Сәкен Сейфуллин

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 11:38, биография

Краткое описание

Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас ) (1894-1938) – қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері. 20ғ-дағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ.

Файлы: 1 файл

Сәкен Сейфуллин.docx

— 205.89 Кб (Скачать)

Сәкеннің совет заманында жазған алғашқы зерттеу еңбегі «Әдебиет Һәм оның бағыттары» деп аталып, 1922 ж. жарияланды. Әдебиеттің туып, өркендеуі жөнінде кең көлемді еңбек жазбаққа ниет еткені сез саптауынан анық байқалады, бірақ өкініштісі – сол Сәкеннің алдына қойған мақсатына жетуге мұрсаты болмаған сияқты. Жұмыстың соңғы тарауларын жазбаған, жаза қалса жарияламаған. Әйтеуір бізге мәлім емес. Әйтпесе бүкіл әлемдік әдебиеттің даму жолын шолғанда қазақтың сәтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетика. талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер өте көп болды. Жаңашылдығын жұрт әбден танып, мойындаған шақта Сәкен қазақ поэзиясымен «ойнай» бастады. Эксперимент-тәжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету тенденциясы елеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта заңдылықты қатаң сақтайтын силлабика жүйесі тас-талқан болып, поэтик. қасиеттен жұрдай бола бастады.

Абай мен Сәкенді өнер ерісуінен іздеген уақытта ғана олардың бауырлас, рухтас екендігі осы жаңашылдық саласында айқындала түседі. Тіпті бұған Сәкеннің көзқарасы, Абай туралы ойлары кедергі бола алмайды, өйткені жаңашылдық рух белгілі бір көзқарастан емес, көркемдік тәжірибеден, санаға білінбей сіңген үлгі-өрнектерден бастау алады. Сондықтан сөзі бір жақта, ішкі таным-білігі бір жақта жүретін «шығармашылық қайшылықтар» өзінің диалектика. бірлігін жоғалтпайды, қайта осындай ұлы тұлғалар арқылы бадырайып көрінеді. Сәкенді идеялық тұрғыдан алшақтатқысы келетіндер Абайдың ұлы жаңашылдығының бесігінде Сәкен тербеліп ескендігін көре, түсіне бермейді. КейбіреулерАбай мен Сәкен заманының өзгешелігін ескере қоймайды да екеуін бір уақытты кеңістіктен қарап, ой-пікір алшақтығын тауып алуға тырбанады. Абай заманы – қазақтың бел омыртқасы үзіліп, бодандыққа әбден мойын ұсынған кезі. Соңдықтан даусы қорлықтан құтылар жолды Шоқан, Ыбырай, Абайлар ағартушылық идеясынан іздестірді, соған сенді. Ал Сәкен сахнаға шыққан дәуірдің ерекшелігі мүлдем басқа. 1905жылғы революцияның күресшіл рухы бара-бара азаттық, теңдік ұранына, төңкеріс заманына, азамат соғысының ылаңына ұласты. Кедейді жарылқаймыз, дүниенің тұтқасы – еңбек, оның иесі – бейнетқорлар болады, бай-кедей болмайды деген идеяның ел-жұртқа қалың өрттей тез жайылуы, көпшіліктің соған имандай сенуі Сәкеннің әрі бақыты, әрі соры болғандығын енді ашық айтуымыз керек. Сәкен бұған ешбір шүбәсіз сенді, берілді, тапсырмасын бұлжытпай ораңдады.

Жаңаша өмір басқаша арнамен өркендейді деп түсіңді, сол жолға аянбай, алаңдамай, жалтақтамай қызмет ету ер азаматтың парызы, міндеті деп білді. Осыған ылайықты ой айтты, пікір толғады. Сәкеннің Абай жайындағы ой-пікірлері айтыс мақаладан басталды. 1923 ж. Нәзір Төреқұлов «Темір қазық» журналының 1-санында Сәкеннің «Асау тұлпар»жинағына сын жазып, Абайдың ойып түсер өлеңін эпиграф етті. Нәзірге қайтарған жауабында «Абайдың бүл қағидасы өз заманында Құнанбайдың тұқымы тәрізді қара қазақты билеген жуан атаның балаларының қолынан орыс патшасының уездік әкімдері билікті алып, әр елге «болыстық» деген, «волостной старшина» деген дәрежелі қызметті орнатып, оған қазақтың «аталы», «атасызына» қарамай, әркімді «шарға түсіп», таласып болыс болатын болған соң, қара қазаққа хан болған Құнанбай тұқымының билігіне «атасыз», кешегі «тебінгісі тесік» жамандар біраз жал біткен соң таласа бастаған».

