Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:35, реферат
Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласын қасына алдыртады.