Интерактивті оқыту әдісін, жаңа оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 09:01, реферат

Краткое описание

Әдістемелік құралымыздың мақсаты:

- “Білім” заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту;
- Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.
Міндеті:

Файлы: 1 файл

ТЕХНО ЖАНАДокумент Microsoft Word.docx

— 71.21 Кб (Скачать)

 

Сабақта оқушының ойлау, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатта оюларға  байланысты ертегілер құрастырту, ұлттық ойын, асықтармен ойнату, қоржын тігу, сандық жасау, моншақпен кестелеу сияқты ұлттық бұйымдармен байланыстыра өздік  жұмыс өткіземін. Өздік жұмыстың оқушының өзін-өзі бағалауында, шығармашылық мүмкіндік деңгейін білуінде ерекше орын алады.   Мысалы, сәндік қоданбалы  өнер элементтері ою-өрнектерді жасауда  оқулықтағы нұсқау карталарға сүйенбей, баланың өз ойынан жасауды талап  етемін. Ою өрнектің жеті тобының тек  бір түрін ғана беріп, оны басқа  топ түрлеріне өзбетімен өзгерту  тапсырмалары, түс үйлесімдіктерін  таңдап құрастыру оқушының логикалық  және әсемдікті сезіне білу талғамдарын  дамытады. Атам қазақ, шебер әжелеріміз кезінде ешкандай оқулықты да, нұсқау картаны да қолданбағаны олардың  ақыл, ой саналарының ұшқырлығын көрсетеді. Сондықтан да «Ою ойғанның ойы  ұшқыр» деп бекер айтылмаған болса  керек.

 

Қазақ - жоқтан бар жасаған  дана халық. Қалдық, қажетсіз заттардан  қажетті көркем бұйымды сәндеп жасап, оны сыйлық ретінде ұсынудың маңыздылығы  мен сатуда қалай жарнамалау керектігін үйретемін. Оқушыға осындай сәндік өнерін жасауға қаржылай шығын шықпайтынын, экономикалық жағынан тиімділгі  мен экологиялық табиғи таза заттардан  жасалған көркем бұйымдар қай кезде  де болсын жоғары бағаланатынын түсіндіремін. Осы арқылы оқушы өзінің отбасылық  бюджетіне кіріс кіргізіп көмектесе  алатындығына сенімділігі артады.

 

 Қолөнер бұйымдарының  ішінде моншақпен кестелеу, зергерлік  бұйымдар жасау, сәнді картиналар, кесте тігу өнері, ұлттық ойыншықтарды  жасау, ұлттық киімдерді тігу, тері бұйымдарын жасау, ши тоқу  өнері, біз кесте мен тігу  өнері аса  шеберлікті талап  етеді. Бұл жұмыстар оқушыны  әсіресе қыз баланы шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, талғампаздыққа  тәрбиелейді, кәсіби шеберлікке  баулиды. Ал қазіргі заманда  көпшілік оқушыларда осындай  сәнді бұйымдарын жасауда төзімділігі  мен бастаған ісін аяқтай білу  қасиеттері жетіспей жататыны  анық. Дәл осындай жағдайларда  оқушыға бағыт бағдар беріп,  ынталандыра отырып жеке жұмыс  істеп, оларды бақылауда ұстау  ұстазға байланысты. «Ұстазы жақсының  ұстамы жақсы» дегендей ең  бастысы ұстаз өз пәнінің шебері, баланы өзіне баурап алатын, педагогикалық  және психологиялық кәсіби шеберлікті  меңгерген болуы керек.

 

Ұлттық тәрбиеге мән беру барлық пәндерде де ерекше орын алу  керек. Зергерлік бұйымдар мен ұлттық тағам, киім үлгілерінің жалпы адамзатқа  берер тәрбиелік мәні туралы биология, әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, салауаттану, денешынықтыру, химия, биология, өзін-өзі  тану пәндерімен байланыстыра түсіндірілсе оқушы санасына түсінікті жетеді. Осы арқылы басқа пәнге деген  қызығушылықтарын арттыра аламыз.

 

Дәстүрлердің құндылығы  тұрмыстағы, күнделікті өмір барысындағы  қадір-қасиетіне, жаңа ұрпақ қалай  қабылдап жатқанына байланысты. Дәстүрлерге  немғұрайлықпен қарау қоғам өміріне  кері әсер етуі мүмкін. Ал оған мән бермеу –қоғамдық тәрбие мен ұрпақтар мұрагерлігінің бұзылуына алып келеді.

 

Дәстүр - әрбір ұлттың өзіне  тән әлеуметтік  және табиғи ортасы, тұрмыс көрінісі, күнделікті тіршіліктен  келіп шықса да, оның түбінде  еңбекқорлық, отансүйгіштік, адамгершілік сияқты барлық халықтарға тән идея алға тартылғандықтан  жалпы адамилық мағынаға ие. Дәл осы мағына бала тәрбиесінде жетекші орын алу  керек. Себебі, бала санасындағы  өз халқына тән ұлттық дәстүрлерді  мақтан тұту ұлтшылдық қөзқарас дәрежесіне өтпей, қайта әрбір ұлттардың  дәстүрі өздері үшін қымбат екенін, оларды кемсітпеу, құрметтеу керектігін де түсіндіремін.

 

 Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған жолдауында  «Біздің болашақтың жоғары технологиялық  және ғылыми қамтымды өндірістері  үшін кадрлар қорын жасақтауымыз  қажет» деген сөздері бар.

 

Ендеше, тәрбиелік мәні бар  дәстүрлер мен көнерген қолөнерімізді  қайта жандандырып оны көркем өңдеп, күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде орнымен қолдана  білуіміз керек. Бұл оқушыларды  болашақ мамандығын дұрыс таңдауларына, әрбір оқушының шын мәнінде келер  ғасыр және уақыт талабына сай  адам болып тәрбиеленуі мен білім  алуына негіз болады деп ойлаймын.

 

Халық педагогикасы негізінде  материалдық және рухани мәдениетімізді үйретуді оқу-тәрбие процесінде қолдана  отырып, рухани байлығы жоғары, бәсекеге жан-жақты қабілетті, патриот тұлғаны  тәрбиелеу біздің міндетіміз болмақ. Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым  үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса  маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастыру баршамыздың парызымыз. Сондықтан, әрбір ата-ана баласын  ұлттық бағыттағы үйірмелерге міндетті түрде қатыстырып отырса нұр үстіне нұр емес пе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Интерактивті оқыту әдісін, жаңа оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі