ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Оглавление

І. Кіріспе

Психология пәні

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.ХІ-ХІV ғасырлардағы Қазақстандағы психологиялық идеялар

2.2.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары

2.3.ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

ІІІ. Қорытынды

Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы

Файлы: 1 файл

Психология тарихы.doc

— 141.50 Кб (Скачать)
tyle="text-align:justify"> 

           ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

 

                      Шәкәрім  Құдайбердіұлы (1858-1931)

 

  Шәкәрім Құдайбердіұлы адам жанының әртүрлі жағдайда көрінетінін айтады.Өзінше бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келеді .« ... инстикт- сезімді жан, сознание-аңғарлық жан, мысль-ойлайтын жан, ум –ақылды жан» дегендей әртүрлі қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсіп, өніп, жоғарылайды... толық терең ақыл адамнан  шығады…Совесть(ұждан)-жанның тұрағы, тірегі… ми, жұлын-жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді» дейді. Ақын « Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, алу сондай-ақ өлген жанның топыраққа,

өсімдікке нәр болып тіршілікке  қайта  айналып келуі табиғи құбылыс, бар зат мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан  пайда болмайды, тек заттың, құбылыстың түрі ғана өзгереді, жан мен тәннің байланысы осында деп, былайша ой қозғайды

        Тіпті  кетпес еш жоғалып,

       Байқасаңыз барша жан

       Тағы дене тауып  алып,

       Тағы өседі қайтадан.

       Түрлі жанда дене  түрлеп,

       Өзгеріп түр бұл ғалам.

       Жоғалатын нәрсе жоқ деп,

       Айтты ғылым байқаған.

  Шәкәрімнің психологиялық пікірлерінің негізгі жүйесі, оның 1919 жылы қазақ тіліне тәжңрмаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен жақсы байқалады.Қолжазба түрінде оншақты беттік материалдың жекеленген үзінділеріне назар аударатын болсақ, оның психологиялық көзқарастары жайлы толығырақ мағлұмат алатынымыз хақ.

 

       Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ( 1857-1931)

 

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде педагогика, психология саласында өздерінің соны да сындарлы пікірлерімен көрінген қазақ ғұламаларының ішінде М.Ж.Көпеев ерекше орын алады. Көпеев  еңбектерінде тәлім-тәрбие, педагогика, психология мәселері,атап айтқанда сезім мүшелері, ми мен жүрек, қиял, ойлау, бала мен үлкендердің қарым-қатынасы, әйелдерге білім беру т.б. қатысты ой-пікірлер көптеп кездеседі. Мәселен « Аспан, жер және адам жаратылысы туралы» еңбегінде ол былай дейді: « Дене бір қараңғы үй. Жан сол үйдегі жарық қылып тұрған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай болғаны үшін айтылады. « Арық пен семіздің  басы бір ме, жақсы мен жаманның жаны бір ме?»-дейді. Алайда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен-бірі жасырын емес, бірақ жан деген мәселені ешкім көрген емес. Адамның денесі өзінде, басқаға да көріністе тұр. Жанның  өзі көрінбейді, бірақ белгісі  көрінеді, жанның барлығы соңынан танылады. Барлық белгісі— адамда бар нәрсені ойына салып ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген нәрсесін орындап, орына келтіру бар. Жылынады, тынығады, бір нәрсені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді.Міне, осындайлар –жанның барлық белгісі... Денедегі жанға серік болуға жарайтұғын нәрсе –

қан».

             Ғұмар Қарашаев (1876-1921)

 

       Ғұмар Қарашаев қазақтың рухани мұрасының дамуына елеулі үлес қосқан, педагогика, психология ғылымдары саласында сындарлы ой-пікір айтқан ғұлама тәлімгер ақын, кезінде ишан, ахун, қазы атанғанымен, өмірінің соңғы жылдарында ол ағартушылық жолға түседі. Оның демократиялық көзқарасының қалыптасуына 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық төңкерісінің, сондай-ақ орыс, қазақ ағартушы-демократтарының идеялары елеулі әсер етеді.

