ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Оглавление

І. Кіріспе

Психология пәні

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.ХІ-ХІV ғасырлардағы Қазақстандағы психологиялық идеялар

2.2.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары

2.3.ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

ІІІ. Қорытынды

Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы

Файлы: 1 файл

Психология тарихы.doc

— 141.50 Кб (Скачать)

        Отызыншы  жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ  ғалымдары да Ш.Әлжанов, М.Әуезов,

С. Балаубаев, Ә. Садықов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков,

С. Қожахметов, т.б. жүргізіліп келді.

        Республикадағы   психология ғылымы, әсіресе, соғыстан кейінгі  жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше  сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен, 1946 жылы КазПИ-де республика  бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК(б) П  Орталық Комитетінің  орта мектептерде логика мен психологияны оқыту жөніндегі қаулысына сәйкес  Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғарғы және  орта арнаулы оқу орындарында мұғалімдік қызметке жолдама алды. 50-ші жылдары республика үшін психолог кадрларын  даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан Алматыға келген профессор И .Л. Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. 1919 жылы сондағы университеттің медицина факультетін бітірген ол жүйке аурулары кафедрасының әуелі ординаторы, кейіннен доценті қызметін атқарады. 1921-1926 жылдары халық ағарту институтында, университетте психологиядан сабақ берді. 1931 жылдан Саратов медициналық институттының кафедра меңгерушісі, ал 1935 жылдан профессоры. 1944-1949 жылдары Алматыдағы « Ана мен баланы қорғау» ғылыми – зерттеу иститутының директоры, 1947-1969 жылдары Абай атындағы Қазақ пединститутының профессоры, психология кафедрасының  меңгерушісі, 1958- 1962 жылдары  Қазақстан психологтар  қоғамының төрағасы  болды. Ол көптеген жеке  еңбектер мен мақалалардың авторы. Олардың  кейбірі: « Бөбектердің психологиясын зерттеу» ( Саратов,1921), « Психика және жүйке  саласын зерттеу» ( Саратов, 1925), « Сөйлеу кемістігін топтастыру  туралы» ( Харьков,1939), « Ойлау мен сөйлеу» ( Халық мұғалімі,1951), « Педагогикалық психологияның бүгінгі таңдағы міндеттері» ( Қазақстан мектебі, 1967), т.б.

   Өткен  ғасырдың  40-жылдар  аяғында Абай атындағы КазПИ  мен Қазақ университетінде  психология кафедралары  ашылып, ғылыми мамандар дайындауға  нақты мүмкіндік туғандығын жоғарыда  айтсақ, Республикада  сол кездері психология ғылымы саласында тұңғыш диссертация қорғағандар: Е. Суфиев, А.Темірбеков, М. Мұқановтар еді.

        Қазақстандағы  психология  ғылымының  өркен жаюына  шама-шарқынша  үлес қосқан ғалымдардың алғашқы  тобына Адбдолла  Темірбеков пен Елеш Суфиевті жатқызуға болады. Темірбеков 30-40 жылдары Орал, Қызылорда пединститутарында директордың  орынбасары, Абай атындағы КазПИ-де факультет деканы, Өскемен пединституының ректоры қызметін  атқарады, 1962-1972 жылдары Алматы шет ел тілдері институтының  педагогика және психология кафедрасының   меңгерушіс  болып  істейді. Студенттерге қазақ, орыс тілдерінде психологиядан сабақ береді. Ол 1968- 1970 жылдары  Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды, пединституттар мен университеттер үшін С. Балаубаевпен бірлесіп « Психология» оқулығын, сондай-ақ мектеп оқушыларының отаншылдық сезімін қалыптастыру  туралы бірнеші еңбектер жазып, осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

      Е. Суфиев  Оралдың А.С.Пушкин  атындағы педагогикалық институтының химия – биология факультетін бітірген. Ол біраз жыл  мектептерде мұғалімдік қызметте болады. 1946-1980 жылдар  арасында  Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғары  оқу  орындарында психологиядан  сабақ береді. Оның  қаламынан психологияның  әртүрлі  тақырыптарында жазылған  бірнеше еңбектер туындады. Олардың  кейбірі :

« Баланың  дамуы  және  оның  мектепке  әзірлеу»(1965), «Психология  оқулығының қазақша аудармасы туралы» т.б. Осы еңбектердің  қай-қайсысы  да қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін жандандыру үшін қажетті дңниелер еді.

      Қазақстандағы  ғылыми  психологияның  дамуына  елеулі үлес қосқандардың бірі – Мәжит Мұқанов ( 1920-1985). Ол Ұлы Отан соғысынан оралғаннан  кейін Ленинградтың Н.И.Герцен  атындағы педагогикалық институтын бітіріп, кейіннен  Қазақ  университетінде психология  мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдайды, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. М.Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауға да біраз үлес қосты. Оның  жетекшілігімен бірнеше адам диссертация қорғады. Осы салада  бірер еңбектер  жазылды. Осы деректер

М. Мұқановтың ұлттық психология саласында жемісті еңбек  еткенінің  жақсы айғағы.

       Абай атындағы  Қазақ  пединститутында  психологиядан  қазақ тілінде   дәріс оқыған ғалымның бірі – Әбдірахман Асылбеков (1907-1970) еді. Ол жалпы, жас, педагогикалық  психология  салаларынан  студенттерге лекция оқумен  қатар, тәлім-тәрбиенің психологиялық астарлар жөнінде  жазылған бірнеше төл еңбектер мен мақалалардың авторы. Оның қаламынан « Бала тәрбиелеудегі семьяның ролі» 1966 т.б. еңбектері дүниеге келді. Ол 1962 жылы « Мектеп оқушыларында  ынтаның қалыптасуы» атты диссертация қорғап, психология ғылымының кандидаты атағын алған болатын. Автордың психологиядан жазған туындалары оның жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде ата-ана, ұстаз, тәлімгерлер үшін қажетті дүниелер.

      Кәрім Қойбағаров (1928-1985) Қазақ мемлекеттік университетінің  логика және  психология  бөлімін бітіргеннен  кейін 1951-1954 жылдары психология кафедрасының аспирантурасында оқиды. 1953-1960 жылдары осы кафедранын ассистенті, ал  1960 жылдан өмірінің соңына дейін аға оқытушы қызметін атқарып, университетте психологиядан қазақ тілінде сабақ берді. Ол « Жалпы психология» ( Алматы, 1980), « Жас және педагогикалық психология» ( Алматы, 1987), « Семья өміріндегі әдеп және психология» ( Алматы, 1986) атты кітаптардың тәржімашыларының бірі.

    ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы халқымыздың жекеленген ерекшеліктері этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан   зерттеліне  бастады. Осындай тақырыптардың бірінде « Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері» (В.В. Ставкин), «Жұмбақты шешудің психологиясы»( К. Нұрғалиев), айтыс өнері мен мақал- мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшеліктерінің бейнелеуі ( М. Мұқанов) зерттелді. Кейіннен психология ғылымының  басқа  салаларынан да зерттеулер жүргізіліп, бірнеше еңбектер жазылды. Бұл жерде Ш. Бәймішеваның « Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», Б. Есенғазиеваның « Силлогизм және ойды психологиялық тұрғыдан талдау» т.б. еңбектерін атауымызға болады. Психологияның басқа да жекелеген салаларынан бірнеше төлтума еңбектер жарық көрді. Олар: М. Мұқанов « Педагогикалық психология очерктері»,Қ.Рахымбеков « Жалпы психология» т.б. осы жылдары қолдарыңызға кітаптың авторы  « Психология» (1962), « Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы» (1965), « Қазақстанда психологиялық ой-пікірлердің дамуы» (1968), т.б. елуден астам жеке еңбектер мен сегіз жүзден астам ғылыми мақалалар жазды.

    Соңғы кездері     ондаған  оқу құралдары  мен оқулықтар, терминологиялық сөздіктер, библиографиялық  көрсеткіштер, ұлттық  психология  салаларынан  арнаулы дірңстердің бағдарламалары, т.б.  жалпы  саны 100-ден  астам  басылымдар  жарық  көрді. Республикадағы  психология ғылымының  дамып, өркендей  түсуіне ғылыми форумдар  ұйымдастырудың  маңызы ерекше. Осы мақсатта  өткізілген « Ойлау  және қарым-қатынас», «Кісінің белсенділігі және оқыту мәселесінің психологиясы», академик Т.Тәжібаевтың  туғанына 80 жыл толуына  байланысты өткізілген « Қазақстандағы психология және педагогика  ғылымдарының өзекті проблемалары» атты ғылыми-теориялық конференция, сондай-ақ 1992 жылы  өткізілген « Халық педагогткасы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференцияның  материалдары біздегі  психология  ғылымының  өрістей түсуіне үлкен серпіліс жасады. Қазіргі  кезде  психология  саласынан 90-нан аса ғылым кандидаты мен 1 доктор, профессор қызмет  етеді, бұлар Қазақстан психологиясының дамуына  елеулі үлес қосып келеді.

   1988 жылдан  бастап елімізде психологиядан мамандар даярлау ісі қолға алынды. Қазіргі кезде  Әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қарағанды, Алматы, Шығыс  Қазақстан т.б. университеттері мен Петропавл, Ақтөбе педагогикалық институтында психолог кадрлары даярланып жатыр. Мектептерге « психология» маманының штаты енгізілгенімен күні бүгінге дейін ол дербес пән ретінде оқытылмайды.

   Психология саласында жүргізіліп жатқан әр тарапты зерттеулер қазіргі қоғамдық дамуын, оның таныс-тіршілігінің жаңа сипатын, демократиялық бағыт-бағдарын, қазақ елінің егемендігі мен тәуелсіздігі жағдайында, адам хұқы мен оның ізгілік, мейірбандық, имандылық секілді адами қасиеттерінің өріс алуынан туындап жатқаны хақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

1.      Т.Тәжібаев. Жалпы психология, Алматы 1993

 

 

2.      Ж. Аймауытұлы. Психология Алматы Рауан 1995

 

 

3.      Қ. Жарықбаев.  Жантану Алматы Білім  1993

 

 

4.      А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология Алматы, Мектеп 1966

 

 

5.      Ә. Алдамұратов. Жалпы психология Алматы Білім 1966

 

 

 



Информация о работе ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары