Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:25, лекция
Ерте замандардан бері адамдар алуан түрлі индивидуалдық айырмашылықтарды сипаттау үшін реттелген жүйе қалыптастыруға тырысқан. Антикалық дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен Теофрасттың «Характеры» (б.з.д. 372-287ж.ж.) еңбегінде көптеген адамдарға тән тұлғалық ерекшеліктердің көріну түрлерін сипаттайтын «типтер» көрініс тапқан.
Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан К
1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зе
4 БӨЛІМ
1 Тақырып
ПСИХОДИАГНОСТИКА ТАРИХЫ
Сабақтың мақсаты:
Антикалық дәуірден біздің
заманымызға дейінгі
Жоспар
1. Психодиагностиканың
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)
Психодиагностиканың алғышарттары
Ерте замандардан бері
адамдар алуан түрлі
Ерте замандардан бері
келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми
психодиагностиканың пайда
Ерте замандар өркениетіне
үңілсек, индивидуалдық ерекшеліктерді
анықтаудың айрықша тәсілдері туралы
естеліктер аз емес. Мысалы, б.з.д. 2200 жыл
бұрын Ежелгі Қытайда шенеуніктерді
іріктеуге ерекше мән берген. Ол
уақыттағы іріктеу жүйесі жазу және
санау тәрізді түрлі «
Ежелгі Грекияда, Спартада, құл иеленуші Римде түрлі сынақтар кеңінен қолданылғаны белгілі. Б.з.д. 412 ж. Сицилиядан жеңіліп, тірі қалған 7000 Афина әскерлері Сиракуздың тасты карьерлеріне тасталынады. Одан аман қалу үшін олар Еврипидтің өлеңдерін жатқа айтуға қабілетті болуы қажет болған.
Әрине, индивидуалдық
Біздің заманымызға жақын XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында френология, физиогномика, графология «ғылымдары» кең тарай бастаған. Тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктерін диагностикалау құралдарын іздестіргендері үшін оларды еске алған жөн.
Френологиялық талпыныстардың авторы австриялық ғалым Ф.Галль.
Анна Анастазидің (1982) зерттеуі бойынша, ақыл-ойдың кемістігін алғашқы зерттеулер және XIX ғ. басталған оларды басқа психикалық аурулардан бөліп қарастыру, психологиялық тестілеудің қалыптасуына үлесін қосты.
Осыған байланысты француз дәрігерлері Жан Эскироль мен (1772-1840) Эдуард Сегеннің (1812-1880) зерттеулерін де атап кеткен жөн. Ақыл-ой кемістігін психикалық аурулардан бөліп қарастыруды мақсат еткен Эскироль алғашқылардың бірі болып олардың ара жігін ажыратады, сонымен қоса ақыл-ой кемістігі деңгейлерінің классификациясын ұсынады. Алғашында ол физикалық критерийлерді, оның ішінде бас қаңқасының көлемі мен құрылымын қолдануға талпынған, бірақ ол нәтиже бермеді.
Кейінірек Эскироль индивидуумның
сөйлеуінің даму ерекшеліктері ақыл-ой
кемістігі деңгейлерін
Эскирольдың жұмыстарын зерттеп және ақыл-есі кем балаларды оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, Эдуард Сеген керісінше қорытындыға келеді.
Ол ақыл-есі кем индивидуумдар өзінің дамуында белгілі бір нәтижелерге жете алады деп санайды да, Парижде оларды оқытатын мектеп ашады. Сегеннің жетекшілігімен оқытылып жатқан балалардың қол жеткізген нәтижелеріне қошемет көрсету үшін бүкіл әлемнің психологтары мен педагогтары ағылып келе бастады. Ол қолданған оқыту тәсілдерінің арасында бізді, ойықтары бар тақтайшаға түрлі формадағы пішіндерді формасына сәйкес неғұрлым тез жылдамдықпен орналастыруды оқушыдан талап ететін Сеген тақтасы деп аталып кеткен әдіс қызықтырады. Осы және т.б. Сеген ұсынған әдістемелер кейіннен вербалдық емес интеллект тесттері ретінде қолданыла бастады, олардың кейбіреулері әлі күнге дейін қолданыста.
Индивидуалдық ерекшеліктерді
зерттеу үшін математикалық, статистикалық
процедуаралар қажет екені
Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
Ғылыми психодиагностиканың қалыптасуы психологиялық ғылымға эксперименттің, өлшеу идеясының енуімен байланысты. XIX ғ. 30 ж.ж. неміс зерттеушісі Вольф психометрия түсінігін енгізді. бірақ философтардың, жаратылыстанушылардың, математиктердің ойлары тек ғасыр өтіп барып жүзеге аса бастады. психикалық құбылыстарды өлшеу идеясын жүзеге асыру Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофизикасынан басталды. Осыдан кейін психология тек түйсіктерді ғана емес, одан күрделі психикалық функцияларды зерттеу барысында да «математика» тілінде сөйлеуге талпына бастады.
Жекелеген айырмашылықтарды зерттеуге тек психологтар, физиологтар, дәрігерлер ғана емес, басқа да ғалым-дар қызығушылық танытқан. 1816 ж. Кенигсбергтен шыққан астроном Фридрих Бессель «Астрономиялық журналдан» Гринвич обсерваториясындағы Король астрономының көмекшісі кәсіби жарамсыздығы үшін жұмыстан босатылғаны жөнінде оқиды. Ол жұлдыздың «ағып түсуін» өзінің басшысынан бір секунд кеш байқағаны үшін жұмыстан шығарылады. Бұл оқиғаға қызығушылық танытқан Бессель зерттеу жүргізіп, әр адамның жұлдыздың «қ .лауын» аң .ару реакциясыныңәрқилы екенін анықтайды. Ол жұлдыздарды бақылаушыларға арналған «бақылаушыны теңестіруді» есептеу қажет деп есептейді. Осылайша, астрономия физиологтар мен психологтарды реакция уақытының индивидуалдық айырмашылықтарын зерттеуге бет бұруына түрткі болды.