    Ғұмар Қарашаев тіл үйрену, білім алу мәселелеріне ерекше мағыз береді. Бұл жайында ақын пікірлерін қысқа да нұсқа афоризм түрінде келтіріп отырады.Олар: тіл-көңілдің  ашқышы. Көңіл-жарық, жан-қиял, білім-бақтық. Қараңғы да жол қия т.б.

    Балаға ұрсу, жекіру жолымен үгіттеудің пайда бермейтіндігін айта келіп: « Бала өзіне жаза күтіп тұрған кезінде, иә болмаса жаза тартып болысымен үгіттеуден сақтану керек. Мұндай кезде берілген үгіттің тудыратын әсері, жақсы  сөзден жиренуден басқа  ештеңе де емес!»- деп мәселенің психологиялық астарына үңілді.

 

 

 

                     Әлихан  Бөкейханов (1866-1937)

 

           Қазіргі  Қарағанды   облысының Қарқаралы  ауданында туған. 1888 жылы Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт- Петербургтегі орман- техникалық институтының экономикалық  факультетін  бітірген. Ол « Россия. Общее географическое описание нашей Родины» атты  18 томды іргелі  ғылыми еңбектің авторларының бірі. Семей  облысының бірінші Мемлекеттік Думаға  депутат  болып  сайланады. 1905-1907 жылдары Омбы кадет  партиясының губерниялық комитетіне мүше болады, 1913 жылы  Қазақ  газетін ұйымдастыруға ат салысады. 1917 жылы кадет партиясы  қатарынан  шығып, алашорда үкіметінің  төрағасы  болып  сайланады. 1919 жылдан бастап баспагерлік  жұмыспен айналысады. 1920 жылы ҚазАССр бірінші Кеңесінің съезіне құрметті қонақ ретінде  қатысады. 1937 жылы халық  жауы  ретінде  тұтқындалып, өлім жазасына кесіледі. 1989 жылы СССр  Бас прокурорының  шешімімен толық  ақталды. Оның  әр жылы түрлі тақырыптың төңірегінде  жазған шығармаларынан ұлт психологиясына қатысты, сондай-ақ психология  ғылымының кейбір  теориялық қағидаларымен  тоқайласатын түйіндерді көптеп кездестіруге  болады.

 

            

                     Ахмет  Байтұрсынов ( 1873-1937)

 

            Қазақ  ғылымы мен  мәдениетінің  аса көрнекті өкілі, әмбебап ғалым, қоғам қайраткері  Ахмет  Байтұрсынов  оқу-ағарту, тәлім-тәрбие  саласында  артына  аса бай  мұра қалдырады. Ол  психология  ғылымы  саласында да өзіндік қолтаңбасымен  дараланады. Мәселен тек « Әдебиет таныштқыштың» (1926ж) бір өзінде психологияға  қатысты толып жатқан ой-пікірлер  мен салмақты түйіндер баршылық. Мұндағы « Көркем  өнер», « Сөз толғау, жан жақтау, жан қоштау, көріктеу,ес ұғымы, іс ұғымы, зейіндеме т.б. атаулар мен ұғым түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиясының теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол. Ғалымның  тіл  мен сөйлеу  психологиясы жайлы  айтқандары да аса мәнді.

           Ахмет  Байтұрсыновтың  психология ғылымының төңірегін де ой қозғаған терең мәнді, салиқалы пікірлері

« Әліппе- таңбалар жұмбағы» дейтін  еңбегінен елеулі орын алған.

        Ғұлама   ғалымның телегей-теңіздей рухани мұрасында  осы айтылғандардан басқа да психологиялық мәні терең ой-тұжырымдары көптеп кездеседі. Бұларды   саралап, зерттеп, халық игілігіне айналдыру-қазақ психологиясының  келешектегі міндеті, парызы болмақ.

