Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:35, реферат
Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласын қасына алдыртады.
Рысқұлов Тұрар
Рысқұлов Тұрар (1894-1938) –
қазақ халқының көрнекті перзенті,
белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің
Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл
Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары
патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай
Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы)
Верный уезіне қоныс аударып келген болатын.
Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген
Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі
батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты
атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың
жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген
ол баласын қасына алдыртады. «Түрме баласы»
аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып,
бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін
үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге
жер аударылған соң «Қырғызбаев» деген
жалған фамилиямен нағашыларының қолына
келіп, Меркедегі орыс-түземдік бастауыш
мектепте оқиды. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі
1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне
қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша
өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара
қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылық
училищесіне түсу үшін арнайы жолдама
беріледі, бірақ училище директоры «қазақ
– көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті
жоқ» деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған
Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер
семинариясына түсуге тырысады, бірақ
оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен
қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне
арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан
тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру
үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі
Красноводск тәжірибе алаңында бағбан
болып істейді. 1916 жылы жазда қазақ даласында
ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде
Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі
Мерке ауылына аттанады. Ол келген кезде
халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде
қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын.
Ол Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің
іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси
бағдар сілтеді. Меркедегі көтерілістің
өршіген кезінде оны патша әкімшілігі
тұтқынға алды, бірақ оның іс-әрекетінен
кінә таппай, босатып жіберуге мәжбүр
болды.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Рысқұлов
Меркеге оралып, онда «Қазақ жастарының
революциялық одағын» құрды. Осы жылы
жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып
қабылданды. 1918 жылы сәуірде Әулиеата
уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының
орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін
ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған
ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар
мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты
реттеуге, кеңестерге жергілікті халық
өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеатада
уездік төтенше комиссия ұйымдастырып,
қарулы отрядпен бірге жер-жерді аралап,
орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын
тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған
қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне
қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың
ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің
құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады.
Уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар
көптеп тартылды. Оның жетекшілігімен
Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру
орыңдары ұйымдастырылды.
1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесі
атқару комитетінің төрағасы болып сайланды.
Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра
отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі
күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне
бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы
оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана
білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата
қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа
ұшыраған халықтың пайдасына 3 миллион
сом салық төлеттірді. 1918 жылы қыркүйекте
Рысқұлов Түркістан АКСР-інің денсаулық
сақтау халық комиссары болып тағайындалды.
Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен
қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған
еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау
халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем
жеткіліксіз болатын. Сондықтан да ол
аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына
түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін
арнайы ұйым құруды талап етті. Осыған
орай 1918 жылы қарашаның 28-інде ерекше Орталық
Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы
болып Рысқұлов тағайындалды. Комиссия
Түркістан АКСР-інің 19 уезінде 923 мың адамға
арналған тамақтандыру орындарын ашты.
1919 жылы наурыздың 14-інде Түркістан АКСР-і
Орталық атқару комитеті төрағасының
орынбасары болып сайланды. Осы жылы наурыздың
14-31-і аралығында Ташкент қаласында өткен
Түркістан Компартиясының 2-ші конференциясында
Орталық комитет жанынан Мұсылман бюросын
құру туралы шешім қабылданды. Оның жетекшілігіне
сайланған Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін
жандандыра түсу мақсатымен ұйымдастыру,
редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери
бөлімшелерін құрды. 1920 жылы қаңтардың
21-інде Түркістан АКСР-і орталық атқару
комитетінің төрағасы болып сайланды.
Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті
жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып
жұмыс істейтін органға айналдырды, сондай-ақ
оны жергілікті халықтардың құқын қорғайтын
ұйым дәрежесіне көтерді. Төраға ретінде
ол орыс шаруаларының қарусыздандырылуына,
жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайларының теңестірілуіне, орыс шаруалары
мен қазақтардың көшпелі халықтардан
тартып алған жерлерін кері қайтаруына
қол жеткізді. Түркістан АКСР-інің саяси-мемлекеттік
егемендігі жолында табанды күрес жүргізді.
Республиканы түркі тілдес халықтардың
ұлттық мемлекетіне айналдыруға, саяси,
экономикалық, дипломатиялық, әскери және
мәдени мәселелер бойынша нақты дербестік
құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін
жұмсады. Бұл әрекеттер Мәскеудегі орталық
басшылар тарапынан қатты сынға ұшырады.
Нәтижесінде, 1924 жылы ақпанның 4-інде РКП(б)
ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару
комитетінің құрамына қызметке жіберіліп,
Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің
орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда
Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы
өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол
онда Моңғолия Конституциясының жобасын
әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының
атын Уланбатор (Қызыл-батыр) деп қоюды
ұсынды. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға
жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитеті
баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне
тағайындалды. Осы жылы сәуірдің 19-ында
Рысқұлов Қазақ өлкелік БК(б)П комитеті
қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің
жауапты редакторы болып бекітілді. Көп
ұзамай мамырдың 31-інде Бүкілодақтық ОАК-нің
қаулысымен Ресей Федерациясы ХКК төрағасының
орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне
қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда
үкімет комиссиясының төрағасы болып,
оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға
берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ
жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын
Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп
оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік
БК(б)П комитетін басқарған Ф.Голощекиннің
«Қазақстанда кіші Қазан төңкерісін жасау»
идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру
саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы
ашаршылық апатынан халықты құтқару жайында
И.Сталинге нақты ұсыныстар жасады.
1937 жылы мамырдың 21-інде Кисловодскіде
демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл»,
«халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды.
Кеңестік қуғын-сүргінге ұшырап, Мәскеу
түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.
Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін
құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды
бастан кешті. Ескендір есімді ұлы түрмеде
қайтыс болды.
Рысқұлов КСРО Әскери алқасы Жоғарғы Сотының
шешімімен 1956 жылы желтоқсанның 8інде
ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының
бір ауданына Рысқұловтың есімі берілген.
Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын
демалыс бағы бар, оның орталық алаңына
ескерткіші орнатылған. Алматы қаласындағы
Басқару академиясына, бір көшеге Рысқұлов
есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2-кітабы),
«Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты
роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.
2006 жылдан бастап Тұрар Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университетінде дәстүрлі
Рысқұлов оқулары өтеді.
Дереккөзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том