқашанда өтірік айтпаймын» немесе «Мен кездесулер мен шақыруларға  үнемі кешікпей келемін». Екіұшты жауаптарға ұмтылудан (орташа категориядағы жауаптар) бас тарта алмаған жағдайда, сыналушының мұндай жауаптарға ұмтылмауын сауалнаманың нұсқаулығында атап көрсету керек және зейіннің

шашыраңқылығына, соның негізінде «ең жеңіл  жауапты» таңдауға алып келмес үшін, ондай  сұрақтар көп болмауы керек. Тапсырмалар  орташа категориядағы жауаптарды таңдауға ұмтылмайтындай болып құрастырылуы қажет.

Ең шеткі жауаптарға ұмтылу әдетте рейтингтік шкалаларда көп қолданылады. П.Клайнның пікірі бойынша, ең шеткі жауаптардың әрекетінің нәтижесінде, сыналушының таңдауына  кең мүмкіндік беретін рейтингтік шкалалардың артықшылықтары жойылып  кетеді.

Қорытындылай  келе, Гилфордтың нақтылығы жоқ, анықталмаған және біркелкі емес тапсырмалар аталған  ұмтылулардың пайда болуына жол  береді деген пікірін еске түсіруге болады.

Тестті безендіру.

Кез-келген сауалнама  негізгі ақпараттар бөлімінен, оның атауынан, сондай-ақ аты-жөнінен, жынысынан, білімінен және зерттеушіге қажетті  тағы да басқа мәліметтерден тұрады.

Нұсқау түсіну үшін айқын және қол жетімді болуы қажет. Онда жауапты қалай таңдау және оны жауап парағында қалай белгілеу керектігі көрсетіледі. Осы жерде құрастырушының сыналушыға жеткізу керек деп тапқан қосымша ақпараты да тұрады. Мысалы, «неғұрлым жылдам жауап беруге тырысыңыз» немесе «біздің сізге қажетті көмегімізді көрсете алуымыз үшін, әрбір сұраққа шынайы жауап беруіңізді сұраймыз». Сыналушының тиімді жұмыс жасауына ықпал ететін ақпараттың, мысалы құпия сақталатындығының астын сызып қою керек.

Сауалнаманың  мәтінін жинақтау үшін мына нұсқауларды  басшылыққа алған жөн.

1. Әрбір тапсырма  нөмірленеді.

2. Беттегі әрбір  жол қысқа және 10-12 сөзден аспауы  қажет.

3. Барлық тапсырмалар  тік жолмен жоғарыдан төмен  қарай беттің сол жақ бұрышында  орналасуы қажет.

4. Жауап нұсқалары,  беттің оң жақ бұрышынан жоғарыдан  төмен қарай тігінен орналасуы  керек. Әрбір тапсырма мен жауаптар  нұсқаларының арасында визуалдық  байланыс орнауын қамтамасыз  ету қажет. Оны тапсырмалардан  жауап нұсқаларына қарай үзік  сызықтардың көмегімен жүзеге  асыруға болады. Мысалы,

1. ------------------------------------ иә білмеймін жоқ

2. ------------------------------------ иә білмеймін жоқ

3. ------------------------------------ иә білмеймін жоқ

5. Әрбір тапсырма  бір-бірінен бөлек тұруы керек,  оны көлденең сызықтан гөрі, бос  кеңістікті қолданып жасаған  жөн.

6. Егер бірнеше  тапсырмалар типі қолданылса, бірдей  тапсырмаларды топтастырған жөн.  Тапсырмалардың әр типінің өзінің  нұқсаулары және жауап нұсқалары  болуы тиіс.

7. Сауалнама эстетикалық  тартымды түрде басылуы қажет.  Оған компьютерлер арқылы қол  жеткізуге болады. Сауалнама дизайны  оны формалдық құжат немесе  ойынға жақын (шрифттің, қағаз  түсінің және тапсырмалардың  орналасуының ерекшелігі) қабылдауға  ықпал етуі мүмкін.

8. Әдетте зерттеу  нәтижелері сауалнамаға қосылмайды, бірақ кейбір жағдайларда сыналушы  жұмыс жасап отырған бланкке  психолог толтыратын қорытынды  блок кіруі мүмкін.

Алғашқы қолданылуы (пилотаждық зерттеу)

Тест тұлғаның қандай ерекшеліктерін зерттеуге арналған болса, пилотаждық зерттеуге қатысатын  тұлғалардың да сондай ерекшеліктері  болуы керек. Алынған мағлұматтар  сауалнаманың соңғы нұқсасына ең жақсы тапсырмаларды таңдауға көмектеседі.

Егер, мысалы, сауалнама  ішімдікке байланысты мәселесі бар  тұлғаларды зерттеуге арналса, пилотаждық зерттеуді тиісті кеңес беру орталықтарында, клиникаларда жүргізуге болады. Сауалнама  кез-келген, айталық, үлкендерге де, психикасы  қалыпты популяция өкілдеріне де қолданылатын болса, зерттелушілердің репрезентативтік тобын құру қажет. Спецификалық топ таңдауға қарағанда, бұны жүзеге асыру қиынырақ. Әдетте іріктеу қөп уақытты алады, сондықтан  да пилотаждық зерттеу кезінде онымен айналысудың қажеті жоқ. Егер репрезентативтік іріктеуді құру мүмкін болмаса, әдетте репрезентативтікке жақын іріктеуді  құруға болады. Пилотаждық зерттеуге  қатысатын тұлғалар демографиялық  көрсеткіштері, яғни жасы, жынысы, әлеуметтік мәртебесі бойынша айырмашылықтары  болуы қажет. Сауалнаманың пилотаждық зерттелуін неғұрлым көп сыналушыларға  жүргізген жөн. Пилотаждық зерттеуге  қажетті респонденттердің ең аз саны, тапсырмалар санынан екі есе  көп болуы қажет. Пилотаждық зерттеуді  мүлдем жүргізбегеннен гөрі, сыналушылар  аз болса да, өткізген абзал.

Тапсырмаларды талдау

Пилотаждық зерттеуден алынған мағлұматар бойынша тапсырмаларды  талдаудың мақсаты сауалнаманың соңғы нұсқасына ең үздік тапсырмаларды  іріктеу болып табылады және оған дұрыс жауап бергендердің үлесін анықтау (кілтке сәйкес) мен әрбір  тапсырманың дискриминанттылығы кіреді. Алғашқы қадамы әрбір бағаны (a, b, c, d және т.б.) тапсырмадан, ал әрбір жолы (1,2,3,4,5 және т.б.) - зерттелушіден тұратын  тапсырмаларды талдау кестесін құрудан (кесте 3.3) басталуы тиіс. Тұлғалық сауалнамаларды құрастыру туралы сөз болғанда, кестеге  әрбір тапсырмаға тиісті ұпай жазылады, бұл жерде кері тапсырмалардың (кері мазмұнды) да тікелей тапсырмалар  тәрізді, бірақ бағалау континуумнының қарама-қарсы бағытында бағаланатынын  ескеру қажет. Содан соң әрбір  қатар бойынша (сыналушылар) жалпы  ұпай және әрбір баған (тапсырмалар) бойынша жалпы ұпай алу үшін әрбір  тордың ұпайлары қосылады.

Кесте 3.3

Тапсырмаларды талдауға арналған матрицаның үлгісі

Зерттелушілер

Тапсырмалар

Барлығы

a

b

C

d

е

1.

2.

3.

4.

5.

1

0

1

1

0

1

1

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

1

0

1

1

1

1

1

1

4

2

3

2

2

Барлығы

3

2

0

3

5

13

Келесі қадам  сауалнаманың «кілтіне» сәйкес жауап  берген сыналушылардың үлесін анықтайтын көрсеткішті немесе тапсырманың  тиімділік индексін есептеуден тұрады. Бұл көрсеткіш дұрыс жауап  берген зерттелушілердің («кілтке» сай  деп аталатын) санын, олардың жалпы  санына бөлу арқылы шығарылады. Әрбір  тапсырма үшін бұл индекс 0,25-тен 0,75-ке дейін шамамен, жалпы сауалнама  үшін орташа есеппен 0,5 жақын болу керек. 0,25-тен аз индекс тапсырманың тиімсіз  екендігін көрсетеді, себебі көптеген сыналушылар оған дұрыс жауап  бермеген, ал 0,75-тен жоғары болса, онда бұл тапсырмаға шектен тыс көп  сыналушы дұрыс жауап берген. Тапсырмаларды  талдау Кесте 3.3 әрбір тапсырма үшін тиімділік индексі былайша шығады: (а) 3/5 = 0,6; (b) 2/5 = 0,4; (с) 0/5 = 0; (d) 3/5 = 0,6; (е) 5/5 = 1. Бұдан сауалнаманың соңғы нұсқасынан (с) және (е) тапсырмаларын алып тастау керек дегенді білдіреді.

Зерттелінетін тұлғалық ерекшеліктерді өлшей алатын болса, тапсырмаларды

(сұрақтар, пайымдаулар)  сауалнаманың соңғы нұсқасына  енгізу қажет. Тапсырмалардың

дискриминациясын  анықтау үшін тұтас тесттің жалпы  ұпайымен қоса, әрбір тапсырманың

корреляция коэффициенті анықталады. Коэффициент корреляциясы неғұрлым жоғары

болса, тапсырманың  дискриминациясы да соғұрлым жоғары, тапсырма да жақсы болып

есептеледі. Бұл  негізгі критерий. Әдетте ең аз дегенде 0,2 корреляция талап етіледі. Теріс

немесе нөлдік корреляциясы бар тапсырмалар алынып тасталады.

Бұл көрсеткішті  есептеу үшін Пирсонның сәттерді шығару (произведение

моментов) коэффициенті қолданылады. Әдетте есептеу арнайы компьютерлік

бағдарламалар арқылы шығарылады, алайда тест құрастырушылар ең болмағанда бір рет

қолмен есептеп  шығаруы тиіс. Есептеп үйренемін  деушілерге ескерту, корреляция

коэффициенті  үнемі +1-ден аз және -1-ден көп болады. Егер осы интервалдың шегінен

шығып кеткен коэффициент  көрсеткіші алынса, онда есептеуде  қателік кеткенін білдіреді.

Пирсонның сәттерді шығару коэффициентінің формуласы  мынадай:

( )( )

[ ( ) ][ ( ) ]

,

X X n Y Y

n XY X Y

r

2 2 2 2 å - å å - å

å - å å

=

мұндағы r – корреляция коэффициенті; X - әрбір тапсырма бойынша  нәтиже; Y –

тұтас тест бойынша  ұпай (нәтиже); n – қосарланған шығарулар  саны; Σ – қосындысы

(барлығы). Пирсон  бойынша сәттерді шығару корреляция  коэффициентін есептеу үшін

қажет: әрбір тапсырма бойынша сыналушылардың ұпай саны (XΣ), тұтас тест бойынша

сыналушылардың  ұпай саны (ΣY), тұтас сауалнама бойынша  сыналушылардың ұпай

санының текшеленген (квадратталған) саны (ΣX2), әрбір тапсырма және барлық

Информация о работе Психодиагностика тарихы