Психодиагностика тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:25, лекция

Краткое описание

Ерте замандардан бері адамдар алуан түрлі индивидуалдық айырмашылықтарды сипаттау үшін реттелген жүйе қалыптастыруға тырысқан. Антикалық дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен Теофрасттың «Характеры» (б.з.д. 372-287ж.ж.) еңбегінде көптеген адамдарға тән тұлғалық ерекшеліктердің көріну түрлерін сипаттайтын «типтер» көрініс тапқан.
Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан К

Оглавление

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зе

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать)

Бірінші дүниежүзілік соғыс  тәрізді екінші дүниежүзілік соғыс  та жаңа тесттерді құрастыруға түрткі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында  АҚШ психологтары әскердің мұқтаждықтары  үшін, тағы да топтық тесттер құрастыруға  бет алады. Осылайша Әскери жалпы классификациялық тест деп аталған (The Army General Classification Test) – соғыс барысындағы шамамен 10 миллион әскери қызметкерлерге топтық тест жүргізіледі. Сонымен қоса, сыналушыға күшті стресстік факторлардың тікелей ықпал

етуін зерттейтін жағдаяттық тесттерді құрастыруда елеулі алға жылжу болды. Олар Екінші дүниежүзілік соғыста барлау-шпиондық іс-әрекеттерді  орындауға неғұрлым қолайлы тұлғаларды іріктеу үшін қолданылды.

1942 ж. Векслер-Белльвью  – II немесе «әскерлік Векслер»  деген атпен танымал Векслер  тестінің екінші редакциясы жарық  көрді. Бұл он жылдықта АҚШ-тағы  интеллектуалдық дамуы деңгейін  анықтау үшін қолданылатын әдістемелердің  ішіндегі көшбасшысы Векслер  шкаласы.

1949 ж. Векслер ересектерге  арналған шкаланың үлгісін бойынша  балалардың интеллектуалдық дамуының  деңгейін анықтауға арналған  шкала жариялады. Ол 200 балаға  зерттеу жүргізіліп стандартталды: 5-15 жасқа дейінгі 100 ұл және 100 қыз бала.

1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың  дамуы

ХХ ғ. алпысыншы жылдары  тесттер туралы пікірталастардың жылдары. Ол әсіресе АҚШ- да ерекше көрініс  алды. Әлеумет азаматтық құқықтардың  сақталуына алаңдай бастады, әсіресе  жеке өмір құқығына қатысты, интеллектуалдық  даму деңгейін бағалауға және тұлғалық сапаларға қатысты тесттерге  күмәнмен қарау пайда болды.

1967 ж. мектеп жасына  дейінгі және кіші мектеп оқушыларының  интеллект деңгейін бағалауға  арналған жеке-дара жүргізілетін  Векслер шкаласының жаңа нұсқасы  жарияланды.

Екі жылдан соң Бэйлидің нәрестелер дамуының шкалалары ұсынылды, олар 2 айдан 30 айға дейінгі 1262 балаға жүргізіліп стандартталған.

Балалардың мектепте нашар  оқуы жайлы мәселе осы жылдары  жиі қойыла бастады. Сондықтан да оқып үйренуге байланысты дағдыларды бағалауға арналған қосымша тесттер  құрастырылды. Олардың ішіндегі ең танымалдары Миннесоталық перцептивтік-диагностикалық тест, Фростингтің визуалдық даму тесті және Иллинойстық психолингвистикалық қабілеттер тесті. Аталған тесттердің біріншісі 1963 ж. ұсынылды және 1967 ж. 5 – 18 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға зерттеу жүргізіліп, қайта стандартталды.

1970 жж. пайда болған тұлғалық  сауалнамалар ішінде Д.Голдбергтің жалпы денсаулық сауалнамасын және Т.Миллон құрастырған Көп осьті клиникалық сауалнаманы атап өтуге болады. Голдбергтің сауалнамасы психикалық жайлылықты, эмоциялық тұрақтылықты диагностикалауға арналған.

1980 - 1990 ж.ж. психодиагностиканың  дамуы

Бұл он жылдықта да тесттер  саны өсе түсті. Тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалауға арналған сауалнамалар көптеп шығарыла бастады. Бірақ кез-келген әдістеменің валидтілігі диагностикалық әдістемелердің ең осал тұстары болып  қала берді. Алайда проективті тесттерінің  мәртебесіне сын пікірлер аса  ықпал ете алмады. АҚШ-та 1935-1982 жж. арасында неғұрлым танымал тесттер  мыналар.