«Менталдық хронометрия» деп аталған бағытқа елеулі үлес қосқан голландтық физиолог Ф.Дондерс (1818-1889). Ол Гельмгольц анықтаған жүйке импульсының өту жылдамдығынан асатын реакцияға жіберілген уақытты психикалық үрдістерге жатқызу керек деп шешкен (бұлшықеттен түрлі қашықтықта тұрған жүйке ошақтарын тітіркендіру арқылы). Ол реакциялардың бірнеше типін бөліп көрсетті. А реакциясы – зерттелуші
қандай тітіркендіргіш әсер ететінін және қандай реакциямен жауап беру керектігін біледі. В реакциясы – түрлі тірікендіргіштерге түрлі қимыладр арқылы жауап береді. С реакциясы – бірнеше стимул ұсынылса, тек соның біреуіне ғана жауап береді. Дондерстің пайымдауынша, А-дан В-ны алғанда, тадау мен елестету тәрізді психикалық үрдістердің жылдамдығын есептеуге болады. Оның ішінде С-дан А алынғанда ажырату уақыты, С-дан В алынғанда таңдау уақыты белгілі болады. Бұл зерттеулердің негізгісі, психикалық, физиологиядан бөлек эксперименталдық зерттеулердің айрықша облысына айналды.
Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
Френсис Гальтон 1822 жылы Бирмингем қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы бай отбасында өтеді. Анасы Чарльз Дарвиннің атасы болып келетін Эразм Дарвиннің қызы болған. Кембридж университетінің бакалавр дәрежесін (1844) алған.
Индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеудің негізін қалаушы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон болып табылады. Ол оларды өлшейтін құрал – тестті ойлап тапты.
Ф.Гальтонның негізі идеяларының
бірі – адамның қабілеттерін өлшеу.
Оны қызықтырған негізгі мәселе
– қабілеттердің тұқым
Өзінің бақылауларына және Дж. Локктың философиялық іліміне сүйене отырып, Ф.Гальтон сенсорлық ажырату ерекшеліктерінің көмегімен адамның ақыл-ойын (интеллект) бағалауға болады деп пайымдады. 1883 ж. ол өзінің ақыл-ойды өлшеу идеясын құрастырды: «Біз қабылдайтын сыртқы оқиғалар жайлы барлық ақпарат біздің сезім мүшелеріміздің жолымен келеді; адамның сезім мүшелері неғұрлым нәзік айырмашылықтарды қабылдай алатын болса, онда оның интеллектуалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен пайымдаулар құруына соғұрлым мол мүмкіндіктер туындайды».
Ф.Гальтон соған дейін
белгілі болған сезімталдық табалдырығын,
реакция уақытын анықтайтын эксперименталдық-
1884 ж. Лондонда өткізілген
медициналық құрал-жабдықтар,
Ф.Гальтон психологиядағы статистикалық процедураларды қолданудағы жаңашыл ғалым болды. 1888 жылы корреляция коэффициентін есептеу әдісін ұсынды.
Гальтон антропометрия мен
тұқым қуалаушылықты зерттеуде
корреляция коэффициентін есептеді.
Тұқым қуалаушылықтағы
Гальтонмен бірге жұмыс жасаған математик және биограф Карл Пирсон корреляцияны есептейтін математикалық аппаратты жетілдірді. Нәтижесінде Пирсон бойынша корреляция коэффициенті пайда болды. Сондай-ақ ол d-квадрат параметриялық емес коэффициентін құрастырды. Ол коэффициенттер психодиагностикалық зерттеулерде кеңінен қолданылады, солардың негізінде психологиялық тесттерді құрастыру мен қолдануда сандық әдістерді қолдану дәстүрі орнады.
Ф.Гальтон тұлғалық ерекшеліктерді өлшеу туралы мәселе қойған ғалымдардың алғашқысы болып табылады.
Сондай-ақ, Ф.Гальтон «идеялар ассоциациясын» да зерттеушілердің басында тұрғандардың бірі.
Осылайша, интеллектіні зерттеудегі ағылшын мектебінің пайда болуы мен қалыптасуына ұлы ағылшын елеулі үлес қосты.
Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері
а) Джеймс Мак-Кин Кеттелл 1860 жылы АҚШ-тың Истон қаласында дүниеге келген (Пенсильвания штаты). Лафайет колледжінің бакалавры (1880), философия докторы (Лейпциг университеті, 1886). Дүние жүзіндегі ең алғашқы психология профессоры (Пенсильвания университеті, 1887-1891). Америкалық психологиялық ассоциацияның президенті (1895). 1917 ж. Америкалық психологиялық корпорация құрады, ол ең бірінші рет тесттерді басып шығарады.
Дж. Кеттелл Ф.Гальтонның ақыл-ойды өлшеу идеяларына ден қоя бастайды.
1890 ж. Дж. Кеттелл психодиагностикадағы
ең атақты еңбек болып
Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі
Альфред Бине 1857 ж. Ниццада дүниеге келген. Гипноз және истерия мәселелерімен айналысқан. 1894 ж. жәндіктердің жүйке жүйесін зерттегені үшін доктор дәрежесін алады. Осы жылы Сорбоннада психологиялық зертхананың директоры болып тағайындалады және Франциядағы алғашқы психологиялық журнал ашады.
Альфред Бине эксперименталдық
психологияның негізін
1891 жылы Гарвард университетінен Х