 

 

                        Міржақып  Дулатов (1885-1935)

 

      Ғылым – педагогика... Мектеп програмасында бірінші орын алған нәрсе  қирағат баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт  еткен пайданы бере алмайды... Жас  балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін, сездіруге қалай үйретпек  керек. Балаларды оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып  ойлануына, оқып  шыққаннан кейін жадында ретті  һәм толық мағынасы мен қалдыруға әдеттендіру  керек. ( М. Дулатов. Шығармалары. Алматы Жазушы 191 бет, 203 бет) Ол орыс педагогикасының  атасы К.Д. Ушинский айтқандай  оқу- тәрбие процесіне шәкірттердің сезім мүшелерін түгелдей  қатыстырып  отыру қажеттігін орынды аңғарып, мұны тәлімгерлердің  жадына  ойластырады. Осыған орай ол былай деп жазды: «... Әрбір жазылған сөз – жазушының сезімімен, естуімен, көруімен шыққан нәрсе» (239 бет).

        Міржақып  Дулатовтың  психология  ғылымының оқу-тәрбие  процесінде  алатын орны жайлы айтқандары осы айтылғандармен  шектелмейді. Бұлар арнаулы зерттеуді қажет етеді.

 

 

                Сұлтанмахмұт  Торайғыров (1893-1920)

 

    ХХ ғасырдың  басында өмір сүрген қазақтың аса талантты демократ  ақыны Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  психологиялық   пікірлерінің  негізгі желісі Қазан төңкерісі  алдындағы дала өміріндегі  дүрбелеңнен сабақтасып отыратындығы белгілі.

      Сұлтанмахмұт  Торайғыров  қазақ  тарихында бірінші болып  жан мен  тәннің  яғни  психика  мен  мидың ( дененің) арақатынасы  туралы  мәселе  көтеріп, бұл  екеуінің өзара  байланысын ғылыми  тұрғыдан дұрыс түсіндірді. Ол  жан  мен тәннің  ылғи да бірлікте тұтастықта байланыста болатынын айта келіп:

     « Дене азыққа тоюдан жан ер жетер... Жан  ер жетіп, дүниенің сырын  табар...» деп адамның тәні  өсумен қатар жаны, ақыл-ойы, сана-сезімі де бірге өсіп, жетіліп, дамып отырады»- дейді. Тән  мен жан ның қоса өзгеруінің негізін  Сұлтанмахмұт  тәнде, яғни  мида  деп түсінеді. Адам  өлгеннен кейін онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек  көру жоқ, махаббат жоқ, өмір жоқ яғни бір сөзбен  айтқанда, тәннен бөлінген жанда ешуақытта өмір болмайды»- деп осы мәселені материалистерше баяндайды.

 

                       Мағжан  Жұмабаев

 

      1922 жылы « Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) кітап жазуы өмірде өте  сирек кездесетін  тек аса талантты, данышпан  адамдарға ғана тән қасиет. Бұл   кітап  17 тараудан тұрады, соның 13 тікелей психология мәселелеріне  арналған. Мұнда тікелей педагогика қисындарына 2-ақ тақырып ( педагогика бөлімдері, жалпы педагогика) арналыпты, оларды автор бар болғаны 13 бет көлеміне кітаптың қалған тауарлары адамның жан дүниесінің әртүрлі жақтарын сипаттайды.

    Тауарлары:

1.      Сөз  алды

2.      Жетекші сөз. Тәрбие деген не?

3.      Педагогика  бөлімдері, жалпы педагогика. Дене тәрбиесі

4.      Жан тәрбиесі. Психология

5.      Жан көріністерін топ-топқа бөлу. Ақыл көріністері, яки жанның білуі, әсерленуі

6.      Әсерленуді бөлу

7.      Абай

8.      Суреттеу

9.      Ес (зейін)

10.Қиял

11.Ойлану

12.Хакім

13.Тіл

14.Ішкі сезім көріністері, яки көңіл

15.Қайрат

16.Баланың  жалпы жаратылысы

      Мағжан  Жұмабаев  орыс педагогикасының білгірі К.Д.Ушинскийше педагогиканы жан сырының  заңдылықтарын зерттейтін психологиямен астарластыра байланыстырған  тұңғыш қазақ  ойшылы.

 

                    Жүсіпбек  Аймауытов (1889-1931)

 

     Жүсіпбек  Аймауытов  5-6 жылдың ішінде 6 кітап жазып шығарған. 1924 жылы « Тәрбиеге жетекші (Орынбор)», 1926 жылы 2 кітап біреуін Психология ( Қызылорда- Ташкент), 2-шісін Жан жүйесі және өнер таңдау ( Центриздат)

      Тәрбие жетекшісінде  дидактика  мен  педагогикалық психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болады. Еңбек 4 бөлімнен, 29 тараудан тұрады.

       Психология— деп жазды автор осы кітаптың « Бет ашарында»  терең ой, терең білім, терең  пәлсапаға соғатын пән... өзге білімдер затшылдыққа табанын тіресе де, психология әлі тіреп, яғни шын басқан жоқ...

     Ж. Аймауытовтың   психологиялық қисындарына негізгі желісі – оның өзі тұжырымдаған  мына төмендегі қисындарға келіп саяды, тән қуаты болса, жан қуаты да жарлы болады.

     Нашар  жаннан – осал мінездер  туады. Жалынды  сөз, жалынды жүректен шығады. Аймауытов  кітаптары ерекше назар аударатын тағы бір басты ерекшелігі –

бұлар төл  тіліміздегі    тұңғыш  психологиялық дүние  болумен   қатар бұрынғы кеңес  елін  мекендеген түркі  тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген бірден-бір туындылар екендігінде.

 

                       Қорытынды

 

         Кеңестік  Қазақстандағы  психолгия ғылымы

 

      Қазақстанда  іргелі  ғылыми  зерттеулердің дені соңғы жетпіс көлемінде ғана өркен жайлы, дами  бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әрине, психология ғылымына да ортақ. Әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте замандардан  Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20 жылдарда біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей ордасында шыққан « Мұғалім» журналында(1919) Ғ.Қарашаевтің бірнеше тәлімдік-пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың « Мектепке дейінгі тәрбие» (1923), « Ана мен бала» (1927) дейтін кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біраз сөз қозғалған еді. 20- жылдары өлкедегі тәлім-тәрбие ғылымының қалануына  орыс ғалымдары да шама-шарқынша үлес қосты. Мәселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мұғалімдерінің  қалыптасуына жәрдем еткендердің бірі – профессор В.Я. Струминский (1880-1967) еді. 1923 жылы оның  қаламынан « Психология» атты еңбек  жарық көрді. Сонымен қатар, ол мұғалімдерге арнап « Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін үстелдік кітап», «Орынбор  1- басқыш  мектебі шәкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» дейтін еңбек жазды. Осы кездері Ташкентте Н. Архангельскийдің

« Психологиялық зерттеулер» атты еңбегі  қысқартылып, қазақ тіліне аударылды. Осы аталған кітаптар қазақ психологиясының  қаз тұрып кетуіне себеп  болғаны хақ.

       Қазақ  отызыншы жылдары  қызмет  еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі  педагогикалық  психологияның негізін  салушылардың  бірі –А.Л. Нечаев (1870-1948) елу жылдан  астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым еді. Ол араспаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін тәжірибе  жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді.Яғни психологияның қолданбалы зор еңбек сіңіреді.Ол елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.Олардың кейбірі:

« Қазақ эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысты» (1908), « Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері» (1922), « Дене тәрбиесінің психологиясы» (1927), « Шахмат ойының психологиясы» (1928), « Техникалық өнер тапқыштардың психологиясы» (1928), « Ес және оны тәрбиелеу» (1930) т.б. Өз өмірінің соңғы  жылдарында педагогика пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге  арнап, « Психология» оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның  1940 жылы жазып бітірген « Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты еңбегін еліміздің көрнекті психолог ғалымдары, академиктер Д.Н. Уэнадзе мен К.Н.Корнилов өте жоғары бағалады.

Информация о работе ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары