ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Оглавление

І. Кіріспе

Психология пәні

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.ХІ-ХІV ғасырлардағы Қазақстандағы психологиялық идеялар

2.2.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары

2.3.ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

ІІІ. Қорытынды

Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы

Файлы: 1 файл

Психология тарихы.doc

— 141.50 Кб (Скачать)

   Республикада психология саласныда диссертация қорғаған алғашқы ұлт кадрлары Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. Мәселен, 1952 жылы «Қазақ  мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілі сабағында ақыл-ойы мен ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін кейбір орыс тіліндегі атауларға тоқталып, мұның табиғи— ғылыми  жағын И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей отырып түсіндіреді, оқушылардың кейбір психикалық функцияларының дамыту, орыс тілін  оқыту әдістерін жетілдіру  жөнінде біраз ұсыныс-кеңестер береді.М.Мұқанов

« Совет жауынгерлерінің  ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері» (1953ж.) атты диссертациясында көптеген  жергілікті әскери— әдеби  архивтік  материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысының майдандарында қазақстандықтар көрсеткен ерлік істерге психологиялық талдау жасаса, Ә.Темірбеков  мектеп оқушыларында отаншылдық сезімінің  қалайша қалыптасатындығын зерттеді.

     Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы сұраныстарына орайлас бұлардан басқа да  бірнеше диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Мәселен, Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады. Осындай тақырыптардың бірінде « Хат танымайтын  адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Стативкин),

« Жұмбақты шешудің психологиясы» (Қ.Нұрғалиев), «Айтыс өнері мен мақал- мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшеліктерінің көрінісі» (М.Мұқанов) зерттелді.Кейіннен психология ғылымының жеке саларынан да зерттеулер жүргізіліп, бірнеше еңбектер жазылды. Олардың қатарына Ш.Бәймішеваның « Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», М.Мұқановтың « Қабылдау мен есту микроструктуралық талдау», Б.Есенғазиеваның « Силлогизм және ойды психологиялық талдау», Қ. Шернияздаеваның

« Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері, т.б. зерттеулерін жатқызуға болады. Психологияның жекленген салалар бойынша бірнеше монография жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқановтың « Педагогикалық психология очерктері» мен « Ақыл-ой өрісі», Н.Жанділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты», Ө.Жөкебаевтың «Қылмескер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболовтың « Алдын ала  тергеудің психологиясы», Н.Фелифоровтың «Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері», В.Яковлевтің « Діндардың жан дүниесі», Ә.Алдамұратовтың « Қызықты психологиясы», Р.И.Илешованың «Медициналық психология», т.б. Осы жылдары проф. Қ. Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 60-90 жылдар арасында « Психология» (1962ж.), «Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы» (1965ж.), « Қазақстанда психологиялық ой-пікірлердің дамуы» (1968ж.), «Әл-Фараби»(1978ж.), « Аталар сөзі-ақылдың көзі»(1980ж.),

«Ұстаздық еткен жалықпас» (1987ж.), «Ақылдың кені» (1991ж.),т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын  көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еіңбектер жарық көрді.1988 жылдан бастап Қазақ, кейіннен Қарағанды, Қазақ педагогикалық, Шығыс Қазақстан университеттерінде, Ақтөбе пединститутында  психолог кадрлары даярлана басталды. Қазақ тілінде бірнеше психологиялық төлтума оқу құралдары мен оқулықтар, терминологиялық сөздіктер, библиографиялық көрсеткіштер, ұлттық психология салаларын арнаулы дәрістердің бағдарламасы,т.б. басылымдар жарық көрді. Республикадағы  психология ғылымының дамып, өркендей түсуіне: «Ойлау және қарым-қатынас» атты бүкілодақтық симпозиумы ( Алматы,1973ж.),

« Кісінің белсенділігі және оқыту мәселенің психологиясы» атты республикалық конференция ( Целиноград,1976ж.),

« Мектеп реформасының талаптарына орай бала және педагогикалық психологияның проблемаларын жандандыру» ( Алматы,1986ж.), академик Т.Тәжібаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілген « Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары» атты ғылыми-теориялық конференция (Алматы,1990ж,), сондай-ақ 1992 жылғы « Халық педагогикасы мен психология дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде» қолданылуы ғылыми-практикалық конференцияның материалдары үлкен демеу болды. Қазірде психологияның әр түрлі саласынан 70-тен аса ғылым кандидаты мен бес доктор, профессорлар бар. Бұлардың кейбірі ұлттық психологияның дамуына елеулі үлес қосып отыр.

     Республикада 1958жылдан бастап Қазақ республикалық психологтар қоғамы, жастар қалалық зерттеу орталығы (1987ж.), « Отбасы қызметі» атты консультациялық кабинет жұмыс істейді. Психологиялық проблемаларды зерттеу ісімен жиырма педагогикалық институт пен бес университеттің арнаулы кафедра айналысады. Қазіргі кезде үш жүзден астам ғылыми қызметкер психологиялық зерттеулер жүргізуде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында студенттерге дәріс оқумен айналысуда. Бұлардың жетпістен астамы— психология ғылымының кандидаттары мен доктор профессорлары, Ғылыми кадрлар даярлау ісімен профессор Қ.Жарықбаев,Н.А.Логанова, Ж.Намазбаева, Б.Хамзин, В.Шабелышков, т.б. ғалымдар айналысып жүр. Психологияның салиқалы проблемалары Мәскеу, Киев, Тбилисидегі ғылыми-зерттеу институттарында, университеттер мен пединситуттардың арнаулы кафедраларында зерттелуде, осы ғылым саласындағы үздік ғылыми еңбектері үшін С.Л.Рубинштейнге 1940 жылы,Соколянский мен Мещеряковтарға 1980 жылы Мемлекеттік сыйлықтар берілді. Елімізде психология кадрлары көптеген университеттерде даярланады. 1957жылдан бастап психологтардың Бүкілодақтық қоғамы жұмыс істеді. Диссертациялық зерттеулер үшін психология ғылымының кандидаты, докторы деген арнайы ғылыми атақтар беріледі.

           Киелі қазақ жерінде тәлім— тәрбие саласында  сындарлы ой-пікір айтқан басқа да ғұлама-ғалымдар аз болмаған. Отырардың өзінен 2-3 ғасыр аралығында ғылымның әр саласынан 12 тұлға шыққандығы таңғарларлық жәйт. Солардың бірі— лингвист Имад ад-Дин Әбу-л-Қасым әл Фараби (1130-1210) болатын. Ол ғылым түрлері жайында жазылған « Таза шындық» атты 50 тараудан тұратын еңбектің авторы. Оның ықшамдалған нұсқасын ориенталист И. Ф. Готвальд 1831 жылы Қазанда бастырған.Осы трактатта ақыл мен ғылым, ниет пен әдет, ашу мен ұят, үлкенді сыйлау, кешірімді болу, жомарттық... Автор, сондай-ақ, ғылым-білімді игеру жолы, ғалымдарды құрметтеу, сөйлеу мәдениеті секәлдә жайттарға да біраз тоқталған. Шығарманың түрлі нұсқалары қазірде Берлин, Кайр, Калькутта қаласының кітапханаларында сақтаулы тұр дейді профессор Ә. Дербісәлиев.

     Жамал Қарши (1230-1315. Шын аты—Абдуфазыл ибн Мұхаммед) Орта азия мен Қазақстанның Орта ғасырлардағы ғұламалары туралы еңбек жазған, жетісулық тарихшы. Ол сөз өнерінің білгірі әл— Жауһаридің « Тіл тәжі және араб тілі» атты түсіндірме  сөздігін парсы тіліне аударған. Мұнда алла тағала, пайғамбар, патша, уәзір,әкім,әмір т.б. туралы тағылымдық мағлұматтар беріледі.

 

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары

 

          Осы кезеңде қазақ  жерін Ресей империясы  түгелдей жаулап  алуын  аяқтады. Өлкеге ішкі жақтан қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекеленген өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық мәдениеті әр түрлі  келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара халықтың жүрегін жылытатынын  байқатты. Қала мәдениеттінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті.

       Дала  халқының  сана-сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері— ұлы демократ ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар шықты.

 

                Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

 

  Шоқан еңбектерінде психикалық мәселелерге байланысты әртүрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны-халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшіліктері туралы мәселе еді,

    Шоқан Уәлихановтың пікірінше халықтардың ұлттық психикасын көрсететін белгілердің бірі— сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың  белгісі деп санады. Халықтың тұрмысы мен әдет—ғұрпы,- деп жазды ол, бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өйткені қастерлеу және аңыздардың молдығы— терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл»...

