Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:34, курсовая работа
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.
І. Кіріспе
Психология пәні
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.ХІ-ХІV ғасырлардағы Қазақстандағы психологиялық идеялар
2.2.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары
2.3.ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары
ІІІ. Қорытынды
Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы
Жоспар:
І. Кіріспе
Психология пәні
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.ХІ-ХІV ғасырлардағы Қазақстандағы психологиялық идеялар
2.2.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары
2.3.ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары
ІІІ. Қорытынды
Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зеттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі— «псюхе» (жан), екіншісі – «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз « жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы жаңсақ сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болған.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының инцеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің,ғ бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы— адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата алмай, оны өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы аристотель (384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен аралас, астарлас дамып келді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан была қарай ғалымдар жан құбылыстарын эксперимент жүзінде әртүрлі құрал- жабдық, аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы екі бағыттың материализм, идеализм ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарыының бірі Демокрит (460-370) сол кездің өзінде-ақжанды оттың атомарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше « жан мәңгі өлмейді, өшпейді»,- деп тұжырымдады,
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материалдан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші бір түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді әрмен қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі— шамамен 2500 жылға созылған, көшбасшысы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресеі философиямен қосақтаса дамып келген. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды,
Жан мен тән, олардың ара қатынастары туралы ілімдердің тарихы өте әріден басталады. Біздің жыл санауымызға дейінгі мыңдаған жылдар көлемінде ежелгі Шығыс елдерінде қазіргі ғылым-білімнің негіздері, ілкі бастаулары қалан бастады, Мәселен, адамның жан дүниесін жүректің басқаратыны, организмнің жеке мүшелерімен қызметтері, мұндағы қан айналысымы түрлі сүйықтар қызметіне байланысты екендігі туралы үнді ойшылдарының пікірлері ерекше назар аудартады. Сондай-ақ ғылым-білімнің бес мың жылдық тарихы Қытай елінде де адам темпераменттер туралы психофизиологиялық түсініктер, әсіресе Конфуцийдің (551-479) психологиялық қасиеттердің туыстан берілетін, оны кейіннен сыртқы орта бұзатындығы жәйлі, моральдық-этикалық түсініктері, қазіргі психологияның отаны деп жүрген грекиядағы антикалық дәуірінен әлде қайда бұрынырақ айтылған түйіндер еді. Бірақ біз осы заманғы психологияның ілкі бастауы Аристотельден басталады дейтін себебіміз – оның «Жан туралы» тркататының бізге жеткендігінен болса керек.
Негізгі бөлім
Халқымыздың ХІ-ХІІ ғасырлардағы тарихынан елес беретін, қоғамдық ой— пікірлеріміздің төркіндерінің бірінен саналатын көне туындыларымыздың бірі— « Құтадтғу білік».
Бұл—дидактикалық, моральдық— этикалық сарында жазылған шығарма. « Құтадғу білік» - түркі сөздері. Мұның біріншісі, «Құдатғу», «құт», «бақыт», «құтты», ал екіншісі «сөз» - «білік», «білім», «кітап» деген мағынаны білдіреді. Олай болса, «Құдатғу білікті» қазақша « білімді құтайтушы кітап», « бақытқа жетудің ғылымы» деуге де болады. Кітап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан тұрады. Дастан оқиғасына аз ғана топ қатысады. Автор мұндағы төрт кейіпкерді төрт кейіпкерді төрт қасиеттің иесі етіп алады. Дастан төрт кейіпкердің арасындағы бақыт туралы сез жарысына – диалогқа құрылған. Шығарманың бұл ерекшілігі бізге айтыс жанрының тууы жайында да көптеген қызықты деректер береді. Кітап Қараханид мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Бұл өлке кезінде шаруашылығы шарықтап өскен, жазу, сызу өнері дамып, мәдениеті өрлеген, зиялы оқымыстылары көп ел болса керек. Мәселен, осы қаладан шыққан Қашқари 1072-1074 жылдары « Диван лұғат ат түрк», Жамал Қарши (1230-1305), « Мұлхакат ул Сурах» атты кітаптар жазған. « Құтадғу біліктің» авторы Жүсіптің туып, өсіп, тәрбие алған жері онша қашық емес) сол кезде қаңлы тайпасының астанасы болған.
1069-1070ж. жазылған. Қолжазбаның авторы жөнінде кітап кіріспесінің 3-бетінде былай делінген: « Бұл кітаптағы өлеңді жазған кісі Баласағұнда туған. Ол бұл кітапты Қашқар елінде жазып, жазушыға Қараханидтердің шаһы Тавғаш Арсланхан Бұғра— Те-кинге тарту етеді. Шаһ ағынның осы дастаны үшін оған « Хас-Хаджиб» деген атақ береді. Осыдан барыпжазушының « Жүсіп хан— Хаджиб» деген атағы жер жүзіне тарап кетеді. Қолжазбаның түп нұсқасы белгісіз. Бізге оның үш көшірмесі жеткен. Біріншісі—1439ж. Герат қаласында ұйғыр жазуымен, екіншісі—ХІІ ғасырдың орта шенінде Мысырда араб жазуымен ХІІ ғасырдың аяғында жазбаша көшірілген үшінші түрі— 1914 ж. Наманган қаласнан табылған.«Құтдатғу біліктің»академик В.В. Радловтың 1890 ж. аударған көшірмесі Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы тұр. Кітапт ың көлемі 200 бет, әрқайсысы он парақтық 11 дәптерден құралған.
Қазақстанда іргелі ғылыми-зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай,әрине,психология ғылымына да ортақ болатын. Әрине,осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында шыққан « Мұғалім» журналында (1919ж.), Ғ.Қарашаевтің бірнеше пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың
« Мектепке дейінгі тәрбие» (1923ж.), «Ана мен бала» кітаптарында да адамның жан қуатары жөнінде қозғалған еді. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда кейіннен сол кездегі КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі болған профессор
В.Я. Струминскийдің « Психология» кітабының жарық көруі айта қаларлықтай оқиға болды. Өйткені орталықтан шалғай шетте жатқан Қазақстанда жан туралы ғылымның іргелі мәселелері Струминский кітабында кеңес өкіметі тұсында тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып еді. Автор психологияны маркстік тұрғыдан құруға талпынған, бірақ мұнысы ойдағыдай болмады. Өйткені ол психологияны ғылыми тұрғыдан құруға талпынғанмен, бірақ мұнысы ойдағыдай болмады. Өйткені ол психологияны ғылыми тұрғыдан баяндаймын деп, механистік материализмге ұрынады. Мұнысы сол кез жағдайында кешірімді де еді. Кітап авторының сол кездегі практикалық қызметі қазақ топырағына ғылыми-психологиялық идеялардың алғашқы ұрығын сепкендігіне еш күмән жоқ. Оның бұдан басқа бірнеше еңбектері Орынборда шығатын журналдарда жарияланды, сол кездегі мұғалімдердің кәдесіне жарады. Осы кездері Ташкентте П.Н.Архангельскийдің « Жұма оқулары» дейтін шағын еңбегі қазақ тіліне ықшамдалып аударылды. Сол жылдары қазақтың біртуар ғұлама ғалым қайраткерлері А. Байтұрсынов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, т.б. педагогика мен психология саласында бірнеше төлтума еңбектер жазды.
Отызыншы жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселері Ә.Сыдықовтың (1898-1982ж.ж) С.Қожахметовтің (1910-1945ж.ж.), С. Балаубаевтың (1902-1972ж.ж) педагогикамен астарластыра жазған бірнеше кітапшалары мен мақалаларында жарық көрді. Сол жылдары « Жаңа мектеп» журналының беттерінде қазақ психологтарының аға буын өкілдерінің бірі— С.Балаубаевтың бірнеше мақалалары басылды. Мәселен, оның « Қиын балалар» атты мақаласында жас өспірімдердің психологиясындағы кейбір ұстаз бен ата-анаға тәрбие процесінде қиындық келтіретін кейбір жайттар талдауға алынып сөз болады. Мәселен, мұнда жас өспірімдердің организмінде болатын жыныстық дамудантуындайтын биологиялық өзгерістер, сондай-ақ кейбір ақыл-ойы кеміс балалардың түрлі топтарға бөлінетіндігі жөнінде кең түрде әңгімеленеді. Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мазмұны терең,іргелі,қомақты еңбектер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы ғылымның теориялық жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен санарлық еді.
1938 жылы Т.Тәжібаев Ленинградтан диссертация қорғап, Алматыға оралған кезден бастап психологиялық тақырыпқа жазылған төл еңбектер жиі көріне бастайды.
Қазақстанда 1935-1948 жылдары арасында аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі педагогикалық психлогияның негізін салушылардың бірі— профессор А.П.Нечаев (1870-1948ж.ж.) қызмет етті. Нечаев елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты әлемге әйгілі ғалым еді. Ол араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларынан дамытуға зор еңбегін сіңірді. Ол—елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі:
« Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысты» (1908ж.), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселері» (1922ж.), «Дене тәрбиесінің психологиясы» (1928ж.), «Техникалық өнертапқыштардың психологиясы» (1928ж.),
« Ес және оны тәрбиелеу»(1930ж.),т.б. Ол өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, «Психология» оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген
« Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты еңбегін еліміздің көрнекті психолог ғалымдары академиктер Д.Н.Узнадзе мен К.Н.Корнилов өте жоғары бағалады. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-ақ, педагогика ғылымдарының докторы атағы берілді. Қазақстанда психология ғылымының өркен жаюына осы ғалымның да зор шапағаты тигені даусыз.
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықтарында Ресей, Украина, т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткені мәлім. Бұлардың арасында психология ғылымының көрнекті өкілдері де бар еді. Мәселен, ҚазПи-де профессор-психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада- белгілі украи н психологы, кейін академик болған Г.С. Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник, т.б. жұмыс істеді. Олар жергілікті ғалымдармен бірлесіп бірнеше еңбектер жазды. Мәселен М.П.Рубинштейннің « Батылдық психологиясы» атты зерттеуі кезінде баспасөз беттерінде жылы лебіз білдірілді. Республикадағы психология ғылымы әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен,1947 жылы ҚазПи-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды.1946 жылғы БК (б) Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды.1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Оның көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарына мұғалімдік қызметке жолдама алды. Республика үшін психолог кадрларды дайындаудаоқыту жөніндегі проф. Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген проф. И.Л. Стычинский (1896-1969ж.ж.)зор үлес қосты. Осы кезде ҚазПи мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.