Міне, Нәзірдің «бісміллә» қылып келтіріп отырған бүл сөздерін Абай сол Құнанбайлардың аяғынан ала бастаған «атасыздарға», кешегі «тебінгісі тесіктерге» айтқан сөзі: «таласпа жаным-ай қолыңнан келмеске, боларсың бақадай көптессең егеске…». Әрине, Абайға айтуға ылайықты-ақ! Қанша тыраштанғанмен «Жер астынан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан мұндайлар» Абайға, Құнанбайға қайдан жетсін! Абайдың бүл мақалын 1917ж. большевиктерге қарсы адамдар айтқан. Бүл мақалға қарсы болсақ та, біз де бүл «бісмилланы» мысал қылып алып көрейік», – дегенде Абайдың ата-тегі басым айтылады да, ұлы ақынның шығармашылығына сөз тигізбегендігін кереміз. Нәзірдің қазақшаға шорқақтау екендігін дәлелдеу үшін «Түркістандағы қазақ жігіттері Нәзірдің қолына «қазақша үйрен» деп Абайдың өлең кітаптарын берген. Нәзірдің келтіріп отырған «бісмәлласы» сол Абай кітабынан. «Ал Абайдың ғашықтық тақырыбында Һәм әйелді өлең қылған сездерін аралап, теріп алған кісіге Абайдың өлеңдерінің ішінде тіпті бізден аулақ, тінтті сорақы кеткен жерлері бар. Абайды да Нәзір жақтырмауға керек еді ғой» деп, Абайдың бес өлеңінен үзінді («Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып») келтіреді де, өзінің махаббат лирикаларын түсінбей сез еткен сыншыға Абай елеңдерін көлденең тартады. «Абайдың өзімен билікке таласа бастаған кешегі темен атаның баласын кекетіп, мысал қылып келтірген елеңдерін «бісмәлла» орнына ала жүгірген Нәзір бүл өлеңдердің мағынасын неге сұрап алмады екен?» деп көркемдік таным мәселесіне ойысады. Сез арасында «бүлікшіл» Абайдың төбесі көрініп қалатыны рас. Таптық көзқарастың ызғары алыстан сезіледі.

Сәкеннің совет заманында жазған алғашқы зерттеу еңбегі «Әдебиет Һәм оның бағыттары» деп аталып, 1922 ж. жарияланды. Әдебиеттің туып, өркендеуі жөнінде кең көлемді еңбек жазбаққа ниет еткені сез саптауынан анық байқалады, бірақ өкініштісі – сол Сәкеннің алдына қойған мақсатына жетуге мұрсаты болмаған сияқты. Жұмыстың соңғы тарауларын жазбаған, жаза қалса жарияламаған. Әйтеуір бізге мәлім емес. Әйтпесе бүкіл әлемдік әдебиеттің даму жолын шолғанда қазақтың көркемдік таным-білігіне соқпауы, оның ішінде Абайға аялдамауы мүмкін емес. Тегінде шаруа басты болып жүрген Сәкен бұл еңбекті қағазға түсіре алмағандықтан ауызекі айтумен ғана шектелген сияқты. 1924 жылдың басында Сәкен Орынбордағы қазақ жастарының орталық клубында қазақ әдебиетінің тарихы туралы лекция оқыды. «Еңбекші қазақ» газетінде 19 ақпан күні сол лекцияны тыңдаған Сәбит Төңкеріс ұлы «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген атпен естіп- білгенін езінде баяндап берді. «Сәкен жолдастың оқыған лекциясының қысқаша қорытындысы алынды. Ұзартып жазса Сәкен жолдастың баяндамасы кеп сез болатын еді. Бірақ газет беті тар болғандықтан қысқаша түрін ғана жазып отырмыз. Сондықтан мұны оқушылар Сәкен баяндамасының дәмі деп ұғуы керек» деп ескертпе жасады. «Ақ жол» газетінде Темірбай деген кісі «Қазақ әдебиетінің тарихынан» деген мақала жазып, Сәкенге жаппаған пәле қалдырмады. Соған Ғабит Мүсірепов «Қисық сынға әділ тере» атты мақаламен («Еңбекші қазақ», 1924, N° 183) жауап берді.

Сәкен әдебиет тарихын әріден бастаған. «Ел қазағының арасына жазба әдебиет таратқан Түркістаннан шыққан қожалар. Ол кезде қазақтың арасына кең таралған Қожахмет Иассауидің кітабы. Біздің қазақ ақындары соның сезіне еліктеп кеткен» деген ойды айтып, соңғы кезде араб-парсы, татар, өзбек, орыс сөздерімен қазақ тілін шұбарлап жүргендерге тоқталады. Сәкеннің ез ойы болсын, не хабарлаушының түсінігі болсын, әйтеуір «Қазақ әдебиеті 1900 жылдан бері шыққан. 1905 жылдың жұмыскер қозғалысынан кейін ұлт сезімі туа бастап, қазақ ақындары тіл түзеу деген пікірді жарыққа шығарған. Бірақ сол әдебиеттің азған уақытында бірен-саран елеңін таза қазақ тілімен жазғандар болды. Мәселен, Абай, Абайдың ол әдебиетті туғызған екендігіне дәлел болатын жұмыс емес. Себебі Абай арғы жағында таза қазақ тілімен сез жазушылардың жолын мықтап қалған, басталған жолдың иесі ғана. Абайдың қазақ әдебиетінің ағасы деушілік қате» деген пікір жазылған. Мұны Сәкен айтты ма, жоқ па, бірақ Төңкеріс ұлы Сәбит езіміз білетін Сәбит Мұқанов болса (бұл кезде Сәбең «Еңбекші қазаққа» қатысып, Сәкен үйінде Ғабит екеуі бірге жатып жүрген кезі), онда 1923 ж. «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласында Абайға қырын қарайтыны белгілі болатын. Сондағы ойдың салқыны бар екені даусыз. Мүмкін, ондай пікірден Сәкен де аулақ болмаған шығар, өйткені Абайды қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастырды дегенге дау айтпаса да, қазақ әдебиетінің атасы, негізін салушы дегендерге қосыла қойған кезі шамалы. Оның үстіне Сәкенді 1922-1924 ж. сынаушылардың қай-қайсысы болмасын, әсіресе Темірбай, Сәкеннің таптық позициясын тарихтан хабарсыздар мен байланыстырып, тарихи жетесіздер қатарына қосып жібермекке жан салған болатын. Сондай қаңқу сездерді Сәкеннің «қасарысып, принципшілдікке салынуына» себепші болғанын да естен шығармайық. Мәдени, әсіресе әдеби мұраны игеру саласында жіберген қате-кемшіліктер, артық-кем пікірлер 20-30 жылдарда кімде болса да кеп болғандығын санаттан шығарып тастауға тағы болмайды. Соның ішінде Абай туралы ой-пікірлердің кереғар болғандығы әмбеге аян.

20-жылдардағы қалың айтыс-тартыста кебіртек әңгіме болған бір сала – оқып-үйрену мәселесі. Алаш оқығандары кебіне кеп Абай мен Мағжанды ақын-жазушыларға ұстаз, үлгі мектебі ретінде әдейі ұшындыра керсетіп келді, жазды. Идея дұрыс болғанымен, басыбайлы шәкірт болуды қаламағандар аз емес. С. Мұқанов айтыс екпінімен «ұлтшылдардың, кейбір ұлтшылдыққа бейімдердің алдымызға үлгі ал деп тарта беретіні қазақ ұлтшылдарының шығармалары. Ұлтшыл не еңбекшіл деп бөлмей алғанда, жалпы қазақ әдебиеті езінен езі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ» (Өсу жолдарымыз. -А., 1960, 50-б.)деген қате тұжырым жасап, сынның астында қалған болатын. Осы әңгіменің бір шеті Сәкенге де тиіп жатты. Смағүл Садуақасов «Ұлт театры туралы» мақалаларын 1926 ж. жеке кітап етіп шығарғанда Сәкен оған пікір айтты, сез арасында «Смағүлдің «Секен жазғандарын түзете берсін» деген ақылын рахмет айтып қарсы аламын. Бірақ бір алмайтын жерім, Смағүлдің «сез шеберлігін Абай мен Мағжаннан үйрен» деген ақылын тұтас ала алмаймын.

Үйренуден қашпаймын. Бірақ дұрыс үйретушілерден үйренеміз деймін. Абайды былай қоя тұрайын. Әрине, кей ретте Абайдан үйрену дұрыс» деп табады да, Мағжанға келгенде ерін мойнынан алып тулайды. Өйткені оның орыс оқытушылары Бат. Европаға қашып кеткенінің үстіне «Мағжан «шебер сөздің» молдасы болса, Бөкейханов пен Шоқаев шебер саясаттың молдалары ғой… Осылай болған соң, бұлардың медресесінен мен сірә оқи алмайтын шығармын» деуін психол. жағынан түсінуге әбден болады. Жалпы түсінігінде оқып-үйренуден безбейтіндігі анық байқалып, Мағжанға мұрит болуды ақындық намысы қаламағандығын анық көреміз. Сәкен еш уақытта өз ойын бүркемелеп айтқан пенде емес. Бәрі де ашық, анық. Оның күштілігі де, осалдығы да осында.

1927 ж. Сәкеннің «Қазақтың көркем әдебиеті туралы» деген мақаласы шықты. Оның «Қазақ әдебиеті қалай туып, қалай өсіп, кімнен үлгі алып келеді» деген тарауында 1924 ж. жасаған баяндамасының алыс жаңғырығы жүр. Әсіресе «1905 жылғы төңкеріс дүмпуімен қазақ әдебиеті аздап болса да ұлтшылдық рухымен өсе бастады. Үлгісі енді мүлде ноғай мен орыс әдебиеті болды» деп білді де, «Орысқа алдымен жанасқан қазақтың билері, ақсүйек дінділері болғандықтан, орыс әдебиетінен, ең алдымен, Абай тәрізділер нұсқа алған. Қазіргі қазақ әдебиетінің үлгісі – орыстікі» деп шорт кеседі. Әрине, бүл пікірді бірден қабылдай қою қиын, алайда, әдебиетінің кәсіпкерлік жолға шығуын айтып отырса, онда бұл тұжырымға тарихи сабақтастықты ескеріп, ойлана қараудың артықтығы бола қоймас. Ал Абайдың айналып өтуге болмайтын үлкен тұлға екені осыдан да анық көрінеді.

Таптық көзқарастың салқыны Сәкенге Абай жөнінде сақтана айтуды, мүмкіндігінше, онша жанаса бермеуді ұсынған сияқты. Абайды сөзінің бісмәлласына айналдырар пиғыл Сәкенді революцияшыл белсенділікпен талай сөйлеген шығар деп те қалатын сияқты. Сондайлардың бірі езім болғанымды жасырмайын. Әуелі «Тар жол, тайғақ кешуді» сүзіп шықтым. Абайдың ақындығына байланысты бірде-бір ауыз сөз жоқ. Абайдың бап апары мен ағайын-туыс қандарының аты аталып, «Абай» журналының бұдан әрі шығу-шықпау жайынан басқа бөтен ауыз сез жоқ. Сондай-ақ «Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен», «Әдебиет тап құралы», «Қазақ әдебиеті туралы хат» деген шығармаларында Абайдың жалпы рухы сезілгенмен, тікелей айтылған ой-пікір кездеспейді. «Қазақ әдебиеті» кітабында, Ақмолда, Ыбырай, Ақан сері, Шәкәрім жинақтарына жазған алғы- сөздерінде де Абайға тікелей бағышталған ештеңе жоқ. Қазақстан жазушыларының 1934 жылғы съезінде де Абайға сықпапты. Осы «олқылықтарды» толтырған еңбек -1934-1935 ж. Өтебай Тұрманжанов екеуі 5-класқа арнап шығарған «Көркем әдебиет» оқу құралы десе де болғандай. Әуелі қазақ совет жазушыларын орыс, қырғыз, езбек, тәжік ақын-жазушыларымен таныстырып алғаннан кейін «XIX ғасырдың ақырындағы, XX ғасырдың басындағы қазақ ақындары» деген үшінші тарауда «Классик жазушылардың мәні», «Өткен өмірді түсіну үшін әдебиеттің мәні», «Ескі әдебиетті қалай оқу, білу керек» деген бөлімдерден кейін Абайға арнайы үлкен тарау берілті. Тарихи сабақтастықты сақтау туралы Маркс, Ленин пікірлеріне сүйене отырып «Өткендегі әдебиет мастерлері, көркем сездің көрнекті шебер ұсталары классиктеріміз Абай, Ақмолда, Қарашұлы Омар, Мәшһүр Жүсіп, Торайғыр ұлы Сұлтанмахмұт» деп әрқайсысына жеке-жеке белім арнаулары, әрине, беті оңға бұрылған әдебиет танудың алғашқы қарлығашы еді. Ең алдымен, тарих пен әдебиетінің ара жігін ажыратып, бірі – дәлелдей түсіндірсе, екіншісі – суреттеп кернететіндігін, яғни «Шортанбайдың «Зар заманын» оқысақ, билеуші таптың әкімшілігінен айырылып зарлағанын білесің. Абайдың сезін оқысаң, сары тонға оранып шолтаңдаған бай, байдың малын бағып, жыртық купенің ішінде бүрсеңдеген кедей кез алдыңа елестеп келеді» деген баяндауларда таптық танымның түтінін оңға бұра бастағанын байқаймыз. Абайға арнаған монограф. тараудың «Ақынның балалық шағы» белімін Кәкітай баяндауына негіздей өрбітсе, «Абайдың орыстың және басқа елдің жазушыларымен танысуын» арнайы әңгімелейді. «Кей аудармаларының көркемдігі ана ақындардың түп сездеріне кем болмағандығын» айта келіп, «Абайдың қартайғандағы арманын» – ғылым-білім мен ұрпақ қамына тәуелдейді. «Абайдың елеңі» деген белімде «іші алтын, сырты күміс – сез жақсысын» талап еткенін, жаңа эстетика. норма орнатқандығын айта келіп, Абай «қазақ әдебиетінде ұлы қазына дерлік мұра қалдырды. Осы мұраны Ленинше ұғып, пайдамызға асыру біздің әдебиетіміздің міндеті» деген тұжырымға келеді, «Аттың сыны», «Аңшылық туралы», жылдың төрт мезгіліне арналған елеңдерін оқушы ерсіне лайық баяндай талдап, ақындық шеберлігіне тоқталады. «Тіл ретінен Абайдың шығармалары кеп пайда береді. Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсете алады. Сондықтан да Абай шығармаларының мәні зор. Онан қазақ тілін сұлулап, көркем нақыстап, әдемі кестелеген әсерлі жыр, сұлу, күйлі елең қылып шығару ретінде де Абай үлгі-ернек болатын үздік шебер ақын екендігі белгілі» деп ой түйеді. Абайдың ақындық шеберлігіне шаң жуытпаудың үстіне сол кездегі қызыл көздердің көңілін табу үшін «Ескі тұрмыспен, ескі санамен танысу үстінде Абайдың шығармаларының мәні зор» деп те қояды. Ұлы ақынның үлгі-өнегесінен кез жазбауға шақырып, әрқашан қадір-құрмет тұтуды жас ұрпаққа ұғындырады.

Дарынды дарынның танып, мойындауы әншейінді процесс емес. Л. Н. ТолстойдыңИ. С. Тургенев пен У. Шекспирді, Ф. М. Достоевскийдің Толстойды жазушы деп танымауы сияқты жайлар әдебиет тарихында жиі кездеседі. Оның шет жағасы Абайдың Бұхар, Дулат, Шортанбайлар, Сәкеннің Мағжан жөніндегі лебіздерінен қылаң беретіндігі осыдан. Бұған дәуір идеологиясы араласып, таным-біліктің ұйқы-тұйқысын шығарып жатса, артық-кемді айтылған ой-пікірлерге түсіне қарау жөн болмақ. Айрықша желдете, ажарландыра айтпағанымен, Сәкеннің «қазақ ақындарының ішінде Абайдан елеңге шебері жоқ» деген түсінігі дәуірдің ұйтқи соққан дауылдарында өзгерген жоқ. Сондықтан Сәкеннің Абайға деген ұлы махаббаты жаңашылдық рухтан, реформаторлық ізденістен табылып, қазақ әдебиетіне олжа сұлуы тарихи сабақтастықтың құнарлығына дәлел болары сезсіз 
Пайдаланған әдебиет 
↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3


Информация о работе Сәкен Сейфуллин