Тест

Рангтегі орны

Миннесоталық көп аспектілі  тұлғалық сауалнама

1

Ересектерге арналған Векслердің интеллект шкаласы

2

Бендердің гештальт-тесті

3

Роршах тесті

4

Балаларға арналған Векслердің интеллект шкаласы

5

Тақырыптық апперцепция  тесті

6

Сөйлемдерді аяқтауға арналған тесті

7

«Адамның суретін сал» тесті

8

«Адам-Үй-Ағаш» тесті

9

Пибода тесті

10

Сөйлемдерді аяқтауға арналған Роттер тесті

11

Векслердің есте сақтау шкаласы

12

1992 ж. психикалық өлшеулер  жылнамасының он бірінші шығарылымы 477 коммерциялық тесттерді (бұлардың  зерттеу тесттерінен ерекшелігі, олар мамандарға сату үшін  шығарылған) жариялады. Ол тесттердің  басым көпшілігі тұлғаны диагностикалауға (28,3%), ал интеллектіні зерттеуге  жаңа тесттердің ішінен орта  есеппен небәрі 4,6 % ғана арналған.

Интеллектіні диагностикалау тесттерінің ішінде танымалдығы  бойынша түрлі жас топтарына  арналған Векслер шкаласы бірінші  орынды алады. 1991 ж. балаларға арналған шкаланың үшінші редакциясы (WISC-R), ал 1998 ж. – үлкендерге арналған шкаланың үшінші редакциясы (WAIS - III) шығады.

А.Кауфман және Н.Кауфман  интеллектіні өлшеудің жаңа тесттерін  құрастыруды әрі қарай жалғастырды. 1990 ж. бір вербалды және бір вербалды емес субтесттерден тұратын және 4 –тен 90 жасқа дейінгі диапазонды қамтитын «Кауфманның қысқаша интеллект тесті» шықты.

АҚШ-та тарала бастаған «Британдық қабілеттер шкаласын» да еске алған жөн. Оның қайта қаралып және кеңейтілген «Қабілеттердің дифференциалдық шкалалары» деген атаумен шыққан нұсқасын 1990 ж. Эллиот жариялады.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. 1901-1920 жж. психодиагностика қалай дамыды?

2. 1930-1940 жж. психодиагностика қалай дамыды?

3. 1950-1960 жж. психодиагностиканың даму ерекшеліктері?

4. 1970-1980 жж. психодиагностиканың даму ерекшеліктері?

5. 1990 жж. психодиагностиканың даму ерекшеліктері қандай болды?

6. Психологияның бір саласы ретіндегі психодиагностиканың қалыптасуы және дағдарыс кезеңдері неден тұрды?

3 Тақырып

ПСИХОДИАГНОСТИКА  ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Сабақтың мақсаты:

Психодиагностикадағы «психологиялық тест», «психодиагностика» терминін алғашқы  қолданушы ғалымдардың еңбектерін зерттеу, батыс елдері, КСРО және қазіргі  ТМД елдері психологтарының психодиагностиканы анықтау саласындағы жұмыстарын оқып, танысу.

Жоспар

1. Психодиагностика туралы түсінік

2. Психодиагностиканың пәні  және құрылымы

3. Психодиагностиканың психологияның  басқа салаларымен байланысы

Психодиагностика  туралы түсінік

Индивидуалдық-психологиялық  ерекшеліктерді өлшеу үшін жиі қолданылатын термин- «психологиялық тест» болып табылады. Алғашында «психологиялық тест» термині кең мағынада қолданылды. кейінірек, тесттердің дамуына орай, психологиялық тесттің аумағы тұлғалық ерекшеліктер мен когнитивтік қабілеттерді зерттеуге дейін тарылды.

«Психодиагностика»  термині 1921 ж. Герман Роршах құрастырған «перцепцияға негізделген диагностикалық тесттің» көмегімен жүргізілген зерттеуден кейін қолданысқа енді. Алайда бұл терминнің мазмұны кеңейе бастайды. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеумен байланыстылардың барлығын психодиагностика деп түсіну қалыптаса бастайды.

Терминнің тағдырын әрі қарай  зерттесек, Р.Хейс оның ерекше мағынаға ие болғаны туралы айтады (мүмкін ол 1930 жж. екінші жартысындағы психометрикалық  тесттердің дағдарысымен байланысты шығар).

Г.Роршахтан кейінгі психодиагностика – ол тұлғаны психодиагностиканың  әдістемелерімен және жобалау тесттерімен  зерттеу. Психодиагностиканы проективті әдістемелерге жатқызу және оны  психологиялық тесттің эквиваленті  ретінде қолдану көбінесе неміс  және швейцар психологтарының (Мейли, 1961; Хейс, 1966 және т.б.) жұмыстарында жиі  қолданылған.

Кеңінен танымал WEBSTER сөздігіне үңілейік: «Психодиагностика – ол клиникалық психологияның құралдарымен тұлғаны бағалау немесе психикалық ауытқушылықтарға диагностика жүргізу практикасы және ғылымы». Осы анықтаманы «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігімен» салыстырайық: «Психодиагностика – эксперименталдық–психологиялық тесттер көмегімен аурудың психикалық ахуалын бағалау».

АҚШ-тың ғылыми әдебиеттеріндегі басым ұстанымның Батыс елдеріне ықпалы өте зор. 1970 жж. дейін кез-келген психологиялық тесттерді құрастыру  және қолданумен байланыстылардың барлығы, осы зерттеу бағытының нысаны анықталмаса да «психологиялық тестілеу»  термині арқылы белгіленді (Анастазиді қараңыз, 1982). Аталғандарға дәлел ретінде 1960-1970 жж. басшылыққа алынған ең таңымал  атауларды көрсетіп кетейік: «Психологическое тестирование» (Anastasi, 1968; Анастази 1982, 2001), «Сущность психологического тестирования» - Essentials of Psichological Testing (Cronbach, 1960), «Теории  тестов» - Test Theory (Magnusson, 1967), «Теория  и практика психологического тестирования» - Theory and Practice of Psichological Testing (Freeman, 1963). «Психодиагностика» термині біртіндеп қолданыстан  шығуда. 2000 ж. шыққан «Энциклопедия  психологии» сегіз томдығында (Enciclopedia of Psichology. – APA and Oxford University Press; Америка  психологиялық ассоциациясы Оксфорд  университетімен бірігіп шығарған) психодиагностикаға арналған мақала жоқ.

Психодиагностиканың пәні және құрылымы

КССР-де «психодиагностика» деп аталған зерттеу бағыты 1960 жж. Б.Г.Ананьевтің күш салуы арқылы пайда болады. Батыстық тестілеуге қарсы қойылған кеңестік ғалымдардың  психологиялық жаңа бағыты зерттеу  нысаны мен ұстанымдарын анықтауды  қажет етті. Б.Г.Ананьев психодиагностиканы «тұлғаның психофизиологиялық қызметтерінің, үрдістерінің, жағдайлары мен қасиеттерінің  даму деңгейін анықтауды... олардың  әрқайсының құрылымдық ерекшеліктерін және олардың мінез-құлықтың күрделі синдромдарын құрайтын констелляцияларын анықтауды... күрделі жағдайлар мен фрустраторлардың, түрлі стимуляторлардың әсері кезіндегі адамның ахуалдарын танып білуді ... адамның дамуының потенциалдарын анықтауды мақсат ететін зерттеу бағыты ретінде қарастыру керек деп есептейді» (Ананьев, 1968).

Психодиагностика бойынша  алғашқы ресейлік монографиялардың бірі адамдарды психологиялық және психофизиологиялық белгілеріне қарай  жіктеу мен ранжирлеу әдістері ретінде  сипаттайды.

Осы анықтаманың авторы К.М.Гуревичтің пікірі бойынша, психодиагностиканы осылайша талқылау соның ауқымында бір  адамды екінші адамнан немесе бір  топты екінші топтан ажыратуды мақсат еткен психологиялық және психофизиологиялық әдістемелерді қарастыруға мүмкіндік  береді. Психологиялық диагностиканың нысанын былайша түсіндірумен келісу қиын. Сонда психодиагностика тек  қана психологиялық емес, статистикалық  және психофизиологиялық әдістемелердің жүйесіз жиынтығынан тұратын  болып шықты. Адамдарды жіктеу мен  ранжирлеу психодиагностиканың  өлшеуінің іргетасын – психометрияны  құрайтын статистикалық процедураларсыз  мүмкін емес. Алайда психодиагностика психофизиологиялық әдістемелердің көмегімен  психологиялық айырмашылықтарды анықтай  алмайды. Бұл әдістемелерді психодиагностикаға енгізуші психологтар психологиялық  феномен физиологиядан шығады деген  ескі көзқарастарды ұстанды. Гуревич  ұсынған анықтама психодиагностиканы қолдану аясын осылайша тарылтты.

Өткен ғасырдың 80 жж. екінші жартысында психологиялық практиканың  түрлі салаларына тесттердің біртіндеп  «енуі» негізінде кеңес психологтары оған жаңа анықтамалар береді. Мысалы, «Краткий психологический словарь» «индивидуалдық ерекшеліктер мен тұлғаның даму перспективаларын анықтау әдістерін  құрастыратын психология саласы» деп  көрсетеді.

Түрлі анықтамаларды ескере отырып Л.Ф.Бурлачук мынадай анықтама ұсынады:

Психодиагностика – тұлғаның жеке – дара психологиялық ерекшеліктерін бағалау мен өлшеу теорияларын, ұстанымдарын және құралдарын шығаратын психология ғылымының саласы.

Психодиагностиканың бір  ғасырдан астам уақыты ішіндегі даму барысында психологиылқ әдістемелерді  қолданудың негізгі аймақтары қалыптасты, оларды жалпы психодиагностиканың салалары деп атауға болады.

Білім берудегі психодиагностика – оқу материалын тиімді игеруді өлшеу үшін қолданылады.

Клиникалық  психодиагностика – науқастың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің психикалық соматикалық аурулардың (тұлғаның құрылымдық, дианмикалық ерекшеліктері, ауруға қатынасы, психологиялық қорғаныс тетіктері және т.б.) пайда болуы мен ағымына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған.

Кәсіби  психодиагностика – кәсіби іріктеу мен кәсіби бағдарлау үшін диагностикалық әдістемелерді қолдану.

Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен  байланысы

XIX ғ. мен XX ғ. тоғысқан  тұсында көрнекті неміс психологы  Вильям Штерн «психикалық қызметтер  мен қасиеттердің маңызды айырмашылықтары»  туралы ғылымды бөліп көрсету  үшін дифференциалды психология» түсінігін енгізді.

Психодиагностика мен  дифференциалды психологияның зерттеу  нысандары сәйкес келеді. Алғашқысы  жеке-дара айырмашылықтарды өлшеуге  бағытталған, ал екіншісі осы айырмашылықтардың  себептері мен салдарын тану, түбіне үңілу. Психодиагностика мен дифференциалды психологияны бөлек қарастырудың сипаты жасанды, ал шындығында олар бір-бірін  толықтырып тұр.

Алғашында психикалық үрдістердің  уақытша сипаттамаларын өлшеу психометрия  деп аталған. Соңынан психикалық құбылыстарды сандық өлшеумен байланыстылардың барлығы психометрияға жатқызылатын болды. «Словарь XX века» сөздігі оны «өзгермелі факторлармен жұмыс жасаушы психология саласы» деп анықтады. Мұндай көзқарас бойынша психометрия психофизиологиядан бастап тұлғаға дейінгі психологиялық өлшеу аясын тұтас қамтиды.

Өлшеуге арналған кез-келген психологиялық құралды құрастыру  тиісті талаптарды бұлжытпай орындауы қажет екендігі белгілі. Ол талаптар өлшеу әдістемесінің дәлдігіне, шынайылығына және адекваттылығына, оның көмегімен алынған нәтижелердің салыстырмалылығына қатысты. Оларға сәйкес болуы математикалық - статистикалық  процедуралармен анықталады. Осыған байланысты кең қолданылатын «психометрикалық тесттер» термині - өлшеу ұстанымдарын қанағаттандыратын валидтілігі және сенімділігі белгілі стандартталған әдістемелер дегенді білдіреді.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Психодиагностикалық түсінік  неден тұрады?

2. Психодиагностиканың зерттеу  пәні және құрылымы немен ерекшеленеді?

3. «Клиникалық психодиагностика»,  «Кәсіби психодиагностика», «білім  берудегі психодиагностика» дегеніміз  не?

4. Психодиагностиканың психологияның  қандай салаларымен байланысы  бар?

4 Тақырып

Тест психодиагностиканың  негізгі құралы ретінде

Сабақтың мақсаты:

Психолог-студентердің болашақ кәсіби іс-әрекетінде тест туралы толық түсініктерінің қалыптасуын  және оларды қолданудағы ерекшеліктерді меңгеруін қамтамасыз ету.

Информация о работе Психодиагностика тарихы