     Шоқан психологияда өзіндік теориялық тұжырымдар ғана жасап қоймай, өзін шын мәніндегі практик психолог ретінде де көрсете алды.

    Көркем очерк түрінде жазылған Шоқан күнделіктері мен жол жазбалары— « Құлжа сапарының күнделігі», « Қашқария сапарының күнделігі» психологиялық жағынан құнды дүниелер. Табиғатты көз алдына әкеліп, кісіні қызықтыратындай бейнелеп жазу, бұларды сол өңірдегі халық әмірімен, жеке  адамдардың қайталанбас өзіндік психологиялық ерекшеліктерімен байланыстыру шеберлігі жағынан Шоқан күнделіктері Байрон мен Лермонтовтың Кавказ очерктерімен өте ұқсас және бұлардан еш кем түспейді,-деп жазды Әлкей Марғұлан.

       Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан  сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық.

 

                       Ыбырай  Алтиынсарин (1841-1889)

 

  Ыбырай Алтынсарин де Шоқан сияқты арнаулы еңбектер жазып қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінен туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, т.б. жатқызуға болады.

   Психология ғылымы—адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің жүріс-тұрысың,демалыстың, яғни өмірдің сан алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды жақсы әдеттермен қатар жарамсыз жаман әдеттер де болатындығын ескертеді.Мәселен, салақтық- жаман әдет, одан тәнге де,жанға да пайда жоқ. Осы орайда

Ы. Алтынсариннің  « Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиян екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты болғанмен жуынып, таза жүруді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының  кесірінен ауырып, қайтыс болады.

      Бал  жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-бәрі де балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан-дүниесіне әсер етерліктей етіп іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

     Ы. Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселердің енді бір тобы оның әдістемелік пікірлерімен астарласып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тәжірибелі, ой-пікірі озық мұғалім де еді.

    Ыбырай Алтынсарин өз халқының жарқын келешегі үшін бар саналы өмірін сарп еткен, халыққа қызмет етуден артық іс жоқ деп түйген, туған халқын,ел-жұртын шексіз сүйген, нағыз отаншыл азамат еді. Сондықтан да оның көптеген шығармаларында қазақ халқының өзіндік психологиялық қасиеттері, салт-санасы, әдет-ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аудартады.

 

                   

Абай  Құнанбаев (1845-1904)

 

      Ақын творчествосында психологияның негізгі мәселесі— жан мен тәннің арақатынасы, адамның психикалық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық, ұлттық психологияның жекеленген мәселелері де көрініс тапқан. Ол бұларды талдап-талқылағанда адамның психикалық өмірінің қыры мен сырына жаратылыстық-ғылыми тұрғыда түсініктеме бере қоймады.

     Абайдың  психикалық көзқарастары жалпы және педагогикалық психология мәселелерімен ғана шектелмейді. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның әртүрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды.Ол өз жұртының мінез-құлқын,көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, талап-талғамын, салт-санасын жақсы білді.

    Абай бала психологиясының басты ерекшелігі- білуге құштарлық деп есептейді. Өсе, ержете келе, тәрбие құралдары арқылы бала жанына жақсылық ұрықтарын егіп, игі сезімдерге, адамгершілікке тәрбиелеуге болады.

    Ақын:

          « Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей,

             Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

             Өскен соң мұндай сөзді бқрын көрмей,

             Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

              Және айта бер дейді жұрт тыным бермей,- деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды арнайы айтпағанмен психологиялық құбылыстың мәніне көңіл аудартады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сөзді түсіну қиын деп дұрыс тұжырымдайды.

    Абайдың психологиялық мәселелерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия мен өнердің міндеті— адам өмірін олардың көңіл-күйі мен іс-әрекеттерін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне орай қалыптасқан. Ол поэзия саласындағы талант иелерінің психологиялық қызметінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтарын жете зерттеуі керектігінезор мән берді. Ол өнердің кез келген түрі адамның белсенді шығармашылық қызметінің барысында қоршаған орта шындығынан нәр алып, мазмұндық жағынан байи бермек деп есептеді.  

 

 

 

 

Информация о работе ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары