Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 16:10, реферат
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдік туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас.
Жоспары
1. Эмоция жайындағы ілім.
2. Н.Н.Ланге мен У.Джемстің теориясы.
3. Эмоция ұғымы.
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ-Орыс Халықаралық
Факультеті: психология
Кафедрасы: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
Мәнжазба
Пәні: Жалпы психология
Тақырыбы: "Эмоцияның дамуы"
Ақтөбе 2012 ж.
Жоспары
1. Эмоция жайындағы ілім.
2. Н.Н.Ланге мен У.Джемстің теориясы.
3. Эмоция ұғымы.
Қолданылған әдебиеттер
Эмоция жайындағы ілім.
Қазіргі кезде психологияда
эмоция жайындағы ілім және оның теориялық
дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен
салыстырып қарағанда өзіндік сипаты
бар күрделі мәселелер қатарына жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның
өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретінде
сөз болмаған, таза натурализм үстемдік
туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып
эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен
психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық
туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас.
Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары
эмоция тақырыбы методологиялық жағынан
белгілі бір жағдайда бихевиоризммен
жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік
бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық
психологияға тікелей қарсы шығады. Біздің
өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгерістер
эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі
екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың
әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер
болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ:
шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның
жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді
шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның
бойында ашу, наразылық сезімін туғызады.
Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп,
етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер
құшағында бол-ғанымен, барған концерті
тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып
кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен сезімнің
өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның
еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен,
талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта
анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім
әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып
сырларға толы. Зерттеуші мамандардың
пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі
қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың
эмоциясы биологиялық күйде, тек есте
болатын бір жағдай, адам сезімдеріне
лайықты көріністер жануарлар психикасында
ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен,
ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ,
ұлы емес. . Егер біздер эмоцияны биологиялық
жағынан іздестіріп, оның психикалық тіршіліктің
тұтас бір саласы ретінде жойылып бара
жатқандығына көз жіберетін болсақ оңда
тікелей жүргізілген психологиялық тәжірибелер,
онан кейінгі тәжірибелік зерттеулер
мұндай ойдың құрғақ сандырақ екенін әшкерелейді
Н.Н.Ланге мен У.Джемстің теориясы.
Н.Н.Ланге мен У.Джемс әрқайсысы өзінше зерттеулер жүргізді. Джемс, ІІсихолог маман ретінде, әдейі, ал Ланге, физиолог ғалым ретінде, мақсатсыз-ақ, Джеметің айтуынша адам организмінде эмоцияның нендей негіздері пайда болып отыратындығын анықтауды міндет етіп қойды. Сонымен бірге, адам эмоциясы жайындағы теріс көзқарастың сырын ашуды көздеді. Ланге мен Джемс адам эмоциясының пайда болу себептерін органикалық реакцияларға енгізу деп түсіндірді.
Джемс пен Лангеге дейінгі психологтардың эмоция жайындағы түсініктері мынадай сипатта болған еді: оның бірінші өлімі сыртқы не ішкі оқиға, қауіпті жағдай төнгенде оны қабылдап, эмоция тудырады, сонан кейін бұл-эмоцияны бастап кешіреді (жүректің жиі соғып дүрсілдеуі, бозарып кету, жүйкенің . тіркенуі, тамақтың құрғауы – мұның бәрі қорқудан пайда болатын сезім күйлері) сол тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын мұндай күйлерді психологтар мынадай ретпен көрсететін еді: қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс мен Ланге мұндай сезім күйлерін бастан кешіруді өзгеше ретке көрсетеді. Белгілі бір қатерлі оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады (Лангенің-көрсетуінше қан тамырларының кеңейіп, таралуы. Джемстің, айтуынша ішкі орган қызметінің жандана түсуі). Адам органдары сыртқы қауіптің әсерінен жанданып, оларды қабылдауда біздің бойымызда эмоция пайда болады дейді.
Джемстің эмоцияның пайда болуы жайындағы ілімі қазіргі кезде түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқилы қайшьлықтар тудырып отырғаны мәлін. Әдетте, біз жылаймыз, өйткені қайғы-қасіретке ұшыраймыз, денеміз тітіркеніп түршігеді, өйткені қорқамыз, бі- реуді ұрып-соғамыз, өйткені біз ашулымыз, ал дұрысында былай деп айтқан жөн болар еді: біз қамығамыз, сондықтан жылаймыз біз қорықтык, сондықтан денеміз түршігіп дірілдейміз, біз ашуландық сондықтан ұрып-соқтық. Джемстің түсінігі бойынша біз сыртқа шыққан эмоциямызды игере білсек, ол басылады және керісінше: біз ашу-ызаға, шаттық күйге бөленсек, оның, артынша эмоция болып, сыртқа шығады. Мұндай көзқарастын қалыптасып орнығуына мынадай ек түрлі жайт әсер етті: бірі – бұл көзқарас эмоцияны табиғи-ғылымы және биологиялық тұрғыдан негізделді деп санады екінші – ешкімге керексіз эмоцияның шығу тегін хайуанатта дүниесінің тіршілігімен ұштастырылған көзқарастан өзгеше еті құрылды. Сөйтіп эмоция жеке басқа тән қасиет ретінде қарастырылды. Джемс пен Ланге теориялары осыдан кейін біріктіріліп жалпы теориялық сипат алды. Алайда бұл теорияны көп уақыт өтпей-ақ бірсыпыра зерттеушілер «материалданған» теория деп кінәлай бастады. Өйткені Джемс пен Ланге сезім арқылы адам денесінен шығатын органикалық процестерді санаға ендіруді көздеп отыр деді. Джемс әлі материализмнен әлдеқайда алыста жүргенді.
Джемс теориясын материалистік теория деп кіналаушыларға жауап ретінде Дарвиннін ағылшынның схоласт психологтарына қарсы қойған әдісін пайдаланады. Ол өзінің көзқарасын дәйектеу мақсатымен «Қасапқа пышақ ұстатып, құдайдың құдіретін» дәріптейтін принципті қолданды. Оның бұл пікірі бойынша органикалық құрылым эмоциясының төменгі сатысына тән, бұл ерекшелік адамда жануарлар дүниесінен мирас болып қалған деп түсіндірді.Эмоцияның бұл тобы адамның қорқынышына, ашу-ызасына, торығуына, қолдануына тән, бірақ мұңдай эмоциялар адамның нәзік сезімдері болып саналатын діни нанымдарына, ерлер мен әйелдер арасыңдағы сүйіспеншілікке, әсемділіктен ләззатгану сезімдеріне қатысы жок. Сонымен Джемс эмоцияны жоғары және төменгі топтарға бөліп қарастырды. Біздің ойлау процестерімізде тікелей бейнеленетін барлық эмоция түрлері мен адам басынан кешетін әсерлі сезімдердің бәрі пікірдің құрамды бөлігіне жатады да олар мұндай эмоцияларды негізгі органикалық құбылыстардан басқа өзгеше текте пайда болады деген шек қойды.
У.Джемс, прагматист ретінде, зерттелген нәрселердің түпкі негізін ашып көрсетуді мақсат деп санамай, ол қоғам үшін іс жүзінде қажетті нәрсе төменгі және жоғарғы эмоциялардың сындағы айырмашылықтарды білу жеткілікті дейді. Ол үшін праматикалық тұрғыдан жоғары эмоцияларды материалистік немесе жалған-материалистік түсініктерден қорғау қажет еді. Сонымен бұл теория бір жағынан алғанда психологиядары дуалистік көзқарасқа келіп тіреледі. Осындай ыңғайлы сәтті шебер пайдалана, білген нағыз идеалист Бергсон эмоция жайындағы Джемстің көзқарасымен үйлесім тауъп, оны өзінің идеалистік тұрғыдағы пайымдауларымен толықтырды. Екінші жағынан Джемстің эмоция жайындары теориясының психологиядағы материалистік көзқарастармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын еді. Мұны автордың өзі де мойындады. Алайда бұл идеалистер біз түйсігіміз бен қабылдауымыздың сезім мүшелерімізді тітіркендіруші материалдық процестер екендігін бекерлей алмаған-ды. Демек, Джемстің эмоция туралы анықтамалары матерлистік түсініктен қашықтап, ол дуалистердін пікірімен үндесіп кетті. Үшіншіден, бұл теория эмоция туралы бірсыпыра метафизикалық көзқараетардың жаңдануына себепші болды. Осы орайда Джемс пен Лангенін, эмоция жайындары көзқарастары өздері бастау алған Дарвин ілімімен салыстырғанда бір қадам кейін шегінген теория болды.
Егер біз уақыт мерзімімен өлшем жасайтын болсақ, онда бұл саладағы мәселені тәжірибемен емес клиникалық тұрғыдан алғаш рет зерттегеңдердің бірі З.Фрейді еді. Ол эмоцияны психопатологиялық түрғыдан талдап, эмоцияның пайда болуын органикалық тұрғыдан зерттеушілерге қарсы шықты. Ол қорқыныштық пайда болуының психологиялық табиғатын органикалық құбылыстармен байланыстыру – бұл мәселені немқұрайды қарау деп санады. Джемс пен Лангенің теориясын сыңар жақ ескілікті көзқарастар деп кіналады. Олар эмоциянық қабығын ғана зерттеп, оның психологиялық өзегін елеусіз қалдыруды, немесе эмоция айқын көрінетін органдарды ғана атаумен шектелді дейді. Мұндай орғаңдардан эмоциянын пайда бола қоймайтынын ескермеді. Фрейд эмоцияны реттеу; қозғаушы түрткіні (динамиканы) атап көрсетті.
Егер біз Фрейдтің осы
айтқандарынан қорытынды
Мұндай анықтаманың өзіндік мәні бар сияқты: мұны эмоциялық тіршіліктің дамуын түсіндіру үшін қолданылған қарапайым тәсіл деуге болады. Фрейдтің түсіндіруінше эмоция бастапқыда дәл қазіргі ересек адамдардың эмоциясынан өзгешелеу, баланың бастапқы даму кезеңіндегі эмоциясы сипатында болған. Ол эмоцияны мемлекет ішіндегі мемлекет емес оны адамның жалпы өмірінің дамуымен тұтастыра алып қарастырғанда ғана дұрыс болмақ деп дәлдейді. Осы ретімен танылғанда ғана эмоцияны дұрыс түсінуге болады дейді. Фрейді те Джемс сияқты натуралист. Олар адам психикасын нағыз табиғи заттық процесс деп санап, эмоцияның өзгеріп даму ерекшеліктерін тек осы натуралистік тұрғысынан қарастырады.
Эмоция ұғымы.
Эмоция адамның түрлі органикальіқ
қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын
туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі,
ситуациялы көріністері. Мәселен, адам
қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне
жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз
болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине
мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны
белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші
ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар
(мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты
терең әсерлі сезім адам психологиясындағы
басты белгілердің бірі, ал эмоция болса
мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұнда
адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете
алады. «Эмоция» ұғымының төркіні-«емовера»
латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз
сөзінен шыққан. Қазақша мәні- тітіркену,толқу.
Эмоция- жан дүниесінің сыртқы және ішкі
салдарынан ызалану, қаhарлану, қорқу мен
шаттану сияқты жағдайларының көрініс
беруі. Бұл- адамдар мен жануарлар дүнйесінде
көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй
адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып,
тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе
көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейбірекетсіздікке
ұшыратады. Эмоция адам есімен де тығыз
байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз
яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ,
есімізде жақсы қалса, онда өткендерді
еске алудың өзі де бізде қандайда бір
сезім туғызады. Сезіммен эмоцияның адам
іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер
етуі стеникалық – күшті сезім тудырса,
ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық
- әлсіз, жағымсыз сезім дудырады. Стеникалық
сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе,
астеникалық сезім жүйкеге тежелу.
жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді.
Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа
мерзімді айқын көрінісі эмоция жан дүниесінің
жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай
маңызы бар психикалық процесс. Сонымен,
эмоция дегеніміз- адамның органикалық
мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға
байланысты туатын психикалық туатын
күйлер.
Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғым-дарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқала-тын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.
Қолданылған әдебиеттер: